Шежіре - Тывалар

Шежіре - Тывалар

Тывалар — ұлт, Тыва Республикасының байырғы халқы. Орталық Азияны мекендейтін Түркі этнос және ұлт. Сойондар, сойоттар, урянхайлар, танну-тувиндер деп әрқалай аталып келген. Жалпы саны 280 мың (2002) адам. Олардың 244 мыңға жуығы Ресей Федерациясын, 26 мыңға жуығы Моңғолиядатұрады. Тывалар тілі түркі тілдері тобына жатады, будда дінінжәне Тәңіршілдік ұстанады.

"Алаш айнасы" интернет-газеті халқымыздың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы – қазақ шежіресі туралы ақпараттарды кезең-кезеңімен жарияламақ. Осы арқылы үш жүздің әр руы туралы мәліметтерді топтастырып, қазақтың ортақ шежіре қорын жасап шығармақ. Одан бөлек шежіре айдарында түркі тілдес елдердің де шежіресі көрініс табатын болады. Егер сіздің қолыңызда өз руыңыз жайында мәліметтер болса, біздің мына: info@alashainasy.kz электронды поштамызға жіберуіңізге болады.

Антропология жағынан түрк нәсіліне жатады. Этника жағынан далалық (халықтың 95%-ы) және тывалар болып бөлінеді. Далалық Тываларың этногенезінде Орталық Азиядағы түркі тілдес топтардың ықпалы басым. Қазан төңкерісіне дейін тывалар көшпелі мал шаруасымен ғана айналысты. Жылқы,сиыр, кейбір аудандарда түйе мен қой өсірілді, жайылымдық мал шаруа дамыды. Ұлттық тағамдары ет пен сүттен жасалады. Сиыр мен бұғы сүтінен жаз кезінде айран, құрт, ірімшік даярлайды. Негізгі тағамдары – ет. Тывалардың баспанасы – кидисег деп аталатын киіз үй. Чум деп аталатын баспананы да қолданған. Үй жиһазы оюлап әшекейленген ағаш төсек, абдыра, ыдыс-аяқ, оюлы тері торсықтардан құралады. Ұлттық спорт өнерінің ішінде ең көп тарағаны – палуандар күресі. Халықтық өнерден бұға-шатра, черги-шатра, тугул-шатра секілді есепке негізделген, ой-өрісті дамытуда маңызы бар тақта ойыны кең тараған. Тыва жазба әдебиеті 1930 ж. ұлттық әліпби қабылданған соң дами бастады. Тывалардың музыка өнерінің негізін әр алуан тұрмыс-салт жырлары, лирик. әндер, күлдіргі частушкалар, көмеймен айтылатын сығыт, қарғыра, хормей секілді халық әндері, сондай-ақ эпик. сарындағы жырлар, аспапта орындалатын саздар құрайды. Кең тараған музыка аспаптары шекті-ысқышты – допшулуур, бызанчы, игил; іліп тартатын аспаптар – чадаған, шанзы, шелер-хомус, кулузун-хомус, демир хомус; үрлемелі аспаптар – мургу мен шоор. Ламалар мен бақсылардың үрлемелі сазды аспаптарына бурээ, бушкуур, тун жатады. Соқпалы аспаптары – шан, конча, дщамбра, кенгирге, дунгур. Ел аралап, өнер көрсететін әнші-жыршы, сазгерлер ұлттық музыка мәдениетінің дамуын жалғастырды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста