Зеленскийдің дыбыстан қатты шошыған сәтінің видеосы тарады (видео)

26 қазан 2020, 01:56

Әлеуметтік желі қолданушылары арасында Украина президенті Владимир Зеленскийдің қатты дыбыстан шошыған сәтінің видеосы тарады деп жазады newsone.ua.

 

Украина басшысы Владимир Зеленский Мариупольдегі мұз орталығының стадионы ашылғаннан кейін болған жиын барысында қатты шуылдан қорқамын деп ыңғайсыз жағдайда қалды.

 

Тиісті видеоны Country Politics телеграм каналы 22 қазан күні жария еткен.

 

 Зеленский жиналғандармен сөйлесіп отырған сәтте кенеттен аренадан шулы дыбыс шығады. Орнынан селк ете түскен Зеленский бұл жайтты барынша әзілге айналдыруға тырысқан. Бір қызығы Зеленскийден бөлек залда жиналғандардың ешбірі қатты дыбыстан мұнша шошымағаны байқалады.

 

"Бәрі жақсы. Барлығы - спортшылар, жүректері мықты, ешкім қашып кетпеді", - деп әзілдеді мемлекет басшысы.

 

Соңында президент әкімшіліктен бұл дыбысты енді қоспауды өтінген.

 

 

 

kaz.nur.kz