Шартарап

Зеленский «талапшыл» террористердің құрығына түсіп қалды (ВИДЕО)

  • Зеленский «талапшыл» террористердің құрығына түсіп қалды (ВИДЕО)

    Зеленский «талапшыл» террористердің құрығына түсіп қалды (ВИДЕО)

Украина президенті Владимир Зеленский Луцк қаласында автобус жолаушыларын тұтқынға алған террористің талабын орындап, видео түсірді. Зеленкий Facebook желісіндегі парақшасында тұрғындарды "Земляне" фильмін көруге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Видео: youtu.be/L5hUKAMDCyw

"2005 жылғы "Земляне" фильмін барлығыңыз көріңіздер", - деді Зеленский. Бұған дейін Украина президенті адамдарды тұтқында ұстап отырған адаммен сөйлескен. Сөйтіп қылмыскер үш адамды босатқан. 

Бұған дейін Луцкте қаруланған ер адам жиырма шақты жолаушы отырған автобусқа шабуыл жасап, адамдарды тұтқынға алғаны хабарланған болатын. Өзін Максим Плохой деп таныстырған ер адам саясаткер, шенеуніктер мен судьяларға идеологиялық талабы барын айтқан: мемлекет "елдегі бірінші террорист екенін мойындау". 

Сондай-ақ ол Владимир Зеленский "Земляне" фильмін көруге шақырсын деген талап қойып, оны тұтқындардың да көруін талап еткен. 

Полицейлер қылмыскер Максим Кривош есімді ресейлік екенін, бұған дейін ауыр қылмыс жасағаны үшін екі рет сотталғанын анықтаған. 

Ер адам жолаушыларды тұтқынға алған кезінде бірнеше рет оқ атып, артынша автобустан жарылғыш құрал лақтырып жіберген. Одан бөлек, террорист баланы босату жайында келіспек болған полицейге оқ атқан.

Террорист 21 шілдеде кешкі уақытта ұсталды. Тұтқындар автобустан қашып үлгерді. 

Артынша Зеленский Facebook парақшасында террористің талабы туралы жариялаған видеоны өшіріп тастаған. 

 

 




Көрілген: 496    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 22.07.2020, 11:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қыркүйек, 08:51
    Қауіпті маса пайда болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31