Шежіре

Қожа әулеттері мен қазақ рулары туралы шежірелік деректер

  • azh.kz

    azh.kz

«Туыпты Жанарыстан алты қожа» дегені ұрпақсыз уайым қуып отырған Жанарысқа алты қожа жолаушылай келіп бата береді. Сол себепті осы оқиғадан кейін туған ұлдарына қожалардың атын беріпті-мыс деген шежірелік дерекке саяды. Бұл, әрине, қазақ шежіресін жүйелеуге қожа арасынан шыққан білімді адамдардың қатысқанын көрсететін мысал.

Бұл М.Ж. Көпейұлы шежіресінде толық әңгімеленген генеалогиялық-мифтік сюжет.

«Біздің осындағы арғындардың арғы атасы Дайырқожа Әбілхайыр ханның сүйікті қазысы екен, әділдікті айтқандықтан Ақжол атаныпты» - дейді Шәкәрім шежіресі.

Сондай-ақ шежіре деректерінде Тұлымқожа, Тоққожа, Меңліқожа, Сымаққожа. Тоққұлықожа (Жошы ұрпағының бірі), Темірқожа (Шибанның бір ұрпағы), Ілияс қожа, Қызыр қожа (Тоғлық Темірдің балалары), Айтқожа халпе дерек есімдері аталса, Кіші жүздің рубасылары ретінде Батырқожа, Болатқожа, Сәдірқожа, Әлқожа, Нәдірқожа, Қыдырқожа, Асанқожа, Нұрқожа, Құттықожа сияқты қожалардың аттары, ал барлығын қосып есепке алсақ 17 қожаның аты қазақтың Орта жүз және Кіші жүз руларысының көсемі ретінде көрсетіледі.

"Алаш айнасы" интернет-газеті халқымыздың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы – қазақ шежіресі туралы ақпараттарды кезең-кезеңімен жарияламақ. Осы арқылы үш жүздің әр руы туралы мәліметтерді топтастырып, қазақтың ортақ шежіре қорын жасап шығармақ. Егер сіздің қолыңызда өз руыңыз жайында мәліметтер болса, біздің мына: info@alashainasy.kz электронды поштамызға жіберуіңізге болады.

Нақты: «Алшыннан Алау батыр, одан Құдуар туған. Одан алты бала болады, олар: бірінші – Сәдірқожа, одан Әлім, Шөмекей, Төртқара, Қаракесек, Шекті, Кете. Кіші жүздің нәсілінен Сәдірқожаны "алты аталы ел" дейді; екінші Нәдірқожа одан Жағалбайлы, Табын, Тама, Керейіт, Кердері, Рамазан. Нәдірқожаны "жеті аталы, жеті рулы" дейді; үшінші Қыдырқожа бай, одан Шеркеш, Ысық, Байбақты, Масқар, Алаша, Таңа, Қызылқұрт, Есентемір, Беріш, Таз, Адай, Жаппас. Қыдырқожаны "он екі аталы Байұлы" дейді.

Айтышулар Қыдырқожа байдың бәйбішесі Жанбибі деген анамыздан Қыдырсиық, Бақытсиық, Сұлтансиық, Емсиық туыпты депті. Барлығы небәрі "жиырма бес таңбалы Кіші жүз", немесе "жиырма бес таңбалы Алшын" деп аталады» - дейді бір шежіре (2).

Ұлы жүз руларының шежірелік тарихында қожаларға байланысты осындай сипаттағы деректер кездесе қоймайды.

Жалпы Моғұлыстан аймағында қожалардың ықпалы күшті болғаны тарихта белгілі. Оны шежіре деректері де растайды.

«Әз Жәнібек ханның Әбілқайыр ханға өкпелеп келіп қарағаны осы Тұғлұқ Темір еді. Мұның екі баласы –  Ілияс қожа, Қызыр қожа. Қашқар, Жаркент Алатауындағы хандар осының нәсілінен. Қызыр қожаның бір баласы – Жүніс, оның екі баласы – Махмұд, Ахмет. Махмұдтың лақап аты – Жанеке. Ахмет біздің қазаққа хан болып қалмақты шапқандықтан алашыхан атанды. Бұларды Оратобеде Шайбақ өлтірді» - деп қазақ шежіресі мәлім етеді (3). Сондай-ақ «1780 жылы Жүніс қожа Ұлы жүзді жеңіп, Ташкент алды. Жүніс қожа өлген соң, 1810 жылы Ташкентте Қоқан ханына қарады» - деген дерек шежірелерде бар.

Қожалардың қазақ даласында мекен еткен жерлері көп. Қаратау өңірі қожалардың ескі уақыттарда қоныстаған жерлері. Баба ата, Ғәкәш әулие, Баба түкті Шашты Әзиз әулиелердің жатқан жері. Сондай-ақ Сарыарқада да қожалардың қазақ ортасында шоғырланған жерлері болған.

Қожалардың Орта жүз руларымен арақатынасы жайлы және орналасқан мекендері туралы дерек шежірелерде былайша сақталған: «Тоқтарқожа деген екі қожа Бұқарадан шығып екеуі де Керей еліне сіңіпті. Тұлымқожа Жәдік дегеннің қызын алып, сол елде тұрып қалған. Тоқтарқожа болса Байымбайдың Мақта апай деген қызын алыпты. Бұдан Байжігіт, Жанжігіт туыпты. Тоқтарқожа «Кең түп, тар түп» деген жерге (еліне) кетіп Жанжігітті ала кетеді» (4).

Балқаш өңірінде, сарым, дадан тобықты ортасындағы қожа әулеттерінің шежірелері былай таратылады: «Қожа әулетінен тарайтын Аппақ (Аққожа) ұрпақтары Ақтоғай ауданы Жидебай ауылының жағындағы Найзатас өзенінің басындағы жағында таулы аймақта мекен етіпті. Өтеміс бабаның Тоқсары (Боқсары) есімді баласының ұрпақтары ішінде нағашылы-жиенді, құда-құдағи, ағайын-туыс болып саналады. Аппақ қожа, одан Қожа Ахмет, одан Абзал қожа, одан ... қожа, одан Жұман қожа, одан Нияз қожа. Нияз қожадан Бекбау, Қойбағар, Ырсымбет, Төлеген, Қыстаубай, Күйкентай (қыз). Бекбау қожадан – Құлшыман, Көшербай. Күйкентай қыздан» (5)

Найман ішіндегі қожалар.

«Найман Байжігіт руы. Мейрам баласы Байысбайдың қолында өзінің қарындасы Мақта бар екен. Оның ауылына Түркістаннан Толымқожа, Тоқтарқожа деген екі жігіт келіп, сол ауылдың адамы болып кетіпті. Тоқтарқожа Байыстың жылқысын бағады екен. Бір жұт жылы Тоқтарқожа жылқыны алыс отарға бағып, аман алып шығыпты. Сол үшін Байысбай оған Мақтаны берген екен. Содан Мақта Мақта апай атаныпты. Тоқтарқожадан Байжігіт, Жанжігіт деген екі бала туады ... Тоқтарқожа қартайып еліне қайтқанда Жанжігітті алып кетіпті. Байжігіттен Жұмық, Тоғас туады. Тоғастан Байбол, Қадір деген балалар туады. Жұмықтан алты бала болып, «алты жұмық» аталады» (6).

Қожалардың генеалогиялық реті туралы қазақ шежірелері мынадай мәлімет береді:

«Шайхы Бұзырықтан Қорасанқожа, Сейіт-Диуанақожа, Башайышқожа, Қылыштықожа, Жүсіпқожа, Түрікпенқожа, Әппаққожа (Аққожа), Ысқаққожа, Көктекқожа Құрбанқожа, Ұланқожа). Осылардың қазақ арасына тараған ұрпақтарды қожа әулеті болып саналады». Немесе, Қожа, одан Сейітқожа, Қорасан қожа, Бақсайыс қожа, Түрікпен қожа, Жүсіп қожа. Сейіт қожадан Аққожа, Дуана қожа, Қылышты қожа, Қырық қожа. Қорасан қожадан Құрбан, Жақып, Қылауыз. Түрікпен қожадан Ұлан қожа, Қосым қожа, Құлтай қожа, Қара қожа – делінеді (7).

ХІІІ ғасырда Маулана Сайфуллина Орын Қойлақының «Нассаб-намасы» бойынша жазылған қожа Ахмет Йассауи шежіресінде:

«Арабтан Құрайыш. Құрайыштан Мәлік. Мәліктен Фаир, одан Ғалыб, одан Лауыи, одан Қағаб, одан Кәләб, одан Құссы, одан Ғабдұлманар, одан Хашим, Ғабдулшамс. Хашимнен Ғабдулмүталлаб, одан Ғабдолла, Әбутәліб, Аббас. Ғабдолладан Мұхаммед пайғамбар с.ғ.с. Әбутәлібтен Қазірет Ғалі. Қазіреті ғаліден Қасан, Мұхаммед Қанафия, Құсайын. Құсайыннан Саиыд Қожа. Мұхаммед Қанафиядан Абдурахман, Абдурахим, Абдужалал. Аққорған қожа Абдурахманнан. Абдурахимнен Диуана қожа. Абдужалилден Қорасан қожа. Нұхтан Хам, Сам, Япши. Самнан Ағым, Табар, Шалағ, Арпақшат, Орған, Табах, Аштах. Азардан Ыбрайым пайғамбар. Ыбрайым пайғамбардан Ысқақ, Смағұл. Ысқақтан Шүкір аға. Смағұлдан Араб халқы. Олардан Қожа. Қожадан Шәмші-Ахмед, Шайхы Бұзырығ. Шәмші-Ахмедтен Қорасан қожа, Қырық садақ, Диуана қожа, Бақсайыс, Аққожа. Қорасан қожадан Құрбан, Жақып қожа. Диуана қожадан Жүсіп қожа, Сейіт қожа, Түрікпен қожа, Қылышты қожа. Сейіт қожадан Дәулет. Жүсіп қожадан Арыстанбаб. Арыстанбабтан Ұлан қожа, Қасым, Құлтай. Шайхы Бұзырығтан Қожа Ахмет Иассауи.

Қазақ ортасынан қазіргі қожа шежіресіне қатысты бірнеше нұсқаны археографиялық экспедиция барысында жинап қолға түсірдік. Содан дерек берейік:

«1. Қазірет ғалы Кәрім молла; 2. Мұхаммед Қанапия Разиолла; 3. Шахал Әбіл Фаттах; 4. Ғабдыжапар; 5. Ғабілқаһар; 6. Абдрахман; 7. Ғабдіжәлел; 8. Данышпан; 9. Манкаил; 10. Бәдір ата; 11. Сүйіндік; 12. Көпандік; 13. Қазығұрт; 14. Ибрахым; 15. Смайыл ата; 16. Ғабдімәлік; 17. Бабай қожа; 18. Қожайы калам; 19. Қожа Мұхаммед Мәди (диуана); 20. Қожажан; 21. Қожа Калан; 22. Қожахан; 23. Назар; 24. Сапар. 25. Сәтқожа. Сәт қожа 72-73 жасында дүние салған. Оның ұрпағы – Мәж, Асқар, Бабағұмар (Бабай қожа), Риза. Мәжден – Қалел (дерек беруші), Әрін, онан Рүстем (соғыста қайтыс болған). Онан Қазыбек. Асқардан – Әбдірахим (соғыста кеткен), онан Айтмұхамбет (Айту), Күлпан (Қарағандыда, Майқұдықта тұрады). Бабағұмардан – Балташ (жер аударылып, сонда қайтыс болған), Қылыш, онан Марат, Мая. Балташтан – Марат, Мэлс (1990 жылдары Ғылым және жаңа технологиялар министер орынбасары қызметіне болды). 26. Риза (бұл адам әкесінен 12-13 жасында жетім қалған. 63 жасында пайғамбар жасынан аспаймын деп тамақ ішпей қайтыс болған. 27. Шалабек, онан Шаһарбану, Шолпан, Мейірбану, Гүлсүм, Фарида, Жұмабек (дерек беруші), Ғаділбек, Сәкен, Шаһизада.

Басқаша шайхылар: 7.Ғабдулқаһар; 8. Ғабдулрахман; 9. Ысқақ; 10. Ахарауншайхы; 11. шайхы; 12. Мұса шайхы; 13. Хасан шайхы; 14. Оссман шайхы; 15. Омар шайхы; 16. Ифтихар шайхы; 17. Мұхаммад шайхы; 18. Ибрахим шайхы; 19. Яссауи; 20 Ғабдырахман. «Бұлар мұсылмандықтың сопылық ілімін ұстанған. Сәт қожа жүз ит асырап, қонаққа барғанда бірінші иттеріне мал сойғызады екен, содан соң өзіне. Бұлардың барлығы саятшы болған. Қырғи, қаршыға ұстаған. Риза деген адам сал-серілікке жақындау болған деседі. 

Қожа шежірелерінің топтамасы "Қазақ батырлары" газетінде де басылған. Қазақ шежірелерінде қожаларға байланысты бір топ агиологиялық деректер қожа ұрпақтарының кереметтері туралы баян етіледі: «Сәт қожа мен алтынторы Көшербай абыз Жалаңаш әулиеден бата алуға барыпты. Сонда Жалаңаш әулие «Ал қолыңды жай» деген, Сәт қожа бірінші қол жайғанда Жалаңаш әулиенің берген батасы «Ақ дегенің – алғыс, қара дегенің – қарғыс болсын» - дейді. Екінші қолын жайған Көшербай абызға «К... қоныс таппасын» деп бата беріпті. Осыдан екеуі де әулиелікке жетіпті. Әулиелік белгісі сол, екеуі аққуға айналып, су бетінде жүзіп жүреді екен» (8).

«Сол Қаракесек ішінде Бегіммысық атанған әулие қожа бар екен. Өзі сыйынғанда «Сақмар баба» деп сыйынады екен. Сақмар баба деп жүргені Шайхан Тауырдың әкесі Шайх Ғұмар баба екен. Соның жұрағатынан шыққан қожа екен. Бертістің балаларына бата, өзіне көңіл айту үшін Бегіммысық кіріп келгенде жанға басын көтермей жатқан Бертіс ұшып тұрып, қожаға қол беріп:

– Сенің әулиелігіне сенемін деп, жоқ жерде асылық айтып ұрынып қалдым-ау, сенің әулие еместігіңді білсем, айтпайтын едім, – дегенде, Бегіммысық:

– Теректің өзіне түскен өрт еді, бұтағына қағып жібергендігім, ол да қолдағаным емес пе? Тұр, бір тоқал ал, үш ұл туады, бірінің атын Бектемір қой. Бектік, байлық үрім-бұтағынан тепкілесе кетпейді. Бірінің атын Қазығұрт қой, құртша құжынап, битше быжынап, мал бітеді. Үрім-бүтағы бай болады. Бірінің атын Әуез қой, байлық мұның ұрпағында да болады. Бірақ сылдыр моншақ секекшіл, ертеңгі уәдесі түске жетпейтұғын болады. Солардың ұрпағы күні бүгінге дейін бар. Бегіммысықтың айтқанындай болды да қойды» (8).

Қазақ тұрмысындағы билік айту дәстүрінің құқықтық талабы ескі әдеттердің негізінде болғаны белгілі. Ислам діні енген уақыттан бергіде қожалар қазақ ортасына шариғат тәртібі мен құқ-қанун жолдарын да уағыздағаны белгілі. Қазақ шежірелерінің деректері бойынша, даланың заң тәжірибесінде адамға әдет жолымен немесе шариғат жолымен дауға түсуді таңдау руқсат етілген. Бұл Х ғасырда да болған әдет екендігін түрік туралы дерек берген Ибн-Фадлан да жазады. Сондықтан бұл екі мәліметті өзара салыстыруға болады. Ибн-Фадланның жазғаны: «Қодаркин "Түріктерді жина" дейді. Барлығы жиналып болған соң, Қодаркин түрікке қарап: "қайсысын қалайсың, әдет-ғұрып заңымен жазалайық па, әлде әдеттен тыс жаза қолданайық па?" - дейді» (9).

Қазақ шежіресінде: «Жұрт жиылып қалды, төркіні де аралас-құралас екен, құн сұрады. Сонда төркініне таңдау берді. «Бидің билігіне бересің бе? Пайғамбардың шариғатына көнесің бе? Үй іші: "Пайғамбар шариғатына салдық" дейді. Сонда шариғат айтатұғын Күдері қожа екен» - дейді Мәшһүр Жүсіп [10]

 Ал, жалпы алғанда, қазақтың төл шежіресін, әр ру мен әр үш жүздің қалай және кімнен тарағанын білгіңіз келсе, Алаш Орда үкіметінің мүшесі, тілші Кәрім Бәтішұлының 1911 жылы «Айқап» журналына жазған «Қазақ шежіресі» атты туындысын шолып шығуыңызға болады.


ҚАЗАҚ ШЕЖІРЕСІ

Түрік нәсілінен «Алаш есімді бай һәм балалары көп бақытты бір адам Алаша ханның заманында мәшһүр адамдардан саналып тұрыпты. Сол заманнан қалған бір сөз бар: «Алаш алаш болғанда, Алаш хан болғанда, таңбасыз тай енсіз қой болғанда» деген.

Алаштан екі бала туған Сейілхан, Жәйілхан деген. Жәйілханнан - Майқы би. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы - Майқы би» деген сөз бар. Майқы биден - Өзбек, Сыбиян. «Өзбек - аз ағам, сарт - садағам» деген сөз осыдан қалған. Сыбияннан, Айырқалпақтан - Қазақ, Созақ. Созақтан - Қарақалпақ.

Қазақтан үш бала туады. Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс. Бұлардың әрқайсылары бай һәм мәшһүр адамдар болған. Нәсіл, несіптері көп болып, тап-табымен барып Қаратау деген жерге шәһәр болып, бірнеше жыл отырыпты. Үлкеніне қараған елді «Ұлы жүз», ортаншысына қараған елді «Орта жүз», кішісіне қараған елді «Кіші жүз» деп атаған. Кәдімгі таудың арғы жүзі, бергі жүзі деген секілді. Мұнан біраз заман өткен соң бұларға жеті жыл тұтас ашаршылық келген. Еңкейген кәрі, еңбектеген жас өле бастаған соң бұлар бас қосып, ойласып, тұс-тұсына бытырап күн көруге, әуелде таудың оңтүстігінде - өзінің отырған жағына ұлы жүз, күншығыс жаққа орта жүз, кіші жүз өзінің отырған күнбатыс жағына, әрқайсысы өзінің туған-туысына кетіп күн көрмекші болып, жиылып амандасып тараған. Бұл жиылып тұрған жерде бір өлеңші зарлық етіп, үш ауыз өлең айтқан. Сөздің басы осы:


Қаратаудың басынан көш келеді,

Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.

Қарындастан айырылған жаман екен,

Қара көзден мөлдіреп жай келеді.

Мына заман, қай заман, бағы заман,

Баяғыдай бола ма тағы заман?!

Атадан ұл, енеден қыз айырылды,

Көздің жасын көл-дария ағызамын.

Мына заман, қай заман, қысқан заман.

Бақыт құсы басыңнан ұшқан заман.

Топырақ пен аспаннан шаң борайды,

Қаңтардағы күн суық қыстан жаман.

Бізге қысым көрсеттің қатты, Құдай,

Қабырғама қара жер батты, Құдай.

Жаяу жүрсем, табаным ауырады,

Тым болмаса, бермедің атты, Құдай!

«Қаратау» деген өлеңді «Мен қазақ» деген заттың бәрі біледі.

Ұлы жүз Ақарыстан екі бала - Үйсін, Дулат. Үйсіннен төрт бала - Шаңышқылы, Қаңлы, Ошақты, Іргенекті. Дулаттан төрт бала - Ботбай, Шымыр, Сиқым, Жаныс.

Орта жүз Жанарыстан жеті бала - Тарақты, Арғын, Қыпшақ, Найман, Қоңырат, Керей, Уақ. Әр атаның баласы соңғыларын өздері білу міндет. Міне, бұл жерде Қыпшақты жазамын. Жанарыстан - Ақтымсопы, онан Қыпшақ, онан Ақкөбік алып, одан Солым алып, онан Мүйізді сары абыз, онан үш бала - Қара, Құла, Сары. Қараның әулеті Қарақыпшақ атанады. Сарының әулеті Қытайқыпшақ атанады. Яғни қоныстары Қытай қолтығында болғандықтан, Құланың балалары Құланқыпшақ атанады.

Жоғарғы айтылған Қарадан Құланды, онан Тоқтар, онан бес бала туады: Бұлтың, Торы, Ұзын, Қарабалық, Көлденең.

Кіші жүз Бекарыстан Алшын туады, онан Алау батыр, онан Құдуар тентек. Ақылың болса, ала байтал соға шап деген нақыл осы кісіден қалған екен. Құдуардан екі бала - Қыдырқожа, лақабы «Бай», Қаракесек. Қыдырқожадан он екі бала - Қыдырсиық, Бақытсиық, Сұлтансиық, Есентемір, Асық, Қызылқұрт, Масқара, Таздар, Алтын, Жаппас, Адай, Беріш.

Қаракесектен - Әлім, Шөмен, Кете, Ожырай, Әлімнен Төртқара, Шекті. Шөменнен - Аспан, Бозғұл, Тоқа, Көнен. Кіші жүзге қосылған жеті рулар: Жағалбайлы, Тілеу, Тама, Табын, Кердері, Керейт, Рамадан.

Бұл - Алаштың барлық қазақтың атасы екендігінің куәсі. Бұрын қазақ бөтен халықпен шектессе, біреуі «Алаш» деген ұранды шақырса, бәрі бірыңғай болып, тез жиылып, тілек қосып қалады екен. Бұл сөздер — біздің бұрынғы кәрілерден естіген сөздер. Қадірі хал білгенімізді жаздық. Мұнан артық білушілер болса, білгенін ішіне сақтамас, халыққа жазып білдірер деп үміт етеміз.




Көрілген: 14397    Пікірлер: 10

сейсенбі, 09.12.2014, 08:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Мамыр 2015
    Сунақ шежіресі
    29 Сәуір 2015
    АЛШЫН ШЕЖІРЕСІ
    24 Сәуір 2015
    Шежіре-Қарақалпақ
    6 Сәуір 2015
    Шежіре-Қарайымдар
    30 Наурыз 2015
    Шежіре - Бақсайыс
    20 Наурыз 2015
    Түрікмендер
    13 Наурыз 2015
    Шежіре- Сахалар
    10 Наурыз 2015
    Шежіре-Қарашайлар
    2 Наурыз 2015
    Шежіре-Құмықтар
    25 Ақпан 2015
    Шежіре-Қашқайлар
    18 Ақпан 2015
    Шежіре - Тывалар
    29 Қаңтар 2015
    Шежіре: ТӨЛЕҢГІТ
    23 Қаңтар 2015
    Өміртай шежіресі
    13 Қаңтар 2015
    Матай
    9 Қаңтар 2015
    Шежіре - АЙҚЫМ
    30 Желтоқсан 2014
    Фотосы бар материал Түркілер
    26 Желтоқсан 2014
    Кіші жүз таралымы
    22 Желтоқсан 2014
    Шежіре- Қайшылы
    20 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Қожалар
    12 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Қызылқұрт руы
    12 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Масқар
    10 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Таз
    9 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Жетімдер
    6 Желтоқсан 2014
    Шежіре — Бура
    4 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Шыбыл руы
    3 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Ителі
    2 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Жәдік әулеті
    28 Қараша 2014
    Шежіре - Кердері
    25 Қараша 2014
    Шежіре - Есентемір
    24 Қараша 2014
    Шежіре - Жастабан
    21 Қараша 2014
    Шежіре - Қараш
    20 Қараша 2014
    Шежіре - Бағаналы
    19 Қараша 2014
    Шежіре - Балталы
    18 Қараша 2014
    Шежіре - Шегір
    17 Қараша 2014
    Шежіре - Жаманбай
    14 Қараша 2014
    Шежіре - Ноғай-Қазақ
    13 Қараша 2014
    Шежіре - Атығай
    12 Қараша 2014
    Шежіре - Абақ Керей
    11 Қараша 2014
    Шежіре - Шымыр
    10 Қараша 2014
    Шежіре - Ысық
    5 Қараша 2014
    Шежіре - Тобықты руы
    31 Қазан 2014
    Шежіре - Ботбай руы
    30 Қазан 2014
    Шежіре - Матай руы
    27 Қазан 2014
    Шежіре - Үйсін
    23 Қазан 2014
    Шежіре - Байбақты
    22 Қазан 2014
    Шежіре - Жаппас
    20 Қазан 2014
    Шежіре - Кете
    17 Қазан 2014
    Шежіре - Алаша
    15 Қазан 2014
    Шежіре - Шекті
    14 Қазан 2014
    Шежіре - Шөмекей
    10 Қазан 2014
    Шежіре - Табын
    8 Қазан 2014
    Шежіре - Жетіру
    7 Қазан 2014
    Шежіре - Тама руы
    6 Қазан 2014
    Беріш руы
    3 Қазан 2014
    Шежіре - Байұлы
    1 Қазан 2014
    Шежіре - Әлімұлы
    29 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Адай руы
    26 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Қыпшақ руы
    25 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Арғын руы
    24 Қыркүйек 2014
    Шежіре- Уақ руы
    22 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Қоңырат руы
    19 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Керей руы
    17 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Шапырашты руы
    15 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Шанышқылы руы
    11 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Ысты руы
    10 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Қаңлы руы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31