Ыстамбұлда шетелдіктер атысты

06 маусым 2022, 23:24

Ыстамбұлда шетелдік азаматтар арасында кикілжің туындап, соңы топтық атысқа ұласқан, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Тurkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға Эсеньюрте ауданында болды.

 

Араздасқандар қай елдің азаматтары екені белгісіз.

 

Оқиға орнына бірден дәрігерлер мен құқық қорғау органдарының өкілдері келіп, көмек көрсетті.

 

Алдын ала мәлімет бойынша, үш адам зардап шеккен. Біреуінің жарақаты ауыр. Барлығы ауруханаға жеткізілген.