Шежіре - Бақсайыс

Шежіре - Бақсайыс

БАҚСАЙЫС, Бақшайыш (8 ғасырдың соңыңда), сопылық ағымының ірі өкілі, Әуезовтің арғы аталарының бірі. Бақсайыстың шыққан тегі араб халифатының төртінші халифы Әзірет Әлінің баласы Мұхаметханафияға барып тіреледі.

"Алаш айнасы" интернет-газеті халқымыздың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы – қазақ шежіресі туралы ақпараттарды кезең-кезеңімен жарияламақ. Осы арқылы үш жүздің әр руы туралы мәліметтерді топтастырып, қазақтың ортақ шежіре қорын жасап шығармақ. Одан бөлек шежіре айдарында түркі тілдес елдердің де шежіресі көрініс табатын болады. Егер сіздің қолыңызда өз руыңыз жайында мәліметтер болса, біздің мына: info@alashainasy.kz электронды поштамызға жіберуіңізге болады.

Қожа Ахмет Йасауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы тарих және этнофилология ғылыми-зерттеу орталығының қолжазба қорында Созақ ауданынан табылып сақталып келе жатқан «Темірнама» деп аталатын қолжазбада Ферғана мен Құжанттағы шейх Камаладдиннің баласы Насреддин еді деген дерек-мағлұмат беріледі. Осы Насреддиннің Сайд ата қойған лақап аты «Бақсайыс» еді деп беріледі. Сайд ата Бақсайысты жеті жасында Дешті Қыпшаққа халифа әрі пір етіп тағайындайды. Осы себепті Дешті Қыпшақтың ханы Бақсайысты Қысырау деген кісінің кызына үйлеңдіреді. Бақсайыс Сайд атаның шәкірті. Сайд атаның өзі Айқожа ишаннын (лақап аты Зәңгі ата) шәкірті, Зәңгі ата С. Бақырғанидың (Хакім ата) шәкірті. С. Бақырғанидың өзі Қожа Ахмет Йасауи хазіреттің шәкірті болатын. Әуезов Диваевтың «Өзбектер тегінің шығуы жөнінде аңыз» деп аталатын зерттеу еңбегінде: «Бақшайыш ата қыпшақ руынан» еді деп мағлұмат беретіні бар. Бұл дерек Сайд атаның Бақсайысты Дешті Қыпшаққа пір сайлады деген пікірімен сабақтасып жататын жақтары да бар. Ал 8 ғ-да араб тіліндегі нұсқадан түрік тіліне аударған Йасауидің ағасы Садыр шайхтың немересі Сафи ад-Дин Орын Қойлақыдан қалған қолжазба «Насабнама» деп аталады. Осы колжазба 1992 ж. жеке кітап болып,Түркістан қаласындағы «Мұра» баспасынан басылым көрді. Осы аталмыш кітапта да Бақсайыс (Бақшайыш) Садыр шаһтың шөбересі еді деп көрсетіледі.[1]

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста