Шартарап

Ыстықкөлде біреудің әйеліне көз салған жігіт жыныс мүшесінен айырылды

  • © Sputnik Кыргызстан

    © Sputnik Кыргызстан

Қырғызстанның Ыстықкөл облысының аудандық соты әйеліне көз салған жігіттің жыныс мүшесін кесіп өлтірген азаматты 14 жыл 6 айға бас бостандығынан айырған. Бұл туралы Turmush сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.


Оқиға 2018 жылдың 16 тамызында Чолпон-Ата қаласына жақын жердегі шаруашылықта болған.


Күдікті "әйелімді зорлады" деп жергілікті тұрғынды бірнеше жерінен пышақтап, жыныс мүшесінен кесіп алған.


Соттың мәліметінше, айыпталушы бұған дейін екі рет істі болған. Ал бұл жолғы қылмысын толықтай мойындамаған.


Күдіктінің айтуынша, оқиға күні үйге ерте келіп, қораның ішінен шыққан әйелінің дауысын естіген.


Ол әйелін зорлап жатқан тұрғынды сол уақытта ашумен қатты ұрғанын мойындаған.


Соққы алған жігіт "балаларды ертіп келемін" деп оқиға орнынан ізін суытқан.


Күдіктінің сөзінше, түнде жәбірленуші қайтадан келіп, тіл тигізген.


Ол үйінен шығып таяқпен басынан ұрғанын, киімін шешіп алып, өрттеп жібергенін мойындап, пышақтағанын жоққа шығарған.

Таңертең далаға шыққанда, жәбірленушінің қайтыс болғанын білген.


Ол жыныстық мүшесін ит жеп қойғанын жеткізген.


Соттық-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша, жәбірленуші травматикалық шок алғаны, көптеген қабырғаларының сынғаны, бірнеше жерден пышақталғаны анықталған.


Сондай-ақ ол қайтыс болған соң, ит-құсқа бірнеше дене мүшесі жемтік болғаны белгілі болған.


Айыпталушы қылмысы толықтай дәлелденіп 14 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған. 




Көрілген: 451    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.02.2019, 17:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30