Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ақтөбелік дәрігерлер 100 күн бойы жүкті әйелдің өмірі үшін күрескен

17 желтоқсан 2021, 16:53

Ақтөбелік 38 жастағы Қарлығаш Сисенбаева жүктілік кезінде ковидпен ауырып медицина дәрігерлерінің көмегіне мұқтаж болған. Екі өкпесі 75 пайыз зақымданған ана жасанды комадан аман қалып, сәбиін желдеткіш құралдың астында дүниеге әкелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Дәрігерлер көп балалы ананың өмірін сақтап қалды. Ол 100 күн жан сақтау бөлімінде жатқан. Ковидтік ауруханада төрт ай ем алған әйел үйіне қараша айының соңында шығарылған. Дегенмен әлі де толық қалыпқа келмеген келіншек оттегі құралын әлі де тұтынады. Сол себептен де жаңа туған нәрестесіне қарай алмайды. Салмағы екі киллограмға жетпейтін, дені сау болып туған Қарлығаштың қызы бір апта бұрын пневмониямен ауруханаға түскен. Сәбиіне  бүгінде туысы қарайлауда. Анасы бейне хабарлама арқылы байланыс жасауда.

“Медициналық орталық дәрігерлеріне мың алғыс! Олар маған жақсы қарады. Бірде дәрігер келіп құрылғыдан тұрып өз бетіңізше демалыңыз деген кезде желдеткішсіз ауа жетпей тұншығатын шығармын деп қатты қорыққаным есімде”,-дейді Қарлығаш ақ халаттыларға алғысын айтып.