Зеленский газ бен көмір экспортын тоқтататынын мәлім етті

08 маусым 2022, 17:15

Украина президенті Владимир Зеленский алдағы уақытта көмір мен газды шетелге экспорттауды тоқтатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі qamshy.kz-ке сілтеме жасап.

– Биыл біз үшін тәуелсіздік кезеңіндегі ең ауыр қыз мезгілі болғалы тұр. Үкімет жылыту маусымына дайындық бойынша штаб құрып жатыр. Мұндай шешім үкімет пен энергетикалық компаниялармен өткен жиында қабылданды. Біз қажетті көлемде газ және көмір сатып алу мәселесін талқыладық. Біз газ бен көмірді шетелге сатпаймыз. Барлық өнім өз халқымыз үшін қолданылатын болады, – деді Зеленский.

 

23 мамырда Украина газ тасымалдау жүйесінің операторы соғыс салдарынан магистральдық газ құбырының зақымдалуына байланысты Донецк және Луганск облыстарына газ беруді тоқтатқанын хабарлаған.