Ыстамбұлдағы өндірістік аймақта орналасқан фабрикада жарылыс болды

30 сәуір 2022, 09:16

Салдарынан 3 адам қаза тауып, тағы тоғыз тұрғын жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24». 
 
 Бұл туралы осы елдегі меншікті тілшіміз Меруерт Қанағат мәлім етті. Қазір оқиға орнында өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. 

Фабрикаға жақын тұрған ғимараттар мен көліктерге зақым келген. 

Әзірге жарылыстың не себепті болғаны белгісіз. Оқиғаға байланысты тергеу басталды.

BAQ.KZ.