Шартарап

Йемен әуежайында жойқын жарылыс болды – видео

  • Йемен әуежайында жойқын жарылыс болды – видео

    Йемен әуежайында жойқын жарылыс болды – видео

Ақпарат көзінің дерегінше, оқиға орнындағы барлық министрлер Адендегі үкімет сарайына жеткізілген. Ал жарылыс салдарынан бес адам қайтыс болып, 20 адам жарақат алды

Оңтүстік Йемен астанасы Аден әуежайында жойқын жарылыс болды. Ал бұл кезде үкіметтік делегация Сауд Арабиясынан келіп, ұшақтан түсіп жатқан сәт еді. Қаза тапқандар мен жаралы болғандар бар, бірақ министрлердің ешбірі жарақат алған жоқ.

"Аден әуежайының ұшып келу залында қатты жарылыс болды. Жаңа үкіметтің министрлері ұшақ ішінде отырғандықтан, олардың ешбірі жарақат алмады. Ал өзге жолаушылар арасында қаза тапқандар мен жарақат алғандар бар", &ndash деп хабарлайды РИА Новости.
Жарылыс сәті видеоға түсіп қалған. 

Ақпарат көзінің дерегінше, барлық министрлер Адендегі үкімет сарайына жеткізілген.

Алдын ала мәліметтер бойынша бес адам қайтыс болып, 20 адам жарақат алды.

Айта кетейік, желтоқсан айында Сауд Арабиясында отырған Йемен президенті Абду Раббу Мансур Хади 24 министрден тұратын жаңа үкімет тағайындады. Оның құрамына Оңтүстік Йеменнің бөлінуін жақтайтын Оңтүстік Йеменнің Өтпелі Кеңесінің бес өкілі кірді.

Оқи отырыңыз: Ресейде жанармай бекетінде болған жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды

2014 жылы Санадағы билікті хути көтерілісшілері басып алғаннан кейін, сәрсенбіде жаңа үкімет мүшелері Эр-Риядтан Аденге келді. Өйткені, ол Йеменнің халықаралық мойындалған билігінің уақытша астанасы болатын.




Көрілген: 584    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 30.12.2020, 18:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Ақпан, 23:48
    Жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31