Шежіре

Шежіре - Қоңырат руы

  • konirat ru

    konirat ru

ҚОҢЫРАТ – Орта жүз құрамындағы тайпа. Түркі халықтарының, соның ішінде қазақтардың этник. тарихында Қоңырат тайпасының орны ерекше. Қоңырат тайпасы көтенші, көктіңұлы деген екі үлкен бірлестіктен тұрады. Көтеншіден – жаманбай, аманбай, жетімдер, божбан, саңғыл тараса, көктіңұлынан – байлар, жандар, аққой, оразгелді, тоқболат, қаракөсе, құлшығаш ұрпақтары өрбиді. Қазақтардың құрамына кірген Қоңыраттар 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанның оңт-нде мал ш-мен айналысқан. Жаз айларында солт-тегі Қорғалжын к-не дейінгі аумақта жайлауға шығып отырған. Моңғол, араб, парсы деректері және Қытай авторлары бұл тайпаны ежелгі қият тайпасы және моңғол үстіртін мекендеген олхонут, хонхират руларымен байланыстырады. Осыған орай, бірқатар зерттеушілер (В.Бартольд, Д.Оссон, Б.Сайшаал, т.б.) Қ-тарды моңғол текті тайпа деп есептейді.

Дегенмен кейінгі зерттеулер және түркілер арасындағы “Қоңырат” этнонимі бұл тайпаның моңғолдармен байланыстылығын теріске шығарады. Қоңыраттар 12 – 13 ғ-ларда көршілес моңғол тайпаларымен тығыз байланыста болды. Мыс., Шыңғысханның шешесі Қоңырат тайпасынан болатын және мұрагерлері (Жошы, Шағатай, Үгедей, Толы) үлкен әйелі Бөртеден туған балалар еді. Бөрте де Қ. қызы. Қ. тайпаларының қалыптасуында моңғол- Қоңырат элементтері елеулі болды, бірақ олардың негізгі бөлігі түркі рулары еді. Қоңыраттар Дешті Қыпшақтың сол қанаты есебінде Темір әулетіне қарсы күресте Әбілхайыр ханды қолдады. Осындай саяси тартыстар салдарынан Шайбани әулетімен бірге Мауереннахр хандығының негізін салып, кейінірек қарақалпақ халқының құрамына енді. Жәнібек пен Керей бастаған топ көшпелі өзбек мемлекеті құрамынан ауа көшкенде Қоңыраттардың бір бөлігі олармен бірге Бат. Моғолстанға келіп орнықты. Ш.Уәлихановтың жазуынша, Қоңырат тайпасы 19 ғ-дың басында Қаратау, Талас, Ташкент, Бұхара, Қоқан маңына тұрақтаған. Сөйтіп Қ-тар Қазақстан мен Орта Азия жеріндегі түркі тілдес тайпалармен араласып, қазақ, өзбек, қарақалпақ, ноғай, башқұрт халықтарының құрамына еніп, сіңісіп кетті. М.Тынышбаевтың еңбектеріне қарағанда, Қоңыраттардың Қазан төңкерісіне дейінгі жалпы саны 310 мың адам болған. Олардың 100 мыңы Бұхара маңында, 90 мыңы Түркістан у-нде, 30 мыңы Перовск (Ақмешіт) у-нде тұрған. Түркі халықтарының тарихында Қоңыраттардың үлкен қызмет атқарғанын Қоңырат тайпасынан шыққан Алпамыс батыр туралы эпостың түрлі нұсқаларының болуы дәлелдейді. Бұлар – қазақтар мен қарақалпақтардың “Алпамыс”, өзбектердің “Алпамыш”, башқұрттардың “Алпамыш пен Барсын Хылду” эпостары, татарлардың батырлық ертегісі “Алпамша”, алтайлықтардың “Алып-Манаш”, қырғыздардың “Манас” эпосы. Таңбасы – П – “босаға таңба”, ұраны – “Алатау”, “Мүкәмал” болып келеді.


"Алаш айнасы" интернет-газеті бүгіннен бастап, халқымыздың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы – қазақ шежіресі туралы ақпараттарды кезең-кезеңімен жарияламақ. Осы арқылы үш жүздің әр руы туралы мәліметтерді топтастырып, қазақтың ортақ шежіре қорын жасап шығармақ. Егер сіздің қолыңызда өз руыңыз жайында мәліметтер болса, біздің мына: info@alashainasy.kz электронды поштамызға жіберуіңізге болады.


Қоңырат - Қоңыр + ат(көптік жалғау). Тарихи деректерде "Қоңғырат", "Оңғырат", "Қоңғила" деген атаулар кездеседі.Тарихи мекені Моңғолия жерінде болуы керек. Қазір қоңыраттар көбінесе Қазақстанның оңтүстігі, Қарақалпақстан, Өзбекстан жерінде тұрады. "Шыңғысханның құпия шежіресі" кітабында Шыңғысханның бәйбішесі Бөрте (Жошының шешесі) Қоңырат руынан екені айтылады. Орта және ұлы жүздер қазақтарының рулық-тайпалық құрамының 1748 жылы А. Тевкелев жазған суреттемесінде қоңыраттардың «күшті ру» екені, «Орта ордаға жататыны», көбінде «Үлкен ордамен бірге көшіп жүретіні» айтылған. Ш. Ш. Уәлиханов қоңыраттардың Орта ордадан Уәли хан тұсында (XIX ғасырдың бірінші жартысы) бөлініп, «Бұхарада, Қоқанда, Ташкентте, бәрінен бұрын Қаратауда және Талас өзені бойында өзбек руларымен (көршілес) көшіп жүретінін» жазған. Хабарлар арасындағы айырмашылық 80 жылға жуық, бірақ олардың (қоңыраттардың), Орта Азия мен ұлы (Үлкен) жүз қоныстарына кетіп қалғаны жайында XVIII ғасырдың ортасында да, XIX ғасырдың бірінші жартысында да айтылады. Ал олардың бұлайша кетіп қалуына не себеп болғанын авторлар айтпайды. Осыны анықтауға тырысайық, дегенмен, басқа тайпалар тарихында байқала бермейтін тайпаның бұлайша жаппай көшіп кету көрінісі айқын болу үшін бұл тайпапың тарихына қысқаша тоқталып өту керек. Нақ сол Уәли хан кезінде айрыла көшудің болғаны рас, сол хан тарапынан корсетілген қысымшылыққа наразылық ретінде 1797 жылы 15 000 шаңырақ арғындардың Ертістің оң жағалауына көшіп кеткенін айтсақ та бола ды. Бірақ ол арғындар (атығайлар) қалай қоныс аударса да Орта жүз жері ішінде қалған, ал қоңыраттар бұрынғы мекенінен мүлде шығандап, оңтүстік өңіріне тым тереңдеп кеткенін көреміз. Мұның қысқаша тарихы мынадай. XVIII ғасырда қоңыраттар көшпенді өзбектердің мемлекеті кезінде болған бүрынғы құдіретінен айрылды, ал ол кезде қоңыраттар оныңжауынгерлік сол қанатына енген еді. Шайбани хан Дешті Қыпшақтан Мауараннахрға бет бұрған кезде көптеген қоңыраттар сол жаулап алушы ханға еріп кетті. Шайбани хан қаза тапқаннан кейін Мауараннахрда өзара қырқыс күшейіп, XVI ғасырдың аяғы XVII ғасырдың басында ол дербес екі хандыққа: маңғыттар басқарған Бұхара және қоңыраттар басқарған Хиуа хандықтарына бөлінді. Мауараннахрға кеткен қоңыраттар қарақалпақ халқы комионенттерінің біріне айналды. Дешті Қыпшақ даласында қалып, қазақ халқының құрамына енген қоңыраттар Орта Азия халықтары тағдырына жасаған бұрынғы зор ықпалынан енді айрылып қалды. Бұл арада, әрине, халық тарихында тұтастай бір тайпаны қалайда томендету иемесе дәріптеу бар деуге болмайды. Феодалдық дәуірде жеке бір адам мен оның тайпасының билік етуі, оның басқа адамдарға немесе басқа тайпаларға үстемдік жүргізуін көрсеткен. XVIII ғасырда қоңыраттардың қазақ қоғамындағы жағдайы (маңызы) қандай болған? Белгілі бір тайпаның, рудың салмағы ұлысты, старшындықты (ресми қүжаттарда алынған терминдер) басқарған жеке адаммен (ханмен, сұлтанмен, батырмен, бимен) байланыстырылған. Бұл жеке адам мен оның төңірегіндегілер, негізінен оның жақын туыстары өз руластарының, өз тайпаластарының мүдделерін қорғау арқылы өзі де жоғарылап, жайылымдарды иелену мен қоғам өмірінде өз беделін көтеру үшін қажетті күшке ие болған. Наймандардың 40 000 шаңырағын билеген Барақ сұлтан, осы тайпаның 10 000 шаңырағын басқарған Күшік хан, Атығай руын бір қолында ұстаған Абылай сұлтан, Қыпшақ ұлысын соңынан ерткен Төле батыр т. б. осындай тұлғалар болған. Темірқазықтай жеке тұлғалары болмайыиша, өз мүдделерін қорғау өте қиын екенін көшпенділер де түсініп, олар көбінесе Шыңғыс ұрпақтарын таңдап алған. Мысалы, Тобықты руынан шыққан Тоқтамыс Көкшетаудан Шыңғыстауға Абылай ханның кіші ұлы тоғыз жасар Шаманы әкеліп, ол көп ұзамай Тобықты руының сұлтанына айналған. Шама сұлтан тобықтылардың мүдделерін қорғап, сондықтан XIX ғасырдың 40 жылдарында Даладан тобықтыларды Балқаш көліне дейін апарып, олар бұрыңғы жайылымдықтарын иеленген. Мұндай (жеке адам мен ру, тайпа қатынастарынан) мысалдар аз емес. Міне, осы арада мынадай сұрақ туады: қоңыраттарда өз мүдделерін өздері қорғай алатындай күш болды ма, олардың арасында Абылай хан, Барақ сұлтан, Қазыбек би сияқты тұлғалар кездесті ме? Тілмәш М. Арапов айғақтарының жазбасында (1749) Найман руларымен және Арғын тайпасының қаракесек руымен қатар Барақ сұлтан әскерінің негізін қоңыраттар құрағаны, сол қоңыраттардың Барақ сұлтан ұлысымен қатар болғаны айтылған. 1749 жылы 10000 шаңырақ қоңырат Ресей бодандығын алып, олардың атынан қоңыраттар өз жетекшісі етіп сайлаған найман ұлысының билеушісі Барақ сұлтан ант берген. Г. Волкоискийдің мәліметтерінде: 15 000 дай отбасынан тұратын 12 атасы бар, жаздыгүні Көксу, Қаратал өзендері маңайыпда, Ақтуартауда көшіп жүріп, қыстыгүні Түркістан мен Ташкентке қарай кететін «найман-қоңырат руы» туралы айтылады. Сонымен, XVIII ғасырда қоңыраттар қайсыбір ұлыстың бөлігі болып, «өзін билеуге» сырттан жеке адам шақырып алып отырған. Бұл сірә, көшпенділік рудың, тайпаның маусымдық жайылымдарды пайдалапуын біршама анықталуын қажет еткенімен, оларды өзге ру топтарының басып алуы сирек кездеспейтін құбылыс болғанын, сондықтан жайылымдарды басып алуға қарсы тұруға және өз мүдделерін қорғауға қабілетті күш керек еткенін көрсетеді. Қоңыраттар адам саны неғұрлым көп тайпалардың (мысалы, наймандардың немесе арғындардың) күш қуатына төтеп бере алмаған да, соның «өзін билеуіне» мойынсұнуға өмірдің өзі итермелеген. Тегінде, қоңыраттардың біресе арғындармен (Қаракесек руымен), біресе наймандармеп бірігуіне осы себеп болса керек. Қоңыраттар өздерінің көшіп қону кездерінің бәрінде оңтүстікке, Түркістан мен Ташкентке ойыса беретіп себебі халық зердесіпде өзбектер, қарақалпақтар мен қырғыздар құрамына енген Орта Азия қоңыраттарымен генетикалық байланыстың сақталып қалғандығы ма дейміз, оның үстіне ол қоңыраттар әлгі халықтардың этногенезі мен этникалық процесінде елеулі орын алған. Алпамыс туралы жырдың өзі де Орта Азиямен байланысты. Қисса былай деп басталады:

Бұрынғы өткен заманда,

Дін мұсылман аманда,

Жиделі Байсын жерінде,

Қоңырат деген елінде,

Байбөрі деген бай бопты...

Қиссаның басқа бір жерінде Байбөрінің ауылы Байсыннан екі күншілік жерде болғаны айтылады. Байсынтау Ғиссар жотасының оңтүстік-шығыс сілемі, Бұхарадан Ғиссарға және одан әрі Әмударияға баратын ежелгі керуен жолы сол арқылы өткен. Жиделі Байсын осы таудың Сұрхан өзенше қарай жатқан беткейінде. Ә. Диваевтың XX ғасырдың бас кезінде қазақтардан жазып алған мәліметтеріне қарағанда: «Жиделі Байсын екі бектіктің: Куляб және Ғиссар бектіктерінің шегінде. Онда Байсын деп аталатын үлкен көл бар. Онда Кіші орданың қырғыздары (қазақтары М. М.) тұрады. Орта орданың қоңыраттары мен арғындары да бар». Қоңыраттардың оңтүстікке, ата-бабаларының жеріне, басқа халықтардың құрамына енген туыс тайпаларға қарай көшуіне түрткі болған себептердің бірі атамекен туралы түсінікпен тығыз байланысты этникалық сана сезім екеніне күмән жоқ. 1824 жылдан бастап, қазақ даласында сыртқы округтер құрылған кезде, Орта жүздің барлық тайпаларына округ шегінен көшіп-қонатын жер берілді және қоңыраттар солардың біреуінде ғана 1824 жылы Қарқаралы округі ашылған кезде ол құралған 14 болыстың 11-сі Қоңырат-Арғын болысы деп аталған. Көріп отырғанымыздай, мұнда да қоңыраттар дербес болыс болмаған. Орта жүз тайпасының Тобыл және Томск губернияларыида, казак полктерінің жерінде көшіп жүрген қазақ руларының дегенмен де белгілі бір сыртқы округке жатқызылғанына назар аудару керек. Ал қоңыраттар, Қарқаралыны қоспағанда, барлық бес округтің бірде бір ведомосында жоқ. Тегінде, олар XIX ғасырдың алғашқы отыз жылдығында «Бұхария мен Ташкент жағына» кеткенінеп қайтып оралмай, сол арқылы Орта жүзден бөлініп кеткен секілді. Қоңыраттар Сырдарияның солтүстік жағына XIX ғасырдың 30-жылдарында келген. Нақ сол жылдарда Ташкенттің беклербегінің қоңыраттардан, қыпшақтар мен тамалардан құралған 12 мың әскері Сырдарияның арғы бетінеті қазақ даласына басып кіріп, Найман тайпасының бағаналылықтарын қуып шығып, Сарысу өзеніне ірге тепкен.

XIX ғасырдың ортасындағы деректер бойынша, қоңыраттардың қоныстары Балқаш өзенінің солтүстік-батысындағы Ащысу, Сарысу өзендерінің аралығында, таудың солтүстік және шығыс бөктерлерінде, Ащысу, Сарысу өзендерінің аралығында ағып жатқан Көкпекті, Талдыманақ, Қаракеспе, Құрманақ өзендерінің бойында болған. Одан кейінгі жылдарда қоңыраттардың Орта Азиядан солтүстіктегі Қазақстан аймағына көшуі орын алды, бірақ ол 1858 жылы жаппай сипатқа ие бөлды. Қоқан иеліктерінен көшіп келген қазақтар туралы бір құжатта былай делінген: Шу өзенінен өтіп келген және көбінесе Қоңырат руына жататын мұндай келушілер саны әрқайсысыида160, кейде одан да көп ауыл бар 15 болысқа дейіп жетеді. Егер 1 әкімшілік ауыл 60 шаңырақтан тұрған деп есептер болсақ, қоңыраттардың кошіп келген 15 болысының әрқайсысында 1000 ға тарта шаңырақ болады, мұның өзі Қазақстанда болыстар мен округтер құрған кездегі нормаға сәйкес келеді.

Демек, Шу өзенінің арғы бетінен кошіп келген қоңыраттар саны 15 000 шаңырақ болған. Сібір қазақтары облысы әскери губернаторының өкіміне сәйкес, Шу өзенінің арғы жағынан жаңа көшіп келгендерге Шу және Сарысу өзендерінің бойында көшіп жүруге рұқсат беріліп, бұл орайда ол жерлерде көшіп жүрген қазақ руларына таршылық жасамау шарт етіліп қойылды. Қоңыраттар Қаратау жотасының оңтүстік-батыс беткейіне, Бөген, Арыстанды, Арыс өзендерінің бойында, Сырдария өзеніне дейін қоныстанып, оның сол жағалауын алып жатты. Олардың қыстаулары Жаңақорған, Балдыр, Шалдырөзек тауларынан ағып шығатын көптеген шағын өзендердің төменгі және орта ағыстарында, Сырдария жағалауында орналасқан. Жайлау үшін Қаратаудан ағып шығатын өзендердің бас жағына, ал малы көптері одан әрі солтүстікке, Атбасар, Ақмола жағына кеткен. Қоңыраттардың түрлі аталары былайша қоныстанған: Көтеншіден тараған рулары Түркістан, Жаңақорған шегінде, Шаян, Бөген өзендерінің бойында және Сырдария жағалауында; Көктіңұлынан тараған рул Арыс өзенінен оңтүстікке қарай Монтайтас, Қабылсай, Шеңгелді, Сарыағаш, Шардара деген жерлерде, Ташкентке дейін.

Қоңыраттың кейбір рулары (мысалы, Жетімдер) жартылай отырықшылық өмір сүріп, Сырдариядан тартылған арналарды бойлай қоныстапған. Аңызға қарағанда, Көтеншінің үш әйелінен туған балалар үш арна бойын мекендеп, егіпшілікпен айналысқан, тары, бидай, бақша дақылдарын еккен. Малды құмга айдап апарған.

Сырдария тасыған кезде су арықтарға құйылып, егістік солармен суарылған. Сондай-ақ ойпаң жерлер мен жыраларға жиналған су да пайдаланылған. «Қақтың суын ішкен қоңырат» деген сөз содан шыққан. Шу өзенінің бойын Арғын болысы мекендеген, оның құрамында арғындардан басқа (700 шаңырақ) қоңыраттардың да 127 қожалығы болған. Мойынқұмның солтүстік шетінде қоңыраттардың 130 қожалығы мекендеген. Орта жүз қазақтарының саны орыс әкімшілігінің түрлі ведомосы бойынша жасалып, төменде келтіріліп отырған кестелерден көрінеді: Соңғы үш округ Семей облысына қараған, ұлы жүз қазақтары тұратын, сондықтан да біз алға тартпай отырған Қапал округі де нақ сол округке кірген. Семей облысы әскери губернаторының 1866 жылғы есебінде: «облыстағы қазақтар саны 32275 шаңырақ, мұнда ерлер мен әйелдерді қоса есептегенде шамамен 150000-нан астам адам» екені айтылған.

Біздің есептеулеріміз бойынша, сыртқы бес округте 295 208 адам, ал Семей облысының үш округінде 152801 адам болған. Кіші жүздің, яғни Орынбор облысының жерінде көшіп жүрген Орта жүз қазақтарын да ұмытпаған жөн. Егер 19, 21, 22 және 26-дистанциялар арасында мекендеген Орта жүз тайпалары туралы 1851 жылғы мәліметтерді жинақтайтын болсақ, ол былай болып шығады: қыпшақтар 2928 шаңырақ, керейлер 1361, арғындар 364, уақтар 14, Орта жүз қазақтарының барлығы 4667 шаңырақ. Ақсақалдардың ақыл-ойын басшылыққа ала отырып көшпелі қауымдардағы 1 шаңырақта 3 адам болады деп санасақ, Орынбор ведомствосының жерінде 14001 адам мекендеген. Егер сыртқы бес округтің, сондай-ақ Семей облысындағы үш округ пен Орынбор өңірінің халқын жинақтай ой түйсек, өздерін Орта жүз руларына жатқызған қазақтар саны 462010 адам дер едік. Сол кездің мәліметтері мен біздің есептеулерімізге сәйкес, XIX ғасырдың ортасында Орта жүз қазақтарының саны 1835 жылмен салыстырғанда 64.359 адамға кеміп кеткен.

Бұл, әрине, халық санының табиғи кемуін көрсетпейді. Керісінше, Н. Е. Бекмаханованың есептеуінше, XIX XX ғасырдың басында Қазақстанда халықтың біршама табиғи өсуі байқалған. Сонда Орта жүз қазақтары санының кеміп кетуін немен түсіндіруге болады? Мұның бірнеше себебі бар. Біріншіден, халық бұқарасының патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы бой көрсетуі. Мысалы, 1824-1836 жылдары Саржан сұлтан басқарған Қарқаралы және Көкшетау округтерінің стихиялы түрде көтерілген бүқарасы патша отаршыларына және оларды жақтаған аға сұлтандарға қарсы күрес жүргізді. Күрес тең болмады, оқ ататын қарулары мен зеңбіректері бар тұрақты әскерлерге Саржан сұлтанның қылыш найзалы сарбаздарының төтеп беруі қиын болды, сондықтан қазақ бұқарасының Алатаудан әрі асып, Ташкент күшбегінің жеріне көшіп кетуіне тура келді.

Ағасы Саржан мен басқа да туыстары қаза тапқан соң ілешала атқа қонған Кенесары Қасымов бастаған 1837 жылғы Орта жүздегі көтеріліс одан да ауқымды болды. Ақмола, Қарқаралы, Аманқарағай, Баянауыл округтері мен өзге де округтердің кошпелі бұқарасы Кенесарыға қосылды. Мұндағы жеңістер де, жеңілістер де қазақтардың жаппай қоныс аударуына әкеп соқты. Орта жүз, әсіресе Арғын тайпаларының көптеген көшпелілері Кіші жүз жеріндегі Торғай өзеніне көшіп кетті.

Одан кейінгі жылдарда да Орта жүз тайпаларыныңқауымдары өз жеріне бірде қайтын келіп, бірде патша әскерлерінің қуғынынан қашып, Кенесары Қасымовпен бірге тағы да сахараның о жақ, бұ жағына кезек ауып жүрді. Мұның бәрі Орта жүз халқының сонша әсер етпей қойған жоқ біреулері қаза тапты, епді біреулері атамекенмен асыға қоштасты. Орта жүз аумағынан тыс жерлерге жайылым іздеп көшіп кетудің де көрінісі аз болған жоқ: Сібірге, одан әрі Монғолияға, Қытайға, ұлы жүз бен Кіші жүз жеріне қоныс аударды. Орта жүздегі халық санының кемуін тек осындай жағдайлармен ғана түсіндіруге болады. XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда облыстар бойынша әкімшілік-аумақтық бөлініс енгізілді (1866, 1891 жылдардағы реформалар). Орта жүз қазақтары Семей және Ақмола облыстарының құрамына енді, олар Жетісу облысының Лепсі уезінде, Торғай облысының Қостанай, Торғай уездерінде халықтың едәуір көпшілігі болды. Орта жүз тайпаларының өкілдері азынаулақ топтар болып Торғай, Сырдария облыстарының кейбір уездеріне де қоныстанды.

Сонымен, негізінен Орта жүз қазақтары енген екі облыста 130 болыс, 1048 старшын, 183 668 шаңырақ болған. 1889 жылғы санақ бойынша, Семей облысында 519 887 қазақ, Ақмола облысында 466 364 адам болған, ал бір кезде Орта жүз тайпаларының иелігі болған аумақта барлығы 985 251 қазақ тұрған. 1897 жылғы санақ бойынша, халық саны көбейіп, Ақмола облысында 682 608, Семей облысында 684 590, барлығы 1 267 198 қазақ тұрған. Ресейден келген қоныстанушыларды да айтпай кетуге болмайды, олардың жартысынан көбі (52,2%) Ақмола облысына, 10 пайызы Семей облысына келді. Түрлі жылдардағы қазақтар мен келімсектер үлес салмағының өсуі мен санының өсу қарқыпын білгісі келгендерге Н. Е. Бекмаханованың зерттеулеріне жүгінуді ұсынамыз. Алайда, қарастырылып отырған облыстарда келімсектер санының өсуіне байланысты жергілікті халыңтың үлес салмағы төмендегеннің өзінде қазақтар саны 1897 жылғы деңгейінен сәл кем болып қалды. Ақмола облысында 1917 жылы 524,5 мың қазақ тұрды, ал олардың үлес салмағы облыстың бүкіл халқына шаққанда, 33,03% болды.

Семей облысында бұл көрсеткіш 630,3 мың, 67,39%. Сонымен, XIX ғасырдың екінші жартысы XX ғасырдың басында қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымында түбірлі бетбұрыс болған дейміз. Қазақтардың рулық-тайпалық бөлінісі ескіріп, олар қоғамның экономикалық және рухани өмірінде айқындаушы рөл атқарудан қалды. Руы, тайпасы, жүзі ендігі жерде XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың бірінші жартысындағыдай үлкен мәнге ие бола алмайды. Жыл өткен сайын оның орнына көршілестік қауым орныға түсіп, белгілі бір жер учаскесін (жайылымды, егістікті) пайдалану құқығы нығайған. Көшу жолы қысқарып, маусымдық жайылымның кейбір түрлері жойылады, ең жақсы дегенде қыстаудан оған жақын орналасқан жайлауға ғана кошетін болған. Мұндай өмір салтын жартылай отырықшылық деп атауға болады, өйткені мал шаруашылығы ерекшеліктерінің өзі-ақ көшпеліпі өз малын жайылымға айдауға мәжбүр етті.

Бірақ жыл откен сайын халық шөп шабуға икемделе түсті, өйткені қыста малды онсыз жем шөппен қамтамасыз ету мүмкін еместі; егістік пен егіншілер үлесі көбейе берді, өйткені мал өнімдерінің өсімдік шаруашылығы өпімдеріне алмастырылуы кеми бастаған (олардың оздеріне де жетіспейді ғой), сөйтіп қазақтар өздерінің омір сүруі үшін қосымша өнім ретінде қолөнерімен де айналысатын болды. Осының бәрі кошпелілердің XVIII-XIX ғасырдың басына тон болған жаппай көшуінің ғана емес, шағын топтары көшуінің де тоқтауыпда зор рөл атқарды. XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында қазақ рулары мен тайпаларының орналасуын көрсеткен кезде мұқият ескерілуге тиіс басты айырмашылық осында. Қазақ қоғамының әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріндегі өзгерістерді назарға алмайынша, қазақ тайпалары орналасуының толық көрінісін беру мүмкін емес және бұл өзгерістер түрлі дәуірлер үшін нақтылай түсуді қажет етеді.


Ал, жалпы алғанда, қазақтың төл шежіресін, әр ру мен әр үш жүздің қалай және кімнен тарағанын білгіңіз келсе, Алаш Орда үкіметінің мүшесі, тілші Кәрім Бәтішұлының 1911 жылы «Айқап» журналына жазған «Қазақ шежіресі» атты туындысын шолып шығуыңызға болады.


ҚАЗАҚ ШЕЖІРЕСІ


Түрік нәсілінен «Алаш есімді бай һәм балалары көп бақытты бір адам Алаша ханның заманында мәшһүр адамдардан саналып тұрыпты. Сол заманнан қалған бір сөз бар: «Алаш алаш болғанда, Алаш хан болғанда, таңбасыз тай енсіз қой болғанда» деген.


Алаштан екі бала туған Сейілхан, Жәйілхан деген. Жәйілханнан - Майқы би. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы - Майқы би» деген сөз бар. Майқы биден - Өзбек, Сыбиян. «Өзбек - аз ағам, сарт - садағам» деген сөз осыдан қалған. Сыбияннан, Айырқалпақтан - Қазақ, Созақ. Созақтан - Қарақалпақ.


Қазақтан үш бала туады. Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс. Бұлардың әрқайсылары бай һәм мәшһүр адамдар болған. Нәсіл, несіптері көп болып, тап-табымен барып Қаратау деген жерге шәһәр болып, бірнеше жыл отырыпты. Үлкеніне қараған елді «Ұлы жүз», ортаншысына қараған елді «Орта жүз», кішісіне қараған елді «Кіші жүз» деп атаған. Кәдімгі таудың арғы жүзі, бергі жүзі деген секілді. Мұнан біраз заман өткен соң бұларға жеті жыл тұтас ашаршылық келген. Еңкейген кәрі, еңбектеген жас өле бастаған соң бұлар бас қосып, ойласып, тұс-тұсына бытырап күн көруге, әуелде таудың оңтүстігінде - өзінің отырған жағына ұлы жүз, күншығыс жаққа орта жүз, кіші жүз өзінің отырған күнбатыс жағына, әрқайсысы өзінің туған-туысына кетіп күн көрмекші болып, жиылып амандасып тараған. Бұл жиылып тұрған жерде бір өлеңші зарлық етіп, үш ауыз өлең айтқан. Сөздің басы осы:


Қаратаудың басынан көш келеді,


Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.


Қарындастан айырылған жаман екен,


Қара көзден мөлдіреп жай келеді.


Мына заман, қай заман, бағы заман,


Баяғыдай бола ма тағы заман?!


Атадан ұл, енеден қыз айырылды,


Көздің жасын көл-дария ағызамын.


Мына заман, қай заман, қысқан заман.


Бақыт құсы басыңнан ұшқан заман.


Топырақ пен аспаннан шаң борайды,


Қаңтардағы күн суық қыстан жаман.


Бізге қысым көрсеттің қатты, Құдай,


Қабырғама қара жер батты, Құдай.


Жаяу жүрсем, табаным ауырады,


Тым болмаса, бермедің атты, Құдай!


«Қаратау» деген өлеңді «Мен қазақ» деген заттың бәрі біледі.


Ұлы жүз Ақарыстан екі бала - Үйсін, Дулат. Үйсіннен төрт бала - Шаңышқылы, Қаңлы, Ошақты, Іргенекті. Дулаттан төрт бала - Ботбай, Шымыр, Сиқым, Жаныс.


Орта жүз Жанарыстан жеті бала - Тарақты, Арғын, Қыпшақ, Найман, Қоңырат, Керей, Уақ. Әр атаның баласы соңғыларын өздері білу міндет. Міне, бұл жерде Қыпшақты жазамын. Жанарыстан - Ақтымсопы, онан Қыпшақ, онан Ақкөбік алып, одан Солым алып, онан Мүйізді сары абыз, онан үш бала - Қара, Құла, Сары. Қараның әулеті Қарақыпшақ атанады. Сарының әулеті Қытайқыпшақ атанады. Яғни қоныстары Қытай қолтығында болғандықтан, Құланың балалары Құланқыпшақ атанады.


Жоғарғы айтылған Қарадан Құланды, онан Тоқтар, онан бес бала туады: Бұлтың, Торы, Ұзын, Қарабалық, Көлденең.


Кіші жүз Бекарыстан Алшын туады, онан Алау батыр, онан Құдуар тентек. Ақылың болса, ала байтал соға шап деген нақыл осы кісіден қалған екен. Құдуардан екі бала - Қыдырқожа, лақабы «Бай», Қаракесек. Қыдырқожадан он екі бала - Қыдырсиық, Бақытсиық, Сұлтансиық, Есентемір, Асық, Қызылқұрт, Масқара, Таздар, Алтын, Жаппас, Адай, Беріш.


Қаракесектен - Әлім, Шөмен, Кете, Ожырай, Әлімнен Төртқара, Шекті. Шөменнен - Аспан, Бозғұл, Тоқа, Көнен. Кіші жүзге қосылған жеті рулар: Жағалбайлы, Тілеу, Тама, Табын, Кердері, Керейт, Рамадан.


Бұл - Алаштың барлық қазақтың атасы екендігінің куәсі. Бұрын қазақ бөтен халықпен шектессе, біреуі «Алаш» деген ұранды шақырса, бәрі бірыңғай болып, тез жиылып, тілек қосып қалады екен. Бұл сөздер — біздің бұрынғы кәрілерден естіген сөздер. Қадірі хал білгенімізді жаздық. Мұнан артық білушілер болса, білгенін ішіне сақтамас, халыққа жазып білдірер деп үміт етеміз.


Шежире для русскоязычных казахов


Шежире (каз. шежіре) — генеалогическая родословная у казахов и кипчакских народов, например, татар и башкир. Как правило представляет собой письменное или устное перечисление предков по прямой мужской линии.


Также распространен синонимический вариант шежире — Жети-Ата (букв. перевод с казахского — семь дедов). Считается, что знание шежире (или своих предков до седьмого колена) является обязательным для каждого казаха. Это позволяет избежать близкородственных браков.


Казахи и шежире


Отношение казахов к шежире является сакральным. Многие современные казахи пытаются восстановить свои корни и очень серьёзно изучают свою родословную. Согласно древним традициям, род у казахов передается через мужскую линию. Но иногда в эти записи включают и наиболее выдающихся женщин. Кроме имён эти записи содержат биографии, историю и географию наиболее значимых событий, легенды.


Современные шежире


Массовое увлечение казахами шежире выражается в издании многотомников с перечислением всех членов определенного рода. Например, такие большие роды как Найманы, Дулаты, Албаны, Байулы или Алимулы могут насчитывать до одного миллиона человек только в составе казахов, не учитывая другие народности, они могут иметь несколько измененные названия (Дулу→Дуглат→Дулат). Для сравнения численность Аргынов превышает миллион, а с учётом неказахских Аргынов составляется несколько миллионов. Книги с перечислением шежире могут составлять 3 и более томов.


Шежире состоит из трех жузов


Старший жуз


Айдарлы


Акарыс


Аксакал


Албан


Алыбай


Асан


Байдибек


Байдолла


Байтерек


Бактияр


Беимбет


Бирманак


Ботбай


Дулат


Ескельды


Жалайыр


Жалманбет


Жансакал


Жаныс


Жаримбет


Жарыкшак


Жолдаболды


Ибраиым


Іле


Калыбай


Канлы


Караш


Кейкі би


Когам


Куйылдар


Курті


Меайкы


Мекрейіл


Ойсыл


Ошакты


Сакалды


Сары


Сарыуйсін


Сіргелі


Суан


Сыйкым


Сырманак


Толыбай


Узынсакал


Уйсіл


Шанышкылы


Шапырашты


Шегир


Шуманак


Шыбыл


Шымыр


Ысты


Средний жуз


Аргын


Атыгай


Ашамайлы


Баганалы


Базархан


Байталак


Балталы


Басентиин


Бахрам


Бегендык


Беймен


Бетке


Болаткожа


Елемес


Ергенши


Ер-Косай


Ескара


Жадик


Жаманбай


Жангулы


Жантекей


Жантели


Жастабан


Ители


Казыгул


Камбар


Канжыгалы


Карагерей


Каракас


Каракесек


Каракипчак


Карасопы


Каратай


Караул


Карауыл


Кенсадак


Керей


Кетбуга


Китайкипчак


Кокжарлы


Коккоз


Конырат


Котенши


Куандык


Куланкипчак


Кылдыбатыр


Кыпшак


Мадьяр


Матай


Мейрам


Меркит


Молкы


Мулкиаман


Наганай


Найман


Садыр


Сарман


Сарысопы


Суиндык


Суйениш


Таракты


Тобыкты


Токпак


Токтамыс


Тортеуыл


Тортул


Торыкипчак


Уак


Шегендык


Шеруши


Шимойлы


Шубарайгыр


Шубыртпалы


Младший жуз


Адай


Алаша


Алимулы


Алтын


Байбакты


Байсары


Байулы


Баксиик


Бериш


Есентемир


Жагалбайлы


Жаппас


Жетыру


Каракесек


Карасакал


Кердери


Кереит


Кете


Маскар


Ногай-казак


Рамадан


Султансиик


Табын


Таз


Тама


Тана


Телеу


Торткара


Шекты


Шенеш


Шеркеш


Шумекей


Ысык


Возникновение 3-х жузов


Вопрос о жузах также является не вполне решенным.


В определении самого термина «жуз» большинство историков считают его объдинением казахских родов и племен. Само слово «жуз» переводят как «ветвь», «часть», «сотня». Сложным является вопрос о причинах и времени образования жузов.


Деление этноса на части типа жузов имело место в истории ряда народов (древнеримские трибы-племя, у северо-американских племен - тройственные союзы), но до настоящего времени оно сохранилось только у казахов.


Причины образования жузов:


1. Хозяйственно-экономические условия, кочевой образ жизни(С. Асфендияров, М. Вяткин, В. Бартольд). Деление территории Казахстана для кочевого скотоводства на три естественно-географические области: западную - на р.Урал; среднюю - на реке Сарысу, Чу, низовья Сыр-Дарьи, по Ишиму, Тоболу и Иртышу, и восточную - в Джетысу.


2. Природно-географические (территориальные) факторы.


3. Военно-политические факторы (для защиты).


4. Исторические традиции (деление племен на западное, восточное крыло, центр - еще с хуннов, тюрков, монголов и тд.).


Помимо научных объяснений имеются различные легенды по поводу происхождения жузов. (отражают события с VIII века и ранее).


Жузы имеют названия: Старший (Великий), Средний и Младший. Значение такой иерархии тоже объясняют по-разному. В частности, Великим считается жуз по его древнему происхождению, он - прародина всех племен; Младшим – потому, что он оформился позднее всех.


Территории и основные роды и племена, составляющие жузы:


Старший жуз - это Семиречье и Южный Казахстан - сарыуйсін, дулаты, жалаиры, канлы и др.


Средний жуз - Восточный, Северный и Центральный Казахстан - аргыны, кыпчаки, найманы, кереи и т.д.


Младший жуз - Западный Казахстан - алимулы, байулы, жетыру и др.


Когда образовались жузы? По разному трактуют время образования жузов, которое относят к периоду с X в. по XVI в. (распад Западно-Тюркского каганата или три самостоятельных улуса в XV-XVI вв. положили начало казахскому ханству и др. ). Большинство склоняются к XVI веку. Однако в последнее время такая точка зрения вызывает возражение. В частности, Е. Арынов, Е. Абенов и др. сомневаются в том, что кому-то было выгодно разделить единое Казахское ханство на три части, что не части состоят из целого, а целое из частей. Таким образом, считают они, образованию Казахского ханства предшествовало по времени образование жузов.


Жузы в истории казахского народа играли важную роль в регулировании общественных (административно-территориальных, хозяйственно-экономических, политических) отношений.




Көрілген: 68935    Пікірлер: 9

дүйсенбі, 22.09.2014, 16:56

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Мамыр 2015
    Сунақ шежіресі
    29 Сәуір 2015
    АЛШЫН ШЕЖІРЕСІ
    24 Сәуір 2015
    Шежіре-Қарақалпақ
    6 Сәуір 2015
    Шежіре-Қарайымдар
    30 Наурыз 2015
    Шежіре - Бақсайыс
    20 Наурыз 2015
    Түрікмендер
    13 Наурыз 2015
    Шежіре- Сахалар
    10 Наурыз 2015
    Шежіре-Қарашайлар
    2 Наурыз 2015
    Шежіре-Құмықтар
    25 Ақпан 2015
    Шежіре-Қашқайлар
    18 Ақпан 2015
    Шежіре - Тывалар
    29 Қаңтар 2015
    Шежіре: ТӨЛЕҢГІТ
    23 Қаңтар 2015
    Өміртай шежіресі
    13 Қаңтар 2015
    Матай
    9 Қаңтар 2015
    Шежіре - АЙҚЫМ
    30 Желтоқсан 2014
    Фотосы бар материал Түркілер
    26 Желтоқсан 2014
    Кіші жүз таралымы
    22 Желтоқсан 2014
    Шежіре- Қайшылы
    20 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Қожалар
    12 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Қызылқұрт руы
    12 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Масқар
    10 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Таз
    9 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Жетімдер
    6 Желтоқсан 2014
    Шежіре — Бура
    4 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Шыбыл руы
    3 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Ителі
    2 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Жәдік әулеті
    28 Қараша 2014
    Шежіре - Кердері
    25 Қараша 2014
    Шежіре - Есентемір
    24 Қараша 2014
    Шежіре - Жастабан
    21 Қараша 2014
    Шежіре - Қараш
    20 Қараша 2014
    Шежіре - Бағаналы
    19 Қараша 2014
    Шежіре - Балталы
    18 Қараша 2014
    Шежіре - Шегір
    17 Қараша 2014
    Шежіре - Жаманбай
    14 Қараша 2014
    Шежіре - Ноғай-Қазақ
    13 Қараша 2014
    Шежіре - Атығай
    12 Қараша 2014
    Шежіре - Абақ Керей
    11 Қараша 2014
    Шежіре - Шымыр
    10 Қараша 2014
    Шежіре - Ысық
    5 Қараша 2014
    Шежіре - Тобықты руы
    31 Қазан 2014
    Шежіре - Ботбай руы
    30 Қазан 2014
    Шежіре - Матай руы
    27 Қазан 2014
    Шежіре - Үйсін
    23 Қазан 2014
    Шежіре - Байбақты
    22 Қазан 2014
    Шежіре - Жаппас
    20 Қазан 2014
    Шежіре - Кете
    17 Қазан 2014
    Шежіре - Алаша
    15 Қазан 2014
    Шежіре - Шекті
    14 Қазан 2014
    Шежіре - Шөмекей
    10 Қазан 2014
    Шежіре - Табын
    8 Қазан 2014
    Шежіре - Жетіру
    7 Қазан 2014
    Шежіре - Тама руы
    6 Қазан 2014
    Беріш руы
    3 Қазан 2014
    Шежіре - Байұлы
    1 Қазан 2014
    Шежіре - Әлімұлы
    29 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Адай руы
    26 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Қыпшақ руы
    25 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Арғын руы
    24 Қыркүйек 2014
    Шежіре- Уақ руы
    22 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Қоңырат руы
    19 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Керей руы
    17 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Шапырашты руы
    15 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Шанышқылы руы
    11 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Ысты руы
    10 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Қаңлы руы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30