Шежіре: "Моңғолдың құпия шежіресінің" жазылуы, таралуы және қазақша нұсқасымен салыстырылуы

Шежіре: "Моңғолдың құпия шежіресінің" жазылуы, таралуы және қазақша нұсқасымен салыстырылуы

 Бірінші «Моңғолдың құпия шежіресінің» аударылуы
«Моңғолдың құпия шежіресі» кейде «Юан патшалығының құпия шежіресі» деп те аталады. «Юан тарихындағы» моңғолша дыбыстық аудармасы «топча», ханзуша «ел тарихы»  деп аударылған. Бұл кітапты кезінде Моңғолия қазақтары да қазақ тіліне аударып жариялаған. Бірақ ғылым саласындағылар оның  түп нұсқаға қайшы келетінін көрсетіп , мұны «Моңғұлдың құпия шежіресі» дегеннен «моңғолдың тарихына қатысты аңыздардың аудармасы» деген жөн деп те қаралған. 1992 жылы аталмыш кітаптың қазақша нұсқасы ұлттар баспасында Олзвой Төрбат, Мыркамал Жәлелханұлы, Әбдірешит Тойлыбайұлының аудармасымен жарық көрген. Олар Даур Унтибудың 1979 жылы Ішкі моңғол халық баспасы жағынан жарық көрген «Моңғолдың құпия шежіресінің» жаңаша аударған нұсқасын негізге алғандай болғанымен, аудармашылар да, баспа қызметкерлері де тағы қай нұсқаға негізделіп аударылғаны жайлы анық сілтеме жасамаған. Моңғолияда тұратын қазақ оқымыстысы Мағауия Сұлтанияұлының аудармасымен  әрине қазақ оқырмандары «Моңғолдың құпия шежіресімен» танысуына мұрындық болды. Кейін Абай Мауқараұлының 1998 жылы «Лу.Алтын шежіресінің» қазақша аударма нұсқасы Қазақстан ғылым баспасы жағынан жарық көрді. Ол Лувсанданзанның нұсқасына негіздеп аударған. Бұл аударма нұсқаларының барлығының өзіндік ерекшеліктері бар. Осылай дей тұрғанымызбен бұл аудармалар ту бастан-ақ  «Моңғолдың құпия шежіресін» одан ары жұмбақтап, тарих оқырмандарының түсінігін тіпті де бұлыңғырлатып жіберген. Өкінішті тұстары да жоқ емес. Мұның өзі аударма еңбектердің қадам сайын шектемеге ұшырап отыратындығын танытса керек. Өшпес шығарма ежелден бар, өшпейтін аударма жоқ. Бұл мақалада «Моңғолдың құпия шежіресінің» дүниеге келуі, таралуы, оның нарқы және ықпал-әсері жайлы мәселелер көзделді, қазақша аударма нұсқадағы олқылықтардың себеп-салдарына алғашқы қадамда зерттеу жүргізілді.
Екінші. «Моңғолдың құпия шежіресінің» кітап болып қалыптасуы
1. Көне ұйғыр хатшы ـــ бітікшілердің еңбегі
«Моңғолдың құпия шежіресі» ـــ моңғол халқы мен солтүстік сахара ұлттарының тарихи мәдениетіне қатысты шығарма. Онда Шыңғысхан әулеті мен моңғол ұлтының шаңырақ көтеруінен тартып, Өгедей ханның билік құру тарихы (кейбір мазмұндарда Өгедей ханнан кейінгі тарихи шындықтарды да қамтиды), сондай-ақ солтүстіктегі сахара ұлттарына қатысты қыруар тарихи материал, аңыз-әңгіме, салт-сана, ғұрып-ғадет, сөздік қор, мақал-мәтел, өлең-жырлар егжей-тегжейлі түсірілген. Оны қара сөзбен поэтикалық тіл емін-еркін қолданылған классикалық көркем туынды десе де болады.
«Моңғолдың құпия шежіресінің» жазылған уақыты жайлы ғалымдарда әр түрлі пікірлер бар. Мысалы, 282-тараудың соңындағы «тышқан жылы шілде айында жазылып бітті» деген мазмұнға қарағанда, түркілердің күнтізбесіндегі 12 мүшел жыл есебі бойынша «тышқан» жылына тура келетін 1228 жыл, 1240 жыл, 1252 жыл  және 1264 жылдарды көрсетеді. Қазір еліміз мамандары Ю Дажұн мырзаның «1252 жылғы тышқан жылы» деген пікіріне бейімделген рай танытады.
«Моңғолдың құпия шежіресі» көне ұйғыр бітікшілері (орда хатшылары) моңғол тіліндегі баяндауларды көне ұйғыр жазуында хатқа түсіргеннен кейін кітап болып қалыптасты. Былайша айтқанда, мұны аты белгісіз бітікшілердің тарихқа қосқан үлесі деуге болады. Әрине, содан бастап олар артына сан-санақсыз сырға толы тарихи жұмбақтарды да тастап кетті. Әсіресе «Моңғолдың құпия шежіресінің» тілі, фонетикасы, лексикасы, т.б. жақтарында олардың қалдырған ізі «мен мұндалап» көзге түседі.
Шыңғысхан терістікте шаңырақ көтергенде моңғол ұлтының жазуы жоқ екендігі жұртқа белгілі. Ол батыстағы найман Таян ханына жорық жасағанда қойынында таңбасы бар найманның қашқын уәзірі ـــ Татартонғаны тұтқынға түсіреді. “Таңбаның не қажеты бар?”  деп сұраған Шыңғысханға: “Оның қазына-мүлік пен азық-түлікті басқаруда, белді адамдарды мансапқа тағайындауда, іс атаулы сонымен ғана бітетіндігін, таңба соның куәсі екендігін”  айтады. Содан бастап “Бұйрық-жарлықтарға таңба істетілетін болыпты”  Оның үстіне Шыңғысхан Тататонғаға оң жағынан орын беріп, таңбаны қолына ұстатып “Ханзадалар мен төрелерге ұйғыр жазуын үйретуге бұйырған екен”.
Сонда моңғол ұлты ХІІІ-ғасырдың алғашқы кездерінен бастап қана тарихын өз тілінде көне ұйғыр жазуымен жаза бастағандығын айқын аңғарамыз. Дейтұрғанмен, сол тұста тарихи жағдай жөнінен алғанда, мұндай жазу тек “ханзадалар мен би-төрелер” секілді тар шеңбердегі жоғары жіктегілердің арасында ғана игерілгендігі болмаса, қарапайым моңғол жұртына жалпы беттік таралып үлгермеген-ді. Осы себепті, орданың қалың хат-қатынас істері көне ұйғыр тайпасынан немесе батыс өңірдегі рулардан шыққан көне ұйғыр жазуын игерген бітікшілердің мойынына түскен еді.
Жұңтұңның бірінші жылы (1260 жылы) Юан Шызу (Құбылай) таққа отырды да, тибеттің әйгілі келеңі(гэлэні) Басбаны ардақтап ел ұстазы тұтып, оған “Моңғұлдың жаңа жазуын жасауды бұйырды”. Жы юанның 6-жылында (1269-жылы) Басбаның моңғол жазуын жалпыластыруы үшін Құбылай бүкіл елге мынадай жарлық жариялайды: “Жазу ежелден тартып тіл орнына жұмсалып келген еді. Ірге тасы терістікте қаланған, салт-санасы қарапайым елімнің жазуы болмады, жазу істетуге тура келгенде ханзу жазуын немесе көне ұйғыр жазуын қолданып, орданың ниетін жеткізіп отырдық. Ляу, жин, сондай-ақ алыс-жақындағы елдердің жазуы бар, ел билігі қолға өткен бүгінгі кезде, ордаға жазу-сызу өте қажет, бұған даярлық болмаған. Сондықтан ел ұстазы Басбаға моңғолдың жаңа жазуын жасау, барлық жазбаны көкейге қонымды етіп аударып жазып шығу бұйырылды. Бүгіннен бастап, мемлекет хатын әкелушілер моңғолдың жаңа жазуын қолдансын, өз елінің жазуын қосымша қолдансын” (12).
Ал қазір қолданып жүрген моңғол жазуына келсек, ол бертінгі кезде ғана қалыптасып, ел арасына тараған. 1648-жылы Заябандида (Намқай Жамса) көне ұйғыр әрпі үлгісінде жасалған моңғол жазуының негізінде ойрат диалектісіне үйлесімді келетін туты жазуын жасады. Осыған қарайлас өзге аймақтарда қолданылған көне ұйғыр әрпі үлгісіндегі моңғол жазуында да өзгерістер туылып, таяу заманғы моңғол жазуы барлыққа келді. (13).
«Моңғолдың құпия шежіресі» көне ұйғыр жазуымен жазылып кітап болғаннан кейінгі жерде, Юан патшалығының ордасында құпия сақталып, жатқа таралуға тыйым салынатын (14).
Юан Шызу (Құбылай) моңғолдың жаңа жазуын жолға қойғаннан кейінгі жерде, көне ұйғырша нұсқасы ел арасына кеңінен тарап жалпыласып үлгермеді. «Моңғолдың құпия шежіресінің» кейінгі ұрпаққа жетпеуіндегі басты бір себепті осыдан қарастыруға да болар еді.
2. Юан дәуірінде барлыққа келген аудармалар мен қосымша нұсқалар.
«Юан тарихы Чаған баянында»: Чаған қартайған шағында «жынгуан жылдарындағы маңызды уақиғаларды» аударып Юан Рынзұңға тарту етеді. “Патша ағзам қабағат қуанып, оны көшіріп маңайындағыларға таратуды әрі «ғибаратты» аударуды бұйырады. Соған қоса «топшыны» ханзу тіліне аудартып, кітап атын «Шыңғысхан дәуірінің шежіресі» деп, «Жылнамалар жинағы», «Таизұңның Жин елін тыныштандыруы» секілді кітаптарды аударып, барлығын архивханаға табыс етуге жарлық береді.”
Ата мекені Балық қаласы саналатын, батыс өңірден келгендердің ұрпағы Чаған “көп елдің жазуына жаттық адам еді” (15), оның патша әмірімен аударған «Алтын топшы» атты еңбегі патшаның жарлығымен «Шыңғысхан дәуірінің шежіресі» деп аталғанымен кейінгі дәуірлерге жетпеген.
Ал «Юан тарихы. Ма Зучаң баянында»: “Арамза уәзір темдер бас уәзір кезінде асып-тасып кетіп еді, оның ел тарихын ұрлап көргендігін сезген Зучаң өзі бас болып қалған уәзірлермен бірлікте оның 10 түрлі қылмысын патшаға даттегенде, Рын Зұң қаһарланып оны уәзірліктен алып тастаған еді” деп жазылған. Осының өзінен сол тұста «Моңғолдың құпия шежіресін» оқуға қаншалық шек қойылатындығын айқын аңғаруға болады.
Осыдан соңғы Рын Зұң заманында Рын Зұң патша тақта ұзақ болмағанымен, «ел тарихын» жазуға айрықша мән берген. Уи Жи секілділер «Патшалықтардың қанатты сөздерін» құрастырып, Таң, Сұң хандықтарының «деректер жинағын» үлгі етіп, заман тарихын (16) жазу, “Ханлинюандағы тарихшыларға ата-бабасы жөніндегі «орда естелігін» жазғанда орданың мәлімдемелерінен толық пайдалансын деп неше рет жарлық берген” (17), бірақ, ханлинюандағы уәзірлер “орда естелігінде жазылған салт-сананы елге жаюға келмегенде, оның ішінде қатталған сырларды елге таратуға тіпті болмайды” (18) деп қарсы шыққан.
Жы Шұнның бірінші жылы (1330-жылы) ақпанда У Рын Зұң «заман тарихын» жаздыруды ұзаққа созылып бітпегендіктен Гұижаңкыдағы Әлен Темір, Құтлұғ дәуріштерге моңғол тілінде жазылған деректерді ханзу тіліне аударуға арнайы бұйрық түсіріп, мемлекеттің заң-закондарын ханзу тіліне аударуды (19), Шы Янди Уи Жимен бірге «патшалықтың заман шежіресін» жазуға әмір береді (20).  Ал Әлен Темірді ел тарихының жазылу жайын қадағалап отыруға міндеттейді әрі қайта-қайта тапсырып жарлық береді (21).
Жы Шұнның екінші жылы (133-жылы) көкекте, Кұйжаңгы «заман тарихын» жазу үшін Ханлинюаннан «Топшыны» алдырып, Таизудан (Шыңғысханнан) бергі істерді хатқа түсірмек болғанда, Уынзұң патша Ханлинюанның оқымыстылары Ярбұқа мен Ташғаяға жарлық береді. Ярбұқа: «Топшы» құпиялыққа қатысты, оны өзгелердің көшіріп таратуына жол қойылмайды, пақырыңыз әміріңізді орындай алмайды (22) дейді. Патша әміріне көпе-көрнеу қарсы  шығушыларға Уынзұңның өзі де амалсыз тізгін береді.
«Юан тарихы. Лұи Сычың баянында»: “Уынзұң Кұйжаңқыда ел тарихын көрмек болып әмір бергенде, төңірегінделер арнайы кітап сандығын ала жүгіреді, Құижаңқының бастығы үн қатуға бата алмайды. Мәнсабы ең төмен Сы Чың жүгініп отыра қалып: «ел тарихына» сол тұстағы адамдар мен патшалардың істеген жақсылықтары мен жауыздықтары жазылған, ежелден бері патшалар өзі алдырып оқып көрген емес, іс осымен тәмам болды” деп жазылған.
«Юан тарихы. Ю Жи баянында» тағы да былай баяндалған: ел тарихы «Топшыны» Таизудан бергі істерді толықтау үшін алдырмақ болғанда, атқарушы Таяшғая: «Топшыны» Таизудан бергі істерді толықтау үшін алдырмақ болғанда, атқарушыға Ташғая: «Топшыны» жатқа таратуға болмайды, ـــ деген. Көп ұзамай Шы Ян оралғанда, Уи Жи осы іске арнаулы жауапты екен, жыл аударылғаннан кейін кітап жазылып бітеді. Жалпы 800 кітап.
Тағы сол «Уи Жи баянында»: Уын Зұңның «Топшыны» жалғасты жазуға әмір бергендігі жөніндегі тарихи шындық жазылған. Бастабында, Уынзұң Шаңдуда тұрғанда өз ұлы Алтын Надырды хан мұрагері етпек болады. Бірақ Тоқан Темір ханзаданың сүт анасынан ханзада патшаның өз кіндігінен емес екенін біліп, оңтүстікке сүргінге жібереді. Сонан соң Ханлинюандағы ғұламасы Әлен Темірді, Кұижаңкы оқымыстысы Құтлұқ дәруіштерді ордаға алдырып, бұл істі «Топшыға» енгізуді бұйырды әрі Уи Жиды шақыртып жарлық жаздырып, ел іші-сыртына жария етті.
«Юан тарихы. Уын Зұң шежіресінде (бесінші)» тағы да мынадай деректер кездеседі: “Садыр патшаның таққа шыққаннан бергі жарлықтарын, бұйрықтарын және әр елдің тапсырған хаттарын, даттемелері мен жауап хаттарын, сондай-ақ Әлен Темір секілділердің бар пейілдерімен істеген адал еңбектерін жазуды, долайға «Моңғол топшысын» жалғасты жазып, Кұижаңкыға қоюды ұсыныс етеді, бұған патша да мақұл болады.”
Мейлі Әлен Темір мен Құтлұқ дәруіштер жалғасын жазған «Топшы» болсын, әлде Долай жалғасын жазған «Моңғол топшысы» болсын ханзу деректеріне түсіріліп, кейінгі ұрпаққа жетпегендігі айқын.
Ал Ханлинюандағы оқымыстылар Ярбұқа, Ташғаялардың патшаның жарлығына қарсы шығудан да тайынбай көрсетпей қойған «Топшысы» ـــ Уаң Го Уидың айтуы бойынша дәл бүгінгі «Юан патшалығының құпия шежіресі» (23).
3. «Әулиенің жорыққа аттануымен» салыстыру.
«Әулиенің жорыққа аттануы» кейде «Әулиенің жорыққа аттануы жайлы естелік» деп те аталады. Оны Шыңғысхан мен Өгедей хан тұсындағы моңғолдың тарихына қатысты маңызды тарихи кітап десе де болады. Ғылым саласындағылар оны «Жы Юан жылдары жазылып болған» деп қарайды. Авторы белгісіз. Бірақ «Төрт қойма кітаптың жалпы мазмұнының тізімі» мен кейбір зерттеушілердің көзқарасы бойынша «Әулиенің жорыққа аттану естелігін» Уаң Ы секілділер жазған көрінеді. «Юан тарихын» ұқыппен оқитын болсақ, бұл тұжырымның негізсіз емес екендігін байқаймыз. “Мешін жылы (1260 жылы) Юан Шызу (Құбылай) таққа отырғанда, жыл атын Жұңтұң деп қойып, тұңғыш рет Ханлинюанды құру жөнінде жарлық түсіреді” (24). ханлинюандағы жасы 70-ті желкелеген Уаң Ыға «ел тарихын» қосымша жазуды бұйырады (25). Әсілінде сонау “ұлу жылының (1244 жыл) қысында, Құбылай өз шаңырағында Жин дәуірінен қалған оқымыстыларды іздестіріп жиғанда Уаң Ыны шақыртып алады” (26). Сонымен “Уаң Ы Құбылайдың шаңырағында күтімге алынған” (27), “Шызу (Құбылай) ел билігін қолға алғаннан соң, Уаң Ы ақыл көрсеткен” (28), “жарлықтар шығарып, ереже-тізімдер жасап, соның барлығын да кесіп-пішіп отырған” (29). Ежелден ескі күніндегі Жин хандығының ханлинюандағы оқымыстысы Құбылайға жағып, оның мейіріне ерекше бөленеді. Жұңтұңның 3-жылы (1262 жылы) тамызда Құбылай «Уаң Ыға ордадағы уәзірлердің басын қосып, шежіренің жайын ақылдасуды тапсырады. Уаң Ы секілділер өткен патшалардың істерін жазып, тарих сарайына қоюды ұсыныс етеді» (30). Жұңтұңның 4-жылы (1263 жылы) көкекте “Уаң Ы Шыңғысхан жөніндегі деректерді жинап келіп тарих сарайына өткізуді ұсыныс етті” (31). Бұл кезде Уаң Ының 73 жасқа келіп, қартайған шағы еді. Ол патшаға: “Тарихтан патшалардың жеңісі мен жеңілісі, көркеюі мен құлдырауы тарихта жазылып отырған. Еліміз данышпандық құдіретімен дүниенің төрт бұрышын тыныштандырды, патша сарбаздарының ат тұяғы тиген жерлердің барлығында тізе бүкпегендер жоқ, бұл да болса алдияр тақсырдың амал-айласының ерек екендігін көрсетеді. Егерде «ел тарихын» уағында жазып бітірмесек, уақыт өте келе ұмыт болып, құрдымға кетуінен алаңдаймын. Сондықтан арнаулы орын құрып «ел тарихын» жазып, сонымен бірге Ляу, Жин тарихын да жазу керек” (32) деп даттеме айтады.
«Әулиенің жорыққа аттануы жайлы естелікте» Шыңғысханның “оң қолына асықтай қан шеңгелдеп туғандығынан” тартып, ат жалында, қанды шекпен соғыста өткен өміріндегі басты уақиғалар, арғы ата-бабаларынан тек қана Есухей жайлы аталған болып, сиыр жылы (1241 жылы) қарашаның 8-күнінде Өгедей ханның 56 жасында Өткел Хұланда қайтыс болғанға дейінгі тақта отырған 13 жылдағы уақиғалар баяндалады.
«Әулиенің жорыққа аттануы жайлы естелік» пен «Моңғолдың құпия шежіресін» салыстырғанда, олардың ұқсастығымен бірге, өзара парқын да аңғаруға болады. Бір уақиға жөніндегі баяндаулардың өзі толық немесе толықсыз болып парықталады. «Моңғолдың құпия шежіресінде» эпикалық баяндаулар мен поэтикалық тіл, мақал-мәтел, салыстыру мен теңеу, аңыз әңгіме алма кезек ауысып келіп, қою әдеби түске ие болса, «Әулиенің жорыққа аттануы жайлы естелік» ондай емес, ол Жұңгоның орда тарихын жазу дәстүріне мұрагерлік етіп, баяндауы әрі айқын, әрі қарапайым, мерзім, мекен, адам, уақиғаларды анық хатқа түсірген. Тағы бір өзгешелік бұлардың соңғысы ит жылынан (1202 жылы) бастап баяндалады. Сол тұстағы моңғол тарихын және сол түстіктегі өзгеде көшпенді ұлттардың тарихын зерттеу үшін осы екі еңбекті салыстырып көруге тура келеді. «Моңғолдың құпия шежіресінен» кейін жазылған «Әулиенің жорыққа аттануы жайлы естелік» екеуін бір-бірімен салыстырып көрер болсақ, мұның соңғысы алдыңғысының 12 жерден бір іліп алынған қарапайым аударма нұсқасы секілді болып шығады. Ал соңғысының өзгешелігі «Шыңғысхан жөніндегі аңыз деректер жинаудан» кейін қосылған.
Мұнан қала берсе, «Юан тарихы. Таизу шежіресі», «Юан патшалығының орда естелігінен» алынған, «Әулиенің жорыққа аттануы жайлы естелікпен» көп жері ұқсас. Мұның өзінде «Юан патшалығының орда естелігі» «Әулиенің жорыққа аттануы жайлы естеліктен» алынып, ішінара өзгерістер енгізіліп толықтандырылғандығын көруге болады.
«Әулиенің жорыққа аттануы жайлы естеліктің» қазіргі нұсқаларының ішінде юан патшалығы кезінде жасаған Тау Зұңидың «Шұи Пу» атты еңбегінің тарихы ең ұзақ. Ал ғылым саласындағылар өткен ғасырдың басындағы Уаң Го-Уидың түзету жасап, түсінік берген нұсқасын сапалы кітап деп мадақтасады. Уаң Го-Уидың айтуынша, Чаған аударған «Шыңғысхан дәуірінің шежіресі» ـــ бүгінгі «Әулиенің жорыққа аттануы жайлы естелік» (33). Осы арада хаиниңдық Уаң Жин-Ан мырза (34) бір нәрсені қағыс қалдырған. «Әулиенің жорыққа аттануы жайлы естеліктің» бастамасы мен «Моңғолдың құпия шежіресінің» 59-тараушасындағы мазмұндар бір-біріне қарайлас. Егерде мұны аударма десек, оның үстіне оны аударған батыс өңірліктердің ұрпағы Чаған болса, онда ол «Моңғолдың құпия шежіресіндегі» секілді баяндау стилімен ішкі мәдени психикалық жақтан үн табысуы, әсте 58-тараушасындағы тартымды баяндауларды қалдырып кетпеген болар еді. Ал Кұңзышылардың мүриті  Уаң Ылардың қарауынша «Моңғолдың құпия шежіресіндегі» алдыңғы 58 тараушасындағы баяндаулар Кұңзының моральдық тағылымына көпе-көрнеу қайшы, патша абыройына дақ түсіреді, сол үшін оны алып тастау ақылға қонымды көрінген.
4. «Жамих-ат-тауарихтың» дәлелдеуі
ХІҮ-ғасырдағы парсы тарихшысы Рашиддиннің «Жамих-ат-тауарих» атты еңбегімен еліміз оқырмандары Фың Чыңжұн мырзаның ертеректе аударған «Досаң моңғол тарихы» атты аудармасы арқылы танысқан еді. Орыс тілінен ханзу тіліне аударған толық нұсқасы өткен ғасырдың 80-жылдарының бас кезінде ғана басылым көре бастады да, 80-жылдардың соңын ала толығымен шығып болды.
«Жамих-ат-тауарихтың» ханзу тіліндегі аударма нұсқасының кіріспесінде аудармашы: “Рашиддин бұл ұлы еңбегін жазу барысында сол тұстағы араб, парсы тілінде жазылған шығармалардан, мәселен: ХІ-ғасырдағы Махмұт Қашқаридың еңбегінен, ХІІІ-ғасырдағы парсы тарихшысы Шаибанидың «Жаһанды жаулап алушының тарихы» атты шығармасынан, ХІІІ-ғасырдағы араб тарихшысы Ибн Ашырдың «Толық тарих» атты еңбегінен, солармен қатар Или ханның ордасында құпия сақталған алтын қобдидағы «Алтын дәптер» секілді орданың архив материалдарынан пайдаланған” (35) деп жазады.
Рашиддин өзі “Ханның алтын қобдиында сақталған тарихи кіаптардың әр парағындағы мазмұндарға және көпті көрген қариялардың айтқанына” (36), “тарихты адал да сенімді түрде баяндап беретін түркі ертекшілерінің сөзіне” негізделе жазып шыққандығын айтады.
Салыстырып көрер болсақ, «Жамих-ат-тауарихтың» 2-томының 1-бөліміндегі он ғұмырнама яғни «төбе баян мен Арлан қоңырдың өмірбаяны», «Арлан қоңыр және оның үш ұлының өмірбаяны», «Арлан қоңырдың ұлы Бөтен Сары қағанның өмірбаяны», «Бөтен Сарының ұлы Түденмененнің өмірбаяны», «Түденмененнің ұлы Байсынқоңырдың өмірбаяны», «Байсынқоңырдың ұлы Тұмбақай  ханның өмірбаяны», «Тұмбақай ханның ұлы Қабыл ханның өмірбаяны», «Қабыл ханның ұлы Бартан батырдың өмірбаяны», «Бартан батырдың ұлы Ясукей батырдың өмірбаяны» (38). Осыларға қоса 2-томның 2-бөліміндегі «Шыңғысханның өмірбаяны», «Өгедей ханның өмірбаяны» (39) дегендер «Моңғолдың құпия шежіресінің» 282 тараушалық нұсқасымен негізінен қарайлас келеді. Жоғарыда баяндалғандай «Әулиенің жорыққа аттануы жайлы естелікте» Шыңғысханның ата тегі жайлы Есухейден өзге ешкім ауызға алынбайды, сол себепті «Жамих-ат-тауарихта» пайдаланған материалы «Әулиенің жорыққа аттануы жайлы естелікпен» қатыссыз. Ал «Жамих-ат-тауарихта» кездесетін Юан дәуіріне қатысты тарихи материалдар «Моңғолдың құпия шежіресінің» мазмұнын неше орайды, мұны соның жалғасы яғни «Алтын дәптер» дейміз.
Бір ғажабы «Жамих-ат-тауарих» моңғол мен түркілердің арғы атасын бір деп яғни яқұптан таратады, Яқұпты Нұх пайғамбар шығысқа жіберген. “Барлық моңғол атаулы және түркі тайпалары мен көшпенділер түгелімен содан тарайды” (40). Бұл кейініректегі  Лувсанданзанның  «Алтын шежіресіндегі» моңғолдың арғы тегі, Индия, Тибет айтылымы жайлы пайымдауларына үндес келеді. Әрине, орта ғасырдан ілгері ғұмыр кешкен, діндік наным-сенімдері бір-біріне ұқсай бермейтын тарихшы авторлардың діни көзқарастары олардың шығармаларында бастан-ақыр желі тартып жататындығын көрсетеді. Сол үшін бұл қазіргілердің назарынан тыс қалмауға тиіс, олай болмағанда зерттеуіміз ғылыми болмайды.
«Жамих-ат-тауарихтың» қазақ тарихын зерттеудегі нарқы өте жоғары. Бұл кітапта кездесіп отыратын ұшан-теңіз тарихи материал мен тарихи тұлғаға қатысты адам аты, жер-су аты, ру-тайпа есімдерін негізінен түркі-моңғол тіліне айналдыруға келеді. Әсіресе оның қазақтың байырғы ру-тайпа есімін, адам атын, сондай-ақ қазақ тіліндегі жер-су аттарын зерттеуге тигізер пайдасы мол. Ал ханзу тілі бұған ұқсамайды, тек толық та нанымды тарихи материалдарға сүйеніп салыстырмаса, қолданылған әріптің дыбысы бойынша оны аударып қайтадан қалпына түсіруге келмейді. Әрине, бұл арада «Жамих-ат-тауарихтағы» баяндалатын адам, жер-су аттарындағы жалғаулықтардың парсылану мәселесін ескерген жөн.
5. «Қызыл шежіре» мен «Көк шежіредегі» кездесетін деректер
«Қызыл шежіренің» авторы Сайбастугұңга Дожи (1309-1364 )ـ кейде Сы Тугұиложұй деп те аталады. 1324-жылы (Таидиңның 1-жылы) моңғолдың патшасы Ясұн Темірге жолығып сыйға ие болған әрі патша әмірімен Саиба түменбасы болып тағайындалған. «Қызыл шежіре» атты кітабын 1346 жылдан бастап жазып, 1363 жылы аяқтаған. Мұның талай жерінде Шыңғысханның қосқан үлестері мен сіңірген еңбектері әңгіме болады. Осының 8-тарауы «Моңғол хандығының (Юан) шағын баяны» деген арнаулы тарауға бөлінеді де, онда моңғолдың төрелік үстемдігін Бөртешинадан тартып шежірелей келіп, Юан Чыңзұң патша Темір жайлы тоқталғанда “осыларды «Топшыдан» көшірген едім” деп бүкпесіз мойындайды (41). Бұдан түменбасының ордаға кіріп мансапқа тағайындалған кездің өзінде «Топшыны» қолға түсіріп, оны Тибет Раёнына ала келгендігін көруге болады. Құбылай басыбаны ел ұстазы етіп тағайындағаннан тартып, оның інілері Іліңжын мен Данба (Жағылас деп те аталады) ел ұстазы болып тағайындалады. Осылардан кейінгі Дармабалалажыта, Ишысыленжын, Шылас Бауырже, Тянжынжянзаң, Шяңбанжя, Шаңыр Жаспа, Гоңгыр Гулосыжянзаңбанзаң және уаң Чуыржянзаң секілді заңзулардың әйгілі келеңдеріне (гэлэн) де Юан патшалығының патшалары Юан Чыңзұң патша темір, Юан узұң, хаиса Күшлік хан, Юан Рынзұң патша Аийұл балбада, Юан Иңзұң патша шодыр бала, Юан таидиң патша Есен темірлер ел ұстазы деп атақ берген. Оның үстіне Юан патшасының ордасындағылар будда дініне табынатын, сондықтан бұл да Саиба түменбасының «Топшыны» қолға түсіруіне септігін тигізсе керек. Оның үстіне бұл уақиға Ярбұқа, Ташғаялардың: «Топшыны» қолға түсіруіне септігін тигізсе керек. Оның үстіне бұл уақиға Ярбұқа, Ташғаялардың: «Топшыны» құпия ұстау керек, жатқа таратуына тыйым салынады дегендерінен бұрын болған уақиға. Уын Зұң патша дәуіріндегі, патша мен уәзір арасындағы қатынастың нәзіктігін осыдан байқауға болады. «Қызыл шежіре» қазірге дейін жалғасқан «Моңғолдың құпия шежіресінен» сырт, тағы да «Топшының» жалғасы бар болғандығын, Саиба түменбасының көшірген нұсқасы Топшының жалғасы екендігін растайды. Бәлкім, бұл Әлен темір мен Құтлұқ дәруіштер жалғасын жазған «Топшы» болуы ғажап емес. Бір қызығы «Қызыл шежіреде» моңғол мен тибеттердің түп-түқияны туралы дерек берілмейді, мұның өзінен тибеттен шыққан осы бір Саиба түменбасының тарихи құжаттарға қабағат адам екендігін байқауға болады.
ХІҮ-ғасырдағы тибеттің жане бір тарихшысы Күно Шүнлүбоның «Көк шежіресі» мен Бай Зулачынуаның «Кемеңгердің қонағасы» атты еңбектерінде моңғол төрелерінің үстемдігі мен Шыңғысханның ата-тегі, үрім-бұтағы баяндалады. Кейбір оқымысты мұны «Қызыл шежіреден» алынған деп қарайды (42). Бұл екі шығарманың кітап болып шығу кезеңдерін дәлелдеп көруге тура келеді.
6. Лувсанданзан мен «Алтын шежіре»
«Алтын шежіре», «Моңғолдың құпия шежіресі» және «Моңғолдың құпия шежіресі» және «Моңғолдың түп-тұқиянның» барлығы да моңғол тілінде жазылған үш ірі тарихи шығарма саналып, ғылым саласының назарын ерекше аударады. «Алтын шежіренің» екі түрлі нұсқасы бар. Оның бірі «Хандардың түп-тұқияны, Алтын шежіре арқауы» деп те аталады. Мұны қысқартып «Алтын шежіре арқауы» дейді, әдетте «Кіші алтын шежіре» деп те аталады, авторы белгісіз. Оқымыстылар мұны ХҮІІ-ғасырдың 10-жылдары мен 30-жылдарының аралығында жазылған дегенді айтады. Тарауға бөлінбеген, ханзу тіліне аударғанда 20 неше мың әріп көлемінде болған. Бұл шығарма лама діні моңғолдар районына таралғаннан кейін жарыққа шыққан. Мұнда дүниенің пайда болуы, адамзаттың жаралуы, сонымен бірге Индия мен Тибет төрелерінің моңғол тарихымен іліктестігі, будда дінінің көзқарастары бойынша егжей-тегжейлі баяндалады. Бұл еңбекке Шыңғысханның игі істері және ол жөніндегі аңыздар, Өгедей, Құбылайдан тартып Юан патшалығының соңғы патшасы Тоқан темірдің шежіресі, Тоқан темірдің ел тұтқалығынан айырылып, ат басын солтүстікке бұруы, Лин Дан хан таққа отырғаннан кейінгі 270 жылдық тарих енгізілген. Мұндағы кейбір дерек көздері ханзу тілінде жазылған тарихи материалдардағы жетіспеушіліктер мен ағаттықтарды толықтыра алады. «Кіші алтын шежірені» Жу Фың, Жя Жиңяндар ханзу тіліне аударып, «Ханзу тіліндегі моңғол алтын шежіре арқауы» деп атаған. Бұл жөнінде аудармашылар “Автор дінді негіз ете отырып, моңғолдардың арғы тегі қисынсыз түрде Индия, Тибеттерден қарастырған, Басыбаның «Толғаныстарым туралыдан» басталып, моңғолдардың ата-тегі Индия, Тибеттен шыққан дейтін көзқарасы осы кітаптан басталады” дегенді айтады (43).
Енді бір түрі байырғы хандар тегі Индия мен Тибеттен шыққан моңғол бас әулиесі Шыңғысхан, оның немересі Құбылай шешен хан, Құбылай шешен ханнан таралған Даян ханнан тартып Лин Дан жұтұқтыға дейінгі «Алтын шежіре» әдетте «Ірі алтын шежіре» деп аталады, авторы Лувсанданзан.  Сондықтан «Лувсанданзан шежіресі» деп те аталады. Абай Мауқараұлының қазақ тіліне аударғаны осы шежіре. Оны мөлшермен 1643-жылы жазылып болған десе, енді кейбіреулер 1628-жылдар мен 1634-жылдар аралығында немесе 1649-жылдар мен 1736 жылдардың аралығында жазылған деседі. Бұл кітаптың да буддалық бояуы басым, моңғолдардың арғы тегі Индия мен Тибеттен шыққан деп айтады. Кітаптағы мазмұндар да будда дініндегі әлемнің жаралуы жөніндегі айтылымдардан, «Индия мен Тибет төрелерінің тарихынан» алынған. Алайда «Кіші шежіремен» салыстырғанда мұның мазмұны толық, бірақ бұл кітаптың алғашқы нұсқасы қолға түспеген (44). 1926-жылы Моңғол Халық Республикасы ғылым академиясының тұңғыш бастығы Жамы-яң халық арасынан бұл кітаптың көшірме нұсқасын тапқан. Бұл нұсқа 1937 жылы Ұланбатырда «Алтын шежіре» деген атпен басылған. Бұл көшірме нұсқада жер-көкке таралып, қолдан-қолға өтіп көшірілуі барысында кеткен ағаттықтар, кейінгілер орынсыз қосқан қате сөздер мен сөйлемдер, ұмытылып түсіп қалған жолдар мен абзацтар аяқ алып жүргісіз (45). Кітап та, тарих та, әдебиет те, деректі адамдар мен уақиғалар жайындағы естеліктер де, бүкілдей ойдан құрастырылған жасампаздық та кездеседі (46). 1979 жылы Жачисчинның «Алтын шежіренің аудармасына түсінік» деген ханзу тіліндегі аудармасы тайбидегі Лянжиң баспа кәсіпорын серіктігі жағынан басылған. 1980 жылы және 1983 жылы Ішкі,Сыртқы Моңғол Халық Республикасы Лю жинсо, Чойжавтар салыстырып түсінік жасаған «Алтын шежіренің» моңғол тіліндегі нұсқасын айырым-айырым басып шығарған. 1993 жылы тамызда Ішкі Моңғолдың моңғолтану баспасы Сыдоржинның «Моңғол алтын шежіресінің» ханзу тіліндегі аударма кітабын баспадан шығарады. Бұл кітап 24 тарау, 191 тараушаға бөлінген. Аудармашы мұндағы моңғол аңыздарында кездесетін ел анасы Бөртешинадан кейінгі 234 тарауша «Моңғолдың құпия шежіресіне» қарайлас келеді, алайда құрылысында өзгешеліктер бар, ал содан кейінгілері «Кіші алтын шежіреге» ұқсап келеді дегенді айтады.
Жачисычинның «Моңғолдың алтын шежіресінің аудармасына түсінігі» мен «Моңғолдардың құпия шежіресін» салыстырар болсақ, осындағы 16 тараудың ішінде 2-, 3-, 4-тараушалар ғана «Моңғолдың құпия шежіресімен» қарайлас келеді. Бұл тарауда қамтылатын мазмұн 260 бетте, 322 бет келетін кітаптың 5/4 бөлігін ұстаған. Тян Чиңбо (Белгияның бобы: A.Mostaert) мырзаның санағына қарағанда «Моңғолдың құпия шежіресінің» жалпы 282 тараушасының ішіндегі «Моңғолдың алтын тарихынан» алынған мазмұндары 1-тараушадан 38-тараушаға дейін, 40-тараушадан 176-тараушаға дейін, 208-тараушадан 254-тараушаға дейін, 256-тараушадан 264-тараушаға дейін, 266-тараушадан 268-тараушаға дейінгі мазмұндар қалып қалған тараушалары: 39-тарауша, 177-тараушадан 207-тараушаға дейін, 255-тарауша, 265-тарауша, 267-тарауша, 269-тараушадан 282-тараушаға дейін. Қосып есептегенде «Алтын шежіренің» «Моңғолдың құпия шежіресінен» алған мазмұндары 233 тарауша болып, 49 тарауша кем шыққан. Осы алынған 233 тараушаның бәрі де «Моңғолдың құпия шежіресінің» түп нұсқасымен негізінен қабысып келеді. Бірнеше тарауша ғана аздап өзгерістерге ұшыраған, сонымен бірнеше тараушаларға өзге де тарихи материалдардың мазмұндары кіргізілген. Тян Чиңбо мырза да кезінде «Моңғолдың құпия шежіресіндегі» тараушаларды «Алтын шежіреден» кездестіріп, оларды бет санына қарай кестеге түсіріп шыққан (45). Осы кестеге негізделер болсақ «Моңғолдың құпия шежіресіндегі» басым көп сандағы мазмұндарды «Алтын шежіреден» кезіктірер едік. Алайда «Алтын шежіредегі» түсіп қалған мазмұндар «Моңғолдың құпия шежіресінің» ең тартымды жерлері. Мәселен: 177-тараушадан 207-тараушаға дейінгі түсіп қалған 31 тараушада Шыңғысханның керей мен найманды бағындырғандығы, хандық орынға көтерілгендігі және 95 мыңбасын тағайындауы сынды маңызды уақиғалар болған. Мұның өзі «Моңғолдың құпия шежіресінің» 6-тарауындағы көп бөлігі, 7-тарауының барлық жері, 8-тарауының көп мазмұнының қалғаны.
Лувсанданзан «Моңғолдың құпия шежіресінен» 49 тарауша келетін мазмұнды алып тастаған. Бұл жөнінде моңғол оқымыстысы Жын Жин өзінің «Моңғолдың құпия шежіресі туралы жалпы шолу» деген еңбегінде: «Алтын шежіреге» көз салар болсақ, Лувсаңданзан тек лама дінінің ыждағатты мүриті болуымен қатар, бір қырынан адал да нағыз моңғолшыл қайраткер екендігін аңғаруға болады (48) деп егжей-тегжейлі түсінік жасаған. «Моңғолдың құпия шежіресіндегі» кейбір тараушалары Лувсанданзан мырза әдейі алып тастаған екен (49). Ендеше бұдан Лувсанданзан мырзаның тағы да бір жұмбақ қалдырып кеткендігін аңғарамыз.
Үшінші, «Моңғолдың құпия шежіресінің» таралуы
1. Еліміз көлемінде таралған үш түрлі негізгі нұсқасы бізге жетіп отырған «Моңғолдың құпия шежіресі» «Иұң Лы ұлы тағылымы» атты кітапты құрастырған Миң патшалығы тарихшыларының екшеуінен өтіп, «Юан патшалығының құпия шежіресі» деген атпен моңғолша-ханзуша салыстырмалы нұсқа ретінде «Ұлы тағылымға» енгізілген болатын. Бұл өзі Миң патшалығы тұсындағы Сы-игуандағылардың моңғол тіліндегі түп нұсқаны ханзу тілінің дыбысталуы бойынша хатқа түсірген хиқыметті кітап. Онда әрбір сөйлемді ханзу тіліне аударып, қасына түсіндірме беріп отырумен бірге, дыбыстық аударманың балама әріптерді талдауы өз алдына бір жүйе. Онда ханзушасы 600 жылдың алдындағы Хыби алқабындағы ханзу әріптерінің жерлік оқылуы бойынша «Моңғолдың құпия шежіресінің» түп нұсқасындағы (сол кездегі) байырғы моңғол тілінің дыбысталуына сай алынған (50). Өз алдына қалыпқа түскен қатаң дыбыстық жүйені қалыптастырған (51). Миң патшалығының алғашқы жылдарында, ойып басылған бұл кітаптың негізгі нұсқасы 10 тарау, қосымшасы 2 тарау, «Иұң Лы ұлы тағылымына» кіргізілгені 15 тарауға жеткен. Алғашында бұл кітапты Чиң патшалығы кезінде жасаған Бау Тиңбо деген адам «Иұң Лы Ұлы тағылымынан» көшіріп алып, соңынан Хантаихуа оны сақтаған. Бұл кітапта Жя Диң жылдарында Жян Дашинның жазған соңғы сөзі болғандықтан жайшылықта (Чян нұсқасы) «Юан патшалығының құпия шежіресі» деп аталады. 12 тараулық нұсқасы Гу Гуаңин нұсқасы Гу мырзаның Жя Жиң жылдарында, Жяң Шяңиүнде сақталған көне қолжазбалармен салыстырып жазған. Бұған соңында Шың У Ие болып, кейін Шаңхайдағы Ханфн ғимаратында сақталған. 1936-жылы «Төрт бөлімді алманақ» жалғасты түрде құрастырылған кезде «Юан патшалығының құпия шежіресіне» кіргізілген. Ие Дыхүи нұсқасын Уын Тиңгуң Гуаңшұи жылдарында Шың Уи мырзаның сақтаған Гу Гуаңин нұсқасынан көшірген. Кейін бұл нұсқаға Ие Дыхуи ие болған, 1908-жылы Гуангутаңнан «Юан патшалығының құпия шежіресі» деген атпен басылып шыққан (52).
Кейін келе батыстың оқымыстылары ғылыми зерттеуге қолайлы болу үшін бұрынғы тарау, абзацтар негізінде «Юан патшалығының құпия шежіресін» де ғылыми жолмен тараушаларға бөліп, жалпы 282 тараушаға айырып шықты, мұны ғылым саласы тарау-тараушалар ретінде қабылдап, күні бүгінге дейін қолданып келеді.
Чиң патшалығынан бері, еліміз тарих ғылым саласындағылар Миң патшалығының алғашқы мезгіліндегі «Юан патшалығының құпия шежіресі» (жалпы аудармасы) жөнінде талай түсініктемелер беріп, дәлелдеу жұмыстарын жүргізді. Жалпы аударма ханзу әріптерінің дыбысталу жолы бойынша байырғы моңғол тіліндегі түп нұсқаның ұзын ырғасына негізделіп жасалған шағын аударма болғандығы себепті ғылым саласы бұл аудармадағы олқылықтар аз емес деп қарады. Олар зерттеу барысында белгілі табыстарға жеткенімен, пайдаланған және сүйенген материалдары шекті болғандықтан, жаңа қателіктердің барлығына келетіндігі табиғи еді. Оның үстіне бұлардың ішінде бірде-біреуі түркі тілін көне ұйғыр тілімен, қазақ тілін байырғы моңғол тілімен салыстырып зерттемеген, мұны ақтаңдақ пен кемшілік демей де болмайды.
Моңғол тіліне тұңғыш рет транскрипцияланған «Моңғолдың құпия шежіресі» ХХ-ғасырдың 30-, 40-жылдарына жеткенде ғана Ішкі Моңғолда басылды. Кейбір оқымыстылар бұл кітапқа негіз болған әуелгі нұсқа Гу Гуаңин немесе Ие Дыхуи нұсқаларының біреуі болса керек деседі. Моңғол тіліне транскрипцияланған «Моңғолдың құпия шежіресінен» түпнұсқада кеткен ағаттықтарды қадам сайын кездестіруге болады. Оның үстіне транскрипциялаушының өз білгенінше қосқандары мен өзгерткендері оның ғылыми құнын төмендете түскен (53).
2. Эрдэнэтэй, Буяндалайлардың салыстырма нұсқасы
Ішкі Моңғол автономиялы районы моңғол тіл-әдебиет, тарих институтындағы моңғол мамандары Эрдэнэтэй мен Буяндалайлар өз кезінде бірлесіп «Моңғолдың құпия шежіресін» зерттеп, көрнекті табыстарға қол жеткізеді. Олар 1962-жылдан бастап зерттеумен айналысқан. Арада он жылға созылған «Мәдениет зор төңкерісін» бастарынан кешірді. Аласапыран жылдар өте салысымен яғни 1980-жылы қыркүйекте олар «Моңғолдың құпия шежіресінің салыстырма нұсқасы» атты еңбектерін жұртшылыққа ұсынды. Сол жылдары ақпан айында асалату үшеуі бірлесіп «Моңғолдың құпия шежіресіндегі сөздерге түсінік» атты еңбектерін жариялап, «Моңғолдың құпия шежіресін» зерттеу ісіне еселі үлес қосты.
Олар «Моңғолдың құпия шежіресіне» фонетика, морфология және түркі тілдерінің жеке сөздері жағынан ішкерілей зерттеу жүргізді, сөйтіп моңғол тілі фонетикасын қалпына келтіруді сынақ ету барысында «Моңғолдың құпия шежіресінің» фонемалық жақтағы ең үлкен бір ерекшелігі сөз басы дауысты дыбысында үзілмелі «h» дыбысы бар екендігін байқайды. Осыдан кейін барып олар бұл түрдегі дыбыс моңғолдың әрқайсы диалектері мен жергілікті тілінде әлдеқашан жойылған (55) деген көзқарасты алға қойды. Іс жүзінде бұл көне бітікшілері қалдырған тарихи белгі болатын. Олар және де «Моңғолдың құпия шежіресінің» тілін ханзу тілінде берілген дыбыстарға негіздей отырып қазіргі моңғол тілі бойынша қалпына келтіру үстінде дауыссыз дыбыстар мен сөз тұлғалары және сөз мағыналары жақтарында бір қыдыру айырмашылықтардың бар екендігін байқайды. Олар мұндай айырмашылықтарды «Моңғолдың көне тұлғадағы жазуы» жазбаша тіл мен ауыз екі тілдің арасындағы парыққа апарып тірейді. Оның үстіне етістіктің соңына жалғанатын «quna» немесе «kune» (56) таяу және осы заманғы моңғолдың жазба тілі мен ауызекі тілінде жойылған, мекен үстеу жұрнақтары да қазіргі тілдің мекен үстеу жұрнақтарына ұқсамайды дегенді айтады. «Моңғолдың құпия шежіресіндегі» жазба тіл мен ауызекі тілдегі фонетикалық парқына талдау жасағанда, олар мұның екі түрлі себебін көрсетеді: Бірі жазу жарыққа шыққаннан кейін ауызекі тілде өзгерістер туылған (57). Енді бірі жазу жаратқан рудың диалектісі өзге рудың диалектісіне ұқсамауының нәтижесі (58).
Дегенмен олар «Моңғолдың құпия шежіресінде» түрлі сөздердің қадам сайын кездесетінін мойындай отырып, оларды сегіз топқа айырады (59). Әрине түркі сөздерінің мағынасына түсінік жасағанда негізінен Радловтың «Түркі тілдері диалектісінің  қолданба сөздігіне» негізделеді. Кейбір сөздің түсіндірмесі зорлап қиыстырылған. Тіпті қате оқылған жерлері де жоқ емес. Мәселен: «Моңғолдың құпия шежіресінің» 159-тараушасында (163-тараушада тағы да кездеседі) кездесетін найман әскербасы көксау сары бұлақтың атының мәнін «Көкшеу» деп моңғолшалап қате оқып, оны оңай ашуланушы (60) деп түсіндірген. Ал мұны Рашид “Көксаудың” мағынасын жөтел тиіп көкірек ауырғанның зардабынан дауысы қарлыға шығатын адам деп айқын түсіндірген (61). “Сары бұлақты” Рашид жер аты деп түсіндірген. Оның айтуынша “Кісілер оны осы жер атымен атаған” (62). Мұның өзі ата мекеннің, ұзақ уақыт қоныстанған жердің немесе мәнсап атымен атау сынды осындай бір дыбыстық белгі түркі тайпаларының салтына үйлесетіндігін, оның үстіне орта ғасырларда кеңінен тарап (мәселен: Махмұт Қашқаридың есімі) күні бүгінге жалғасқандығын түсіндіреді. Қазақтың қазіргі басты тайпаларының бірі ـــ наймандар дәл осындай мадениеттілік ерекшелікке ие. Айталық: koksao сөзі қазірге дейін қазақ тілінде қолданылып келеді, мағынасы Рашидтың түсіндірмесімен бірдей. Ал «сары бұлақ» түркі тілінде “алаңғасар, жеңілтек” деген мағынаны бермейды, қазақ тіліндегі жер аттарында да “алаңғасар, жеңілтек” деген жер аттары ежелден болмаған. Асылы sarburkha, sarbulakh деген сөздердің қайсысын алу керектігі, жалғасты ойлануды қажет етеді (бірақ меніңше болғанда «сары бұлақ» атауы тіпты лайықты сияқты).
Олар моңғол жазуы үш түрлі даму кезеңін бастан кешірді деген тұжырымға келіп, «Моңғолдың құпия шежіресінің» құрастырылып жазылған заманы моңғол жазуының дара даму сатысына (63) яғни моңғолдың көне тұлғадағы жазуына өткен кезең деп қарайды. Моңғолдың көне тұлғадағы жазуы осы жазуды жаратқан ру-тайпалардың тілін өлшем немесе негіз етеді. Оны белгілі бір жазуға еліктеуден жасалған деп тұспалдауға келмейді (64).
Сонымен «Моңғолдың құпия шежіресін» салыстыра келіп екі оқымысты: “Мейлі қайсы басылымдағы «құпия шежірені» алайық, бәрінде де үлкен ағаттық кездеседі” (65) деген қорытынды шығарады. Олардың бастапқы санақтарына қарағанда, 15 тараулы кітаптан мөлшермен 3200 әріптей қателік кеткен, Гу Гуаңин нұсқасынан кеткен әріптік қателік 1200-ден артады, Ие Дыхуи нұсқасы Гу Гуаңин нұсқасының көшірмесі болғандықтан, Гу Гуаңин жіберген қателікті Ие Дыхуидың да қайталамақ түгіл, сонымен қоса 30 ға жуық әріптік қателік тағы да қосылған. Сол себепті жоғарыдағы үш нұсқаның ішінде қателік біршама сирек кездесетіні Гу Гуаңиндікі деп қарайды (66). Мұны олар тағы да түсіп қалған сөздер, қате кеткен әріптер, қате қойылған тыныс белгілер мен қате жалғау-жұрнақтар, асырып жіберген жерлер мен орны ауысқан сөздер деп алты топқа айырады. Осылардың ішінде буынның басында келетін дауыссыздар (бірқатар таңдайланған дауыссыздар мен көмескіленген дауыссыздар) және буынның соңында келетін дауыссыз әріптер (木,惕,勒,黑,克) сияқтылардың түсіп қалуы немесе орны алмасуы сынды ағаттықтар ең көп кездеседі. Ал тауыр деген Гу Гуаңин нұсқасының өзінен 850 ден артық әріп түсіп қалған. Жоғарыдағы баяндалған дауыссыз дыбыстардағы қателіктерден тыс жалпы буындағы қателік, тұлғасы жағынан жақын келетін әріптердің қателігі барынша мол.  Гу Гуаңин нұсқасынан 380-неше қате әріп пен 80-нен артық асырылған мазмұндар кездеседі. Онда қате алынып тасталған, ағат жалғанған жұрнақтар да баршылық. Асты-үсты алмасқан әріптердің саны барынша сирек. Ие Дыхуи мен Чян Дашин нұсқасынан да қате ықшамдаулар шыққан, бірақ мұндай жайт Гу Гуаңин нұсқасында кездеспейді (67).
Сонымен жоғарыдағы үш түрлі нұсқаның ішінде қателігі аздау болған «Төрт бөлімді альманақты» Гу Гуаңинның нұсқасын түпнұсқа ретінде, ал Чян Дашиннің нұсқасы мен Ие Дыхуидың нұсқасы қосымша материал ретінде салыстырылуға пайдаланылады (68). Бірақ салыстырма нұсқа «Моңғолдың құпия шежіресіндегі» көне ұйғырша жазылған жерлерді моңғолшалауға бейімірек болған. Егер төте және салыстырып түзетуде шешілмеген жерлер болса ежелгі қатысты құжаттар мен қоғамдық тексеру материалдарынан кеңінен пайдаланып және моңғол тілінің заңдылығына негізделе отырып түзетулер жасаған (69).  Кейбір түзетулер қайтадан үңілуді қажет етеді.
3. ХХ-ғасырдан бергі бірнеше түрлі ханзуша аударма нұсқасы
Жачисычин аударған түсіндірме нұсқа. Жачисычиннің ұстазы Яу Сұңу ـــ Жұңгоның қазіргі заманғы Ляу, Сұң, Жин, Юан тарихы ғылымының негізін қалаушылардың бірі. Ол жачисычинмен бірлікте «Моңғолдың құпия шежіресінің» моңғолшасын ханзу әрібімен берілген жаңаша аударма түсіндірмені жасады. Оның үстіне «Моңғолдың құпия шежіресінің» тұңғыш реткі ханзу тіліндегі толық аударма нұсқасын бітірді. Іле-шала, Жачисычиннің «Моңғолдың құпия шежіресінің» жаңаша аудармасы мен түсіндірмесі деген кітабы 1979-жылы Тайванда ханзу тілінде жарық көрді («Таиби лянжиң» баспа кәсіпорын серіктігі). Мұны қазірге дейінгі біршама сатты аударылған аударма нұсқа деуге болады.
Жаңадан аударған Даурунтибудың қысқаша түсіндірме кітабы. Бұл кітап 12 томдық аударма нұсқа, тарау-тараушаларға бөлінбеген. 1979-жылы Ішкі Моңғол халық баспасы жағынан жарық көрген нағыз ескіше әдеби тілдегі аударма нұсқа деуге болады. Әр томы абзацтарға бөлініп, түсіндірмелер берілген, Даурунтибу мұны да сөздердің мағынасын қазіргі моңғол тілінің семасиалогиясы тұрғысынан түсіндіріп, күмәнді арылтуға көбірек көңіл бөлген.
Байырғы аудармасы мен Иелиңжынның аудармасы. Байырдың аудармасы 1980 жылы Ішкі моңғол халық баспасынан жарық көрді. Бұл кітап «Юан патшалығының құпия шежіресінің» ханзуша түпнұсқасының транскрипциясы, бөгде аударма, жалпы аударма, халықаралық дыбыс белгілері, моңғолдың дәстүрлі транскрипциясы, моңғолдың дәстүрлі мағыналық көшірмесі. Сондай-ақ «Дыбыс белгілерінің сөздігі» деп бөлінеді. Аталмыш сөздікте қазіргі дыбыстар, көне дыбыстар, моңғолдың құпия шежіресінің дыбыстары белгіленген. Мұның ішінде көне дыбыстар бөлігі Гуаңиұн, Жииұн, Пиңюан Иыниұн, моңғол әрібінің дыбыстық ұйқасынан  айырым-айырым көшірілген. Иелиңжынның нұсқасы 1987-жылы Ішкі Моңғол университетінің баспасы жағынан басылым көрді. Бұл көне ұйғыр жазуындағы моңғолдың ескі жазуын тұңғыш қалпына келтірген нұсқа, сөйтіп мұның бетін елімізде тұңғыш ашты.
Иұи Дажұнның аудармасы мен түсіндірмесі 12 томдық аударма нұсқа, 282 тарауға бөлінген. Бұл ханзудың жаңаша әдеби тілімен аударылған нұсқа, 2001-жылы Хыби халық баспасы жағынан басылым көрген. Иұи Дажұнның нұсқасы таяу жылдардан бергі ғылым саласындағылардың «Моңғолдың құпия шежіресін» зерттеудегі әрқайсы жақтағы табыстарын жинақтаған, түсіндірмесі айқын әрі нанымды, әр тұрғыға назар аударған әрі талай мәселенің шешімін тапқан нұсқа. Аице де, Иұи Дажұн мырза тілдік шектемелікке ұшырағандықтан кейбір түсіндірмелерде қателік кеткен. Мәселен: аталған кітаптың 239-тарау 11-түсіндірмесінде, «алды яр» дегенді «Әулиенің жорыққа аттану естелігі», «Юан тарихы. Таизу баянындағы» алты яр деп айтады. Түркі тілінде сегіз жер  деп түсіндірген. Бұл түсіндіру қате. Алдияр немесе алтиярдың түркі тіліндегі мағынасы алты жер. Бұл сөз тіркесін сан есім “алды” немесе “алты” , мағынасы ـــ “алты”, сілтеу есімдігі “яр” не “эрге” бөлуге болады. Қосып айтқанда, “алты жер” делінеді. Жуық жылдардан бері баспасөз саласындағылардың корректуарлыққа баса мән бермеуінен кітаптарда емілелік қателік көп. Әрине Иұи мырзаның да кітабы бұдан қағыс қалмаса керек. Оқу барысында жіңішкелікпен саралауды қажет етеді. Бірақ бұл аударма нұсқаның сапасына әсерін тигізбейді. Дегенмен, кейбір аудармаларының сөз алысы тым «осы заманданып» кеткен. Мәселен: 208-тарауда, Шыңғысханның Баға бикені Жоршыдайға сыйлаған кезіндегі, Шыңғысханның сөзінен үзінді алар болсақ: “Сені ақылдан кенже, ажардан кем демедім, құшағымдағы өзіңдей ханшайымды Жоршыдайға сыйлауым үлкен жосықты ойлағандығымнан”
Осындағы үлкен жосықты ойлағандығымнан деген сөз «осы заман» тілімен беріліп, түпнұсқаның әуелгі мағынасына ықпалын тигізіп отыр.
4. Шетелдегі аударма нұсқалары
«Моңғолдың құпия шежіресінің» шетелдегі зерттелуі ХІХ-ғасырдың 60-жылдарынан басталған. Жапонша, орысша, немісше, мажарша, ағылшынша, французша, моңғолша, түрікше, чех жане қазақша аудармалары бұрыннан бар. Жапония, Франция, Германия, бұрынғы Кеңес Одағы, Венгрия сияқты елдер тағы латынша дыбысталуы бойынша транскрипциялап жазып, баспадан шығарды. Бірталай елде «Моңғолдың құпия шежіресін» зерттейтін оқымыстылар бар. Әр елдің оқымыстылары «Моңғолдың құпия шежіресіне» тарих, тіл, әдебиеттану, әскери істер, этнография тұрғысынан зерттеулер жасап, көптеген ғылыми еңбектер жариялады.
«Әулиенің жорыққа аттану естелігі» де осымен бір уақытта шетел тілдеріне аударылды. Жапония оқымыстысы Накытуңшы да қосымша түсіндірме нұсқасын жасады. Франциялық Пеллёт француз тіліне жалпы кітаптың 3/1-ін аударғанымен, оның ғылыми өресі төтенше жоғары деп саналады, Пеллёт қайтыс болғаннан кейін бұл кітап оның оқушысы Ханбайшының зерттеуімен баспадан шықты.
Ел іші-сыртындағы тарих саласындағылар «Моңғолдың құпия шежіресіне» көз тіккендерімен, ақаулары мен даттаулары бір жерден шыға бермейді. «Моңғолдың құпия шежіресіндегі» кейбір мезгілдер мен уақиғалар өзге тарихи материалдарға енгізілген жазбалардан парықты болып шыққан. Оның үстіне кейбір тарихи уақиғалардың көбінесе әдеби баяндау тәсілімен баяндалуы, поэтикалық тіл қолданыстары, оның тарихи материалдық маңызын төмендетіп, адамдарды күдікке қалдырған. Жапонияның кейбір оқымыстылары оны тіпті “тарихты жалғаннан жасаған проза” дегенге дейін барған (71). Әрине бұл тым ұшқары айтылған сөз.
Егерде дәл осындай болады екен, кемшілігінен артықшылығы мол «Моңғолдың құпия шежіресі» туралы зерттеу дами келе бұл күндері халықаралық сипатқа ие «Моңғолдың құпия шежіресін тану ғылымына» айналып отыр. Жапония оқымыстысы Хараяма әуелі десеңіз арнаулы түрде «Юан патшалығының құпия шежіресіне» қатысты құжаттардың тізімдігін құрастырып, оған Жұңгодағы және Дүниежүзіндегі әрқайсы елдің «Моңғолдың құпия шежіресін» зерттеудегі қатысты еңбектерінің мазмұнын беріп, кітап шығарды. Ел іші-сыртындағы зерттеулердің бұрынғыдай тереңдей түсуіне байланысты моңғол ұлтының тарихы, тіл-жазуы, мәдениеті, діні, салт-санасы, өндірістік тұрмысы, әскери істері, соғыстары сияқты жақтарының жүйелі түрде зерттелуі мен моңғол Юан патшалығы дәуірінде солтүстікте тіршілік еткен көшпенді ұлттардың замана тарихын зерттеуге көмегін тигізіп, тың табыстарға қол жеткізетіндігі сөзсіз.
Төртінші, «Моңғолдың құпия шежіресіндегі» қазақтың арғы тегі мен тайпаларына қатысты деректер
«Моңғолдың құпия шежіресінде» Юан патшалығы дәуіріндегі, тіпті онан да бұрынғы қазаққа қатысты мәліметтер кездеседі. Мәселен: Керей (керейт), найман, меркіт, жалайыр, қыпшақ, қоңырат, қаңлы, қарлық, т.б. бұрынғылардың танымы бойынша бұл тайпалар моңғолдарға жатқызылатын болғандықтан бертінгілер оларды моңғол ұлты деп санап келген, мұның тарихи танымдағы айқын ағаттық екендігін айтпасақ та түсінікті.
Солтүстіктегі сахара ұлттарының даму тарихына жалпылай көз жүгіртер болсақ ғұндардың күшейген тұсында талай ел өздерін ғұн деп атаған, кейін түркілер күшейген кезде тағы бырсыпыра ел өздерін түрікпіз деп атаған. Онан татарлар күшейген тұста да өздерін татар  деп есептеген. Қазірге дейін кейбір жазбалар моңғолдарды моңғол татарларымен шатастырып жүр. Кейін келе Шыңғысханның шаңырақ көтеріп, моңғол ұлты бір мезгіл дәурендей бастағаннан кейінгі жерде және бірталай ұлттар өздерін моңғолмыз деп атаса, тарихшылар оларды моңғол ретінде алып шежірелеген.
Шынын қуғанда, Юан дәуіріндегі «моңғол» ұғымы ұлт емес, ел деген ұғымды береді. Қазіргі кездегі жұңголықтар, американдықтар, француздар, ресейліктердің басқа-басқа ұлттан, ұқсамаған нәсілден құралғаны сияқты. Ал, бүгінгі моңғол ұлты «жалаң» ұлт мағынасын береді. Сол секілді, Юан патшалығы дәуіріндегі моңғолдар көптеген ұлтты өз ішіне қамтыған. Алайда, қазір көп ел осының өзін шатастырып жүр. Бұл — бір түрлі жаңсақ бастама, мұның анық-қанығына жетпей болмайды.
«Жамих-ат-тауарихтың» бірнеше жерінде былай деп баяндалған: «Қазіргі кезде «моңғол» деп аталып жүрген түркі тайпаларының ежелде өз тайпаларының ерекше аттары, тайпа басшылары мен әмірлері болған. Әрбір тайпалар өз ішінен тектер (宗支) мен руларға бөлінген. Мәселен: осы шығармада егжей-тегжейлі баяндалмақшы болған жалайыр, ойрат, татар сияқты тайпалар.
Олардың белгілі көлемде жұрты мен мекені болған. Олардың өң-тұрқы мен тілі моңғолдарға жақын, өйткені ол кезде моңғолдар түркі тайпаларының бір қанатына жататын. Қазір олардың басына бақ қонып, күшейіп ұлағатты елге айналды да өзге барлық елдің бәрі де солардың осы бір арнайы атымен аталатын болды (72).
Олар ежелден ескі заманның өзінде-ақ көп заман бойы мұқым (моңғұл) тайпалар мен аймақтардың бағындырушысы және соның қожасы болып келді, өздерінің ұлылығының, құдіреттілігінің және мәртебелілігінің арқасында шоқтығы биіктеп, топтан озды.
Олар айрықша ұлы әрі барынша мәртебелі болғандықтан тектері мен аттары бір-біріне ұқсамайтын өзге түркі тайпалары бәрі де біртіндеп солардың атымен танылып «татар» аталып кетті. Бір-біріне ұқсамайтын бұл тайпалар өздерінің ұлы да ардақты болғандығы ـــ солардың қатарына енгендігінен, атағы солардың атымен танылғандықтан деп қарап келген.  Қазіргідей Шыңғысхан және оның тұқымының шаңырағының биік болуы ـــ олардың моңғол болғандықтарынан деп қарайды. Соның салдарынан түркі тайпаларының арасынан алуан түрлі есімдер мен арнаулы аттар  келді. Мәселен: жалайыр, татар, ойрат, ұнғыт, керейт, найман, таңғыт сияқты тайпалар өздерін көтермелеу үшін моңғолмыз деп атаған. Ежелгі заманда олар осы есімдерін мойындамайтынын былай қойғанда, олардың қазіргі ұрпақтары өздерін «тарихтан бергі моңғолдармен байланысты болғандығымыздан моңғол аталып келгенбіз» деп қараулары мүмкін. Іс жүзінде олай емес, себебі ежелден ескі күннің өзінде моңғолдар бүкіл түркі сахарасындағы тайпалардың тек біреуі ғана болатын (73).
        Қазіргі қытай, кидан, нұижын, нангяс (оңтүстіктер), ұйғыр, қыпшақ, түрікпен, қарлық, қарашы сияқты бодан ұлттар мен моңғолдардың арасында жасаған тазіктер де өздерін моңғолмыз деп атаған. Олардың моңғол атануы өздерінің абыройы мен атағына жақсы, мұның алдында татарлар күшейген кезде осындай жағдайлар болған. Соның себебінен қазіргі Қытайдағы, Индиядағы, Синадағы, Махасияндағы, Қырғыз, Харарлар, Башқұрттар, Қыпшақ сахарасындағы және оның солтүстігіндегі өңірлерде араб тайпаларының арасында Сирия, Египет пен Мароккодағы барлық түркі тайпалары татар атымен аталып жүр (74).
Мәселен: қазіргі кезде моңғол атымен аталып жүрген ұлттар яғни жалайыр, татар, ойрат, меркіт, т.б. моңғолға қарайлас келетін, өз кезінде ел құрған ұлттар. Сонымен керей, найман, ұнғыт, ертеден қазірге дейін қоңырат, королос, ыкырыс, алшыкин (алшын), ұраңғыт, кылкынот аталып жүргендер жинақталып дерлік моңғолдардың ұлттары аталған (75).
Бірінші бұтағы ـــ бұрын моңғол атымен аталмаған, қазір моңғол атымен аталып жүрген ұлттар. Моңғол аты осы ұлттардан талай заманнан соң пайда болған. Өйткені осы ұлттардың әрбір бұтақтары өз ішінен тағы да (толып жатқан бұтақтарға) бөлінеді әрі олардың белгілі аттары болады: жалайыр, сұныт, татар, меркіт, күрлеуіт, тұлас, тұмат, бұлахшын, кармучын, ұрасұт, тамғалық, тарғұт, ойрат, барғұт, қоры, таланғұт, кастұм, ураңхай, құрхан мен сахаиттар.
Екінші бұтағы ـــ жоғарыда баяндалғандай таяуда «моңғол» деп аталған ұлттар сияқты жапан түзде тіршілік еткен ұлттар. Бұлардың халық саны мол, тайпалары да сан-санақсыз. Олардың бізге белгілі тайпалары мен руларының атын атап көретін болсақ, олар: керейттер, наймандар, ұнғыттар, таңғыттар, быкырындар, кырғыздар болып келеді (76).
Жоғарыда байымдаулардан моңғолдың әр тайпасы ыргұне дәл ортасына белгі кіргізіледі. Күн өзені бойын мекендеген екі адамнан таралатындығын байқадық. Олардың өркенінің өсуіне байланысты руларының халық саны біртіндеп арта түседі. Моңғол атауы солардың руларының атына айналған, осы есім (бұл күндері) моңғолдардан тыс, өзгеде ұлттарға да қолданылады. Олай болатыны моңғол заманынан тартып, моңғолдар түркілердің бір бұтағы есептелетін де, бұл есім өзге ұлттарға қалай болса солай қойыла берген. Оларды тәңір жебеп-желпігендіктен, 400 жылдың ар жақ-бер жағында талай-талай руларды өрбітіп, халық саны жағынан өзге ұлттардан асып кеткен. Олар күшті болғандықтан осы аймақтардағы басқа тайпадағылар олардың атын иеленген. Содан тартып түркілердің (қазіргі) басым көп бөлігі моңғолдардың атымен аталған. Мұның өзі кезінде татарлардың үстем орынға шыққаннан кейінгі жерде өзге ұлттардың татар атымен аталғанына сайма-сай келеді. Татарлар араб, үндістан, қытай (жұңго) елдерінде, тіпті күні бүгінге дейін беделді. Ежелгі моңғолдар бірте-бірте екі үйекке (бұтаққа жіктелген) (77).
«Моңғолдың құпия шежіресінде» қазақ тайпаларына қатысты 96-тарауда, Шыңғысхан Бөрте ханымның шешесі Шотанның жасау ретінде әкелген қара бұлғын ішігін керейт Уаңханға сыйлап, оны өкіл әке деуінен басталады да, керейт тайпасы мен оның рулар жайлы быршама егжей-тегжейлі баяндаулар жасалады. Керейттің ХІІ-ғасырда жыржын, тонғаит, сахият, топарт, албат сияқты ру-тайпалары болған (78). Сондай-ақ 104-тараудан 115-тарауға дейін, Шыңғысханның үш тайпалы меркітке қарсы соғысу үшін Уаң ханнан көмек сұрауынан 189-тарауда, Уаң ханның басын найман Таян ханның қол астындағылардың алуымен аяқталады. 102-тарауда, үш тайпалы меркіттерден бастап, 199-тарауда, Тоқтағанның ұлдарының қолға түсуіне дейін баяндалған. 120-тарауда, жалайырлардан бастап баяндалып, Мұхалиға Гоуаң деген атақты сыйлап, сол қол Жарағұн Жыдұнның маңындағы түмен түтінді басқартудан, 274-тараудағы, жалайыр Чормахан Хорчынның Бағдат елін қаратып алуына дейін баяндалған. 141-тарау, наймандардан басталып, 196-тараудағы, Таян ханның қолға түскеніне дейін баяндалған. 198-тарауда, Күшлік ханның қара қытайдың Горханын паналауы, наймандардың жойылуы және қаңлы, қыпшақ тайпалары жөнінде біршама толық баяндалған. Бұлардың моңғол Юан дәуіріндегі қазақ ұлтының заман тарихын, ұлттық тегін зерттеуге тигізер пайдасы зор.
Есте болар әрі жалтаруға келмейтін бір жайт, «Моңғолдың құпия шежіресінде» айқын қателіктер мен айырмашылықтар сақталған. Әсіресе Ши Шяға, Жин хандығына, Корейге жорық жасағандағы мазмұндар мен Мұқали, Жебе, Жин елінің сардары Ила Пуа, Хыдаға (уанян хыдаға) қатысты жазбалар тарихи шындыққа сай келе бермейді (79). Әрине мұның өзге тұстарында да қателіктер мен парықтар кездеседі. «Моңғолдың құпия шежіресі» тарихи уақиғалардың туылған жылын көп жағдайда бізге анығын көрсетіп бере алмайды, кейбір уақиғалардың шындығын жалғасты түрде дұрыстауға тура келеді.
Бесінші, «Моңғолдың құпия шежіресіндегі» қазақ тіліндегі сөздік қоры жайлы
«Моңғолдың құпия шежіресіндегі» адамдардың аттарының көбі түркі-қазақ тіліндегі хайуанаттарға қатысты зат есімдер болып келеді. Мәселен: бөрі, бұғы, бұқа, тоқты, марал, т.б. Ал, моңғол тілінде қасқырды “чоно” дейді. Мысалы: бөрте шына ـــ көк бөрі. Бұдан басқа «шешен», «білгі», «батыр», «құт», «мерген» сияқтылар. Бұлар да түркі-қазақ тілі. Қазақ тілінде бұл жеке сөздердің мағынасы айқын болып, күні бүгінге дейін қолданылуда.
Тағы да бір нәрсе, 122-тарау (осы тараудың сегізінші, тоғызыншы түсіндірмесіне қараңыз) мен 89-тарауда (осы тараудың екінші түсіндірмесінде берілген) кездесетін ұқсас бір таудың аты ханзуша ұқсамаған әріптермен транскрипцияланған. Осының өзі көне ұйғыр әрібімен моңғолша баяндауды транскрипциялағанда моңғол тіліндегі дыбыстауларда өзгеріс туылатындығын түсіндіреді. Мәселен: күрелгү тауы яғни шежіренің алдыңғы бөлімінде кұрелгұ тауы, «қара жүрек тауы» яғни ол 89-тараудағы қара жүрек тауы, амалиятта бұлар көне ұйғыр бітікшілерінің (хатшыларының) моңғолшаны естелікке алғанда ұйғыршалап жазғандығын айғақтайды.
Көне ұйғыр бітікшілерінің қалдырған осындай деректеріне баса мән беруді қажет етеді. Кейін келе көптеген мұңғол оқымыстысы қателікті түзетуді желеу етіп, «Моңғолдың құпия шежіресін» әдейі моңғолшалап көреді, қазір қарағанда, мұның өзі тым ақылдылықтан туған іс еместігін байқаймыз. Ал қазақ тіліне аударған аудармашылар бұл жағына назар аударды ма жоқ па, ол жағы аударма нұсқасын оқыған соң белгілі болады.
Алтыншы, «Моңғолдың құпия шежіресі» мен «Алтын шежірені» қазақ тіліндегі аударма нұсқаларымен салыстыру жайлы
Алдымен «Моңғолдың құпия шежіресінің» қазақша аударма нұсқасында жалпы беттік қолданылып жүрген «Ғылыми бұтарлау» үлгісі қолданылмай, баспа-бас аударма тәсілі қолданылған. Сондықтан да талай мазмұн қалып қалған, тіпті редакторлардың беталды өңдеулері мен өзгертулерін қосқанда, талай тараудың мазмұны негізінен қалып қалған. Түрі өзгергендіктен қазақша аударма нұсқасының ғылыми құны барынша төмендеп, жай ғана қарапайым әдебиет оқулығына айналып қалған.
Қазақ тіліндегі бірлесіп аударылған «Моңғолдың құпия шежіресінің» аудармашылар берген алғы сөзінде: «Жалқы есімдерді өз кезіндегі моңғолша аталуы бойынша алдық» деген. Осының өзінен олардың орынсыз дауға ұрынып, жаңылғандықтарын аңғаруға болады яғни олар негізделген «Моңғолдың құпия шежіресі»  әуелі ұйғыр хатшы-бітікшілері көне ұйғыр жазуымен естелікке алған. Ал, бұл нұсқа тек «Юан тарихы», «Жамих-ат-тауарих» және «Қызыл шежіренің» дәлелдеуінен ғана өткен болатын. Оның көне ұйғыр жазуындағы нұсқасы күні бүгінге дейін табылмаған. Қазір моңғол жазуындағы «Моңғолдың құпия шежіресін» өз ішінде алған нұсқалар түгелімен Миң патшалығының хұңу жылдарында, 563 ханзуша дыбыстар бойынша құрастырылып жазылған моңғолша нұсқадан тарайды. Былайша айтқанда, ханзу жазуымен бейнеленген моңғол тіліндегі нұсқа деген сөз. Жалпы кітап ханзу әрібімен таңбаланған моңғолша нұсқадан, ханзу әрібімен төте аударған сөздердің жанама аударуынан және абзацтардың соңында келетін қорытынды аударманың жалпы аудармасы сынды үш бөлімнен құрам табады (81). Қазіргі кездегі моңғол тіліндегі «Моңғолдың құпия шежіресі» ـــ ханзу тіліндегі аудармадан қайта аударылған нұсқа.
Моңғол оқымыстысы, мамандары зерттеу үстінде, шешімі күрделі мәселелерге кездесіп отырған: Түсіндіруге қиын сөздердің жүздеп-мыңдап кездесіп отыратындығын олар ашық мойындаған. Кітапта бейнелеген салт-санаға, заң-тізімге, ырым-жырымдар мен тыйымға, т.б. қатысты түсініксіз жайлар тағы да қаншалық (82). Мұның өзі көне ұйғыр хатшы-бітікшілері моңғолдардың ауызша баяндауына негізделе отырып, «Моңғолдың құпия шежіресін» естелікке түсірген шақтарында түркі сөздерін молынан қолданғанын түсіндіреді. Енді бір қырынан алғанда, ол кезде моңғолдың әдеби тілі әлі толығымен пысып-жетіле қоймағандықтан түркі тілдерінің әсеріне барынша ұшыраған. Ұйғыр жазуын қолдануы да соның ішінде жатыр. Алдымен бағынған татар, керей (кереит), наймандар отырықтанған жерлер бәрі де түркі тілі қолданылатын өңірлер болатын. Олар осы түркі тайпасындағылармен некеленген. Алуан түрлі шен-шекпен, заң-тізім, салт-сана, ырым-жырым, тыйымдар табиғи түрде ең алдымен жоғарыдағы баяндалған өңірлерден моңғол халқының күнделікті тұрмысына сіңісіп, өшпес тарихи іздер қалдырған. Сол кезде моңғолдар дерлік қайтадан сахараға шегінгеннен соң, біртіндеп жалаң тілдік орта қала берді. Әсіресе моңғолдар лама дініне сенгеннен кейін, санскрит жазуы мен тибет тілінің моңғол тіліне жасаған ықпалы күн сайын күшейе түсті. Сонымен Юан патшалығының алғашқы кезінде моңғол тіліне сіңген түркі сөздері мен күнделікті тұрмыстарына сіңіп кеткен салт-сана, заң-тізім, ырым-жырым, тыйым, т.б. жақтардағы маселелердің көбі күңгірттеніп, жаңағы зерттеушілер кездесіп отырған күрмеуі күрделі, шешімі қиын мәселелерге айналған.
Ал, қазақ тіліне аударғандар оп-оңай ғана кезіндегі моңғолша атауларды қолданамыз деп аяқ алып жүргісіз қателіктер мен жаңылыстарға қалған. Мәселен: адам аттарын дыбыстық аударма бойынша аударған шақтарында «Моңғұлдың құпия шежіресінің» жазылу, таралуының ман-жайы жөніндегі түсініктері таяз, жалпылық тіл ғылымы, лекселогия жақтарындағы ізденістер кемшін болғандықтан, кейбір олқылықтар мен кемшіліктерді жіберген. Бірлесіп аударған қазақша нұсқада “дүбен мерген” деп алған. «Алтын шежіренің» қазақша аудармасында да “дүбы мерген” деп алған сөзін, Иұи Дажұн аударған «Моңғолдың құпия шежіресінің» 3-тарау 4-түсіндірмесінде, “адыр”, “төбе” деп түсіндірген. Қазақ тілінде сәйкес сөз ـــ төбе, дұрыстап аударғанда “төбе мерген” және Иұи Дажұн аударған «Моңғолдың құпия шежіресінің» 1-тарау 3-түсіндірмесінде түсіндірілген,әсілі “қоңыр марал” болып аударылуы керек.
Қате аударылған мазмұндар бұлармен тынбайды, ең типтік мысал, «Алтын шежіренің» қазақша аударма нұсқасының 50-беті «Моңғолдың құпия шежіресінің» 129-тарауына, 56-беті шежіренің 141-тарауына сәйкес келіп, ондағы “жадаран руы” “жалайыр руы” деп қате аударылып, жадаран руының тайпа басы Жамуқаны, жалайыр руының тайпа басы деп алған. Тіпті ел ішіндегі қазақ тіліндегі тарихи шығармаларда осыны тарихи дерек ретінде қате пайдаланып жүр.
«Моңғолдың құпия шежіресінің» 129-тарауында, Жамуқаның қол астындағы Тайсарының өлтірілуі, Жамуқа Жадаран секілді 13 тайпадан 30 мың қол құрап, 13 қанат соғысын қозғаған. Соғыстың нақтылы туылу себебі ـــ Жамуқаның қол астындағы Тайсары, сары жайлаудағы Шыңғысханға қарасты Жолчы Тармалдың жылқысын шапқанда Жолчы Тармал жалғыз өзі қуғынға түсіп, Тайсарының жанын алып, жылқысын айдап қайтады. Ал, осы Жолчы Тармал жалайыр руындағы Жолчы Жауырқанның інісі болатын (83).
«Моңғолдың алтын шежіресінің» 6-тарауындағы 13 қанат соғыс Күйтүндегі қиян-кескі соғыс пен 3-тарауындағы 13 қанат соғысты салыстыратын болсаңыз Жамуқа бастаған жардаран руы анық жазылған, мұның ешқандай жерінің оның жалайыр руынан екендігі айтылмаған (84).
«Моңғолдың құпия шежіресінің» 38, 40-тарауларына барлай қарасақ, жардаран руының арғы атасы Жаршыдай Шыңғысханның 10-ұлы атасы, Будунчардың Жарчығод руынан тартып әкелген жүкті әйелінен туған, ол жат нәсілден болған бала болғандықтан Жаршыдай деп ат қойылған.
Осы қазақша аударма нұсқаның 18-беті «Моңғолдың құпия шежіресінің» 38-40-тарауларына сәйкес келіп, онда Жарчығұтты (zharshidailekh) деп жадыран руын (zhadiran) деп аударған. Жамуқа міне осы жат нәсілден туылған ұрпақ. Жамуқамен Шыңғысхан бір атадан таралмағанымен төркіндес (аталас) деп айтуымызға болады. Қазақша аударма нұсқасының алдыңғы бөлімінде Жамуқаны тағы жалайыр руынан деп баяндаған. Аудармашыларды ақтауға болатын тағы бір себеп Лувсанданзанның «Алтын шежіресінде», «Моңғолдың құпия шежіресінің» 38-39-тарауындағы Жамуқаға қатысты мазмұндар жазылмағандықтан, аудармашылар қате аударған. Бірақ аудармашылар сәл назар аударып парықтаса осындай қателіктерден сақтануға болар еді. Бұдан мұндай қате аудармалар кем дегенде қазақ ұлтының тарихын зерттеуде қате түсініктер қалыптастырып, қате жолға бастайтындығын, кезінде түзету беріп, анық-қанығына жетіп отырмаса ғылымилыққа салқынын тигізетіндігін айқын аңғаруға болады.
Жетінші, тарихтың шектемелігі жане тұжырым күткен тың кеңістік
Тарихта көне ұйғыр жазуымен жазылған моңғол тіліндегі «Моңғолдың құпия шежіресі» дерексіз кетті, оның түпнұсқасын  көру мүлде мүмкін емес. Ханзу жазуымен транскрипцияланған «Юан патшалығының құпия шежіресі» біздің заманымызға жетіп отыр, әсіресе Миң дәуіріндегі жалпы аударма нұсқасынан пайдалануға да келеді. Оқымыстылардың көбі оны моңғолшалап, қалпына келтіріп жазбақшы болған кезде ұйғыр тілі мен қазақ тілінен пайдалана отырып, зерттеуді елеп-ескермеген, сол үшін де өз өрістерінен аса алмады.
Көне ұйғыр бітікшілерінің моңғолдардың ауызша баяндауына негізделе отырып, естелікке түсірген «Моңғолдың құпия шежіресі» қою тұс алған ұйғырша дыбыстау тәсілімен, тіпті сөздермен хатқа түсірілген атаулар. Түркі тіл жүйесіндегі қазақ секілді кейбір сахара ұлттарының дыбыстау формасымен кеткен. Әсіресе кейбір сахарадағы көшпенді ұлттардың өндірісі мен тұрмысындағы арнаулы атаулар және сөздердің араласуы моңғол тіліндегі дыбыс тұлғаларын да өзгерткен. Түркі тілі қазақ тілі сынды осы бір дәнекерге сүйене отырып, моңғол тіліне терең ықпал жасаған. Ал, өзге түркі тайпалары, ұлттары дерлік моңғол сахарасымен тікелей қоныстас болмаған. Қазақтар моңғолдармен біте қайнасып кеткендіктен, керей (керейт), найман, қоңырат, меркіт, жалайыр, қаңлы, қыпшақ сияқты қазақ тайпалары моңғолдың Шыңғысханымен бірде сайысып, бірде жарасып, бірде бағынып отырған. Олардың тарихы бір-бірімен тығыз байланыста, өндіріс формасы мен тұрмыс тәсілі ұқсас, ежелгі рухани тұрмыстық әдістері де бір-біріне жуық. Мәселен: бәрі де төтемге табынған, көк бөріге сыйынған, шаман дінінің бақсыларына шоқынған, қырғыз халқы да маралға табынған, бір ұлт жөнінен алғанда, тіл мен мәдениеттің ықпалы, ерте дәуірлерде екінші бір ұлттың күнделікті қимылына әсер ету арқылы барып іске асқан яғни қарапайым сөзбен айтқанда, “құлаққа сіңісті, көзге үйір” дегендей, ол әсте бір-екі елшінің, не бір-екі керуеннің келуімен жүзеге аса бермеген. Дін тарату қимылдарының өзінде де, дін таратушылар барған жерлеріндегі жергілікті ұлттық тілдерге сүйеніп, дін шариғаттарын таратқанымен, екінші бір ұлттың тілін тарата алмайды. Сондықтан Юан дәуіріндегі көне ұйғыр бітікшілері моңғолдардың ауызша баяндаған тарихын қою түс алған көне ұйғыр дыбыстарына сүйене отырып естелікке алған. Қайта айналып Миң патшалығы тұсында ханзу тілінің дыбысталуы бойынша транскрипцияланып жазылған кезде, танылмастай болып өзгерген дыбыстық шектемелерді тудырған. Осының салдарынан көрер көзге оңай болғанымен, шешімі күрделі жұмбақтарды түркі тіліне пысық не негізі әлсіз кейінгі заман оқымыстыларының алдына келіп тартты.
Фың Чыңжұн мырза «Досаң моңғол тарихының» алғы сөзінде былай деген еді: «Юан патшалығы тарихының» аударма атын зерттеу үшін мынадай бірнеше шартты әзірлеу керек: біріншіден, аты иесіне жүгну керек; екіншіден, батыс солтүстіктің бірнеше тілін білу; үшіншіден, ханзу әрібінің ескіше оқылуын білу, әсіресе Юан дәуіріндегілердің оқу амалынан хабардар болу керек. Бұрын Юан патшалығының тарихын зерттеушілердің көпшілігі осы үш шартты әзірлей білмегендіктен, өзгертіп өңдеген сайын елді алжастыра түскен. Осы сөзді «Моңғолдың құпия шежіресінің» аударылуы мен зерттелуіне де айтуға болады.
Сондықтан байырғы заманғы қазақ тілін зерттеу сабақтарын орналастырғанда, қазақ тіл-әдебиет факултеті «Моңғолдың құпия шежіресінен» үлгі нұсқа алып, оқыту жоспарына кіргізсе деген ұсынысты алға қоймақпын. Сонымен бірге ғылым саласындағылар қазақ тіліндегі аударма жаңа нұсқасын шығару барысында «Моңғолдың құпия шежіресінің» түрлы басылым нұсқасына салыстырып зерттеуді күшейтулері, шешілмей келе жатқан түйіндерді шынымен шешулері қажет.
Ескерту: автордың ұсынысы бойынша өткен сандағы мақаладағы мұндағы моңғол аңыздарында кездесетін Ел анасы Бөртешинадан кейінгі 234 тарау «Моңғолдың құпия шежіресіне» қарайлас келеді. Алайда құрылысында өзгешеліктер бар, ал содан кейінгілер «Кіші алтын шежіреге» ұқсап келеді, деген сөйлемнен соң түсіндірме (47) кіргізілді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста