Шежіре

Шежіре - Байұлы

  • Шежіре - Байұлы

    Шежіре - Байұлы

Байұлы туралы. Қазақ халқын құраған тайпалардың бірі – Байұлы. Ол шежіре бойынша Кіші жүздің құрамына еніп, Алшын одағына кіреді. Алшын Кіші жүздің басында тұр, қазақ аңызы бойынша ол Алаш ханның баласы. Алаш ханның үш ұлы болған, үлкені – Әлім. Одан Әлімұлы бұтағы өрбиді. Әлімұлы ежелден аға ұрпақ санатында, оның рулары орданың үлкені деп есептеледі. Алаш ханның ортаншы баласы Қадырқожаның он екі ұлы болған, сол себепті еркек кіндікті балаға бай, ұлға бай аталған. Сөйтіп содан он екі ата Байұлы ұрпағы тараған. Ал кенже баласынан жеті ұл туып, Жетіру ұрпағын құрайды деген аңыз бар. [6, 98-б.] Байұлы руы кіші жүз ішінде сан жағынан ең көп болып табылады.


"Алаш айнасы" интернет-газеті бүгіннен бастап, халқымыздың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы – қазақ шежіресі туралы ақпараттарды кезең-кезеңімен жарияламақ. Осы арқылы үш жүздің әр руы туралы мәліметтерді топтастырып, қазақтың ортақ шежіре қорын жасап шығармақ. Егер сіздің қолыңызда өз руыңыз жайында мәліметтер болса, біздің мына: info@alashainasy.kz электронды поштамызға жіберуіңізге болады.


Алайда аңыздан гөрі қазақ тарихын зерттеген ғалымдар пікіріне сүйенсек, Тевкелев: «Кіші Орда тек алшын тайпасынан тұрады, ал «алшын екіге, яғни қаракесек пен байұлына бөлінеді», ал ұсақ та әлсіз жеті руды Тәуке хан бір топқа біріктіріп, алшынға қосқан»,- дейді. Алшындардың Әлімұлы мен Байұлы руларынан құралатынын, шағын жеті руды Тәуке біріктіріп, Кіші Орда құрамына енгізгенін Левшин де растайды. [7, 6-8 бб.]




Байұлы этнонимі түркі қағанаты кезінен бергі жазба деректерде жиі кездеседі. Орхон-Енисей жазбаларында Байырқу, ал Таң империясының жылнамаларында Байегу деп аталады. Байұлы алғашында Теле бірлестігінің құрамында болған. Түркі қағандығы оларды бағындырған соң, әуелі 1- Шығыс Түркі қағандығының, кейін 2 - Түркі қағандығының құрамына енеді. Қытай деректері олардың Канганьхэ өзенінің (Канганьхэ өзенінің қазіргі атауы әлі анықталмаған, шамасы Селенганың жоғарғы аңғары болуы керек.) бойын мекендегенін айта келіп: “бәрі де ауқатты, 60 мың адамы бар, 10 000 әскер шығара алады” деп жазады.

Билеушілерін “елтебер” деп атаған. 647—648 жылдары Байұлын елтебер Цюйлиши билепті. Канганьхэ өзенінің қазіргі атауы әлі анықталмаған, шамасы Селенганың жоғарғы аңғары болуы керек. Бірінші Түркі қағандығының құрамында болған сол кездегі 9 ата байырқу (баегу) тайпасын 7 ғасырдың 20-жылдарында қағандық ыдыраған соң, Сейяньто бірлестігі өзіне кіріптар етті. 647 жылы ол бірлестікті талқандаған Таң империясына тәуелді болады да, қытайлар оларды басқаратын орталық ретінде Юлин округін құрады. Бірақ мұның бәрі қағаз жүзінде қалып, шын мәнінде, байегулер империяға бағыныштылық білдірмейді. Ішкі істеріне қол сұға берген соң, түркі тайпаларының Байегу, сыцзе, пугу, тунло сияқты түркі тайпалары бас қосып, қытайдың Чжан Женьтай басқарған жазалаушы әскерімен 660—661 жылдары аралығында үш рет соғысады. Ақыры, қаша ұрыс салған байегулерді қуған Чжан Женьтай әскері 662 жылдың қысындағы боранда Селенга өзенінің маңында қырғынға ұшырайды. Осы қақтығыстар нәтижесінде, Таң империясы түркілерді бодан қылу мақсатынан уақытша болса да бас тартуға мәжбүр болады. 679 жылы Орта Азияны мекендеген түркілердің Таң империясына қарсы көп жылғы күресі нәтижесінде 2-Шығыс Түркі қағандығы құрылады. Көтеріліске қатысқан Байырқу тайпасы жаңа мемлекеттің іргетасын қалауға ат салысады. Алайда, Қытай империясы жансыздарының іріткі саясаты қағандықты іштен ыдыратып, 713 жылы ондағы тайпалар өзді-өздерімен соғыса бастайды. Байырқулар 716 жылы Қапаған қағанды өлтіреді. 8 ғасырдың ортасында Ұйғыр қағандығы құрылып, байырқулар сол мемлекеттің құрамына енеді. [5, 172-173 бб] 9 ғасырдың ортасында қырғыздар ұйғыр қағандығын құлатқан соң, оның негізгі жұрты Пан-тегінге еріп, қытайға қашады. Таң империясының деректерінде бұл босқындар арасында байегу тайпасы болғандығы айтылмайды. Демек, олар Қытайға ойыспай, байырғы жұртында қалып қойған. Осы кезеңнен Орталық Азиядағы түркі нәсілінің батысқа жылжу кезеңі басталады. 2-Шығыс Түркі қағандығының табанды жұрты болған қыпшақтар, имектер, оғыздар қазақ даласына ойысып, қайтадан бас құрап, жаңа бірлестіктерін қалыптастырады. Бұл кезде байырқу-баегулердің оғыз бірлестігіне енгендері Байауыт аталады. Қыпшақ байауыттар негізінен Ырғыз өз. маңына табан тіреп, Елбөрі қыпшақ тайпалық бірлестігін құрады. Орыс жылнамасындағы ильбури қыпшақтары осылар. Жалал әд-Диннің үзеңгілес жолдасы, Хорезмшаһтар тарихын жазған Несауи әйгілі Теркен-хатунды осы байаут қыпшақтарының қызы еді дейді. Шыңғыс хан империясының тарихшысы Рашид әд-Дин: “моңғол арасындағы байауыттар екіге бөлінеді, біреуін — жадаат (адам) деп, екіншілерін хэхерин байауыт деп атайды” деп көрсеткен. Олардың Шыңғыс хан жорықтарына қатысқаны туралы деректер бар. Бұлар моңғолдар арасында қалып қойған байырқу-байегулердің бір бөлегі болса керек. Шағатай ұлысы тұсында олар баири есімімен белгілі болып, кейін Байсары атына ие болды.




Түркі қағандығы кезінде Әлімұлы құрамында болған 9 ата Байұлы тайпасының бірігу-ыдырау үрдістерінің салдарынан олардың қаншасының қазақ топырағына табан тірегенін, қаншасының басқа жұрттың арасына шашылып кеткенін анықтау қиын. Дегенмен, байырғы байырқу-баегулердің негізгі бөлігі Қазақстанның батыс аймағын мекендеп, ноғайлы тұсында алшын бірлестігінің құрамында болған. Ал Ноғай ордасы ыдыраған кезде алшын, алтыауыл, жембойылық ноғайлының басты жұртының бірі тамалармен бірге қазақ хандығының құрамына енген Байұлы жайлы деректер 18 ғасырдың 1-жартысынан бастап орыс әкімшілігінің құжаттарында жиі ұшыраса бастайды. Оны 12 ата Байұлы (кей тізімдерде 13 ата) деп көрсетеді. «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясында «Байұлы құрамына шеркеш, ысық, есентемір, байбақты, беріш, адай, алтын-жаппас, тана, алаша, масқар, таз, қызылқұрт рулары енеді»,- деп көрсетілген. Алтын мен жаппас бір ру ретінде бірге аталады. [8, 77-б] Ал кейбір мәліметтерде 13 ата деп көрсетілу себебін Б.Қойшыбаев былай түсіндіреді: «Жекелеген зерттеушілер, «Он екі ата Байұлы» деп келетін құлаққа сіңісті қалыптасқан тіркеске қарамастан, қосақталған атауды екіге бөліп, он үшінші ата ретінде алтын руын жеке атайды». [6, 99-б]

Байұлы этонимінің тарихы тереңде жатқанын көптеген ғалымдар еңбегінен кездестіре аламыз. Солардың бірі Абай атындағы ҚазҰПУ-дың доценті Ғ.А.Меңілбаев түркі академиясы сайтында жарияланған «Қазақтың «бай» ұғымы мен ру-тайпаларының тарихы» мақаласында: «Құрамында «бай» сөзі бар ру-тайпа аттары Орта Азия мен Солтүстік Азия халықтарының көбінде кездесіп отыратынын Бая және Бай түбірлі этнонимдердің тұңғыс-маньчжур, маңғол, түркі халықтарында кеңінен тарағанымен байланыстырады. Ғалым эвенкілерде Бая-ки, Бая-шин, Бая-гир (ру), эвендерде Бая-шин, Бая-ки (ру),Ульчи мен орокилерде Бая-усе-ли (ру), орочи мен нанайларда Бая (ру), маньчжурларда Бая-ра (ру), гиляктарда Баи-л (ру), маңғолдарда Баи-т (ру), Бая-у-д, буряттарда Баян-дай, якуттарда Баи-д (ру), ұйғырда Бае-гу (тайпа), ал Енисей өзенінің төменгі жағындағы энцілерде, Бай-гадо (ру) Енисейдегі Кеттерде (кайбол) сияқты атаулардың жиі кездесетініне назар аудара келе, біздің Байұлы тайпасының аты да осылармен тектес болуы ықтимал», - деген қорытынды жасай келе, бұл аталғандардың ішіндегі ең көнесі «Бай-ди» тайпасы екеніне, оның біздің заманымызға дейінгі YIII-YII ғасырларда Солтүстік Маңғолия мен Алтай-Саян тауларының сілемдерінде өмір сүргенін атап көрсетеді. Бай-ру тайпасы YII ғ. Селенгі жағасындағы ұйғырлар арасында, Бай-си YIII ғ. Маньчжу-рияның оңтүстік жағалауында мекендеген көрінеді. Сонымен қатар «бай» сөзі арқылы жасалған этноним, топоним және антропонимдер қазақ, өзбек, қырғыз, башқұрт, якут, ұйғыр сияқты түркі халықтары тілдерінде ежелгі заманнан қолданылғанына тоқталады. Орхон жазбаларында Байир-ку, ұйғырларда Баегу болса, IX-XI ғасырлардағы Қият тайпаларының бірінің аты – Байандур екенін, осы сипаттағы этнонимдер қазақ тілінде Байшора, Байсын, Байұлы болып келсе, якуттарда Баид түрінде кездесетінін атап көрсетеді. [9, 1-б.]




Ертеде түркі тектес тайпалардың Азияда әрі-бері ауысып, бір орыннан екінші орынға орналасып отырғаны И.И.Крафт, А.Левшин, В.В.Радлов, Мейер, Ш.Уәлиханов, М.Тынышбаев, Б.Қойшы-баев және т.б. ғалымдардың еңбектерінен белгілі. «Бай түбір сөзі арқылы жасалған этнонимді иемденгендердің бір тобы Азияның шығысы мен солтүстігінде, екінші тобы орта бойында мекен еткені шындыққа жақын. Бұған назар аударсақ, бай сөзі арқылы жасалған этнонимдердің архетипі көне дәуірге, атап айтқанда, Алтай дәуіріне тән болар деген тоқтамға келеміз», - деген Ғ.А.Меңілбаев пікірімен толық келісеміз. [9, 1-б.] Себебі «Бай» сөзі ру-тайпа аты ретінде алғаш рет б.э. бұрынғы 694-250 жылдардағы қытай жылнамаларында Алтайда өмір сүрген динлиндер тайпасының атымен байланысты танылады. Олардың бір бөлігі Байди аталған, ал бай екі түрлі мағынада «солтүстік» және «ақ» мағынасында көрсетілген. Бай сөзінің көне лексикалық мағынасы сол Алтай дәуіріне тән сөздердің мағынасын аңғартатынын, өйткені, бұл сөздің қазіргі мағынасы мен бұрынғы мағынасының (солтүстік және ақ) арасында ешбір жуықтық, жақын байланыс білінбейтінін, ал қазіргі ру, тайпа және кісі аттарында келетін бай сөзінің мағынасы соңғы дәуірлердегі жағдаймен байланысты екенін Т.Жанұзақов еңбектерінен де кездестіреміз. [10, 494-496-бб.] Ал Р.Г.Кузеевтің монографиясында «баюлы» (бурзянский род), племя таз (таз, тазлар), племя байлар, Тана, Байулы / род-Бурзян /, Масқар/ род-племя Катай, Ногай-бурзян, 12 биев бурзян т.б. ру-тайпалардың атаулары көрсетіліп, оларға ғылыми талдау жасалады. Ғалым башқұрт құрамында жоғарыда аталған рулар мен тайпалардың бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болғанын айтады және осы еңбекте Байұлы құрамында кездесетін Тана, Таз, Масқар ру-тайпаларының атауларына да тоқталады. [11, 250-487 бб.]

Ақселеу Сейдімбектің «Қазақтың ауызша тарихы» еңбегінде Байұлы атауының шығу тарихы Кіші жүз Алшынның ортаншы ұлы Қыдырқожаның малды адам болғаны, соған орай жұрт «байеке», «бай» деп атағаны, сондықтан ұрпағының «Байұлы» атанып жүргені туралы айтылады. [3, 298-б.]

Қаржаубай Сартқожаұлының «Байырғы түрік жазуының генезисі» еңбегіне сүйенсек, «bajyr-quu» (байырқу - тайпалық одақ), байырқуды байұлы одағы деген жағдайда [12, 107-б.], «bai» (бай ), байұлының атауына негіз болған атау болуы мүмкін деген қорытынды жасауымызға болады.

Б.Қойшыбаев «Ақиқат» журналының 2010 ж. №11 санында жарияланған «Қазақ ру-тайпаларының тарихы: байұлы туралы» мақаласында М.Тыныш-баевтың айтуынша, 1924 және 1925 жылдары Орыс географиялық қоғамы Түркістан бөлімінде жасаған «Қазақ халқы тарихына материалдар» атты баяндамаларында кейбір саны аз қазақ руларының өзінің тарихы Иса пайғамбардың тууынан басталатын жыл санауынан да ертеректе басталатынын айтады. Демек, қазақтың ең саны көп руы – алшынның тамыры да ғасырлар тереңіне бойлап кеткен болуға керек деген оймен, зерттеуші оның іздерін географиялық атаулар мен тарихи деректерден іздеп байқайды. Және ой саларлық нәтижелерді алға тартады. Мәселен, Солтүстік Алтайдағы Чулым өзенінің сол жақ салаларының бірі Беріш (Берш) деп аталады. Одан батысқа қарай 40 шақырым жерде Беріш көлі (Берчи-куль) орналасқан. Мұның бәрі қазақ құрамындағы алшынның Байұлы ұрпағына кіретін көп қаралы беріш руын еске салады. Беріш көлінің батысында, 50 шақырымдай жерден, Алчедат өзені басталады. Бұл да алшынға тақау атау. Обқа құятын Катунь өзенінің оң жақ салаларының бірі Черкиш деп аталады. Ол да Алшынның Байұлы тармағындағы Шеркеш руы атымен сәйкес боп тұр. Беріш өзені, Беріш көлі, Беріш (Буриш) жартасы, Алчедат өзені жатқан аумақта «қызыл» деп аталатын түркі тайпасы тұрғанын, оның құрамында Үлкен ачин, Кіші ачин деген рулар бар екенін, ал бұлардың бір әрпі түсіп қалған алшынды еске түсіретінін айтады. (Шынында, «л» әрпін қоспай – «алшы» дегеннің орнына – «ашы», «әкелші» – «әкеші», т.с.с. сөйлеу қазақ тілінде жиі кездеседі). Ачинск қаласы өз атын осыдан алған. Ачинск қаласының терістігінен жүз шақырым жерден Үлкен және Кіші Кеть өзендері басталады. Кеть – кете руын еске салады, ол да Алшын Байұлына кіретін ру. «Осы аудандарда бірнеше рет алтын деген кездеседі, – дейді ғалым, –географиялық атаулардың бірнешеуі біздің рулардың атын еске салатындықтан, оны да алшынның алтын руымен сәйкестендіруге болады. Тағы бір елеулісі сол, бұл жерлерден Үлкен немесе Орта Орда руларын (жалғыз арғыннан басқа) еске салатын атаулар мүлдем жоқ, ал аталған атаулар тек Кіші Орда руларына ғана ұқсас» дей келе, Байұлы ұрпағы руларының ізін ғалым оңтүстік және оңтүстік-шығыс Ресейден де көптеп табады. Мәселен, Киевтен 60 шақырымда Барышевка стансасы, соған тақау маңда сол аттас село бар. Киевтен 200 шақырым, Днепр бойымен төмен, оң жағалауда Черкасы қаласы тұр. Киев – Москва темір жолы бойында, Киевтен 230 шақырымда Алтын стансасы, оған жақын жерде Алтын селосы бар. Киев – Полтава темір жолында Сула өзені, оның Удай саласы бар. Туладан оңтүстікке қарай 70 шақырымда үйездік Одоев қаласы бар. Харьковтан 240 шақырымда, Харьков–Пенза темір жолы бойында Бирюч дейтін үйездік қала бар. Дон өзені ХІҮ ғасырға дейін Танаис деп аталған, ондағы «ис» таза грек жалғауы. Азов теңізі мен Азов қаласы бұрын Тана деп аталған… Астраханның қарсы жағында, Еділдің оң жағасында Төрт Алтын шатқалы жатыр, - дейді.

Бұларда кездесетін «географиялық және тарихи атаулар Бараш-Бараиш, Барышовка, Баруч, Бирюч, Бирюсевка, Бирючий, Бурч, Пурыш, Болуш – алшынның беріш руын; Удай мен Одоев – адай; Черкас пен Черкасск – шеркеш руларын еске салады». Черкасы қаласының негізін шеркештер қалаған. Кавказ шеркештері мен қазақ-алшын-байұлы шеркештерінің екеуінде де қылыш руы бар, екеуі де «қазақ» аталады. Ромодан мен Рамадан – алшынның рамаданын еске салады. Тана – тана, Алтын – алтын, Таман – тама руларын еске түсіреді. Бұл өңірде Үлкен және Орта Ордалардың руларын еске салатындай географиялық атаулар да, тарихи аттар да (қыпшақтан өзге) кездеспейді деген қорытынды жасайды және араб жазушысы Аль-Айни Мысыр сұлтандары (мамелюктік) Бейбарс (1260–1279) пен Калаун (1279–1290) «брж-оғлы руынан шыққан қыпшақтар болғанын» жазғанын айта келіп, «брж» – «бурджи» (атауы «қамал, қаттылық» ұғымда-рын білдіретін мысыр әулеті) – «берж» (тобыл татарлары тілінде – қатты, сынбайтын) – «беріш» (қазақ тілінде – денеде беріштеніп қатып қалған түйін) сөздерін салғастыра талдау арқылы «бурджи» әулетінің атауы «брж» немесе «беріш» деген түркі халқы сөзінен шықты деген қорытындыға келеді. Мысырда «брж-оғлы» әулетінен кейін билікке солармен туыстас «шеркеш» руының мамелюктері келгенін энциклопедиялық сөздіктің 36-томының дерегіне сүйеніп айтады. [6, 100-б]

Карамзин дерегі бойынша Курск губерниясының Ахматовка селосында 13-ғасырда өздерін қазақтар деп атайтын черкестер тұрған. Карамзин торктер (Тынышбаев «торктер» сөзінің алғашқы дауысты дыбысының айтылу ырғағын талдай отырып, оны «түркілер» дегеннің тап өзі деп ұйғарады- дейді Б.Қойшыбаев) мен берендейлердің шеркеш деп аталғанын, казактардың да солай аталғаны, косогтардың да шеркеш екенін. 10 ғасырда олардың Қара және Каспий теңіздері аралығындағы елі Касахия аталғанын жазады. Оны Семенов-Тянь-Шанский де айтады. Ол шеркеш руының тармақтарын тізе келе, қылыш атасын айтады, бұл – қазақтың Алшын бірлестігінің Байұлы ұрпағына кіретін Шеркеште де бар ата .

Жоғарыда аты аталған ғалымдарға қоса Геродот біздің жыл санауымызға дейінгі Ү ғасырда Днепрден батысқа қарай тұрған алазон деп аталатын халықты атаса, Страбон Алазондар туралы біздің дәуірдің І ғасырында айтады. Беріш, шеркеш, алтын атаулары Алтай мен оңтүстік орыс далаларында бір мезгілде кездеседі. Алтайдағы ачин, алчид шамалап алазонға тақалады, ал солардың бәрі біздің алшынды еске түсіреді. Осы жәйттерді ескере отырып, олардың туыс тайпалар екенін ойлау керек. Қазақтарда бұлар байұлы ұрпағына кіреді,- деген қорытынды жасайды [13, 145-146-бб.]

Ғалымдарымыздың қайсысының пікіріне сүйенсек те «Байұлы» этнонимі тарихының тамыры тереңде жатқанын анық дәлелдейді.

Ал, жалпы алғанда, қазақтың төл шежіресін, әр ру мен әр үш жүздің қалай және кімнен тарағанын білгіңіз келсе, Алаш Орда үкіметінің мүшесі, тілші Кәрім Бәтішұлының 1911 жылы «Айқап» журналына жазған «Қазақ шежіресі» атты туындысын шолып шығуыңызға болады.


ҚАЗАҚ ШЕЖІРЕСІ


Түрік нәсілінен «Алаш есімді бай һәм балалары көп бақытты бір адам Алаша ханның заманында мәшһүр адамдардан саналып тұрыпты. Сол заманнан қалған бір сөз бар: «Алаш алаш болғанда, Алаш хан болғанда, таңбасыз тай енсіз қой болғанда» деген.


Алаштан екі бала туған Сейілхан, Жәйілхан деген. Жәйілханнан - Майқы би. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы - Майқы би» деген сөз бар. Майқы биден - Өзбек, Сыбиян. «Өзбек - аз ағам, сарт - садағам» деген сөз осыдан қалған. Сыбияннан, Айырқалпақтан - Қазақ, Созақ. Созақтан - Қарақалпақ.


Қазақтан үш бала туады. Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс. Бұлардың әрқайсылары бай һәм мәшһүр адамдар болған. Нәсіл, несіптері көп болып, тап-табымен барып Қаратау деген жерге шәһәр болып, бірнеше жыл отырыпты. Үлкеніне қараған елді «Ұлы жүз», ортаншысына қараған елді «Орта жүз», кішісіне қараған елді «Кіші жүз» деп атаған. Кәдімгі таудың арғы жүзі, бергі жүзі деген секілді. Мұнан біраз заман өткен соң бұларға жеті жыл тұтас ашаршылық келген. Еңкейген кәрі, еңбектеген жас өле бастаған соң бұлар бас қосып, ойласып, тұс-тұсына бытырап күн көруге, әуелде таудың оңтүстігінде - өзінің отырған жағына ұлы жүз, күншығыс жаққа орта жүз, кіші жүз өзінің отырған күнбатыс жағына, әрқайсысы өзінің туған-туысына кетіп күн көрмекші болып, жиылып амандасып тараған. Бұл жиылып тұрған жерде бір өлеңші зарлық етіп, үш ауыз өлең айтқан. Сөздің басы осы:


Қаратаудың басынан көш келеді,

Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.

Қарындастан айырылған жаман екен,

Қара көзден мөлдіреп жай келеді.

Мына заман, қай заман, бағы заман,

Баяғыдай бола ма тағы заман?!

Атадан ұл, енеден қыз айырылды,

Көздің жасын көл-дария ағызамын.

Мына заман, қай заман, қысқан заман.

Бақыт құсы басыңнан ұшқан заман.

Топырақ пен аспаннан шаң борайды,

Қаңтардағы күн суық қыстан жаман.

Бізге қысым көрсеттің қатты, Құдай,

Қабырғама қара жер батты, Құдай.

Жаяу жүрсем, табаным ауырады,

Тым болмаса, бермедің атты, Құдай!

«Қаратау» деген өлеңді «Мен қазақ» деген заттың бәрі біледі.

Ұлы жүз Ақарыстан екі бала - Үйсін, Дулат. Үйсіннен төрт бала - Шаңышқылы, Қаңлы, Ошақты, Іргенекті. Дулаттан төрт бала - Ботбай, Шымыр, Сиқым, Жаныс.


Орта жүз Жанарыстан жеті бала - Тарақты, Арғын, Қыпшақ, Найман, Қоңырат, Керей, Уақ. Әр атаның баласы соңғыларын өздері білу міндет. Міне, бұл жерде Қыпшақты жазамын. Жанарыстан - Ақтымсопы, онан Қыпшақ, онан Ақкөбік алып, одан Солым алып, онан Мүйізді сары абыз, онан үш бала - Қара, Құла, Сары. Қараның әулеті Қарақыпшақ атанады. Сарының әулеті Қытайқыпшақ атанады. Яғни қоныстары Қытай қолтығында болғандықтан, Құланың балалары Құланқыпшақ атанады.


Жоғарғы айтылған Қарадан Құланды, онан Тоқтар, онан бес бала туады: Бұлтың, Торы, Ұзын, Қарабалық, Көлденең.


Кіші жүз Бекарыстан Алшын туады, онан Алау батыр, онан Құдуар тентек. Ақылың болса, ала байтал соға шап деген нақыл осы кісіден қалған екен. Құдуардан екі бала - Қыдырқожа, лақабы «Бай», Қаракесек. Қыдырқожадан он екі бала - Қыдырсиық, Бақытсиық, Сұлтансиық, Есентемір, Асық, Қызылқұрт, Масқара, Таздар, Алтын, Жаппас, Адай, Беріш.


Қаракесектен - Әлім, Шөмен, Кете, Ожырай, Әлімнен Төртқара, Шекті. Шөменнен - Аспан, Бозғұл, Тоқа, Көнен. Кіші жүзге қосылған жеті рулар: Жағалбайлы, Тілеу, Тама, Табын, Кердері, Керейт, Рамадан.


Бұл - Алаштың барлық қазақтың атасы екендігінің куәсі. Бұрын қазақ бөтен халықпен шектессе, біреуі «Алаш» деген ұранды шақырса, бәрі бірыңғай болып, тез жиылып, тілек қосып қалады екен. Бұл сөздер — біздің бұрынғы кәрілерден естіген сөздер. Қадірі хал білгенімізді жаздық. Мұнан артық білушілер болса, білгенін ішіне сақтамас, халыққа жазып білдірер деп үміт етеміз.


Шежире для русскоязычных казахов


Шежире (каз. шежіре) — генеалогическая родословная у казахов и кипчакских народов, например, татар и башкир. Как правило представляет собой письменное или устное перечисление предков по прямой мужской линии.


Также распространен синонимический вариант шежире — Жети-Ата (букв. перевод с казахского — семь дедов). Считается, что знание шежире (или своих предков до седьмого колена) является обязательным для каждого казаха. Это позволяет избежать близкородственных браков.


Казахи и шежире


Отношение казахов к шежире является сакральным. Многие современные казахи пытаются восстановить свои корни и очень серьёзно изучают свою родословную. Согласно древним традициям, род у казахов передается через мужскую линию. Но иногда в эти записи включают и наиболее выдающихся женщин. Кроме имён эти записи содержат биографии, историю и географию наиболее значимых событий, легенды.


Современные шежире


Массовое увлечение казахами шежире выражается в издании многотомников с перечислением всех членов определенного рода. Например, такие большие роды как Найманы, Дулаты, Албаны, Байулы или Алимулы могут насчитывать до одного миллиона человек только в составе казахов, не учитывая другие народности, они могут иметь несколько измененные названия (Дулу→Дуглат→Дулат). Для сравнения численность Аргынов превышает миллион, а с учётом неказахских Аргынов составляется несколько миллионов. Книги с перечислением шежире могут составлять 3 и более томов.


Шежире состоит из трех жузов


Старший жуз


Айдарлы


Акарыс


Аксакал


Албан


Алыбай


Асан


Байдибек


Байдолла


Байтерек


Бактияр


Беимбет


Бирманак


Ботбай


Дулат


Ескельды


Жалайыр


Жалманбет


Жансакал


Жаныс


Жаримбет


Жарыкшак


Жолдаболды


Ибраиым


Іле


Калыбай


Канлы


Караш


Кейкі би


Когам


Куйылдар


Курті


Меайкы


Мекрейіл


Ойсыл


Ошакты


Сакалды


Сары


Сарыуйсін


Сіргелі


Суан


Сыйкым


Сырманак


Толыбай


Узынсакал


Уйсіл


Шанышкылы


Шапырашты


Шегир


Шуманак


Шыбыл


Шымыр


Ысты


Средний жуз


Аргын


Атыгай


Ашамайлы


Баганалы


Базархан


Байталак


Балталы


Басентиин


Бахрам


Бегендык


Беймен


Бетке


Болаткожа


Елемес


Ергенши


Ер-Косай


Ескара


Жадик


Жаманбай


Жангулы


Жантекей


Жантели


Жастабан


Ители


Казыгул


Камбар


Канжыгалы


Карагерей


Каракас


Каракесек


Каракипчак


Карасопы


Каратай


Караул


Карауыл


Кенсадак


Керей


Кетбуга


Китайкипчак


Кокжарлы


Коккоз


Конырат


Котенши


Куандык


Куланкипчак


Кылдыбатыр


Кыпшак


Мадьяр


Матай


Мейрам


Меркит


Молкы


Мулкиаман


Наганай


Найман


Садыр


Сарман


Сарысопы


Суиндык


Суйениш


Таракты


Тобыкты


Токпак


Токтамыс


Тортеуыл


Тортул


Торыкипчак


Уак


Шегендык


Шеруши


Шимойлы


Шубарайгыр


Шубыртпалы


Младший жуз


Адай


Алаша


Алимулы


Алтын


Байбакты


Байсары


Байулы


Баксиик


Бериш


Есентемир


Жагалбайлы


Жаппас


Жетыру


Каракесек


Карасакал


Кердери


Кереит


Кете


Маскар


Ногай-казак


Рамадан


Султансиик


Табын


Таз


Тама


Тана


Телеу


Торткара


Шекты


Шенеш


Шеркеш


Шумекей


Ысык


Возникновение 3-х жузов


Вопрос о жузах также является не вполне решенным.


В определении самого термина «жуз» большинство историков считают его объдинением казахских родов и племен. Само слово «жуз» переводят как «ветвь», «часть», «сотня». Сложным является вопрос о причинах и времени образования жузов.


Деление этноса на части типа жузов имело место в истории ряда народов (древнеримские трибы-племя, у северо-американских племен - тройственные союзы), но до настоящего времени оно сохранилось только у казахов.


Причины образования жузов:


1.Хозяйственно-экономические условия, кочевой образ жизни(С. Асфендияров, М. Вяткин, В. Бартольд). Деление территории Казахстана для кочевого скотоводства на три естественно-географические области: западную - на р.Урал; среднюю - на реке Сарысу, Чу, низовья Сыр-Дарьи, по Ишиму, Тоболу и Иртышу, и восточную - в Джетысу.


2. Природно-географические (территориальные) факторы.


3. Военно-политические факторы (для защиты).


4. Исторические традиции (деление племен на западное, восточное крыло, центр - еще с хуннов, тюрков, монголов и тд.).


Помимо научных объяснений имеются различные легенды по поводу происхождения жузов. (отражают события с VIII века и ранее).


Жузы имеют названия: Старший (Великий), Средний и Младший. Значение такой иерархии тоже объясняют по-разному. В частности, Великим считается жуз по его древнему происхождению, он - прародина всех племен; Младшим – потому, что он оформился позднее всех.


Территории и основные роды и племена, составляющие жузы:


Старший жуз - это Семиречье и Южный Казахстан - сарыуйсін, дулаты, жалаиры, канлы и др.


Средний жуз - Восточный, Северный и Центральный Казахстан - аргыны, кыпчаки, найманы, кереи и т.д.


Младший жуз - Западный Казахстан - алимулы, байулы, жетыру и др.


Когда образовались жузы? По разному трактуют время образования жузов, которое относят к периоду с X в. по XVI в. (распад Западно-Тюркского каганата или три самостоятельных улуса в XV-XVI вв. положили начало казахскому ханству и др. ). Большинство склоняются к XVI веку. Однако в последнее время такая точка зрения вызывает возражение. В частности, Е. Арынов, Е. Абенов и др. сомневаются в том, что кому-то было выгодно разделить единое Казахское ханство на три части, что не части состоят из целого, а целое из частей. Таким образом, считают они, образованию Казахского ханства предшествовало по времени образование жузов.


Жузы в истории казахского народа играли важную роль в регулировании общественных (административно-территориальных, хозяйственно-экономических, политических) отношений.




Көрілген: 35154    Пікірлер: 2

жұма, 03.10.2014, 12:21

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Мамыр 2015
    Сунақ шежіресі
    29 Сәуір 2015
    АЛШЫН ШЕЖІРЕСІ
    24 Сәуір 2015
    Шежіре-Қарақалпақ
    6 Сәуір 2015
    Шежіре-Қарайымдар
    30 Наурыз 2015
    Шежіре - Бақсайыс
    20 Наурыз 2015
    Түрікмендер
    13 Наурыз 2015
    Шежіре- Сахалар
    10 Наурыз 2015
    Шежіре-Қарашайлар
    2 Наурыз 2015
    Шежіре-Құмықтар
    25 Ақпан 2015
    Шежіре-Қашқайлар
    18 Ақпан 2015
    Шежіре - Тывалар
    29 Қаңтар 2015
    Шежіре: ТӨЛЕҢГІТ
    23 Қаңтар 2015
    Өміртай шежіресі
    13 Қаңтар 2015
    Матай
    9 Қаңтар 2015
    Шежіре - АЙҚЫМ
    30 Желтоқсан 2014
    Фотосы бар материал Түркілер
    26 Желтоқсан 2014
    Кіші жүз таралымы
    22 Желтоқсан 2014
    Шежіре- Қайшылы
    20 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Қожалар
    12 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Қызылқұрт руы
    12 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Масқар
    10 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Таз
    9 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Жетімдер
    6 Желтоқсан 2014
    Шежіре — Бура
    4 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Шыбыл руы
    3 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Ителі
    2 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Жәдік әулеті
    28 Қараша 2014
    Шежіре - Кердері
    25 Қараша 2014
    Шежіре - Есентемір
    24 Қараша 2014
    Шежіре - Жастабан
    21 Қараша 2014
    Шежіре - Қараш
    20 Қараша 2014
    Шежіре - Бағаналы
    19 Қараша 2014
    Шежіре - Балталы
    18 Қараша 2014
    Шежіре - Шегір
    17 Қараша 2014
    Шежіре - Жаманбай
    14 Қараша 2014
    Шежіре - Ноғай-Қазақ
    13 Қараша 2014
    Шежіре - Атығай
    12 Қараша 2014
    Шежіре - Абақ Керей
    11 Қараша 2014
    Шежіре - Шымыр
    10 Қараша 2014
    Шежіре - Ысық
    5 Қараша 2014
    Шежіре - Тобықты руы
    31 Қазан 2014
    Шежіре - Ботбай руы
    30 Қазан 2014
    Шежіре - Матай руы
    27 Қазан 2014
    Шежіре - Үйсін
    23 Қазан 2014
    Шежіре - Байбақты
    22 Қазан 2014
    Шежіре - Жаппас
    20 Қазан 2014
    Шежіре - Кете
    17 Қазан 2014
    Шежіре - Алаша
    15 Қазан 2014
    Шежіре - Шекті
    14 Қазан 2014
    Шежіре - Шөмекей
    10 Қазан 2014
    Шежіре - Табын
    8 Қазан 2014
    Шежіре - Жетіру
    7 Қазан 2014
    Шежіре - Тама руы
    6 Қазан 2014
    Беріш руы
    3 Қазан 2014
    Шежіре - Байұлы
    1 Қазан 2014
    Шежіре - Әлімұлы
    29 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Адай руы
    26 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Қыпшақ руы
    25 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Арғын руы
    24 Қыркүйек 2014
    Шежіре- Уақ руы
    22 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Қоңырат руы
    19 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Керей руы
    17 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Шапырашты руы
    15 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Шанышқылы руы
    11 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Ысты руы
    10 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Қаңлы руы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30