Шежіре

Шежіре - Тобықты руы

  • ©Алаш айнасы иллюстрациясы

    ©Алаш айнасы иллюстрациясы

Тобықты - Орта жүз Арғын тайпасының руы. Ол Арғынның екінші әйелі Момыннан туатын төртеудің бірі - Ақсопыдан тарайды. Тобықты ұрпақтары 17 ғасырдың ақырында Балқаш, Тоқырауын, Қусақ маңын, 5 болыс ел бұрынғы Семей облысының жерін мекендеген. Тобықтыдан сөзге шешен, ұрыста қайратты батыр, билер көп шыққан. Ұлан-ғайыр алып жатқан жеріне сай халқы да көп әрі дәулетті, жуан сіңір ел болған. Қалың Тобықтының ішінде өсіп, ел арасындағы дау-дамайға еріксіз араласқан Абай өз өлеңдерінде сол кезеңде атқа мініп, әкімшілік жұмыстарына араласқан би-болыстардың, халықты алдап-арбап, арын сатқан арамза қулардың оғаш мінездерін қатты сынайды. Ақын «Патша кұдай, сыйындым...» деген өлеңінде: «Қайран сөзім қор болды, Тобықтының езіне»деп напыса, Кежек байға арналған «Бөтен елде бар болса...» деп басталатын Ұзақ толғауында бірді бірге айдап салып, ел ішін алатайдай еткен алаяқ пысықтарға ренішін жасыра алмай: «Ел бүлігі Тобықты, Көп пысыққа молықты» деп ашына айыптайды. Бірақ, бұған қарап Абай бүкіл Тобықты жұртын даттап отыр деуге әсте болмайды. Ақынның қадапа сынап, қаһар төгіп отырғаны сол қалың елдің тыныштық-берекесін кетіріп біткен «ездер» мен «пысықтар». Іргелі ел атанған Тобықтының жақсылығы мен жақсыларын ақын қатты құрметтеген. Сүйікті баласы Әбдірахман мезгілсіз қайтыс болып, көңілі қайғы-шерге толған ақын «Бермеген колға, қайтесің...» деген жұбату жырында арғы қажы атасын: «Тобықтыны ел қылып, Басын жиып қурапты» деп мадақ тұтады, жаралы жүрегіне содан медеу тапқандай болады.


"Алаш айнасы" интернет-газеті халқымыздың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы – қазақ шежіресі туралы ақпараттарды кезең-кезеңімен жарияламақ. Осы арқылы үш жүздің әр руы туралы мәліметтерді топтастырып, қазақтың ортақ шежіре қорын жасап шығармақ. Егер сіздің қолыңызда өз руыңыз жайында мәліметтер болса, біздің мына: info@alashainasy.kz электронды поштамызға жіберуіңізге болады.


Осы орайда, біз Тобықты руын жан-жақты тануға арналған қарымды қаламгер, шежіреші Молдабек Жанболатұлының «Тобықты-Шыңғыстау шежіресі» атты жинағына тоқталмақпыз. Негізінен Молдабек Жанболатұлының бұл еңбегі Шәкәрім Құдайбердіұлының «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресінің» заңды жалғасы болып табылады. Кезінде қазақ қоғамы­ның көсемі Әлихан Бөкейханов қазақтың шежірешілдігінің бастауында Шәкәрім қажының шежіресінің тұруы керектігін баса атап өткен болатын. Ол жөнінде автор көптомдық шежіресінің алғашқы томында баяндап та өткен. Жалпы бұл еңбек алты томнан тұрады. Тобықты руымен жақынырақ танысқыңыз келсе «Алаш айнасы» газетінде жарияланған материалды оқып шықсаңыз болады.


Шәкәрім шежіресінің жүз жылдан кейінгі жалғасы



Кезінде заңғар жазушы М.О.Әуезов «Жер – шежіре» деп тегін айтпаған. Жер-ел-жұрт-ата баласы байланыстылығы халық­тық даналықтың қалыптасуының негізгі тағаны екені баршамызға мәлім. Шежі­ренің авторы ел тарихын жер тарихы­мен тығыз сабақтастыра отырып, тобықты руы­ның, мысалы, оның тарихи кезеңдерде бастан кешірген көші-қон үрдісін, алтын бесік атамекенге қайта оралуын тарихи дәлелді фактілермен жүгіндіреді. Тобықты руы тарихының бүкіл қазақ қоғамының XVII-XIX ғасырлардағы тарихи арнасында өрілетінін шежірені оқи отырып көз жеткіземіз. Нақтылай түсер болсақ, қазақ елінің тарихы оның әр ру, тайпаларының тарихынан түзілетінін автор айқын аң­ғартып өтеді. Түрік жұрты  тарихы­ның өзара байланыстылығы мен бірлігі идеясы бұл шежіреде нақты көрініс береді.

«Біткен іске сыншы көп» болары белгілі ғой. Әуелі көңіл риза болған табыстарына тоқталайық:

Шежіреде халық тарихын тобықты руының тарихы арқылы баяндау үлгісі аса мәнді берілген деп санаймыз. Өйткені шежіре – тарихты зерттейді, халықтың жа­ды арқылы жететін рухани қазына һәм төл тарихтың мәйегі.

Автор тайпа, ру ата ұрпағы – елдіктің бірлестік жүйесі принциптерін берік ұс­танған түпкі идеясы қазақ халқы бір атадан тарайтын біртұтас ел екендігіне баса назар аударған.

Шығарма қамтылуға тиісті объектіні толық қамтуға тырысқан. Сондықтан да ол көлемі жағынан үлкен еңбек болып шық­қан. Зepттеy жасаған тақырыбы, геог­рафиялық аймағы, қарастырған мерзімі 500 жылды қамтыған. Ол – тарих, онда сол мерзімдегі халқымыздың күрделі тағдыры жан-жақты баяндалған. Ол тек тобықты руы емес, тұтас халқымыздың тағдыр, тарихы іспетті. Шежірені тұтас оқып шыққан адам одан жалғыз тобықты руы мен Шыңғыстау өңірі емес, тұтас халқымыздың күреспен өткен өмірін танып біледі.

Ерекше мән беретін нәрсе ол шежірені жазуда тарихи-хронологиялық талдау, жалғастыру, соны сұрыптау әдістерін тиянақты түрде қолдануы оның ғылыми құндылығын арттыра түскен. Шығарманың құрылымындағы «Өткені жоқтың болашағы жоқ», «Тарих тағы­лымы», бөлімдері және пайдала­нылған дерек көздерімен «Әйгілі адамдар, елеулі есімдер» деген қосым­шалары бүкіл ең­бекті нәрлендіре түскені анық. Бұл шежіреде қаламгер әрбір қазақ­тың ру-тайпаларының өзіне ғана тән, мағынасы зор таңбалар мен ұғымдарға ие екендігіне және мұның ұғымдық, ұлттық болмысын аша түсетін біріктіруші фактор­лығына жете көңіл бөлінген.

Шежіренің жазылу ерекшелігі – ғылыми маңыздылығын жетілік кесте үлгісі арқылы әр жеті буынды (әр буын 25-30 жас аралығында) көрсетуінде деп білеміз. Әр буынның өмірлік мерзімі тарихи кезеңділіктің сатыларына сәйкестен­діріл­ген. Бұл тың жаңалық болып табылады. Оларды таңбалық жүйемен кестеде көрсетуі соның айғағы, яғни ерекше таңбалар арқылы ұғымдық-түсініктемелік көрсет­кіштерінің кестелік жүйеге нақтылық беруінде.

Сонымен қатар шежіре кестелерде замана тынысына сай кәмелетке толмаған қыз балаларды енгізуі өте орынды. Өйткені атадан туған ұрпақ ретінде әйел затын қастерлеу, келер ұрпақ анасы ретінде қай заманда болмасын, қазақтың ұлттық дәстүрі деп қаралған. Шартарапқа тараған қазақ жұрты үшін қыз балалардың шежіре кестесіне енгізілуі әбден дұрыс.

Шежіре кестесінің тағы бір ерекшелігі – қай атадан туғанына қарамастан бірыңғай негізде енгізілуінде. Ол да қазіргі заман ағымынан туындағандығы деп қарауымыз керек. Шежірешілдіктің өзі әр заманда жаңа мазмұнға ие болып отырған.

Шығарма осыншама мағыналы, ау­қымды, көлемді болуымен қатар, негізгі айтуға тиісті тақырыбының арнасынан ауытқымайды. Барлық жайды тарихи, хронологиялық реттілікпен жүйелі, сабақ­тас жалғас өмір парақтары етіп беруге талпынған. Автор өзі ұстанған «Шәкәрім қажының шежіресін дамытып, бүгінгі күнге жеткізсем» деген мұратына жеткен.

Шығарманың ерекше құндылығы әлі де жүйеленіп болмаған қазақ тарихының тарихи кезеңдері, оның тарихи-әлеуметтік мәні мен маңызына ден қояды. Ондағы жеңістер мен жеңілістерінің себебі мен салдарына өзіндік баға беріледі. Оның негізгі тұлғалары – би, батыр, шешен т.б. кемеңгер қайраткерді атайды. Олардың ел аузындағы еңбектерінің тарихи деректер­мен, құжаттармен, тұтас халық тари­хын­дағы орнымен байланысын ашуға талпынады. Негізге сүйенген тарихи құжат, әдеби шығармалар мен баспасөз деректері нақтылы көрсетіліп отырылған. Оның бәрі шежірені жалпылама аңыздар жинағы емес, көздеген нақты мақсатын орындап, ғылыми негізді шығарма дәрежесіне жеткізген.

Мәселен, әр томда орын алатын «Өт­кені жоқтың болашағы жоқ» атты бөлімін­де тобықты руының тарихы, оның би-батырлары, шешендері, кемеңгер қай­рат­керлері туралы ой-пікірлерін, тұжырым­дарын автор энциклопедиялық, жинақтық, монографиялық, мерзімді баспасөз, мұрағат-мұражай материал­дарын, ауызекі аңыз әңгімелерді тиісінше талдау-сұрыптау арқылы дәйекті, ғылыми түрде жеткізе білген.

Шежіре ғылыми тұрғыда терең әрі мағыналы жазылғанына қарамастан, көпшіліктің түсінікті қабылдауына ар­налған.

Ерекше назар аударатын жайт – еңбек көркем-әдеби шығарма, ғылыми еңбек болмағанымен, тілі жеңіл, ойы айқын, тұжырымы түйінді болып келеді. Сондықтан да ол бүгінгі тілі шорқақ, ұлттық ой-оралымдары кенжелеу ұрпақтың оқып түсінуіне жеңіл, қолайлы болып шыққан.

Мұның өзі автордың ерекше ыждағат­тылықпен мән беріп, қол жеткізген твор­честволық еңбегінің жемісін, шеберлігін танытады.

Шежіреде жер атаулары, ондағы жан-жануарлар, өсімдіктер дүниесі, қазба қазы­налары мен тарихи орындар архео­логиялық және табиғат тамашалары тізбеленген. Оның түрлі-түсті фотосуреттері мен Шыңғыстау өңірінің табиғи картасы, Абай ауданының әкімшілік картасы берілген.

Тобықты жұртының тағдыр талайына орай, карта-схемалар нақтылық масш­табтық дәлдікпен түрлі-түсті бояумен өрілген.

Мұның бәрі шежіренің көркемдігін, ғылыми жүйелілігін арттырып, тарихи, тәрбиелік қуатын көтерген.

Автор көп жылдар бойы жинап, зерт­теп жариялап келе жатқан халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, ою-өрнек үлгісі, өнері мен мәдени мұрасы, тұрмыстық дағды-тағылымы шығармада кеңінен сөз болады. Оның озық  үлгісі нақты ою-өрнек, түрлі-түсті фотосурет, ән-күйлерінің ноталық жазбасы, бата-тілек нұсқалары берілуі арқасында жалаң сөз, құрғақ мадақ емес, дәлелді болып келген. Бұл – өте жақсы үлгі, танымдық та, тағы­лымдық та өнеге.

Әрбір ата, әулет, ру, тайпада бар шешендік, кемеңгерлік, даналық үлгілерді жинап, бүгінгі өміріміздің қазы­насы ете білсек, бір ру-әулетті ғана емес, тұтас құрметтеп, ұрпағымыздың бойына сіңдірсек деген ой шежіренің өн бойына арқау болған. Бұл шежіренің өміршең құдіретін, ұрпақтан-ұрпаққа көшіп келе жатқан асыл қасиетін айқындай түсуге негіз болған. Шежіренің құндылығы да сонда болса керек, бұл орайда ерекше көңіл аударып, өнеге тұтар нәрсе кейбір шежіре деп жарық көріп жүрген басылымдардың цензураның жұмсақ­тығын пайдаланып, көңіліне келген, естіген аңыз әңгімелердің бәрін талдамай-талғамай, үйіп-төгіп айта салатын әдеттен аулақ болу үлгісі.

Географиялық ізденіс арнасы: Семей, Өскемен, Павлодар, Қарағанды, Көкшетау, Жезқазған, Балқаш, Қызылорда, Шым­кент, Түркістан, Жамбыл, Талдықорған, Астана-Ақмола өңірлерінің қала, ауылдық жерлерін тегіс қамтыды.

Сонымен қатар автор көршілес туысқан Өзбекстан мен Қырғызстан, Ресей елдерін де аралап, мол мағлұмат жинақтады. Осы шығарманың жазылу тарихы да жиырма екі жыл мерзімін қамтып, ол бірнеше кезеңнен тұрады. Мәселен, 1988-1995 жылдардағы алғашқы кезең материал­дарды жинап-теруге арналса, 1995-1999 ж.ж. кезең жиналған ауқымды  мұраларды сұрыптауға, қорытуға және алғашқы жазбаларды хатқа түсіруге арналды. Одан кейінгі 1999-2002 ж. кезеңінде шежірені жазу және құжат материалдарын жинақ­тауға мән берілді, ал кейінгі 2002-2004 жыл кезеңдері толықтырулар мен өзгеріс­тердің енгізілуі, жұмыстың қорытын­дысы жасалып, жарыққа шыққан мерзімі болды.

Ерлан САЙЛАУБАЕВ, тарих ғылымының докторы


Ал, жалпы алғанда, қазақтың төл шежіресін, әр ру мен әр үш жүздің қалай және кімнен тарағанын білгіңіз келсе, Алаш Орда үкіметінің мүшесі, тілші Кәрім Бәтішұлының 1911 жылы «Айқап» журналына жазған «Қазақ шежіресі» атты туындысын шолып шығуыңызға болады.


ҚАЗАҚ ШЕЖІРЕСІ

Түрік нәсілінен «Алаш есімді бай һәм балалары көп бақытты бір адам Алаша ханның заманында мәшһүр адамдардан саналып тұрыпты. Сол заманнан қалған бір сөз бар: «Алаш алаш болғанда, Алаш хан болғанда, таңбасыз тай енсіз қой болғанда» деген.

Алаштан екі бала туған Сейілхан, Жәйілхан деген. Жәйілханнан - Майқы би. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы - Майқы би» деген сөз бар. Майқы биден - Өзбек, Сыбиян. «Өзбек - аз ағам, сарт - садағам» деген сөз осыдан қалған. Сыбияннан, Айырқалпақтан - Қазақ, Созақ. Созақтан - Қарақалпақ.

Қазақтан үш бала туады. Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс. Бұлардың әрқайсылары бай һәм мәшһүр адамдар болған. Нәсіл, несіптері көп болып, тап-табымен барып Қаратау деген жерге шәһәр болып, бірнеше жыл отырыпты. Үлкеніне қараған елді «Ұлы жүз», ортаншысына қараған елді «Орта жүз», кішісіне қараған елді «Кіші жүз» деп атаған. Кәдімгі таудың арғы жүзі, бергі жүзі деген секілді. Мұнан біраз заман өткен соң бұларға жеті жыл тұтас ашаршылық келген. Еңкейген кәрі, еңбектеген жас өле бастаған соң бұлар бас қосып, ойласып, тұс-тұсына бытырап күн көруге, әуелде таудың оңтүстігінде - өзінің отырған жағына ұлы жүз, күншығыс жаққа орта жүз, кіші жүз өзінің отырған күнбатыс жағына, әрқайсысы өзінің туған-туысына кетіп күн көрмекші болып, жиылып амандасып тараған. Бұл жиылып тұрған жерде бір өлеңші зарлық етіп, үш ауыз өлең айтқан. Сөздің басы осы:


Қаратаудың басынан көш келеді,

Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.

Қарындастан айырылған жаман екен,

Қара көзден мөлдіреп жай келеді.

Мына заман, қай заман, бағы заман,

Баяғыдай бола ма тағы заман?!

Атадан ұл, енеден қыз айырылды,

Көздің жасын көл-дария ағызамын.

Мына заман, қай заман, қысқан заман.

Бақыт құсы басыңнан ұшқан заман.

Топырақ пен аспаннан шаң борайды,

Қаңтардағы күн суық қыстан жаман.

Бізге қысым көрсеттің қатты, Құдай,

Қабырғама қара жер батты, Құдай.

Жаяу жүрсем, табаным ауырады,

Тым болмаса, бермедің атты, Құдай!

«Қаратау» деген өлеңді «Мен қазақ» деген заттың бәрі біледі.

Ұлы жүз Ақарыстан екі бала - Үйсін, Дулат. Үйсіннен төрт бала - Шаңышқылы, Қаңлы, Ошақты, Іргенекті. Дулаттан төрт бала - Ботбай, Шымыр, Сиқым, Жаныс.

Орта жүз Жанарыстан жеті бала - Тарақты, Арғын, Қыпшақ, Найман, Қоңырат, Керей, Уақ. Әр атаның баласы соңғыларын өздері білу міндет. Міне, бұл жерде Қыпшақты жазамын. Жанарыстан - Ақтымсопы, онан Қыпшақ, онан Ақкөбік алып, одан Солым алып, онан Мүйізді сары абыз, онан үш бала - Қара, Құла, Сары. Қараның әулеті Қарақыпшақ атанады. Сарының әулеті Қытайқыпшақ атанады. Яғни қоныстары Қытай қолтығында болғандықтан, Құланың балалары Құланқыпшақ атанады.

Жоғарғы айтылған Қарадан Құланды, онан Тоқтар, онан бес бала туады: Бұлтың, Торы, Ұзын, Қарабалық, Көлденең.

Кіші жүз Бекарыстан Алшын туады, онан Алау батыр, онан Құдуар тентек. Ақылың болса, ала байтал соға шап деген нақыл осы кісіден қалған екен. Құдуардан екі бала - Қыдырқожа, лақабы «Бай», Қаракесек. Қыдырқожадан он екі бала - Қыдырсиық, Бақытсиық, Сұлтансиық, Есентемір, Асық, Қызылқұрт, Масқара, Таздар, Алтын, Жаппас, Адай, Беріш.

Қаракесектен - Әлім, Шөмен, Кете, Ожырай, Әлімнен Төртқара, Шекті. Шөменнен - Аспан, Бозғұл, Тоқа, Көнен. Кіші жүзге қосылған жеті рулар: Жағалбайлы, Тілеу, Тама, Табын, Кердері, Керейт, Рамадан.

Бұл - Алаштың барлық қазақтың атасы екендігінің куәсі. Бұрын қазақ бөтен халықпен шектессе, біреуі «Алаш» деген ұранды шақырса, бәрі бірыңғай болып, тез жиылып, тілек қосып қалады екен. Бұл сөздер — біздің бұрынғы кәрілерден естіген сөздер. Қадірі хал білгенімізді жаздық. Мұнан артық білушілер болса, білгенін ішіне сақтамас, халыққа жазып білдірер деп үміт етеміз.



Шежире для русскоязычных казахов

Шежире (каз. шежіре) — генеалогическая родословная у казахов и кипчакских народов, например, татар и башкир. Как правило представляет собой письменное или устное перечисление предков по прямой мужской линии.

Также распространен синонимический вариант шежире — Жети-Ата (букв. перевод с казахского — семь дедов). Считается, что знание шежире (или своих предков до седьмого колена) является обязательным для каждого казаха. Это позволяет избежать близкородственных браков.


Казахи и шежире

Отношение казахов к шежире является сакральным. Многие современные казахи пытаются восстановить свои корни и очень серьёзно изучают свою родословную. Согласно древним традициям, род у казахов передается через мужскую линию. Но иногда в эти записи включают и наиболее выдающихся женщин. Кроме имён эти записи содержат биографии, историю и географию наиболее значимых событий, легенды.


Современные шежире

Массовое увлечение казахами шежире выражается в издании многотомников с перечислением всех членов определенного рода. Например, такие большие роды как Найманы, Дулаты, Албаны, Байулы или Алимулы могут насчитывать до одного миллиона человек только в составе казахов, не учитывая другие народности, они могут иметь несколько измененные названия (Дулу→Дуглат→Дулат). Для сравнения численность Аргынов превышает миллион, а с учётом неказахских Аргынов составляется несколько миллионов. Книги с перечислением шежире могут составлять 3 и более томов.


Шежире состоит из трех жузов


Старший жуз


Айдарлы

Акарыс

Аксакал

Албан

Алыбай

Асан

Байдибек

Байдолла

Байтерек

Бактияр

Беимбет

Бирманак

Ботбай

Дулат

Ескельды

Жалайыр

Жалманбет

Жансакал

Жаныс

Жаримбет

Жарыкшак

Жолдаболды

Ибраиым

Іле

Калыбай

Канлы

Караш

Кейкі би

Когам

Куйылдар

Курті

Меайкы

Мекрейіл

Ойсыл

Ошакты

Сакалды

Сары

Сарыуйсін

Сіргелі

Суан

Сыйкым

Сырманак

Толыбай

Узынсакал

Уйсіл

Шанышкылы

Шапырашты

Шегир

Шуманак

Шыбыл

Шымыр

Ысты


Средний жуз


Аргын

Атыгай

Ашамайлы

Баганалы

Базархан

Байталак

Балталы

Басентиин

Бахрам

Бегендык

Беймен

Бетке

Болаткожа

Елемес

Ергенши

Ер-Косай

Ескара

Жадик

Жаманбай

Жангулы

Жантекей

Жантели

Жастабан

Ители

Казыгул

Камбар

Канжыгалы

Карагерей

Каракас

Каракесек

Каракипчак

Карасопы

Каратай

Караул

Карауыл

Кенсадак

Керей

Кетбуга

Китайкипчак

Кокжарлы

Коккоз

Конырат

Котенши

Куандык

Куланкипчак

Кылдыбатыр

Кыпшак

Мадьяр

Матай

Мейрам

Меркит

Молкы

Мулкиаман

Наганай

Найман

Садыр

Сарман

Сарысопы

Суиндык

Суйениш

Таракты

Тобыкты

Токпак

Токтамыс

Тортеуыл

Тортул

Торыкипчак

Уак

Шегендык

Шеруши

Шимойлы

Шубарайгыр

Шубыртпалы


Младший жуз


Адай

Алаша

Алимулы

Алтын

Байбакты

Байсары

Байулы

Баксиик

Бериш

Есентемир

Жагалбайлы

Жаппас

Жетыру

Каракесек

Карасакал

Кердери

Кереит

Кете

Маскар

Ногай-казак

Рамадан

Султансиик

Табын

Таз

Тама

Тана

Телеу

Торткара

Шекты

Шенеш

Шеркеш

Шумекей

Ысык


Возникновение 3-х жузов

Вопрос о жузах также является не вполне решенным.

В определении самого термина «жуз» большинство историков считают его объдинением казахских родов и племен. Само слово «жуз» переводят как «ветвь», «часть», «сотня». Сложным является вопрос о причинах и времени образования жузов.

Деление этноса на части типа жузов имело место в истории ряда народов (древнеримские трибы-племя, у северо-американских племен - тройственные союзы), но до настоящего времени оно сохранилось только у казахов.

Причины образования жузов:

1. Хозяйственно-экономические условия, кочевой образ жизни(С. Асфендияров, М. Вяткин, В. Бартольд). Деление территории Казахстана для кочевого скотоводства на три естественно-географические области: западную - на р.Урал; среднюю - на реке Сарысу, Чу, низовья Сыр-Дарьи, по Ишиму, Тоболу и Иртышу, и восточную - в Джетысу.


2. Природно-географические (территориальные) факторы.


3. Военно-политические факторы (для защиты).


4. Исторические традиции (деление племен на западное, восточное крыло, центр - еще с хуннов, тюрков, монголов и тд.).


Помимо научных объяснений имеются различные легенды по поводу происхождения жузов. (отражают события с VIII века и ранее).


Жузы имеют названия: Старший (Великий), Средний и Младший. Значение такой иерархии тоже объясняют по-разному. В частности, Великим считается жуз по его древнему происхождению, он - прародина всех племен; Младшим – потому, что он оформился позднее всех.


Территории и основные роды и племена, составляющие жузы:


Старший жуз - это Семиречье и Южный Казахстан - сарыуйсін, дулаты, жалаиры, канлы и др.


Средний жуз - Восточный, Северный и Центральный Казахстан - аргыны, кыпчаки, найманы, кереи и т.д.


Младший жуз - Западный Казахстан - алимулы, байулы, жетыру и др.


Когда образовались жузы? По разному трактуют время образования жузов, которое относят к периоду с X в. по XVI в. (распад Западно-Тюркского каганата или три самостоятельных улуса в XV-XVI вв. положили начало казахскому ханству и др. ). Большинство склоняются к XVI веку. Однако в последнее время такая точка зрения вызывает возражение. В частности, Е. Арынов, Е. Абенов и др. сомневаются в том, что кому-то было выгодно разделить единое Казахское ханство на три части, что не части состоят из целого, а целое из частей. Таким образом, считают они, образованию Казахского ханства предшествовало по времени образование жузов.


Жузы в истории казахского народа играли важную роль в регулировании общественных (административно-территориальных, хозяйственно-экономических, политических) отношений.




Көрілген: 31114    Пікірлер: 3

сәрсенбі, 05.11.2014, 16:32

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Мамыр 2015
    Сунақ шежіресі
    29 Сәуір 2015
    АЛШЫН ШЕЖІРЕСІ
    24 Сәуір 2015
    Шежіре-Қарақалпақ
    6 Сәуір 2015
    Шежіре-Қарайымдар
    30 Наурыз 2015
    Шежіре - Бақсайыс
    20 Наурыз 2015
    Түрікмендер
    13 Наурыз 2015
    Шежіре- Сахалар
    10 Наурыз 2015
    Шежіре-Қарашайлар
    2 Наурыз 2015
    Шежіре-Құмықтар
    25 Ақпан 2015
    Шежіре-Қашқайлар
    18 Ақпан 2015
    Шежіре - Тывалар
    29 Қаңтар 2015
    Шежіре: ТӨЛЕҢГІТ
    23 Қаңтар 2015
    Өміртай шежіресі
    13 Қаңтар 2015
    Матай
    9 Қаңтар 2015
    Шежіре - АЙҚЫМ
    30 Желтоқсан 2014
    Фотосы бар материал Түркілер
    26 Желтоқсан 2014
    Кіші жүз таралымы
    22 Желтоқсан 2014
    Шежіре- Қайшылы
    20 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Қожалар
    12 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Қызылқұрт руы
    12 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Масқар
    10 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Таз
    9 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Жетімдер
    6 Желтоқсан 2014
    Шежіре — Бура
    4 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Шыбыл руы
    3 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Ителі
    2 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Жәдік әулеті
    28 Қараша 2014
    Шежіре - Кердері
    25 Қараша 2014
    Шежіре - Есентемір
    24 Қараша 2014
    Шежіре - Жастабан
    21 Қараша 2014
    Шежіре - Қараш
    20 Қараша 2014
    Шежіре - Бағаналы
    19 Қараша 2014
    Шежіре - Балталы
    18 Қараша 2014
    Шежіре - Шегір
    17 Қараша 2014
    Шежіре - Жаманбай
    14 Қараша 2014
    Шежіре - Ноғай-Қазақ
    13 Қараша 2014
    Шежіре - Атығай
    12 Қараша 2014
    Шежіре - Абақ Керей
    11 Қараша 2014
    Шежіре - Шымыр
    10 Қараша 2014
    Шежіре - Ысық
    5 Қараша 2014
    Шежіре - Тобықты руы
    31 Қазан 2014
    Шежіре - Ботбай руы
    30 Қазан 2014
    Шежіре - Матай руы
    27 Қазан 2014
    Шежіре - Үйсін
    23 Қазан 2014
    Шежіре - Байбақты
    22 Қазан 2014
    Шежіре - Жаппас
    20 Қазан 2014
    Шежіре - Кете
    17 Қазан 2014
    Шежіре - Алаша
    15 Қазан 2014
    Шежіре - Шекті
    14 Қазан 2014
    Шежіре - Шөмекей
    10 Қазан 2014
    Шежіре - Табын
    8 Қазан 2014
    Шежіре - Жетіру
    7 Қазан 2014
    Шежіре - Тама руы
    6 Қазан 2014
    Беріш руы
    3 Қазан 2014
    Шежіре - Байұлы
    1 Қазан 2014
    Шежіре - Әлімұлы
    29 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Адай руы
    26 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Қыпшақ руы
    25 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Арғын руы
    24 Қыркүйек 2014
    Шежіре- Уақ руы
    22 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Қоңырат руы
    19 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Керей руы
    17 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Шапырашты руы
    15 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Шанышқылы руы
    11 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Ысты руы
    10 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Қаңлы руы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31