Шежіре

Кіші жүз таралымы

  • Кіші жүз таралымы

    Кіші жүз таралымы

1. Бекарыс; одан – Алау батыр;

Алаудан – Алшын;

Алшыннан – Нәдірқожа, Қыдырқожа, Сәдірқожа.

Нәдірқожадан – Қаракесек.

Қаракесектен - Әлім, Шөмекей.

Әлімнен – Аманақ, Жаманақ, Қармашақ, Аймақ.

Тоқалынан – Түмен.

Түменнен – Байсары, Кішкене.

Байсарыдан – Кете.

Бұл – алты аталы Әлім.

Шөмекейден төрт бала – Тоқ, Көнек, Аспан, Бозғыл.

Шөмекей жуас болды ма, әлде басқа жағдайы болды ма, әйтеуір 25 таңбалы Кіші жүзде, Шөмекей Кіші жүздің баласы болса да, таңбадан құр қалыпты дейді.


2. Сәдірқожадан – Арғымақ.

Арғымақтан – Тілеу, Рамазан (Рамазан Тілеудің құлы), Табын, Тама, Кердері, Керейіт, Жалғабайлы.

Бұл жетеуін Жетіру деп атайды.


3. Қыдырқожадан – Сұлтансиық, Қыдырсиық, Бақтысиық.

Қыдырқожа бай болғандықтан оны бай деп, одан өрбіген тұқымды Байұлы деп кеткен. Он екі ата Байұлы деп аталатын рулар осылардан тарайды. Олар екі жолмен құралады:

1) Сұлтаниықтан – Байбақты, Алаша, Масқар, Тана, Қызылқұрт.

2) Қыдырсиықтан – Ысық, Жаппас, Беріш, Таз, Есентемір, Шеркеш.

"Алаш айнасы" интернет-газеті халқымыздың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы – қазақ шежіресі туралы ақпараттарды кезең-кезеңімен жарияламақ. Осы арқылы үш жүздің әр руы туралы мәліметтерді топтастырып, қазақтың ортақ шежіре қорын жасап шығармақ. Егер сіздің қолыңызда өз руыңыз жайында мәліметтер болса, біздің мына: info@alashainasy.kz электронды поштамызға жіберуіңізге болады.


«Адай – қыздың баласы, Байұлы Адаймен 13 ата» дейтін де сөз бар.

Шежіреші, Медет руынан шыққан Еңсеп Тәтімбетов (осыдан 80 жылдай бұрын өлген кісі).

Өзі – Адайдың Келімбердісі, Оның Мұңалы, оның Бәйімбеті, оның Сатыбайы, Медет – Сатыбайдың баласы. (1954 жылы қарашада 87 жасында дүние салған). Нұрнияз Шәуметкенов қарт басқаша айтады. Ағасы Қуанышбектің әйелі Бибатпа – Еңсептің туған қызы. Еңсеп қартқа Таз руынан Есенбақ және Шеркеш Мақаш правитель айтқан көрінеді.


Қыдырқожа байдың Жәнби, Тотан деген екі әйелі болған.

Бәйбішесі Жәнбиден – Сұлтансиық, Қыдырсиық, Бақтысиық.

Тотаннан – бес бала: Ысық, Мысық, Сасық, (екеуін ұмыттым).


Аманқожа деген көршісі өліп, Бай оның әйелін алады. Осы әйелден Таз туады.

Атақожа деген тағы бір көршісі өліп, Атақожадан Ештай, Елтай деген екі бала қалады. Ештай әкесі тірі кезінде үйленіп, Одан Беріш туады. Ештай да, Елтай да ер жігіттер болған. Байдың жауы көп болған. Ол замандағы негізгі жауы қалмақтар бола керек. Елтайдың қайраты мен ерлігіне Бай өте риза болып, оған бәйбішеден туған жалғыз қызы Қанбибіні береді. Қанбибі екі қабат күнінде Елтай жауға аттанып кетіп, сол сапарынан оралмайды. Бай Елтайдың жаудан қаза болғанын естіп, қаза болған күйеуін қызына естіртуге ұйғарғанда, орта жүздің аса беделді адамының бірі Әспенбет қарт тұрып «Дүниеге нәресте келсін, сосын естіртелік» депті. Мұны Бай мақұл көріпті.

Айы-күні жетіп, Қанбибі ер бала босанады. Әспенбет қарт балаға Адай деп ат қойып, Қанбибіге Елтайдың жаудан қаза болғанын естірткенде Қанбибі жүрегі жарылып өледі.

Осылай әке-шешесі өлген Адай жетім қалады да оны Таздың шешесі емізеді.

Таздың шешесін тел емгендіктен Адай мен Таз екеуі басқа Байұлынан бір-біріне жақын. Адайдың бір құрсақтан жалғыз болуы да осыдан дейді.


Жоғарыдағы Байұлының 12 ата болуын Еңсеп Тәтімбетов Таз Есенбақ пен Мақаш правительдің айтуынша мынадай дейді:

Сұлтансиық, Қыдырсиық, Бақтысиық, Адай, Таз, Есентемір, Беріш, Тотан тоқалдан туған бес баланы қосып 12 дейді.


АДАЙ

Адайдан екі бала – Құдеке, Келімберді.

Адайлар ерте заманда Кіші жүздің басқа рулары сияқты Алатауды мекендеген ел.


Мынадай аңыз бар:

Адайдың баласы Құдайкенің ауылы Жазғытұрым, әлі мұз түспей тұрғанда көшеді. Дариядан мұздың үстімен өтіп, қонатын болып келе жатып, көште мал да дарияның орта тұсына жеткен кезде мұз ойылып кетіп, Құдайкенің түгелдей үй-іші , малы да суға кетеді. Құдайке ажал жетпей тірі қалады. Бұл кезде Құдайке жасы жеткен үлкен адам болуы керек.

Адайдың ертеде өткен қарттарынан қалған аңызға қарағанда Құдайкенің көші кеткен дария осы күнгі Шу өзені екен. Сол мал мен жан кеткендіктен де, Шу деп кетіпті дейді.

Арада айлар, жылдар өтеді. Келімбердінің әйелі ақылды кісі екен. Сол кісі қайынағасының кіші дәретін көріп (шамасы Құдайкенің қайғысын басқысы келді ме) Келімбердіге: «Мына дәретіңде әлі де қайраттың нышаны бар, әйел алып бер»-деп, ақыл айтыпты.

Келімберді ағасына әйел іздейді. Сонда бір төреде жаудан келген бір көзі көрмейтін жесір әйел бар екен. Келімбердінің әйелі «Жасы үлкен адамға жұрт қызын бермес, сондықтан осы әйелді алып бер» - деп кеңес береді. Сол бойынша Келімберді ағасы Құдайкеге осы әйелді алып береді. Ол әйел түрікпен қыз екен. Құдайке осы әйелден Тәжіке, Қосай деген

екі ер балалы болады.


Тәжіке, Қосай

Тәжікеден үш бала – Қабақай, Өтей, Сәрке.

Тәжіке балалары Кіші жүздің рулары қалмақтарды Жем, Сағыз, Тайсойғаннан қуып, Еділ мен Жайықтан асырғанда бос қонысқа барып, түгелге дерлік Нарынды қоныс еткен.

Бірнеше баулы көпшілігі – Беріш, ішкі Орда аталатын Нарында қалған, бұл – Еділ-Жайық арасы. (Кейбір аңыздар бойынша Құдайкеден бір бала – Елеу болыпты. Қосай мен Тәжіке (кейде Тәзіке деп жазылып жүр) осы Елеуден туған. Таз руы – қалмақтармен соғысып жүріп, оларды Еділ асыра қуып барып, сол жақты жайлап қалған осы Тәжіке ауылы көрінеді.)


Қосай

Қосайдан алты бала – Байбол, Тіней, Бәли, Сүйіндік (Жаман адай), Әйтей, Бегей.

Тінейден екі бала – Арық, Таңат.

Арықтан екі бала – Тәңірберген батыр, Құдайберген.

Тәңірберген батырдың үш әйелінен туған балалары – Сейтімбет, Қылыш (түгел емес).

Тоқалынан екі бала – Бұйрабас, Түгелбай.

Тәңірберген батырдың таңдап алған әйелі Бекбике сұлудан бес бала.

Ембі ауданына қарасты Бекбике кенші – батырдың ақ биенің сүтіне шомылдырып алған сүйікті Бекбикесінің атына қойылған жердің аты. Тәңірберген батырдың Кіші жүз батырлары Жайық бойындағы сарайшықты шапқанда қолға түскен қалмақ қызы – Шөжеп деген әйелінен де тұқым бар.

Арықтың екінші баласы Құдайбергеннен үш бала – Қасболат, Бекболат, Байдәулет (Байдәулет кейін Маябас атанып кетті).

Тінейдің екінші баласы Таңаттан үш бала - Өтеміс, Қасқа, Қоныс.

Қосайдың алты баласының екеуі Әйтей мен Бегей әкесі Қосайдан теріс бата алғандықтан өспей қалды дейді. Бұл екеуі өте аз болғандықтан аталық ру жігіне айырылмайды.

Қосайдан тараған рулар өздерін «Қосаймыз» демей «Түрікпенадаймыз» дейді.

Екінші аңыз бойынша олай емес: Қосайдың ұрпақтарының көбі ер, батыр болғандықтан.


Тәңірберген, Есек, Тоқтамыс, Тоқпанбет батырлар, Кіші жүз рулары осы күнгі қонысқа келгенде түрікпендермен жауласып, олардың малын, мүлкін, киім-кешегін пайдалынп кешкендіктен Кіші жүздің басқа рулары Қосай балаларын «Түрікпенадай» деп атап кеткен.

Еңсеп қарт соңғы аңызды жақтайтын көрінеді.


Адайдың ұраны – Бекет

Бекет – Адайдан төмен қарай атаға бөлінгенде жетінші ата – Адай, Келімберді, Мұңал, Жаулы, Қосқұлақ, Жаналы, Бекет.

Адайдан екі бала – Келімберді, Құдайке.

Келімбердіден – Құнанорыс, Ақпан, Балықшы, Бұзау, Мұңал, Тобыш.

Құдайкеден екі бала – Тәжіке, Қосай.

Қосайдан алты бала – Байбол, Тіней, Бәли, Сүйіндік, Әйтей, Бегей.

Тінейден екі бала – Арық, Таңат.

Арықтан екі бала – Тәңірберген батыр, Құдайберген.

Тәңірберген батырдың балалары және оған екі әйелінің атын қосып, шежіреде бұлай жазылған: Сейтімбет, Қылыш, Бұйрабас, Түгенбай, Бекбике, Шөжеп.

Соңғы екеуі әйелдерінің аттары. Біз сол Бекбикеден тараймыз.

Бекбикеден бес бала – Алтынбек, Сеңгірбек, Әжібай, Темір, Мырза.

Темірден төрт бала – Орал, Есендәулет, Тілеулі, Қоренді.

Қорендіден төрт бала – Досым, Қыдыр, Жалмағамбет, Рысмамбет.

Досымнан үш бала - Өтелген, Есберген, Сенбай.

Өтелгеннен – Сдиқ, Әнебай.

Әнебайдан – Жылқыбай.

Жылқыбайдан – Нұрым, Ислам, Нұржан, Жақсыбек.


ҚЫДЫР. Қыдырдан бес бала – Ақай, Мұқан, Тәжібай, Жұмабай, Аяпберген.

Ақайдың баласы жоқ.

Мұқанның баласы Таңбайдан да бала жоқ.

Тәжібайдан – Айсағали.

Айсағалидан – Нұркен, Талғат.

Нұркеннен – Шапағат. Азамат

Жұмабайдан – Жүсіп.

Жүсіптен – Нұрболат, Нұрлыбек, Абзал.

  Нұрболаттан – Рамазан.

  Нұрлыбектен – Бекзат.

Есбергеннен бала жоқ.

Сенбайдан - Әбділдә.

Әбділдәдан – Мергенбай, Доғдырбай, Жексенбай.

Мергенбайдан – Талғат.

Сдиқтан үш бала – Мирамбай, Қарғабай, Кенжебай.

Мирамбайдан – Қуаныш.

Қарғабайдан – Данияр.


Олардан тараған ұрпақтардың «Түрікпенадай» атанып кетуін шежірешілер сол түрікпен әйелден туғандықтан деп атайды.




Көрілген: 130699    Пікірлер: 36

жұма, 26.12.2014, 16:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Мамыр 2015
    Сунақ шежіресі
    29 Сәуір 2015
    АЛШЫН ШЕЖІРЕСІ
    24 Сәуір 2015
    Шежіре-Қарақалпақ
    6 Сәуір 2015
    Шежіре-Қарайымдар
    30 Наурыз 2015
    Шежіре - Бақсайыс
    20 Наурыз 2015
    Түрікмендер
    13 Наурыз 2015
    Шежіре- Сахалар
    10 Наурыз 2015
    Шежіре-Қарашайлар
    2 Наурыз 2015
    Шежіре-Құмықтар
    25 Ақпан 2015
    Шежіре-Қашқайлар
    18 Ақпан 2015
    Шежіре - Тывалар
    29 Қаңтар 2015
    Шежіре: ТӨЛЕҢГІТ
    23 Қаңтар 2015
    Өміртай шежіресі
    13 Қаңтар 2015
    Матай
    9 Қаңтар 2015
    Шежіре - АЙҚЫМ
    30 Желтоқсан 2014
    Фотосы бар материал Түркілер
    26 Желтоқсан 2014
    Кіші жүз таралымы
    22 Желтоқсан 2014
    Шежіре- Қайшылы
    20 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Қожалар
    12 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Қызылқұрт руы
    12 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Масқар
    10 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Таз
    9 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Жетімдер
    6 Желтоқсан 2014
    Шежіре — Бура
    4 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Шыбыл руы
    3 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Ителі
    2 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Жәдік әулеті
    28 Қараша 2014
    Шежіре - Кердері
    25 Қараша 2014
    Шежіре - Есентемір
    24 Қараша 2014
    Шежіре - Жастабан
    21 Қараша 2014
    Шежіре - Қараш
    20 Қараша 2014
    Шежіре - Бағаналы
    19 Қараша 2014
    Шежіре - Балталы
    18 Қараша 2014
    Шежіре - Шегір
    17 Қараша 2014
    Шежіре - Жаманбай
    14 Қараша 2014
    Шежіре - Ноғай-Қазақ
    13 Қараша 2014
    Шежіре - Атығай
    12 Қараша 2014
    Шежіре - Абақ Керей
    11 Қараша 2014
    Шежіре - Шымыр
    10 Қараша 2014
    Шежіре - Ысық
    5 Қараша 2014
    Шежіре - Тобықты руы
    31 Қазан 2014
    Шежіре - Ботбай руы
    30 Қазан 2014
    Шежіре - Матай руы
    27 Қазан 2014
    Шежіре - Үйсін
    23 Қазан 2014
    Шежіре - Байбақты
    22 Қазан 2014
    Шежіре - Жаппас
    20 Қазан 2014
    Шежіре - Кете
    17 Қазан 2014
    Шежіре - Алаша
    15 Қазан 2014
    Шежіре - Шекті
    14 Қазан 2014
    Шежіре - Шөмекей
    10 Қазан 2014
    Шежіре - Табын
    8 Қазан 2014
    Шежіре - Жетіру
    7 Қазан 2014
    Шежіре - Тама руы
    6 Қазан 2014
    Беріш руы
    3 Қазан 2014
    Шежіре - Байұлы
    1 Қазан 2014
    Шежіре - Әлімұлы
    29 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Адай руы
    26 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Қыпшақ руы
    25 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Арғын руы
    24 Қыркүйек 2014
    Шежіре- Уақ руы
    22 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Қоңырат руы
    19 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Керей руы
    17 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Шапырашты руы
    15 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Шанышқылы руы
    11 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Ысты руы
    10 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Қаңлы руы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30