Зейнеткер екі оқушыға пышақ ала жүгірді (видео)

19 қазан 2021, 00:22

Оқиға Тюмень облысында 13 қазан күні болған. Ер адам мас күйінде суық қару пайдаланды, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

 

Бұл туралы RT агенттігі өзінің Telegram каналында мәлімдеді.

 

Екі оқушының соңынан пышақ ұстап қуған 69 жастағы зейнеткер ұсталды. Сондай-ақ, оның бұрын соңды істі болғаны анықталды. Қару тәркіленіп, тергеу комитеті тексеру жұмыстарын бастап кетті.