Шартарап

Зорлықтан соң жүкті болып қалған қызды әкесі мен ағасы қылқындырып, басын кесіп тастаған

  • Зорлықтан соң жүкті болып қалған қызды әкесі мен ағасы қылқындырып, басын кесіп тастаған

    Зорлықтан соң жүкті болып қалған қызды әкесі мен ағасы қылқындырып, басын кесіп тастаған

Үндістанның Уттар-Прадеш штаты Шахжаханпур қаласында әкесі мен баласы 16 жастағы қызды тұншықтырып, басын кесіп тастады.

Қыздың денесі 6 қазанда табылды, деп жазады The Times of India.

 Тергеу барысында марқұмды 23 қыркүйектен бері ешкім көрмегені белгілі болды. Туыстары оның жоғалып кеткені туралы хабарлаған жоқ. Марқұм қыздың туысымен бірге тұрған.

Кейінірек әкесі қызын өлтіргенін мойындап, оның отбасына ұят әкелгенін айтты және бұндай қылмысқа намыстанғандықтан барғанын айтты.

Жергілікті полицияның айтуынша, тұрмыс құрмаған қыздың жүкті болып қалғандығы туралы қауесет марқұмның отбасы тұратын бүкіл ауылға тез тарады. Отбасы мүшелері қыздың жүктілігі үшін намыстанған.

«Әкесі қызын жүктілікке байланысты өлтіргенін мойындады. Адамдар оны көпшілік алдында қорлай бастады. Марқұмның ағасы да қылмысқа қатысқан», - деп хабарлады полиция.

Марқұм Далит кастасына жататын (қол тигізбейтін) және ешқашан мектепке бармаған. Қыз өзін зорлағаны туралы ешкімге айтпаған. Іші үлкейе келе ауыл тұрғындары оның жүкті екенін білген.

Марқұм баланың әкесінің атын атаған жоқ. Полиция қызметкерлері тергеу жұмыстарын жүргізіп, кәмелетке толмаған қызмбен кімнің жыныстық қатынасқа түскенін анықтауға тырысуда. Қарындасын өліміге қатысы бар ағасы қашып кеткен.

Бұған дейін де Үндістанда осыған ұқсас жағдай болды. Халық ашуға булығып, наразылыққа шықты. Олар қызды топпен зорлағандарға қатаң жаза талап етті.




Көрілген: 3174    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 28.10.2020, 20:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30