Шартарап

Зеленский президент қызметінен кетуге дайын екенін айтты

  • https://www.rbc.ru/opinions

    https://www.rbc.ru/opinions

Владимир Зеленский Украинадағы соғысты тоқтата алмаса, онда президент лауазымынан кетуге дайын екенін айтты. Бұл туралы ол Ұлыбританияда берген сұхбатында мәлімдеген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Владимир Зеленскийдің сайлауалды үгіт-насихатының басты пункті Украинаның шығысындағы соғысты тоқтату болған. Алайда онда әлі де оқ атылып жүр.

 

Украина президенті Владимир Зеленский Би-би-сидің HARDtalk бағдарламасына сұхбат берген. Диалог кезінде ол президент тағынан айырылып қалудан қорықпайтынын жеткізді.

 

"Мұның мен үшін мәселе емес екенін білесіздер. Мен бірден рейтингке немесе билікке жабыспайтынымды айттым. Егер мен соғысты аяқтай алмасам, онда біздің елдеріміз арасындағы осы қайғылы оқиғаны аяқтай алатын басқа адам келуі керек", - деді Зеленский.

 

Жүргізуші Зеленскийге берген барлық уәдеңізді орындадыңыз ба деген сауал да қойған.

 

"Ең алдымен біз көптеген саясаткерлердің айтып жүргенін істедік. Президенттің импичменті туралы заң қабылдадық. Егер президент дұрыс болмаса, ол кім болса да, мен емес деп сенемін, қоғам осы немесе басқа президентке қарсы болса, оны қантөгіссіз, проблемасыз, ереуілсіз алып тастауға болады", - деді ол.

 

Сонымен бірге президент елде жасалған экономикалық, жер реформалары туралы айтып берді. Зеленский соңғы 75 күнде шығыста тыныштық орнағанына баса назар аударған.

 

"75 күнде бір адам қайтыс болды - бұл нәтиже. Біреу. Мен бұл біздің жеңісіміз деп есептеймін. Бірақ сіз дұрыс айтасыз, біз берген уәдеміздің бәрін орындаған жоқпыз", - деді Зеленский.

 

 




Көрілген: 432    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.10.2020, 21:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30