Шартарап

Зообақтағы 8 арыстаннан коронавирус анықталды

  • https://egemen.kz/

    https://egemen.kz/

Үндістанда Хайдарабад қаласындағы хайуанаттар бағындағы 8 арыстаннан коронавирус індетті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Белгілі болғандай, аумағы 160 шаршы метрден асатын сафари аймағын шамамен 10 жастағы 12 арыстан мекендейді. Сәуір айының соңында саябақта жұмыс істейтін ветеринарлар арыстандардың тәбеті жоғалғанын, мұрынынан су ағып, жөтел пайда болғанын байқаған. Зерттеу нәтижелері бойынша 4 еркек және 4 ұрғашы арыстаннан коронавирусқа сынама алынып, оң нәтиже көрсеткен.

 

Сөйтіп, ветеринарлар жануарлардан сынама үлгісін алып, Хайдарабадтағы жасушалық және молекулалық биология орталығына жіберген. Енді орталықтың ғалымдары жануарлар коронавирустың қандай штамын жұқтырғанын анықтап жатыр.

 

Үндістан коронавирус жұқтыру жағдайлары бойынша әлемде екінші орында тұр. Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, елде барлығы 20,2 миллионнан аса адам COVID-19 жұқтырған. 16,6 миллионнан аса адам сауығып, коронавирус белгілері бар ауырдан 222 мың адам қайтыс болған.

 

 

 




Көрілген: 340    Пікірлер: 0

сейсенбі, 04.05.2021, 18:55

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31