Шипагер

Бір күш қысып, осы жолға түстім: Түркістан облысында күйеуі мен әйеліне бірдей емшілік қасиет қонған

  • Бір күш қысып, осы жолға түстім: Түркістан облысында күйеуі мен әйеліне бірдей емшілік қасиет қонған

    Бір күш қысып, осы жолға түстім: Түркістан облысында күйеуі мен әйеліне бірдей емшілік қасиет қонған

Түркістан облысының Ордабасы ауданы Темірлан аулында тұратын Еркінбек Бибатыр мен жұбайы Ләззат Наурызбайқызы түрлі дертке шалдыққандарды қасиетті Құранмен дем салып, қолындағы биотоктың көмегімен денені уқалау арқылы емдеп жүр.

Дертінен айығу үшін емшілердің алдына келген Нағима Мәди есімді тұрғынның 5-сыныпта оқитын немересі аллергиялық астмаға шалдыққан. Оның сөзінше, тыныс алуы қиындаған бала 20 күннің ішінде дәрі-дәрмек қабылдауды доғарған, деп хабарлайды “Замана” газетіне сілтеме жасап Stan.kz.

 
Ал Созақ ауданында тұратын Марат Байдуллаевтың Еркін есімді ұлы жүре алмай қалған. Еркінбек Бибатырдың емшілігі туралы естіген ол Темірлан аулына жол тартады.

Баламды дәрігерлерге көрсеттім. ДЦП деген диагноз қойды. Алғашқыда қолдары тартылып қалатын. Осы емшілерге қаралып жүргенімізге қазір бір ай шамасындай уақыт болып қалды. Шүкір, баламның беті бері қарады» , – дейді Марат Байдуллаев.

Ал емші Еркінбек Бибатырдың өзі бойындағы емшілік Жаратқанның дарытқан қасиеті екенін айтуда. Оның сөзінше, өткен жылы 27 жыл бойы циститпен ауырған науқасты емдеп-жазыпты.

«Иә, біз жұ­байымыз екеуміз де ем жасаймыз. Аяғы қақсап, ба­сы ауырғандарды,  асқазан-ішек ауруларын, тоқ ішек геморройын, қуық, өңеш, алқым бе­зінің қабынуын, ұршық басының жетілмеуін, дис­плазияны, ерлердің қуық асты без қабынуларын (простатит), әйелдегі циститті емдеп жүрміз. Оның бәрі Жасаған иеміздің бойымызға берген қасиетінің арқасы.

Келіншегіме емшілік жастайынан қонған. Кейіннен мені де бір күш қысып, осы жолға түстім. Екеуміздің бірге ем жасап жүргенімізге төрт-бес жыл болып қалды. Әдетте онымызды жұртқа жария ете бермейміз. Естіген-білген адамдар өздері іздеп келіп жатады. Емдерін қабылдап, сауығып кеткендер де көп. Былтыр 27 жыл циститтің асқынуынан зардап шеккен бір қызды емдеп жаздық. Он күн ішінде тәуір болды. Дисплазиясы бар балаларды әкелушілер көп», – дейді емші.

Дерті қысып, ем қонбағанда қасиетті Құраннан дауа тапқандар жоқ емес. Мұндай жағдайда дәрігерге не емшіге жүгіну адамдардың өз еркінде. Десе де емшілердің алдына барғанда да абай болып, жүргізетін емі мен берген дәрілік заттарына сақтықпен қараған дұрыс екенін айта кетеміз.

Айта кетсек, бұған дейін Шымкентте бедеулікті емдеу үшін емшіге барған келіншектер жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан еді.




Көрілген: 3018    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.03.2021, 08:53

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Сәуір, 08:43
    КӨРІПКЕЛДІК
    3 Наурыз, 10:57
    Әруақтар кекіртпейді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30