Шежіре

Шежіре - Арғын руы

  • Алаш айнасы иллюстрациясы

    Алаш айнасы иллюстрациясы

АРҒЫН РУЫ. Шәкерім Құдайбердіұлының халық аңыздары мен қазақ шежіресіне негізделген дастандарынан жоңғар шапқыпшылығы кезіндегі қазақ тайпаларының көшу жолдарын біршама аңғаруға болады. Қалқаман мен Мамырдың махаббаты туралы қайғылы хикаясын Ш. Құдайбердіұлы қазақтардың жоңғарларға қарсы күресі жағдайында өрбітіп, халықтың жадында қалған адамдардың есімдерін атайды. Дастанға сәйкес, 1722 жылы қазақтар жоңғар шапқыншылығы салдарынан көшіп барып, Сырдария бойын мекен еткен. Арғындардың ел ағасы сол кезде 95 жастағы Әнет баба болған. Дастан авторының жетінші атасы Әнет бабаның інісі Әйтек еді, таксономиялық жіктерді айқындау мен ұрпақтар аралығындағы уақыт шамасын анықтау кезінде бұл да маңызды: Шәкерім 1858 жылы туған, ал оның жетінші атасы (Әйтек) Әнет бабаның замандасы.

Демек, бір ұрпаққа 2530 жылдан келеді. Бұлайша «жыл есептеу» шежірелерді тарихи деректеме ретінде пайдалаиған кезде қажет, өйткені патронимия, рулардың бөлшектенуі, жаңа рулардың пайда болуы мәселелерін т. б. сол бойынша анықтауға болады. Дастанда бүкіл Тобықты руын қалмақтарды жеңуге байланысты тойға шақырған Сәмеке хан да аталады. Сырдария бойында тобықтылардан басқа Арғын тайпасының Қанжығалы, Бәсентиін, Атығай, Қарауыл рулары мекендеген.

"Алаш айнасы" интернет-газеті бүгіннен бастап, халқымыздың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы – қазақ шежіресі туралы ақпараттарды кезең-кезеңімен жарияламақ. Осы арқылы үш жүздің әр руы туралы мәліметтерді топтастырып, қазақтың ортақ шежіре қорын жасап шығармақ. Егер сіздің қолыңызда өз руыңыз жайында мәліметтер болса, біздің мына: info@alashainasy.kz электронды поштамызға жіберуіңізге болады.

Ш. Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» дастанында да қазақ руларының ауа көшуі мен олардың жоңғарларға қарсы күресі тіптен көбірек айтылады. Дастанға сәйкес, «Ақтабан-шұбырынды...» аталған 1723 жылғы қалмақтардың ойраны себепті Шақшақ руынан шыққан Жәнібек батыр бастаған арғындар Сырдария жағасынан кетіп, Шу өзенінің жағасына, Саумалкөл төңірегіне қоныстанды және одан әрі Орталық Қазақстанда Есіл, Нұра, Сарысу өзендерінің аңғарларына, шығысында Қарқаралы тауларына, батысында ұлытау маңы меп Шалқар көлінің төңірегіне қоныс тепті.

Арғын тайпасының ірі атасы момындарға енетін Атығай, Қарауыл, Қанжығалы, Тобықты және Бәсентиін рулары өз қыстауларын Қазақстанның солтүстігіндегі Ор, Елек, Ойыл, Қиыл өзендерінің жағаларын бойлай орналастырып, жаз кезінде Мұғалжар тауларындағы жайылымға шығып жүрген. Әбілқайыр хан бастаған Кіші жүз қазақтары Жайық озені аймағына көшіп барып, 1731 жылы Ресей бодандығын алды. Дастанда баяндағанындай, мұны естіп, орыстардан қорыққан момындар Мұғалжардан кетіп, Ырғыз бен Торғай өзендерінің бойына барып қоныс тепкен.

Сол кезде Әбілмәмбет хан қалмақтарды талқандап, басқыншылардан көп малды тартып алады. Орта жүз ханы Сәмеке мен Абылай сұлтан да барлық жүздің көп қазақтарын жинап, қалмақтарды талқандап, Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағы Тарбағатай тауларына жетті, қалмақтарға қарсы күреске найман тайпасының Қаракерей, Матай руы белсене қатысты.

Жеңіліс тапқап қалмақтар Нұржайсап және Шәуешек деген жерлер арқылы қашып, қазақтар ата қонысы Арқа даласын қайта иеленді. Шыңғыстау төңірегі қалмақтардан азат етілгенін матайлардан білген соң Жеті Момын бірлестігіне енетін рулардың бір бөлігі (Атығай, Қарауыл және Бәсентиін) осы таулардың төңірегіне келіп, қоныс тепті. Жеті Момын бірлестігі руларының бір тобы да Қанжығалы руынан шыққан Кеңгірбай және Қараменде билердің айтқанына көніп, Шыңғыстау жағына бет алды. Қанжығалылар Шыңғыстауға Матай руының орнығып алғанын естіп, жарты жолда Шу өзенінің бойына қоныстанып қалды да, Тобықты руы одан әрі жүре отырып, аңсаған тауларына 1780 жылы әзер жетті. Сонымен, Шәкерім Құдайбердіұлының қазақ шежіресіне негізделген мәліметтеріне сәйкес, Арғын тайпалары руларының Сырдария бойынан Мұғалжарға, Орталық Қазақстан даласына, одан әрі шығысқа қарай Шыңғыстау мен Тарбағатай сілемдеріне дейін көшіп барғанын көруге болады. XVIII ғасырдағы архив құжаттарының көпшілігінде Орта жүз қазақтары қөныстанған жекелеген аймақтар ғана көрсетіледі, ал егер тайпалар мен рулардың жері туралы айтылар болса, ол жерлер сұлтандардың, батырлардың, билердің есімдерімен байланыстырылады.

Мысалы, генерал-майор А. И. Тевкелев пен алқа кеңесшісі П. Рычковтың хабарында (1758) былай делінген: «Сол Орта орданың адамдар саны осындағы, яғни Кіші ордаға қарағанда әлдеқайда көп әрі байырақ, олар Үй және Сібір шебінен Түркістанмен шектесе отырып, Жоңғар иеліктерінің өзіне тақау көшіп жүреді». Қазақ қоғамы мен Орта жүздің феодалдық бытыраңқылығы жайында жоғарыда айтылды. Тіпті, ұлы жүз ханы Әбілмәмбет билігінің өзі де нақты болмады, ол кейінгі ортағасырлық дәуірдің көрінеу белгісі сияқты, символдық тұрғыда ғана билік етті. Сөйтіп, оның билігі өзімен бірге көшіп жүретін қазақ руларына ғана тарады.

Деректерде кезінде Әбілмәмбет ханды Сәмеке ханның ұлы Есім хан Түркістаннан қуып жібергені беделі зор Қазыбек бидің айтуымен ғана 1762 жылы Түркістанға қайтарыльш, Есім ханмен Түркістан билігін бөліскені айтылады. Қазақстанның феодалдық зор бытыраңқылықта болғанын осының өзі-ақ көрсетсе керек. XVIII ғасырдың екінші жартысында, жоңғарларды қазақ иеліктерінен біржола қуып шығу кезеңінде Абылай сұлтанның беделі зор болды, бірақ оның өзі де «Қырғызқайсақтардың Орта ордасында бір ғана Атығай руын иеленгенін, өзге руларды басқа сұлтандар мен ақсақалдар басқарған» еді. Егер жоғарыда аталған феодалдар қарамағындағы қазақ руларыныц орналасқан жерлері жайында айтар болсақ, Әбілмәмбет Алтай-арғын руымен бірге Елек өзенінің бас жағында көшіп жүрген де, қыстыгүні Түркістанда қазақ хандарының қонысында орын тепкен. Сібір губернааторының міндетін атқарушы генерал-майөр фон Фрауендорфтың Сыртқы істер алқасына берген рапортында (1763 жылғы 11-наурыз): Сібір шебіне жақын жерде көшіп жүрген Орта жүз «ұлыстары санының көп» екені айтылады, «біздің Жөғарғы Ертіс бекінстеріміз маңында Абылай сұлтанның Атығай ұлысы, Қазыбек би старшынның Қаракесек ұлысы (Ямышев бекінісі маңында), Әбілпейіз сұлтанның Алтай-Қарпық-арғып ұлысы, Тәуке сұлтанның (Сәмеке ханның ұлы) Төртұл ұлысы, Сұлтанмәмет сұлтанның Қыпшақ ұлысы (Железинка бекінісі маңында) көшіп жүр, Қазыбек би қартайғаны себепті өз ұлысын ұлдары Бекболат пен Сырымбетке (Сырымбетейге) беріп, өзі Қаракесек ұлысының бір бөлігімен бірге Ерейментауға жақын Есіл өзенінің бас жағындағы Далба тауын қыстайды. Қазыбек би бастаған Қаракесек руы Орталық Қазақстан мен Ертіс өңіріне Орта Азиядан, Самарқанд жағынан келген, ол жақта А. И. Тевкелев пен арғындардың Шәқшақ руынан шыққан Бөгенбай батырдың хабарларына қараганда (1748), қаракесектердің 4000 шаңырағы көшіп жүрген. Жалпы алғанда, қайсыбір ру жайында айтар болсақ, олар түгелдей бір адамның иелігінде болмаған, қайта белгілі бір сұлтанмен, батырмен, бимен бірге бөлек-бөлек көшіп жүрген. Қаракесек руы да сондай: Оның бір бөлігі Қазыбек бимен, басқалары Барақ сұлтанмен т. б. бірге жүрген еді. Атығай руының да бір болігі Абылай сұлтанмен бірге ілесіп жүрсе, басқа бір бөлігі Құмары батырмен және т. б. бірге болған. Сонымен қатар белгілі бір адамның қарамағына әр түрлі рулар, тіпті тайналар кірген. Мысалы, Әбілқайыр ханды өлтіргеннен кейін (1748) Барақ сұлтан Найман, Қаракесек және

Қоңырат тайпаларының (жалпы жауынгерлер сапының өзі ғана 4000 адам болған) кейбір руларын бастап оңтүстікке көшіп кеткен. Солармен бірге Барақ сұлтан Сырдарияға құятын Жиделі өзенінің сағасында қарақалпақтарды бағындырған. Жәнібек тарханның Орынбор губернаторы И. Неплюевке жіберген хабарында (1749 жылғы шілде): «Барақ сұлтан өзіне берілгендермен бірге Ташкент пен Түркістан арасында, Ұлы орданың қырғыз-қайсақтары ұлыстарында жүргені» айтылады... Иканның, Ташкенттің, Отырардың, Оғызтау мен Созақтың «диқаншы адамдары» («сарттарыныц» құжатта осылай делінген М. М.) Барақ сұлтанның билігін мойындағаны, оның (сұлтанның) «оларды нағыз ханы сияқты билеп-төстейтіні», ол қашып кеткенге дейін Сарысу бойында бірге көшіп жүрген Қаракесек ұлысы да енді оған көшіп барып, Шу өзені бойына қоныстанғысы және қоңыраттармен қоса Барақ сұлтанды Әбілқайыр хан әулетінің кек алуынан қорғағысы келетіні, Барақ сұлтанның күші мен ықпалы зор болғанын анық көрсетеді. Бұл мысал XVIII ғасырда болған көшіп-қону процестерін байқатады: Барақ сұлтан бастаған Қаракесек руының бір бөлігі, сондай-ақ Найман, Қоңырат тайпаларының кейбір рулары Сырдария өзенінің төменгі сағасына кетеді. Сонан соң Сарысуда қалған қаракесектер де қозғалып, Шу өзеніне қарай жылжиды.

XVIII ғасырдың аяғында қазақ тайпаларының орналасуы туралы бірқатар қызықты материалдар бар. Орынбор генерал-губернаторы Г. Волкоискийдің «Әдетте ұлы, Орта және Кіші жүздерге бөлінетін қырғыз-қайсақтар туралы» мәліметтерінде үш жүздегі қазақ тайпаларының әулеттер, аталар (мұны рулар ден түсінген жөн) саны, көшіп жүретін жерлері жайында көптеген құнды деректер кездеседі. Онда арғындар туралы мәселен былай делінген: Ең басты арғып руының бес атасында 30 000-ға дейін отбасы бар. Олардың қысқы қоныстары Баян-Авла (Баянауыл-М. М.), Қызылтау, Далба, Укитаказлық, Шыңғыс, Шағай тауларында, Торғай өзенінің; бас жағында және Алытав (Алатау М. М.) таулары маңында. Жазда Иреймен тауының (Ерейментаудың М. М.) маңын және Нұра мен Жалдысу өзендерінің бойын жайлайды. Тарақты руының екі атасында 4000-ға дейін отбасы бар. Жазғы жайлаулары Есіл өзенінің бас жағында және Сарысу өзенінің бойында. Қыста Үшқоңыр құмы мен Шу өзенінің бойын қыстайды... Арғын руының екі атасында 9000-ға дейін отбасы бар.

Қысы-жазы Ертіс бойында көшіп жүреді... Екі атадағы арғындар 11 000 түтінге жетеді... Жазғы және қысқы қоныстары Есіл өзенінің бойында, Көкшетау мен Мұқатауда және Үшқұндақ, Үш Барлық, Қылшықты алаптарында. Бұл арғындар Орта жүз ханы Уәли ханға бағынған. Қанжығалы руының арғындары 2000 түтінге жетеді... Есілге құятын шағын өзендер мен Бішкентай алқабында көшіп жүреді. Сарыжетім (Тоқал-арғын бірлестігі жоғары Шектінің Сары жетім атасы М. М.) руының он екі атасында 8000-дай түтін бар. Олардың жазғы жайлауы Торғай, Тобыл өзендерінің және соларға дала жағынан келіп құятын өзендердің бойында. Қыстыгүні Обаған өзенінің бойындағы Құрқық алқабын қыстайды.

Бес атадан тұратын Шақшақ руының арғындары 6000 түтінге жетеді. Олардың жазғы жайлауы Тобыл өзенінен жоғарырақтағы Айт өзенінің бойында. Қыстыгүні Торғай даласын, Сары-Бұтан өзенінің бойынан оның Улкмаян (ұлқоян М. М.) өзеніне құятын жеріне дейін... Қызылкөл мен Қоржын, Төбекөл көлдері маңында, Тұрсын құмындағы Бескөл маңында қыстайды. Г. Волконский Тобықты руы арғындарының (2000 түтін) Бұхара жерінде көшіп жүргенін көрсетеді. «Капитан Андреевтіц 1790 жылы түрлі мәліметтерден жинаған Орта орда қырғыз-

қайсақтарының шығу тегі туралы суреттемесінен» генерал-майор Клоттың жасаған жазбаларында Қазақстанның солтүстігінде Ертіс бойындағы Сібір шебі мен Горькая шебі маңында көшіп жүрген қазақ руларының орналасуы көрсетіледі. Капитан Андреевтің мәліметтерінде жер және ру атаулары біраз шатастырылған, оны тілге байланысты түсіндіруге болады.

Мысалы, Қорғалжын көлінің, Ерейментаудың, ұлқоян өзенінің, Атығай, Тобықты, Шаншар, Құдайберді руларының атаулары қате көрсетілген. Ал оның мәліметтерінің құндылығы мынада: рулардың орналасуы (автордың айтуынша болыстар) ғана емес, сонымен қатар рулық аталар (автордың айтуынша ұрпақтар) да көрсетіледі, мұның өзі таксономиялық жіктерді анықтау және әр түрлі деректемелерде айтылып жүрген сол ұрпақтарды орналасқан жерлеріне байланыстыру кезінде өте маңызды. Ертістің төменгі бойындаіы Семей бекінісінен басталатын арғындар туралы мынадай мәліметтер бар (Омбы Мемлекеттік Тарихи архиві, 1264-қор, 1-тізім, 316-іс): Бәсентиіннің 7-болысы. Күшік, Айтай, Андас, Апай, Бөрі, Сары, Шырақ, ұзын буындарына бөлінеді. Олардың бір бөлігі Долонский форпосты маңында, басқа бір бөлігі Ертістен 200 шақырым жерде, Қыржан тау-тастары жанындағы Черемухов станциясының маңайында көшіп жүреді және бұл болыстың қонысы Ертіс өзенінің бойымен Ямышев бекінісіне дейін созылып жатады. 9-Қаракесек болысы (қаракесек руы М. М.) Шаншар, Майлытамас, Шор, Бұланбай, Сарым, Айтекем, Алтыбет, Шұбыртпалы және Сіргелі ұрпақтарына бөлінеді. Қоныстары Грачевский станицасынан 90 шақырым жердегі Мұржыс тауы, Дегелең, Сарықұлжа, Қоңырқұлжа, Кең Қазылық, Қарқаралы Қазылық, Қазылық, Бақты Қазылық, Қуқазылық, Грачевский станицасынан 40 шақырым жерде жатқан Қосқұдық пен Жолан алқабында.

10-Алтай болысы (Қуандық руының атасы М. М.) Кәреке, Мойын, Қағыс, Қалқа, Сарыбағыс ұрпақтарына бөлінеді. Қоныстары Сарысу өзенінің бас жағында. 11-Төртұл болысы (төртұл руы - М. М.) Қаржас, Құлболды және Жадыр ұрпақтарына бөлінеді. Қоныстары Ертіс өзені бойы мен Баянауыл тауларында. Ямышев бекінісінен Железинка бекінісіне дейін: Түрлі ұрпақтардан тұратын 1-Тарақты болысы (тарақты руы М. М.) Әлі және Құл бөліктеріне бөлінеді.

Қоныстары тура Семияр форпостысы маңында, Югюр жотасы алқабында, одан бұлақтар ағып шығып, көлге қүяды. З-Атығай болысы (атығай руы) Әжіғұл, Бараншы және Құдияр ұрпақтарына бөлінеді. Чернорецк форпосты жанында көшіп жүреді. 4-Қанжығалы болысының (Қанжығалы руы М. М.) қонысы тура Чернояр станицасы маңындағы Ертіс өзенінің бойында. Железинка бекінісінен Омбы бекінісіне дейін және соңғысынан Тобыл шебін бойлай Арғын (Атыгай), Керей, Қыпшақ тайпаларының рулары аралас көшіп жүреді. Петропавл бекінісінен Преснегорьков бекінісіне дейін: 1. Атығай болысы Қүдайберді, Бәйімбет, Майлы, Балта, Қойлытағай және Баба-Асан ұрпақтарына бөлінеді. Қөныстары Есіл өзенін бойлай Жаңғызтау маңайында, Нұра, Есіл өзендерінің бас жағында, сондай-ақ Қорғалжын көлі маңында. 2-Қарауыл болысы (Қарауыл руы М. М.) Қалды, Нөғай, Батпан, Жаулыбай, Орақ, Құтымбет, Жадар, Ақшілік, Шашбақ, Атығай-Қарауыл, Қимақ Тұрым ұрпақтарына бөлінеді. Қоныстары Есіл, Нұра өзендерінің бойында Атығай болысымен шектесіп жатыр және Көкшетау маңайы мен Шұбар жазығында, сондай-ақ Қылшықты және Көмішайт өзендерінің бойында, Имантау мен Бұлайманаңыртау маңайында. З-Шақшақ болысы (Шақшақ руы) Сарыжетім, Қырықмылтық, Андарқи, Алабұқа ұрпақтарына бөлінеді. Олар Ерейментауды мекендейді; ал кейде Торғай және Үшқияқ өзендеріне шығады.

5-Қарауыл болысы Сарыжетім, Қырықмылтық, Андарқи, Қараман, Төлек ұрпақтарына бөлінеді. Қоныстары тура Алабұға өзенінің бойы мен Ерейментауда, ал кейде Торғай, Үшқияқ өзендеріне шығады. Орынбор шебімен шектесіп жатқан Преснегорьков дистанциясы маңында бір Сарыжетім руы көшіп жүреді. Жаз кезінде Торғай өзенінің бас жағын мекендейді, ал қыста Тобыл озені мен Алабұға озенініц бас жағын қыстайды.

Ал, жалпы алғанда, қазақтың төл шежіресін, әр ру мен әр үш жүздің қалай және кімнен тарағанын білгіңіз келсе, Алаш Орда үкіметінің мүшесі, тілші Кәрім Бәтішұлының 1911 жылы «Айқап» журналына жазған «Қазақ шежіресі» атты туындысын шолып шығуыңызға болады.

ҚАЗАҚ ШЕЖІРЕСІ

Түрік нәсілінен «Алаш есімді бай һәм балалары көп бақытты бір адам Алаша ханның заманында мәшһүр адамдардан саналып тұрыпты. Сол заманнан қалған бір сөз бар: «Алаш алаш болғанда, Алаш хан болғанда, таңбасыз тай енсіз қой болғанда» деген.

Алаштан екі бала туған Сейілхан, Жәйілхан деген. Жәйілханнан - Майқы би. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы - Майқы би» деген сөз бар. Майқы биден - Өзбек, Сыбиян. «Өзбек - аз ағам, сарт - садағам» деген сөз осыдан қалған. Сыбияннан, Айырқалпақтан - Қазақ, Созақ. Созақтан - Қарақалпақ.

Қазақтан үш бала туады. Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс. Бұлардың әрқайсылары бай һәм мәшһүр адамдар болған. Нәсіл, несіптері көп болып, тап-табымен барып Қаратау деген жерге шәһәр болып, бірнеше жыл отырыпты. Үлкеніне қараған елді «Ұлы жүз», ортаншысына қараған елді «Орта жүз», кішісіне қараған елді «Кіші жүз» деп атаған. Кәдімгі таудың арғы жүзі, бергі жүзі деген секілді. Мұнан біраз заман өткен соң бұларға жеті жыл тұтас ашаршылық келген. Еңкейген кәрі, еңбектеген жас өле бастаған соң бұлар бас қосып, ойласып, тұс-тұсына бытырап күн көруге, әуелде таудың оңтүстігінде - өзінің отырған жағына ұлы жүз, күншығыс жаққа орта жүз, кіші жүз өзінің отырған күнбатыс жағына, әрқайсысы өзінің туған-туысына кетіп күн көрмекші болып, жиылып амандасып тараған. Бұл жиылып тұрған жерде бір өлеңші зарлық етіп, үш ауыз өлең айтқан. Сөздің басы осы:

Қаратаудың басынан көш келеді,

Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.

Қарындастан айырылған жаман екен,

Қара көзден мөлдіреп жай келеді.

Мына заман, қай заман, бағы заман,

Баяғыдай бола ма тағы заман?!

Атадан ұл, енеден қыз айырылды,

Көздің жасын көл-дария ағызамын.

Мына заман, қай заман, қысқан заман.

Бақыт құсы басыңнан ұшқан заман.

Топырақ пен аспаннан шаң борайды,

Қаңтардағы күн суық қыстан жаман.

Бізге қысым көрсеттің қатты, Құдай,

Қабырғама қара жер батты, Құдай.

Жаяу жүрсем, табаным ауырады,

Тым болмаса, бермедің атты, Құдай!

«Қаратау» деген өлеңді «Мен қазақ» деген заттың бәрі біледі.

Ұлы жүз Ақарыстан екі бала - Үйсін, Дулат. Үйсіннен төрт бала - Шаңышқылы, Қаңлы, Ошақты, Іргенекті. Дулаттан төрт бала - Ботбай, Шымыр, Сиқым, Жаныс.

Орта жүз Жанарыстан жеті бала - Тарақты, Арғын, Қыпшақ, Найман, Қоңырат, Керей, Уақ. Әр атаның баласы соңғыларын өздері білу міндет. Міне, бұл жерде Қыпшақты жазамын. Жанарыстан - Ақтымсопы, онан Қыпшақ, онан Ақкөбік алып, одан Солым алып, онан Мүйізді сары абыз, онан үш бала - Қара, Құла, Сары. Қараның әулеті Қарақыпшақ атанады. Сарының әулеті Қытайқыпшақ атанады. Яғни қоныстары Қытай қолтығында болғандықтан, Құланың балалары Құланқыпшақ атанады.

Жоғарғы айтылған Қарадан Құланды, онан Тоқтар, онан бес бала туады: Бұлтың, Торы, Ұзын, Қарабалық, Көлденең.

Кіші жүз Бекарыстан Алшын туады, онан Алау батыр, онан Құдуар тентек. Ақылың болса, ала байтал соға шап деген нақыл осы кісіден қалған екен. Құдуардан екі бала - Қыдырқожа, лақабы «Бай», Қаракесек. Қыдырқожадан он екі бала - Қыдырсиық, Бақытсиық, Сұлтансиық, Есентемір, Асық, Қызылқұрт, Масқара, Таздар, Алтын, Жаппас, Адай, Беріш.

Қаракесектен - Әлім, Шөмен, Кете, Ожырай, Әлімнен Төртқара, Шекті. Шөменнен - Аспан, Бозғұл, Тоқа, Көнен. Кіші жүзге қосылған жеті рулар: Жағалбайлы, Тілеу, Тама, Табын, Кердері, Керейт, Рамадан.

Бұл - Алаштың барлық қазақтың атасы екендігінің куәсі. Бұрын қазақ бөтен халықпен шектессе, біреуі «Алаш» деген ұранды шақырса, бәрі бірыңғай болып, тез жиылып, тілек қосып қалады екен. Бұл сөздер — біздің бұрынғы кәрілерден естіген сөздер. Қадірі хал білгенімізді жаздық. Мұнан артық білушілер болса, білгенін ішіне сақтамас, халыққа жазып білдірер деп үміт етеміз.

Шежире для русскоязычных казахов

Шежире (каз. шежіре) — генеалогическая родословная у казахов и кипчакских народов, например, татар и башкир. Как правило представляет собой письменное или устное перечисление предков по прямой мужской линии.

Также распространен синонимический вариант шежире — Жети-Ата (букв. перевод с казахского — семь дедов). Считается, что знание шежире (или своих предков до седьмого колена) является обязательным для каждого казаха. Это позволяет избежать близкородственных браков.

Казахи и шежире

Отношение казахов к шежире является сакральным. Многие современные казахи пытаются восстановить свои корни и очень серьёзно изучают свою родословную. Согласно древним традициям, род у казахов передается через мужскую линию. Но иногда в эти записи включают и наиболее выдающихся женщин. Кроме имён эти записи содержат биографии, историю и географию наиболее значимых событий, легенды.

Современные шежире

Массовое увлечение казахами шежире выражается в издании многотомников с перечислением всех членов определенного рода. Например, такие большие роды как Найманы, Дулаты, Албаны, Байулы или Алимулы могут насчитывать до одного миллиона человек только в составе казахов, не учитывая другие народности, они могут иметь несколько измененные названия (Дулу→Дуглат→Дулат). Для сравнения численность Аргынов превышает миллион, а с учётом неказахских Аргынов составляется несколько миллионов. Книги с перечислением шежире могут составлять 3 и более томов.

Шежире состоит из трех жузов

Старший жуз

Айдарлы

Акарыс

Аксакал

Албан

Алыбай

Асан

Байдибек

Байдолла

Байтерек

Бактияр

Беимбет

Бирманак

Ботбай

Дулат

Ескельды

Жалайыр

Жалманбет

Жансакал

Жаныс

Жаримбет

Жарыкшак

Жолдаболды

Ибраиым

Іле

Калыбай

Канлы

Караш

Кейкі би

Когам

Куйылдар

Курті

Меайкы

Мекрейіл

Ойсыл

Ошакты

Сакалды

Сары

Сарыуйсін

Сіргелі

Суан

Сыйкым

Сырманак

Толыбай

Узынсакал

Уйсіл

Шанышкылы

Шапырашты

Шегир

Шуманак

Шыбыл

Шымыр

Ысты

Средний жуз

Аргын

Атыгай

Ашамайлы

Баганалы

Базархан

Байталак

Балталы

Басентиин

Бахрам

Бегендык

Беймен

Бетке

Болаткожа

Елемес

Ергенши

Ер-Косай

Ескара

Жадик

Жаманбай

Жангулы

Жантекей

Жантели

Жастабан

Ители

Казыгул

Камбар

Канжыгалы

Карагерей

Каракас

Каракесек

Каракипчак

Карасопы

Каратай

Караул

Карауыл

Кенсадак

Керей

Кетбуга

Китайкипчак

Кокжарлы

Коккоз

Конырат

Котенши

Куандык

Куланкипчак

Кылдыбатыр

Кыпшак

Мадьяр

Матай

Мейрам

Меркит

Молкы

Мулкиаман

Наганай

Найман

Садыр

Сарман

Сарысопы

Суиндык

Суйениш

Таракты

Тобыкты

Токпак

Токтамыс

Тортеуыл

Тортул

Торыкипчак

Уак

Шегендык

Шеруши

Шимойлы

Шубарайгыр

Шубыртпалы

Младший жуз

Адай

Алаша

Алимулы

Алтын

Байбакты

Байсары

Байулы

Баксиик

Бериш

Есентемир

Жагалбайлы

Жаппас

Жетыру

Каракесек

Карасакал

Кердери

Кереит

Кете

Маскар

Ногай-казак

Рамадан

Султансиик

Табын

Таз

Тама

Тана

Телеу

Торткара

Шекты

Шенеш

Шеркеш

Шумекей

Ысык

Возникновение 3-х жузов

Вопрос о жузах также является не вполне решенным.

В определении самого термина «жуз» большинство историков считают его объдинением казахских родов и племен. Само слово «жуз» переводят как «ветвь», «часть», «сотня». Сложным является вопрос о причинах и времени образования жузов.

Деление этноса на части типа жузов имело место в истории ряда народов (древнеримские трибы-племя, у северо-американских племен - тройственные союзы), но до настоящего времени оно сохранилось только у казахов.

Причины образования жузов:

1. Хозяйственно-экономические условия, кочевой образ жизни(С. Асфендияров, М. Вяткин, В. Бартольд). Деление территории Казахстана для кочевого скотоводства на три естественно-географические области: западную - на р.Урал; среднюю - на реке Сарысу, Чу, низовья Сыр-Дарьи, по Ишиму, Тоболу и Иртышу, и восточную - в Джетысу.

2. Природно-географические (территориальные) факторы.

3. Военно-политические факторы (для защиты).

4. Исторические традиции (деление племен на западное, восточное крыло, центр - еще с хуннов, тюрков, монголов и тд.).

Помимо научных объяснений имеются различные легенды по поводу происхождения жузов. (отражают события с VIII века и ранее).

Жузы имеют названия: Старший (Великий), Средний и Младший. Значение такой иерархии тоже объясняют по-разному. В частности, Великим считается жуз по его древнему происхождению, он - прародина всех племен; Младшим – потому, что он оформился позднее всех.

Территории и основные роды и племена, составляющие жузы:

Старший жуз - это Семиречье и Южный Казахстан - сарыуйсін, дулаты, жалаиры, канлы и др.

Средний жуз - Восточный, Северный и Центральный Казахстан - аргыны, кыпчаки, найманы, кереи и т.д.

Младший жуз - Западный Казахстан - алимулы, байулы, жетыру и др.

Когда образовались жузы? По разному трактуют время образования жузов, которое относят к периоду с X в. по XVI в. (распад Западно-Тюркского каганата или три самостоятельных улуса в XV-XVI вв. положили начало казахскому ханству и др. ). Большинство склоняются к XVI веку. Однако в последнее время такая точка зрения вызывает возражение. В частности, Е. Арынов, Е. Абенов и др. сомневаются в том, что кому-то было выгодно разделить единое Казахское ханство на три части, что не части состоят из целого, а целое из частей. Таким образом, считают они, образованию Казахского ханства предшествовало по времени образование жузов.

Жузы в истории казахского народа играли важную роль в регулировании общественных (административно-территориальных, хозяйственно-экономических, политических) отношений.




Көрілген: 67500    Пікірлер: 9

бейсенбі, 25.09.2014, 15:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Мамыр 2015
    Сунақ шежіресі
    29 Сәуір 2015
    АЛШЫН ШЕЖІРЕСІ
    24 Сәуір 2015
    Шежіре-Қарақалпақ
    6 Сәуір 2015
    Шежіре-Қарайымдар
    30 Наурыз 2015
    Шежіре - Бақсайыс
    20 Наурыз 2015
    Түрікмендер
    13 Наурыз 2015
    Шежіре- Сахалар
    10 Наурыз 2015
    Шежіре-Қарашайлар
    2 Наурыз 2015
    Шежіре-Құмықтар
    25 Ақпан 2015
    Шежіре-Қашқайлар
    18 Ақпан 2015
    Шежіре - Тывалар
    29 Қаңтар 2015
    Шежіре: ТӨЛЕҢГІТ
    23 Қаңтар 2015
    Өміртай шежіресі
    13 Қаңтар 2015
    Матай
    9 Қаңтар 2015
    Шежіре - АЙҚЫМ
    30 Желтоқсан 2014
    Фотосы бар материал Түркілер
    26 Желтоқсан 2014
    Кіші жүз таралымы
    22 Желтоқсан 2014
    Шежіре- Қайшылы
    20 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Қожалар
    12 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Қызылқұрт руы
    12 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Масқар
    10 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Таз
    9 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Жетімдер
    6 Желтоқсан 2014
    Шежіре — Бура
    4 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Шыбыл руы
    3 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Ителі
    2 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Жәдік әулеті
    28 Қараша 2014
    Шежіре - Кердері
    25 Қараша 2014
    Шежіре - Есентемір
    24 Қараша 2014
    Шежіре - Жастабан
    21 Қараша 2014
    Шежіре - Қараш
    20 Қараша 2014
    Шежіре - Бағаналы
    19 Қараша 2014
    Шежіре - Балталы
    18 Қараша 2014
    Шежіре - Шегір
    17 Қараша 2014
    Шежіре - Жаманбай
    14 Қараша 2014
    Шежіре - Ноғай-Қазақ
    13 Қараша 2014
    Шежіре - Атығай
    12 Қараша 2014
    Шежіре - Абақ Керей
    11 Қараша 2014
    Шежіре - Шымыр
    10 Қараша 2014
    Шежіре - Ысық
    5 Қараша 2014
    Шежіре - Тобықты руы
    31 Қазан 2014
    Шежіре - Ботбай руы
    30 Қазан 2014
    Шежіре - Матай руы
    27 Қазан 2014
    Шежіре - Үйсін
    23 Қазан 2014
    Шежіре - Байбақты
    22 Қазан 2014
    Шежіре - Жаппас
    20 Қазан 2014
    Шежіре - Кете
    17 Қазан 2014
    Шежіре - Алаша
    15 Қазан 2014
    Шежіре - Шекті
    14 Қазан 2014
    Шежіре - Шөмекей
    10 Қазан 2014
    Шежіре - Табын
    8 Қазан 2014
    Шежіре - Жетіру
    7 Қазан 2014
    Шежіре - Тама руы
    6 Қазан 2014
    Беріш руы
    3 Қазан 2014
    Шежіре - Байұлы
    1 Қазан 2014
    Шежіре - Әлімұлы
    29 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Адай руы
    26 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Қыпшақ руы
    25 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Арғын руы
    24 Қыркүйек 2014
    Шежіре- Уақ руы
    22 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Қоңырат руы
    19 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Керей руы
    17 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Шапырашты руы
    15 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Шанышқылы руы
    11 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Ысты руы
    10 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Қаңлы руы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31