Шежіре

Шежіре - Бәсентиін руы

  • ©Алаш айнасы иллюстрациясы

    ©Алаш айнасы иллюстрациясы

БӘСЕНТИІН РУЫ туралы түпнұсқалардағы алғашқы естеліктер XVIII ғасырдың басына жатады, бірақ рудың бұдан да ерте құрылғаны анық. Қазақ шежірелеріне жүгінетін болсақ бәсентиіндердің шығу тегі мына түрде берілген: Арғын – Қотан – Дайырқожа (Ақжол би) – Қарақожа – Қарасопы – Бәсентиін.


"Алаш айнасы" интернет-газеті халқымыздың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы – қазақ шежіресі туралы ақпараттарды кезең-кезеңімен жарияламақ. Осы арқылы үш жүздің әр руы туралы мәліметтерді топтастырып, қазақтың ортақ шежіре қорын жасап шығармақ. Егер сіздің қолыңызда өз руыңыз жайында мәліметтер болса, біздің мына: info@alashainasy.kz электронды поштамызға жіберуіңізге болады.


Бәсентиін руының құрылуын басқа да арғын рулары сияқты шартты түрде XVI ғасырға жатқызуға болады.

XVIII ғ. басында Қазақ хандығына жойылып кету қаупі туған еді. «Первое десятилетие  XVIII в.  было ужасным временем в жизни киргизского народа. Джунгары, волжские калмыки, яицкие казаки и башкиры с разных сторон громили их улусы, отгоняли скот, уводили в плен киргизов целыми семействами», - деп жазды Ш.Уәлиханов. Әсіресе жоңғарлардың 1723 жылғы шапқыншылығы қатты тиген еді, бұл уақыт халық жадында «Ақтабан шұбырынды» деген атпен қалды. Көптеген қазақ тайпалары осы кезде ортаазия мемлекеттерінің территорияларына кетіп қалған еді, ал арғын руының үлкен бөлігі Бетпақ дала территориясында орналасқан болатын. М.Тынышпаев жазғандай, басқа тайпаларға қарағанда арғындар көп зардап шекпеген, және басқыншыларға қарсы күресті үнемі арғынның батырларының басқаруы жөніндегі деректер де осы жағдаймен байланысты болса керек. Сөйтіп бүкіл халық болып қарсыласудың алдыңғы қатарында Малайсары, Барлыбай, Сырымбет және т.б.сияқты бәсентиіннің аңыз болған батырлары жүрген.

Жоңғарларға тойтарыс берген соғыстар жаңа құрылған Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан басқа да қазақ руларын еліктірді. Мысалы 1731-1732 жылдарда Қазақстанда болған Ресейдің елшісі А.И.Тевкелев оны былай атап өтті «Средней Орды знатная старшина Казебек-бий своим родам, называемой аргин-каракисяк, с четырмя тысячами кибитками уже при бытности ево, бригадира Тевкелева, прикочевал в здешнюю степь, и в каком состоянии Казебек-би со своим родом пришел, едва не все были пешие…». Осыған байланысты алынған жерлерін өз руластарына қалдыра отырып бәсентиіндер Баянауыл бағыты бойынша солтүстікке қарай жылжыды. Солай деп Н.Н.Балакшиннің (1882 ж.) баяндамасында жоңғарлармен соғыстағы арғындардың әрекеті былай хабарланды: «двигались тремя партиями. Прежде из-за Каратауских гор к р. Чу и к Улутавским горам направились момуны, состоявшие из двух союзов бегендык и чегендык; в числе их были рода: атыгай, богыс, канджигалы, табуклы, серджетим чакчак, басентеин, караул. Далее басентеин и табуклы ушли к Баян-аулу.

«1903 жылдағы қырғыздардың жер пайдалануы жөніндегі материалдарда» да солай көрсетілген: «приход рода Басентиин приходится на начало ХVIII века»; "По видимому, Басентиинские роды пришли в Павлодарский уезд из Туркестана раньше Суюндуковских родов"; "Внук младшего сына Айдабола – Олжабай батыр, служивший Абылайхану, в 1730 году появился  в Баянаульских горах. Олжабай здесь достал калмыков, которые после долголетней борьбы были отброшены киргизами на юг».

Арғынның атығай, қарауыл, қанжығалы сияқты руларымен қатар бәсентиіндер де аты аңызға айналған Абылай ханның жолын ұстаушысы болатын және олар ханның көптеген жорықтарына да қатысқан. Түпнұсқаларда байқалғандай XVIII ғ. аяғында бәсентиіндер өз ұлыстарында өздеріне сұлтан етіп Абылайдың туысқанын сайлайды. Солай деп И.Г.Андреев 1780 жылы хабарлады: «Волость басантейская, в которой старшины, разделенные за многолюдством по частям, в форпосте Долонском Жеины Алыбаев и Курульса Атаяков. Подвластных оных кибиток 30. Сей же волости старшина Булдак-батыр. Кочевье свое имеет прямо станца Черемуховой Забоки в степи от реки Иртыша в 200 верстах в каменных горах Кыржак и продолжается сия волость кочевьем своим вниз по реке Иртышу, даже по крепость Ямышевскую. И старшины по частям Бикнул Баркеев и Бустабай Аталыков. А главным старшиною выбрали ныне для командования над собой из волости дюртаульской Тюря-султана, сына Урустана. Но главным в сей волости почитается Урус-султан, сын Султамамет-султана, жалованный при дворе Ее Императорского Величества в бытность его в Москве при коронации золотой медалью… В сей же волости басантеинской считается кроме жен и детей лучших людей до 3500 человек». 

Халық шежіресіне жүгінетін болсақ бәсентиін руы мынадай тармақтарға бөлінеді: Ақмайдан (Көкшекоз), Бекмайдан (Апай), Тоқмайдан (Қатыс), Жанай батыр, Бөрі, Бесен, Бұқақұбыр. Жанай батырдың (Балықшы түрікпен) үш ұлы болған: Сырым, Күшік, Ақтілес.

Түпнұсқа құжаттардағы Сырым руы туралы алғашқы естеліктер аты аңызға айналған тұлға – Малайсары батырмен байланысты («Малайсары-Тархан» мақаласын оқыңыз).

1725 жылы қазіргі Павлодар облысының Май және Баянауыл аудандарының территориясында Малайсары батырдың озат әскерлері қалмақтарды белсенді түрде ығыстырады. 1732 жылы Малайсары батыр, Олжабай батыр, Бөгенбай батыр (Қанжығалы) қазіргі Ақшиман (Сиректас) ауылының территориясындағы тауларда шешуші айқасқа шығады. Соңыра бұл тауларға «Қалмақ қырған» атауы берілген. 1903 жылдағы Щербины экспедициясының материалдарында былай көрсетілген: "Группа объединяется общим родоначальником Досымом, когда то Тактаулом было образовано кыстау на урочище Шать"; "Аулы образованы сыновьями родоначальников Кара и Сексенбай". Аңызға айналған«Қалмақ қырған» тауларының қасындағы ел қонған жерлер жоңғарлармен болған Отан соғысы барысындағы Сырым руының шешуші ролін дәлелдейді.

Біздің руымыздың атақты ұлы – Малайсары батырдың, оның ағасы Қайдауылдың және олардың аталастары: Сағындық батыр (Сексен), Жайнақ батыр (Қара-Тоқсан), Айбас батыр (Абыз), Әбде батыр (Мұрат), Құттымбет батырлардың  (Жалаң) көптеген ерліктері халық жадында сақталған.

Орта жүздегі саяси-құқықтық жағдайды реттейтін және территориялық бөлу жүйесін реформалайтын «Сібір қырғыздары туралы жарғы» қабылданған соң 1832 жылы қырға подполковник Бутовскийдің экспедициясы жіберілді. Бұл кісінің алғашқы материалдарында құрылып жатқан Баянауыл округында бәсентиін руының 2129 үйі тұратыны оған 345 сырымның отбасы енетіні көрсетілген. Баянауыл сыртқы округы құрылған соң бірнеше жылдар бойы Сырым руының жеке болысын құру туралы мәселе көтеріліп келді (Алғысөзде 1835 жылғы құжат келтірілген).

XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында Сырым руының негізгі бөлігі (Досым, Сексен, Тоқсан, Мұрат, Қожа, Нияз бөлімшелері) Баянауыл сыртқы округының аумағында көшіп жүрді. Жалаң-Құттымбет бөлімшесі Семей сыртқы округының шегіндегі Қалмақ қырған мекенінің шығыс жағында көшіп жүрген.

1840 жылы аға сұлтан Тұрлыбек Көшеновтің (сұлтан дегеніміз «Сібір қырғыздарының Шекаралық басқармасында» қазақтардан аға кеңесші) басшылық етуімен Жалаң-Құттымбет бөлімшесінің 140 үйі Омбы уезінің (Покровская болысы) аумағына көшіріледі. 1902 жылдағы «Омбы уезінің қырғыздарының жер пайдалануы жөніндегі материалдарда» жазылған: «Все старшинство принадлежит к роду Срым, здесь живут уже лет 60: пришли из Павлодарского уезда с урочища Калмак-Кырган и образовали четыре кыстау на урочищах Тастыкуль, Джаркайин, Сыркумген и Бурнак, из этих аулов впоследствии выделились остальные аулы группы. Сюда собрал их старший султан Акмолинского округа Турдубек Кошенов». Кейінірек Қарасырым және Сарысырым ауылдары құрылған. Бұрынғы Покровская болысының территориясы қазіргі уақытта Сілеті-теңіз көлінің айналасындағы Көкшетау, Петропавл, Омбы облыстарының құрамына кіреді.

1860 жылы Сырым руының 60-тан астам үйі (Жанболат бөлімшесі) Төлебай сал Есбергенұлының жетекшілігімен Ақмола уезінде (қазіргі Қарағанды облысының Жаңарқа ауданы) орналасқан Айтқожа-Қарпық болысына (Тоқа руы, болыс басқарушысы – Шоң Телғозин) қайта көшеді. Төлебай сал (1823-1898, Сырым-Жанболат) – ақын, шешен, сал адам болған және би Шоң Телғозиннің жақын туысы әрі досы.

1868 жылы жеке «Сырым-Күшік-Бәсентиін болысы» құрылған еді (бұрын Бәсентиін болысының құрамына енген). 1878 жылы жаңадан «Қалмақ қырған болысы» атауын алады, ал 1887 жылы Ақсу болысының құрамына кіреді. 1898 жылы Сырым руы жеке Бестау болысы болып 6 ауылымен бөлініп шыққан. 1923 жылы тағы да Бестау болысы мен Атағозы (үш ауыл) бірігіп бұрынғы «Қалмақ қырған болысы» атымен аталады. Ал 30-жылдардың аяғында болыс таратылады да Баянауыл ауданының құрамына кіреді.

«Мұрағат материалдары» бөлімінде рулардың орналасуы жөніндегі тарихи мәліметтер, ауылдардың көрінісі, 1830 бен 1926 жылдардағы халық санақтары берілген. Старшиналар, билер және болыс басқарушылары туралы мәліметтер бар, мекендердің, қыстаулардың атаулары келтірілген, басқа да құжаттар берілген.

1836 жылы Сырым руының ересек адамдар саны (Павлодар уезінде тұратын) 2744 адамды құрайды. 1915 жылы – 3485 адам. 1920 жылы Бестау болысының санақ деректері бойынша – 3305 адам. 1925 жылы – 1646 адам.

XX ғ. басталуымен және Кеңес үкіметінің орнауымен қатар біздің руымыздың тарихындағы ең ауыр жылдар басталған еді. Келтірілген статистикалық деректер бойынша 1916 жылдағы көтерілістің, азаматтық соғыстың, 1919-1921 жылдардағы аштық пен соған байланысты басқа да құбылыстар салдарынан халық санының күрт төмендеуі байқалады. Бірақ, басты қайғы әлі алда болатын. 1929-1932 жылдардағы сталиндік коллективтендіру халықтың үштен бір бөлігінен көбін алып кетті. Руымыздың көптеген өкілдері Алтайға, Ресейдің оңтүстік облыстарына, Қазақстанның оңтүстігіне, Қытайға қашуға мәжбүр болды. Ақырында 1938 жылы бұрынғы Бестау болысының халық саны 503 адам ғана болды. 1939 жылы күннің жылынуымен олардың барлығы бірдей қайтып келе алған жоқ. Ауыр соғыс жылдары да көп жандарды жалмап кетті.

Барлық қазақ халқының басына түскен қиын-қыстау және сынақ жылдарына қарамастан Сырым руы сақталып қалды және тәуелсіз Қазақстан дәуірінде оның саны үздіксіз өсуде. Қазіргі Павлодар облысы Май ауданының территориясы біздің руымыздың отаны болып табылады. Бүгінгі күнде ол жерде біздің ағайындарымыз тұрып, жұмыс істеп жатыр. Көбі Екібастұз, Павлодар, Қарағанды, Көкшетау, Семей, Омбы, Астана қалаларында тұрады.

Ал, жалпы алғанда, қазақтың төл шежіресін, әр ру мен әр үш жүздің қалай және кімнен тарағанын білгіңіз келсе, Алаш Орда үкіметінің мүшесі, тілші Кәрім Бәтішұлының 1911 жылы «Айқап» журналына жазған «Қазақ шежіресі» атты туындысын шолып шығуыңызға болады.


ҚАЗАҚ ШЕЖІРЕСІ

Түрік нәсілінен «Алаш есімді бай һәм балалары көп бақытты бір адам Алаша ханның заманында мәшһүр адамдардан саналып тұрыпты. Сол заманнан қалған бір сөз бар: «Алаш алаш болғанда, Алаш хан болғанда, таңбасыз тай енсіз қой болғанда» деген.

Алаштан екі бала туған Сейілхан, Жәйілхан деген. Жәйілханнан - Майқы би. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы - Майқы би» деген сөз бар. Майқы биден - Өзбек, Сыбиян. «Өзбек - аз ағам, сарт - садағам» деген сөз осыдан қалған. Сыбияннан, Айырқалпақтан - Қазақ, Созақ. Созақтан - Қарақалпақ.

Қазақтан үш бала туады. Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс. Бұлардың әрқайсылары бай һәм мәшһүр адамдар болған. Нәсіл, несіптері көп болып, тап-табымен барып Қаратау деген жерге шәһәр болып, бірнеше жыл отырыпты. Үлкеніне қараған елді «Ұлы жүз», ортаншысына қараған елді «Орта жүз», кішісіне қараған елді «Кіші жүз» деп атаған. Кәдімгі таудың арғы жүзі, бергі жүзі деген секілді. Мұнан біраз заман өткен соң бұларға жеті жыл тұтас ашаршылық келген. Еңкейген кәрі, еңбектеген жас өле бастаған соң бұлар бас қосып, ойласып, тұс-тұсына бытырап күн көруге, әуелде таудың оңтүстігінде - өзінің отырған жағына ұлы жүз, күншығыс жаққа орта жүз, кіші жүз өзінің отырған күнбатыс жағына, әрқайсысы өзінің туған-туысына кетіп күн көрмекші болып, жиылып амандасып тараған. Бұл жиылып тұрған жерде бір өлеңші зарлық етіп, үш ауыз өлең айтқан. Сөздің басы осы:


Қаратаудың басынан көш келеді,

Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.

Қарындастан айырылған жаман екен,

Қара көзден мөлдіреп жай келеді.

Мына заман, қай заман, бағы заман,

Баяғыдай бола ма тағы заман?!

Атадан ұл, енеден қыз айырылды,

Көздің жасын көл-дария ағызамын.

Мына заман, қай заман, қысқан заман.

Бақыт құсы басыңнан ұшқан заман.

Топырақ пен аспаннан шаң борайды,

Қаңтардағы күн суық қыстан жаман.

Бізге қысым көрсеттің қатты, Құдай,

Қабырғама қара жер батты, Құдай.

Жаяу жүрсем, табаным ауырады,

Тым болмаса, бермедің атты, Құдай!

«Қаратау» деген өлеңді «Мен қазақ» деген заттың бәрі біледі.

Ұлы жүз Ақарыстан екі бала - Үйсін, Дулат. Үйсіннен төрт бала - Шаңышқылы, Қаңлы, Ошақты, Іргенекті. Дулаттан төрт бала - Ботбай, Шымыр, Сиқым, Жаныс.

Орта жүз Жанарыстан жеті бала - Тарақты, Арғын, Қыпшақ, Найман, Қоңырат, Керей, Уақ. Әр атаның баласы соңғыларын өздері білу міндет. Міне, бұл жерде Қыпшақты жазамын. Жанарыстан - Ақтымсопы, онан Қыпшақ, онан Ақкөбік алып, одан Солым алып, онан Мүйізді сары абыз, онан үш бала - Қара, Құла, Сары. Қараның әулеті Қарақыпшақ атанады. Сарының әулеті Қытайқыпшақ атанады. Яғни қоныстары Қытай қолтығында болғандықтан, Құланың балалары Құланқыпшақ атанады.

Жоғарғы айтылған Қарадан Құланды, онан Тоқтар, онан бес бала туады: Бұлтың, Торы, Ұзын, Қарабалық, Көлденең.

Кіші жүз Бекарыстан Алшын туады, онан Алау батыр, онан Құдуар тентек. Ақылың болса, ала байтал соға шап деген нақыл осы кісіден қалған екен. Құдуардан екі бала - Қыдырқожа, лақабы «Бай», Қаракесек. Қыдырқожадан он екі бала - Қыдырсиық, Бақытсиық, Сұлтансиық, Есентемір, Асық, Қызылқұрт, Масқара, Таздар, Алтын, Жаппас, Адай, Беріш.

Қаракесектен - Әлім, Шөмен, Кете, Ожырай, Әлімнен Төртқара, Шекті. Шөменнен - Аспан, Бозғұл, Тоқа, Көнен. Кіші жүзге қосылған жеті рулар: Жағалбайлы, Тілеу, Тама, Табын, Кердері, Керейт, Рамадан.

Бұл - Алаштың барлық қазақтың атасы екендігінің куәсі. Бұрын қазақ бөтен халықпен шектессе, біреуі «Алаш» деген ұранды шақырса, бәрі бірыңғай болып, тез жиылып, тілек қосып қалады екен. Бұл сөздер — біздің бұрынғы кәрілерден естіген сөздер. Қадірі хал білгенімізді жаздық. Мұнан артық білушілер болса, білгенін ішіне сақтамас, халыққа жазып білдірер деп үміт етеміз.


Шежире для русскоязычных казахов

Шежире (каз. шежіре) — генеалогическая родословная у казахов и кипчакских народов, например, татар и башкир. Как правило представляет собой письменное или устное перечисление предков по прямой мужской линии.

Также распространен синонимический вариант шежире — Жети-Ата (букв. перевод с казахского — семь дедов). Считается, что знание шежире (или своих предков до седьмого колена) является обязательным для каждого казаха. Это позволяет избежать близкородственных браков.


Казахи и шежире

Отношение казахов к шежире является сакральным. Многие современные казахи пытаются восстановить свои корни и очень серьёзно изучают свою родословную. Согласно древним традициям, род у казахов передается через мужскую линию. Но иногда в эти записи включают и наиболее выдающихся женщин. Кроме имён эти записи содержат биографии, историю и географию наиболее значимых событий, легенды.


Современные шежире

Массовое увлечение казахами шежире выражается в издании многотомников с перечислением всех членов определенного рода. Например, такие большие роды как Найманы, Дулаты, Албаны, Байулы или Алимулы могут насчитывать до одного миллиона человек только в составе казахов, не учитывая другие народности, они могут иметь несколько измененные названия (Дулу→Дуглат→Дулат). Для сравнения численность Аргынов превышает миллион, а с учётом неказахских Аргынов составляется несколько миллионов. Книги с перечислением шежире могут составлять 3 и более томов.


Шежире состоит из трех жузов


Старший жуз


Айдарлы

Акарыс

Аксакал

Албан

Алыбай

Асан

Байдибек

Байдолла

Байтерек

Бактияр

Беимбет

Бирманак

Ботбай

Дулат

Ескельды

Жалайыр

Жалманбет

Жансакал

Жаныс

Жаримбет

Жарыкшак

Жолдаболды

Ибраиым

Іле

Калыбай

Канлы

Караш

Кейкі би

Когам

Куйылдар

Курті

Меайкы

Мекрейіл

Ойсыл

Ошакты

Сакалды

Сары

Сарыуйсін

Сіргелі

Суан

Сыйкым

Сырманак

Толыбай

Узынсакал

Уйсіл

Шанышкылы

Шапырашты

Шегир

Шуманак

Шыбыл

Шымыр

Ысты


Средний жуз


Аргын

Атыгай

Ашамайлы

Баганалы

Базархан

Байталак

Балталы

Басентиин

Бахрам

Бегендык

Беймен

Бетке

Болаткожа

Елемес

Ергенши

Ер-Косай

Ескара

Жадик

Жаманбай

Жангулы

Жантекей

Жантели

Жастабан

Ители

Казыгул

Камбар

Канжыгалы

Карагерей

Каракас

Каракесек

Каракипчак

Карасопы

Каратай

Караул

Карауыл

Кенсадак

Керей

Кетбуга

Китайкипчак

Кокжарлы

Коккоз

Конырат

Котенши

Куандык

Куланкипчак

Кылдыбатыр

Кыпшак

Мадьяр

Матай

Мейрам

Меркит

Молкы

Мулкиаман

Наганай

Найман

Садыр

Сарман

Сарысопы

Суиндык

Суйениш

Таракты

Тобыкты

Токпак

Токтамыс

Тортеуыл

Тортул

Торыкипчак

Уак

Шегендык

Шеруши

Шимойлы

Шубарайгыр

Шубыртпалы


Младший жуз


Адай

Алаша

Алимулы

Алтын

Байбакты

Байсары

Байулы

Баксиик

Бериш

Есентемир

Жагалбайлы

Жаппас

Жетыру

Каракесек

Карасакал

Кердери

Кереит

Кете

Маскар

Ногай-казак

Рамадан

Султансиик

Табын

Таз

Тама

Тана

Телеу

Торткара

Шекты

Шенеш

Шеркеш

Шумекей

Ысык


Возникновение 3-х жузов

Вопрос о жузах также является не вполне решенным.

В определении самого термина «жуз» большинство историков считают его объдинением казахских родов и племен. Само слово «жуз» переводят как «ветвь», «часть», «сотня». Сложным является вопрос о причинах и времени образования жузов.

Деление этноса на части типа жузов имело место в истории ряда народов (древнеримские трибы-племя, у северо-американских племен - тройственные союзы), но до настоящего времени оно сохранилось только у казахов.

Причины образования жузов:

1. Хозяйственно-экономические условия, кочевой образ жизни(С. Асфендияров, М. Вяткин, В. Бартольд). Деление территории Казахстана для кочевого скотоводства на три естественно-географические области: западную - на р.Урал; среднюю - на реке Сарысу, Чу, низовья Сыр-Дарьи, по Ишиму, Тоболу и Иртышу, и восточную - в Джетысу.


2. Природно-географические (территориальные) факторы.


3. Военно-политические факторы (для защиты).


4. Исторические традиции (деление племен на западное, восточное крыло, центр - еще с хуннов, тюрков, монголов и тд.).


Помимо научных объяснений имеются различные легенды по поводу происхождения жузов. (отражают события с VIII века и ранее).


Жузы имеют названия: Старший (Великий), Средний и Младший. Значение такой иерархии тоже объясняют по-разному. В частности, Великим считается жуз по его древнему происхождению, он - прародина всех племен; Младшим – потому, что он оформился позднее всех.


Территории и основные роды и племена, составляющие жузы:


Старший жуз - это Семиречье и Южный Казахстан - сарыуйсін, дулаты, жалаиры, канлы и др.


Средний жуз - Восточный, Северный и Центральный Казахстан - аргыны, кыпчаки, найманы, кереи и т.д.


Младший жуз - Западный Казахстан - алимулы, байулы, жетыру и др.


Когда образовались жузы? По разному трактуют время образования жузов, которое относят к периоду с X в. по XVI в. (распад Западно-Тюркского каганата или три самостоятельных улуса в XV-XVI вв. положили начало казахскому ханству и др. ). Большинство склоняются к XVI веку. Однако в последнее время такая точка зрения вызывает возражение. В частности, Е. Арынов, Е. Абенов и др. сомневаются в том, что кому-то было выгодно разделить единое Казахское ханство на три части, что не части состоят из целого, а целое из частей. Таким образом, считают они, образованию Казахского ханства предшествовало по времени образование жузов.


Жузы в истории казахского народа играли важную роль в регулировании общественных (административно-территориальных, хозяйственно-экономических, политических) отношений.




Көрілген: 16644    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 26.11.2014, 16:16

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Мамыр 2015
    Сунақ шежіресі
    29 Сәуір 2015
    АЛШЫН ШЕЖІРЕСІ
    24 Сәуір 2015
    Шежіре-Қарақалпақ
    6 Сәуір 2015
    Шежіре-Қарайымдар
    30 Наурыз 2015
    Шежіре - Бақсайыс
    20 Наурыз 2015
    Түрікмендер
    13 Наурыз 2015
    Шежіре- Сахалар
    10 Наурыз 2015
    Шежіре-Қарашайлар
    2 Наурыз 2015
    Шежіре-Құмықтар
    25 Ақпан 2015
    Шежіре-Қашқайлар
    18 Ақпан 2015
    Шежіре - Тывалар
    29 Қаңтар 2015
    Шежіре: ТӨЛЕҢГІТ
    23 Қаңтар 2015
    Өміртай шежіресі
    13 Қаңтар 2015
    Матай
    9 Қаңтар 2015
    Шежіре - АЙҚЫМ
    30 Желтоқсан 2014
    Фотосы бар материал Түркілер
    26 Желтоқсан 2014
    Кіші жүз таралымы
    22 Желтоқсан 2014
    Шежіре- Қайшылы
    20 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Қожалар
    12 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Қызылқұрт руы
    12 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Масқар
    10 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Таз
    9 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Жетімдер
    6 Желтоқсан 2014
    Шежіре — Бура
    4 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Шыбыл руы
    3 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Ителі
    2 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Жәдік әулеті
    28 Қараша 2014
    Шежіре - Кердері
    25 Қараша 2014
    Шежіре - Есентемір
    24 Қараша 2014
    Шежіре - Жастабан
    21 Қараша 2014
    Шежіре - Қараш
    20 Қараша 2014
    Шежіре - Бағаналы
    19 Қараша 2014
    Шежіре - Балталы
    18 Қараша 2014
    Шежіре - Шегір
    17 Қараша 2014
    Шежіре - Жаманбай
    14 Қараша 2014
    Шежіре - Ноғай-Қазақ
    13 Қараша 2014
    Шежіре - Атығай
    12 Қараша 2014
    Шежіре - Абақ Керей
    11 Қараша 2014
    Шежіре - Шымыр
    10 Қараша 2014
    Шежіре - Ысық
    5 Қараша 2014
    Шежіре - Тобықты руы
    31 Қазан 2014
    Шежіре - Ботбай руы
    30 Қазан 2014
    Шежіре - Матай руы
    27 Қазан 2014
    Шежіре - Үйсін
    23 Қазан 2014
    Шежіре - Байбақты
    22 Қазан 2014
    Шежіре - Жаппас
    20 Қазан 2014
    Шежіре - Кете
    17 Қазан 2014
    Шежіре - Алаша
    15 Қазан 2014
    Шежіре - Шекті
    14 Қазан 2014
    Шежіре - Шөмекей
    10 Қазан 2014
    Шежіре - Табын
    8 Қазан 2014
    Шежіре - Жетіру
    7 Қазан 2014
    Шежіре - Тама руы
    6 Қазан 2014
    Беріш руы
    3 Қазан 2014
    Шежіре - Байұлы
    1 Қазан 2014
    Шежіре - Әлімұлы
    29 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Адай руы
    26 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Қыпшақ руы
    25 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Арғын руы
    24 Қыркүйек 2014
    Шежіре- Уақ руы
    22 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Қоңырат руы
    19 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Керей руы
    17 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Шапырашты руы
    15 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Шанышқылы руы
    11 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Ысты руы
    10 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Қаңлы руы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30