Ыстықкөлде бір топ спортшыны су толқын басып, бір адам із-түссіз жоғалып кетті

06 тамыз 2022, 22:41

Ыстықкөлде бір топ жүзушілерді толқын басып қалды, бір адам із-түссіз жоғалды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Кабар ақпарат агенттігіне сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

Қырғызстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына сәйкес, 6 тамыз күні сағат 13:00 шамасында 15 суда жүзуші Тоң ауданындағы Қара-Шаар ауылынан Ыстықкөл ауданы Тору-Айғыр ауылына қарай жүзуге шыққан.

 

«Жүзу кезінде спортшыларды үлкен толқын басып, салдарынан олардың біреуі судан шықпады», - делінген хабарламада.

 

Қазіргі кезде спортшыны іздеу жұмыстары жүргізілуде. Ол туралы мәлімет анықталып жатыр.

 

Қосымша ақпарат кейінірек беріледі.