Зеленский Батыс елдерімен бірге антипутиндік коалиция құрды

24 ақпан 2022, 22:56

Украина президенті Владимир Зеленский елдегі жағдайға байланысты Батыс елдерімен бірге «антипутиндік коалиция» құрылғанын мәлімдеді.

Украина президенті Владимир Зеленский еуропалық лидерлермен келіссөздерден кейін «Путинге қарсы коалиция» құрылғанын мәлімдеді. Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter-де жазды.

Атап айтқанда, Украина президенті Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Лейен, Франция президенті Эммануэль Макрон, Австрия канцлері Карл Нехаммер және Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен Украинаға әскери көмек көрсету туралы келіссөздер жүргізді. Сонымен қатар, Зеленский олармен Ресейге қарсы санкцияларды талқылады.

Сонымен қатар, Украина президенті Ресей әскерінің Чернобль атом электр станциясын басып алмақ болғанын айтты.

Бұған дейін ол әлем елдерін Путинге қарсы коалиция құруға шақырған болатын. 

sn.kz