Шартарап

Зеленскийдің жұбайы танымал сән журналының мұқабасына шықты (фото)

  • http://www.spletnik.ru/

    http://www.spletnik.ru/

Украина президенті Владимир Зеленскийдің әйелі Елена алғаш рет танымал Vogue Ukraine журналының мұқабасына шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life style порталына сілтеме жасап.

Vogue редакторлары Instagram желісіндегі парақшасында Украинаның бірінші ханымы түскен үш мұқабаны жариялаған.

Елена Зеленская журналдың желтоқсандық шығарылымына түскен. Ол сатылымға 18 қарашадан бастап шығады.

"Біз нөмірдің басты кейіпкерімен оны әртүрлі қырынан көрсету үшін үш мұқаба жасадық. Біріншісінде - ресми портрет. Екіншісінде Елена өзінің отбасымен, өміріндегі ең маңызды адамдарының қоршауында ол басқаша - әсерлі және уайымсыз. Үшіншісі, digital-мұқабада біз қарапайым, әдемі, ғажайып әйелді көреміз", - дейді журналдың бас редакторы Филипп Власов.

Суреттерді Голландиядан келген фотограф Пол Беллаарт түсірген. Ол Кайли Миноуг және Даутцен Крезбен жасаған жұмыстары арқылы танымал.

Алдағы нөмірде фотолардан бөлек, басылым Елена Зеленскаяның сұхбатын да жариялайды. Журналдың тілшілерімен әңгімелесу барысында Зеленская жаңа статус алғаннан кейінгі өмірін, қандай міндеттер мен мүмкіндіктер пайда болғанын, сондай-ақ сәннің дипломатияға тигізер әсерін айтып берген. 




Көрілген: 308    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.11.2019, 18:20

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31