Шежіре

Шежіре - Адай руы

  • Алаш айнасы иллюстрациясы

    Алаш айнасы иллюстрациясы

Адай — Кіші Жүздегі Байұлы тайпаcының құрамына кіретін ру аты. Адай руына кіретін халық көбіне Маңғыстау облысында тұрады. Басқа облыстарда да адайлар бар. Адайдың Тәзіке атты немересінен тарайтын ұрпақ қазіргі Атырау облысында кеңінен тараған, олар ерте заманда қалмақтармен болған соғыстарға қатысып, Жем, Нарын бойларында қалған Адай руының ұрпақтары. Ақтөбе, Орал облыстарында Адайлар бар. Оңтүстік Қазақстан облыстарында Адайлардың саны аздау, дегенмен де Оңтүстік Қазақстанның Адайлары сол жердің байырғы тұрғындары боп саналады.


"Алаш айнасы" интернет-газеті бүгіннен бастап, халқымыздың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы – қазақ шежіресі туралы ақпараттарды кезең-кезеңімен жарияламақ. Осы арқылы үш жүздің әр руы туралы мәліметтерді топтастырып, қазақтың ортақ шежіре қорын жасап шығармақ. Егер сіздің қолыңызда өз руыңыз жайында мәліметтер болса, біздің мына: info@alashainasy.kz электронды поштамызға жіберуіңізге болады.


Шежіресі

Адайдан екі бала бар: Келімберді және Құдайке. Екеуі де кең тараған, екеуінің балаларының саны сегіз (Сегіз Арыс).

Тарихы

Маңғыстау адайларының шыққан тегі туралы нақты деректер аз. Тек С.А.Аманжолов қана адайлар, оның өзі жазғандай, Геродот пен Страбонның мәліметтеріне қарағанда, б.з.б. ІІ ғасырдың өзінде-ақ, Каспий теңізінің жағалауында мекендеген ежелгі дайлардың ұрпақтары болуы мүмкін деген жорамал пікір айтқан. Сол арада ол адайлар оғыздардың «ада» (арал) «адайлар» (аралдықтар) деген сөзінен шыққан деген нұсқасын да келтіреді. Бізге дайлар (дахтар) адай руының алыстағы бабалары деген нұсқа әбден ықтимал болып көрінеді. Осы пікірді дамыта отырып, рудың шыққан тегі көрінісін мүмкін болғанынша жаңғыртуға тырысайық.

Дайлар (дахтар) туралы алғашқы мәліметтерді буз І Дарийдің Накширустемдік жазбаларынан табамыз, онда б.з.б. VI-IV ғасырларда Яксарттың (Сырдария) сағасы жағында тарадарайя немесе парадарая сақтары тұрған, дахтар солардың одағына кірген делінеді.

Геродот пен Страбонның мәліметтеріне қарағанда, біз б.з.б. V біздің заманымыздағы І ғасырда-ақ Сырдарияның төменгі ағысында емес, Каспий теңізінің оңтүстік-шығыс жағында, яғни қазіргі Иран мен Түркменстан шекарасындағы аймақта мекендегенін көреміз.

В.М.Массой да «Ксеркстің мерзімі б.з.б. 486-480 жылдар деп белгіленетін белгілі антидевовтық жазбаларында Ахеменидтік Персияға бағынған халықтар мен елдер арасында даха атауы келтірілген, зерттеушілердің көпшілігі оны Страбонның дайларымен салғастырады» деп көрсетеді.

Бұл да дайлар туралы бірден-бір мағлұмат емес, С.П.Толстов «хорезмиліктердің оңтүстік-батыс және солтүстік-шығысындағы көршілері дах тайпалары болып табылады» дейді. Бұл мәліметтер де б.з.б. ІІІ ғасырларға қатысты. С.П.Толстовтың айтуынан дахтар Сырдарияның төменгі ағысында және ішінара Теджен өзені аңғарындағы өңірде, яғни оларды (Геродот пен Страбон бойынша) б.з.б. V ғ. Біздің заманымыздағы І ғасырда мекендеген жерінде орналасқаны көрінеді.

Б.з.б. VI-IV ғасырларда Сырдарияның төменгі ағысында мекендеген дахтар ІІІ ғасырдың өзінде-ақ, Геродот пен Страбонның деректеріндегідей, ішінара Теджен өзені аңғарына қоныс аударып, қалғандары бұрынғы жерінде тұра беруі ықтимал. Дайлардың (дахтардың) Сырдарияның төменгі ағысынан оңтүстікке қоныс аударғанын Страбон да көрсетеді. Ол Аршакидтік патшалыққа орын тепкен (парнадайлар Меотидояның арғы жағында”, яғни Арал теңізінің арғы жағында «мекендейтін дайлар аймағынан шыққандар» дейді.

Арал өңірі дайларының Теджен өзені бойына қоныс аударғанын С.П.Толстов та айтады. Дайлардың бұдан кейінгі тарихы бізге былайша сияқты. Кангюй (қаңлы) тайпалық одағының мейлінше гүлденген кезеңінде ол өзінің ықпалын Хорезм, Ферғана, Соғда аймақтарына таратқан. Осы кезеңде дайлар кангюйлердің билігіне ұшырауы ықтимал. Кангюй тайпалық одағының орнына жаңа тайпалық бірлестік Батыс Түрік қағанаты келіп, оның құрамында өз тұтастығын сақтап қалған дайлардың күшті де саны көп тобы болған.

Сонан соң (ІХ ғ.) дайлар тобы оғыз тайпалары одағына кірген. Тегінде, дайлардың (дахтардың) Маңғыстауға орын тебуі сол кезеңде (ІХХ ғғ.) болуы мүмкін. Бұл жағынан әл-Истахридің Гуздер елі туралы «Китаб Месаликал Меналик» деген кітабында келтірілген мәліметтер назар аударарлық. Атап айтқанда, онда былай делінген: «…Онда (Сиякух Маңғыстау В.В.) қоныс және жайылым еткен». Сиякух бұл арада арал деп көрсетілген. Гуздерден бөлініп кеткен «түріктер тайпасы» дайлар (дахтар) болуы, гуздер осы «арал» халқын адайлар деп атауы да мүмкін, өйткені гуздер (оғыздар) тілінде арал — ада.

Шыңғысханның тегі Адай тайпасы, Мұңал руынан, тарихшының бәрі Мұңал атамыздың атын Мунгал, монгол, могол деп тарихта болмаған, түбі негізсіз атауларды он үшінші ғасырдан бері санаға тықпалап келеді. Мұңалдан – Келімбердінің кенже баласы, одан төрт бала, кейбіреулер бес бала дейді: Жаулы, Шоғы ( ол Қырықмылтық деп те аталады), Әли, Бәйімбет, Алаоғылан ( алақұнан ); одан мен білетін ешкім жоқ. Жаулы екі әйел алыпты, кішісі өзбек қызы дейді. Одан Қосқұлақ, Ескелді туады. Бәйбішесі баланы кештеу көріпті, Жаулы жауға аттанып бара жатқанда бәйбішесі былай депті. « Құрсағымда бір зат бар, кетпе, бір балаға зар болып өтеміз бе », – депті. Сонда Жаулы оған былай депті – міс: « Мен уәде бердім ( жауым – қалмақ ), олар бітімге шақырыпты, бітсе – біткенін, бітпесе – жаулығын көріп қайтам. Қазақтың қырық батырына берген уәдем бар. Ұл тусаң, атын қоярсың » – деп кете беріпті. Сол кеткеннен Жаулы қайта оралмайды. Бәйбіше ұл бала туып, атын Жары қояды. Екінші әйелі дегенде түсінік әртүрлі. Әйел үстіне алғанды тоқал деп, қосы ауып, алған әйелді екінші әйел десе, қандай артық-кімі болар еді?! Ескелдіден: Жақсылық пен Игілік туады. Игіліктен үш бала: Доғал, Құдайназар, Құдайсүгір.

Адайдан кең тараған рулардың бірі- мұңал. Қазіргі мұңал руынан әли атты ру тараған. Олардың көпшілігі Маңғыстауда және Атырауда. Ал Ақтөбедегі Байғанин және Орал қаласының өзінде адайдан тараған әлилер баршылық. Әлиден 3 ру Меңке, Әлишер, Тоқалы тарап, ұрпақтары әлі күнге дейін өмір сүруде.


Ал, жалпы алғанда, қазақтың төл шежіресін, әр ру мен әр үш жүздің қалай және кімнен тарағанын білгіңіз келсе, Алаш Орда үкіметінің мүшесі, тілші Кәрім Бәтішұлының 1911 жылы «Айқап» журналына жазған «Қазақ шежіресі» атты туындысын шолып шығуыңызға болады.


ҚАЗАҚ ШЕЖІРЕСІ

Түрік нәсілінен «Алаш есімді бай һәм балалары көп бақытты бір адам Алаша ханның заманында мәшһүр адамдардан саналып тұрыпты. Сол заманнан қалған бір сөз бар: «Алаш алаш болғанда, Алаш хан болғанда, таңбасыз тай енсіз қой болғанда» деген.

Алаштан екі бала туған Сейілхан, Жәйілхан деген. Жәйілханнан - Майқы би. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы - Майқы би» деген сөз бар. Майқы биден - Өзбек, Сыбиян. «Өзбек - аз ағам, сарт - садағам» деген сөз осыдан қалған. Сыбияннан, Айырқалпақтан - Қазақ, Созақ. Созақтан - Қарақалпақ.

Қазақтан үш бала туады. Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс. Бұлардың әрқайсылары бай һәм мәшһүр адамдар болған. Нәсіл, несіптері көп болып, тап-табымен барып Қаратау деген жерге шәһәр болып, бірнеше жыл отырыпты. Үлкеніне қараған елді «Ұлы жүз», ортаншысына қараған елді «Орта жүз», кішісіне қараған елді «Кіші жүз» деп атаған. Кәдімгі таудың арғы жүзі, бергі жүзі деген секілді. Мұнан біраз заман өткен соң бұларға жеті жыл тұтас ашаршылық келген. Еңкейген кәрі, еңбектеген жас өле бастаған соң бұлар бас қосып, ойласып, тұс-тұсына бытырап күн көруге, әуелде таудың оңтүстігінде - өзінің отырған жағына ұлы жүз, күншығыс жаққа орта жүз, кіші жүз өзінің отырған күнбатыс жағына, әрқайсысы өзінің туған-туысына кетіп күн көрмекші болып, жиылып амандасып тараған. Бұл жиылып тұрған жерде бір өлеңші зарлық етіп, үш ауыз өлең айтқан. Сөздің басы осы:


Қаратаудың басынан көш келеді,

Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.

Қарындастан айырылған жаман екен,

Қара көзден мөлдіреп жай келеді.

Мына заман, қай заман, бағы заман,

Баяғыдай бола ма тағы заман?!

Атадан ұл, енеден қыз айырылды,

Көздің жасын көл-дария ағызамын.

Мына заман, қай заман, қысқан заман.

Бақыт құсы басыңнан ұшқан заман.

Топырақ пен аспаннан шаң борайды,

Қаңтардағы күн суық қыстан жаман.

Бізге қысым көрсеттің қатты, Құдай,

Қабырғама қара жер батты, Құдай.

Жаяу жүрсем, табаным ауырады,

Тым болмаса, бермедің атты, Құдай!

«Қаратау» деген өлеңді «Мен қазақ» деген заттың бәрі біледі.

Ұлы жүз Ақарыстан екі бала - Үйсін, Дулат. Үйсіннен төрт бала - Шаңышқылы, Қаңлы, Ошақты, Іргенекті. Дулаттан төрт бала - Ботбай, Шымыр, Сиқым, Жаныс.

Орта жүз Жанарыстан жеті бала - Тарақты, Арғын, Қыпшақ, Найман, Қоңырат, Керей, Уақ. Әр атаның баласы соңғыларын өздері білу міндет. Міне, бұл жерде Қыпшақты жазамын. Жанарыстан - Ақтымсопы, онан Қыпшақ, онан Ақкөбік алып, одан Солым алып, онан Мүйізді сары абыз, онан үш бала - Қара, Құла, Сары. Қараның әулеті Қарақыпшақ атанады. Сарының әулеті Қытайқыпшақ атанады. Яғни қоныстары Қытай қолтығында болғандықтан, Құланың балалары Құланқыпшақ атанады.

Жоғарғы айтылған Қарадан Құланды, онан Тоқтар, онан бес бала туады: Бұлтың, Торы, Ұзын, Қарабалық, Көлденең.

Кіші жүз Бекарыстан Алшын туады, онан Алау батыр, онан Құдуар тентек. Ақылың болса, ала байтал соға шап деген нақыл осы кісіден қалған екен. Құдуардан екі бала - Қыдырқожа, лақабы «Бай», Қаракесек. Қыдырқожадан он екі бала - Қыдырсиық, Бақытсиық, Сұлтансиық, Есентемір, Асық, Қызылқұрт, Масқара, Таздар, Алтын, Жаппас, Адай, Беріш.

Қаракесектен - Әлім, Шөмен, Кете, Ожырай, Әлімнен Төртқара, Шекті. Шөменнен - Аспан, Бозғұл, Тоқа, Көнен. Кіші жүзге қосылған жеті рулар: Жағалбайлы, Тілеу, Тама, Табын, Кердері, Керейт, Рамадан.

Бұл - Алаштың барлық қазақтың атасы екендігінің куәсі. Бұрын қазақ бөтен халықпен шектессе, біреуі «Алаш» деген ұранды шақырса, бәрі бірыңғай болып, тез жиылып, тілек қосып қалады екен. Бұл сөздер — біздің бұрынғы кәрілерден естіген сөздер. Қадірі хал білгенімізді жаздық. Мұнан артық білушілер болса, білгенін ішіне сақтамас, халыққа жазып білдірер деп үміт етеміз.


Шежире для русскоязычных казахов

Шежире (каз. шежіре) — генеалогическая родословная у казахов и кипчакских народов, например, татар и башкир. Как правило представляет собой письменное или устное перечисление предков по прямой мужской линии.

Также распространен синонимический вариант шежире — Жети-Ата (букв. перевод с казахского — семь дедов). Считается, что знание шежире (или своих предков до седьмого колена) является обязательным для каждого казаха. Это позволяет избежать близкородственных браков.


Казахи и шежире

Отношение казахов к шежире является сакральным. Многие современные казахи пытаются восстановить свои корни и очень серьёзно изучают свою родословную. Согласно древним традициям, род у казахов передается через мужскую линию. Но иногда в эти записи включают и наиболее выдающихся женщин. Кроме имён эти записи содержат биографии, историю и географию наиболее значимых событий, легенды.


Современные шежире

Массовое увлечение казахами шежире выражается в издании многотомников с перечислением всех членов определенного рода. Например, такие большие роды как Найманы, Дулаты, Албаны, Байулы или Алимулы могут насчитывать до одного миллиона человек только в составе казахов, не учитывая другие народности, они могут иметь несколько измененные названия (Дулу→Дуглат→Дулат). Для сравнения численность Аргынов превышает миллион, а с учётом неказахских Аргынов составляется несколько миллионов. Книги с перечислением шежире могут составлять 3 и более томов.


Шежире состоит из трех жузов


Старший жуз

Айдарлы

Акарыс

Аксакал

Албан

Алыбай

Асан

Байдибек

Байдолла

Байтерек

Бактияр

Беимбет

Бирманак

Ботбай

Дулат

Ескельды

Жалайыр

Жалманбет

Жансакал

Жаныс

Жаримбет

Жарыкшак

Жолдаболды

Ибраиым

Іле

Калыбай

Канлы

Караш

Кейкі би

Когам

Куйылдар

Курті

Меайкы

Мекрейіл

Ойсыл

Ошакты

Сакалды

Сары

Сарыуйсін

Сіргелі

Суан

Сыйкым

Сырманак

Толыбай

Узынсакал

Уйсіл

Шанышкылы

Шапырашты

Шегир

Шуманак

Шыбыл

Шымыр

Ысты


Средний жуз

Аргын

Атыгай

Ашамайлы

Баганалы

Базархан

Байталак

Балталы

Басентиин

Бахрам

Бегендык

Беймен

Бетке

Болаткожа

Елемес

Ергенши

Ер-Косай

Ескара

Жадик

Жаманбай

Жангулы

Жантекей

Жантели

Жастабан

Ители

Казыгул

Камбар

Канжыгалы

Карагерей

Каракас

Каракесек

Каракипчак

Карасопы

Каратай

Караул

Карауыл

Кенсадак

Керей

Кетбуга

Китайкипчак

Кокжарлы

Коккоз

Конырат

Котенши

Куандык

Куланкипчак

Кылдыбатыр

Кыпшак

Мадьяр

Матай

Мейрам

Меркит

Молкы

Мулкиаман

Наганай

Найман

Садыр

Сарман

Сарысопы

Суиндык

Суйениш

Таракты

Тобыкты

Токпак

Токтамыс

Тортеуыл

Тортул

Торыкипчак

Уак

Шегендык

Шеруши

Шимойлы

Шубарайгыр

Шубыртпалы


Младший жуз

Адай

Алаша

Алимулы

Алтын

Байбакты

Байсары

Байулы

Баксиик

Бериш

Есентемир

Жагалбайлы

Жаппас

Жетыру

Каракесек

Карасакал

Кердери

Кереит

Кете

Маскар

Ногай-казак

Рамадан

Султансиик

Табын

Таз

Тама

Тана

Телеу

Торткара

Шекты

Шенеш

Шеркеш

Шумекей

Ысык


Возникновение 3-х жузов


Вопрос о жузах также является не вполне решенным.


В определении самого термина «жуз» большинство историков считают его объдинением казахских родов и племен. Само слово «жуз» переводят как «ветвь», «часть», «сотня». Сложным является вопрос о причинах и времени образования жузов.


Деление этноса на части типа жузов имело место в истории ряда народов (древнеримские трибы-племя, у северо-американских племен - тройственные союзы), но до настоящего времени оно сохранилось только у казахов.


Причины образования жузов:


1. Хозяйственно-экономические условия, кочевой образ жизни(С. Асфендияров, М. Вяткин, В. Бартольд). Деление территории Казахстана для кочевого скотоводства на три естественно-географические области: западную - на р.Урал; среднюю - на реке Сарысу, Чу, низовья Сыр-Дарьи, по Ишиму, Тоболу и Иртышу, и восточную - в Джетысу.


2. Природно-географические (территориальные) факторы.


3. Военно-политические факторы (для защиты).


4. Исторические традиции (деление племен на западное, восточное крыло, центр - еще с хуннов, тюрков, монголов и тд.).


Помимо научных объяснений имеются различные легенды по поводу происхождения жузов. (отражают события с VIII века и ранее).


Жузы имеют названия: Старший (Великий), Средний и Младший. Значение такой иерархии тоже объясняют по-разному. В частности, Великим считается жуз по его древнему происхождению, он - прародина всех племен; Младшим – потому, что он оформился позднее всех.


Территории и основные роды и племена, составляющие жузы:


Старший жуз - это Семиречье и Южный Казахстан - сарыуйсін, дулаты, жалаиры, канлы и др.


Средний жуз - Восточный, Северный и Центральный Казахстан - аргыны, кыпчаки, найманы, кереи и т.д.


Младший жуз - Западный Казахстан - алимулы, байулы, жетыру и др.


Когда образовались жузы? По разному трактуют время образования жузов, которое относят к периоду с X в. по XVI в. (распад Западно-Тюркского каганата или три самостоятельных улуса в XV-XVI вв. положили начало казахскому ханству и др. ). Большинство склоняются к XVI веку. Однако в последнее время такая точка зрения вызывает возражение. В частности, Е. Арынов, Е. Абенов и др. сомневаются в том, что кому-то было выгодно разделить единое Казахское ханство на три части, что не части состоят из целого, а целое из частей. Таким образом, считают они, образованию Казахского ханства предшествовало по времени образование жузов.


Жузы в истории казахского народа играли важную роль в регулировании общественных (административно-территориальных, хозяйственно-экономических, политических) отношений.




Көрілген: 86198    Пікірлер: 3

дүйсенбі, 29.09.2014, 15:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Мамыр 2015
    Сунақ шежіресі
    29 Сәуір 2015
    АЛШЫН ШЕЖІРЕСІ
    24 Сәуір 2015
    Шежіре-Қарақалпақ
    6 Сәуір 2015
    Шежіре-Қарайымдар
    30 Наурыз 2015
    Шежіре - Бақсайыс
    20 Наурыз 2015
    Түрікмендер
    13 Наурыз 2015
    Шежіре- Сахалар
    10 Наурыз 2015
    Шежіре-Қарашайлар
    2 Наурыз 2015
    Шежіре-Құмықтар
    25 Ақпан 2015
    Шежіре-Қашқайлар
    18 Ақпан 2015
    Шежіре - Тывалар
    29 Қаңтар 2015
    Шежіре: ТӨЛЕҢГІТ
    23 Қаңтар 2015
    Өміртай шежіресі
    13 Қаңтар 2015
    Матай
    9 Қаңтар 2015
    Шежіре - АЙҚЫМ
    30 Желтоқсан 2014
    Фотосы бар материал Түркілер
    26 Желтоқсан 2014
    Кіші жүз таралымы
    22 Желтоқсан 2014
    Шежіре- Қайшылы
    20 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Қожалар
    12 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Қызылқұрт руы
    12 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Масқар
    10 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Таз
    9 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Жетімдер
    6 Желтоқсан 2014
    Шежіре — Бура
    4 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Шыбыл руы
    3 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Ителі
    2 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Жәдік әулеті
    28 Қараша 2014
    Шежіре - Кердері
    25 Қараша 2014
    Шежіре - Есентемір
    24 Қараша 2014
    Шежіре - Жастабан
    21 Қараша 2014
    Шежіре - Қараш
    20 Қараша 2014
    Шежіре - Бағаналы
    19 Қараша 2014
    Шежіре - Балталы
    18 Қараша 2014
    Шежіре - Шегір
    17 Қараша 2014
    Шежіре - Жаманбай
    14 Қараша 2014
    Шежіре - Ноғай-Қазақ
    13 Қараша 2014
    Шежіре - Атығай
    12 Қараша 2014
    Шежіре - Абақ Керей
    11 Қараша 2014
    Шежіре - Шымыр
    10 Қараша 2014
    Шежіре - Ысық
    5 Қараша 2014
    Шежіре - Тобықты руы
    31 Қазан 2014
    Шежіре - Ботбай руы
    30 Қазан 2014
    Шежіре - Матай руы
    27 Қазан 2014
    Шежіре - Үйсін
    23 Қазан 2014
    Шежіре - Байбақты
    22 Қазан 2014
    Шежіре - Жаппас
    20 Қазан 2014
    Шежіре - Кете
    17 Қазан 2014
    Шежіре - Алаша
    15 Қазан 2014
    Шежіре - Шекті
    14 Қазан 2014
    Шежіре - Шөмекей
    10 Қазан 2014
    Шежіре - Табын
    8 Қазан 2014
    Шежіре - Жетіру
    7 Қазан 2014
    Шежіре - Тама руы
    6 Қазан 2014
    Беріш руы
    3 Қазан 2014
    Шежіре - Байұлы
    1 Қазан 2014
    Шежіре - Әлімұлы
    29 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Адай руы
    26 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Қыпшақ руы
    25 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Арғын руы
    24 Қыркүйек 2014
    Шежіре- Уақ руы
    22 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Қоңырат руы
    19 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Керей руы
    17 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Шапырашты руы
    15 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Шанышқылы руы
    11 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Ысты руы
    10 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Қаңлы руы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31