Шежіре- Сахалар

Шежіре- Сахалар

САХАЛАР, 'якуттер' деген атпен де белгілі, Саха (Якутия) республикасында жасайтын түркі халқы.
Якут тілі Түркі тілдерінің Солтүстік тармағына жатады. Сөйлеушілерінің саны шамамен 456 000 (Ресей санағы, 2002), негізінен Саха (Якутия) республикасында қоныстанған, аздап Амур, Магадан, Сахалин аймақтарында және Таймыржәне Эвенк автономиялық округтерінде де бар. Саха елінің халқы шамамен 980 000, олардың 382 000-ы, немесе 39%-ы сахалар. Олардың үлесі кеңес кезінде басқа жақтан келгендердің есебінен азайған еді, бірақ соңғы жылдары аздап көбейді. Сөйлеушілерінің саны біршама көп болғандықтан, саха тіліне төнген жоғалып кету қаупі Ресей Федерациясындағы басқа тілдерге төнген қауіптен әлдеқайда төмен болып саналады.

"Алаш айнасы" интернет-газеті халқымыздың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы – қазақ шежіресі туралы ақпараттарды кезең-кезеңімен жарияламақ. Осы арқылы үш жүздің әр руы туралы мәліметтерді топтастырып, қазақтың ортақ шежіре қорын жасап шығармақ. Одан бөлек шежіре айдарында түркі тілдес елдердің де шежіресі көрініс табатын болады. Егер сіздің қолыңызда өз руыңыз жайында мәліметтер болса, біздің мына: info@alashainasy.kz электронды поштамызға жіберуіңізге болады.

Қоныстанған жерлері мен шаруашылық дәстүрлері бойынша сахалар екі негізгі топқа бөлінеді. Солтүстікте тұратындары жартылай көшпелі аңшылық, балықшылықпен, қодас және бұғы өсірушілікпен айналысады. Оңтүстіктің сахалары негізінен мал шаруашылығымен, жылқы және ірі қара өсірумен шұғылданады.

Шығу тегі

Ғалымдардың көпшілігі сахалар Олхон мен Байқал көлінің маңынан қазіргі тұрып жатқан Лена, Алдан және Вилюй өзендерінің алабына шамамен 13-ші ғасырда көшіп келіп, сол жерлердің эвендер, эвенктер секілді байырғы тұрғындарымен араласқан болса керек деп топшылайды.
Археологиялық деректердің негізінде сахалар оңтүстік Сібірден шыққан, олардың шығу тектері буряттармен ортақ деген көзқарас орныққан. 2003 жылғы наурыз айында Алманияның Макс Планк атындағы Эволюциялық антропология институты сахалардың шығу тегі туралы зерттеу жариялады. Ол зерттеуде 100-ден астам саха ұлтының адамының митохондриялық ДНҚ-лары басқа еуразиялық халықтардікімен салыстырылды. Зерттеу бойынша, сахалар сол аймақта өмір сүретінэвенктерге және оңтүстік Сібірдегі түрік тілдес тувалықтарға генетикалық жағынан өте жақын болып шықты.

Дәстүрлі тұрмыс-тіршіліктері

Солтүстік сахалар аңшылық, балықшылық, бұғы өсірумен айналысқан, оңтүстік сахалар жылқы, ірі қара өсірген. Екі топ та киіз үйлерде тұрып, жыл сайын қыстақ пен жайлаудың арасында көшіп жүрген. Саха мәдениетінің басқа Сібір халықтарының мәдениетінен ерекшелігі — сахаларда темір қорыту және саздан ыдыс жасау (көзешілік) өнері күшті дамыған болатын.
1620-шы жылдары олардың жеріне орыстар келе бастады. Олар Саха елін өзіне қаратып, аң терісінің салығын орнатты. 1634 және 1642 жылдары болған саха көтерілістерін басып-жаншыды. Алтын қорларының табылуы мен Транс-сібір теміржолыныңашылуынан кейін өлкеге орыстар көптеп келе бастады. 19 ғасырдың 20-сы жылдарына дейін сахалардың басым көпшілігіОрыс-православ дініне өтіп болды. Бірақ қазірге дейін кейбір шамандық әдет-ғұрыптарды да сақтап қалған. 1919 жылы кеңес үкіметі Якут Автономды Кеңес Социалистік Республикасын жариялады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста