Шартарап

Зиянкес жәндікпен күресте бактерия қолданылатын болады

  • Сурет ғаламтордан

    Сурет ғаламтордан

Ресейлік Тюмен мемлекеттік университетінің ғалымдары зиянкес жәндіктермен, соның ішінде паразитті кенемен бактерия көмегімен күресуді ұсынып отыр.

 

Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, мәлім етеді.

 

Бұл бағытта арнайы жүргізілген зерттеу барысында ресейлік ғалымдар паразитті кенелердің зиянды биологиялық ерекшелігін бұғаттау үшін пайдалы кенелерді де зерделеуге тура келген.

 

Ол үшін симбионт бактериясын пайдалануға болатынын алға тартып отыр: аталмыш бактерия өз қожайынын қабілетіне әсер ете отырып, оны патогендерден қорғайды және организмнің патогендерге бой бермеуіне әсер етеді.

 

Осы мақсатта ғалымдар кененің симбионт бактериясы түрлерінің құрамын анықтап алды. Осы деректің негізінде кене жұмыртқасындағы, организіміндегі және қоректенетін ортасындағы батериялық қауымдастықтың салыстырмалы сараптамасын жасады.

 

Аталмыш жоғарғы оқу орнының X-BIO институтының аға ғылыми қызметкері Павел Климовтың айтуынша, Wolbachia және Cardinium бактерияларын кенеге жұқтырған кезде кененің өзге бактериялар қауымдастығы аталған бактериялар жұқпағандарына қарағанда күрт өзгереді әрі бұл топтағы бактериялар өзге бактерияларды ығыстыра алатын болып шыққан.

 

Осылайша Wolbachia және Cardinium бактериялары патогендерді биологиялық тұрғыдан бақылауға мүмкіндік беретін келешегі зор әдісті прайдалануға мүмкіндік бермек.

 

Ғалымдар осы жаңалықтың негізінде зиянкес жәндіктермен экологиялық жағынан зиянсыз әдісін әзірлеуді көздеп отыр.

 




Көрілген: 1256    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.11.2020, 15:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қаңтар, 18:13
    COVID-19. Әлемдегі жағдай

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31