Буын ауруын бір аптада емдеп жазады

Буын ауруын бір аптада емдеп жазады

Буын ауруларынан зардап шегетін адамдар бізге жиі хабарласады. Арасында ұдайы ауруханаға жатып ем алып, дәрігер кеңесін бұлжытпай орындаса да жазылмай, қайта жүріп-тұруы қиындағанын айтатындар бар.

«Буын ауруын түбегейлі емдейтін маман бар ма?» деген сауалдарға байланысты біз тәжірибелі травматолог-ортопед Асқарбек Қамбарбековты (суретте) сұхбатқа шақырдық. Шымкенттік бұл дәрігер буын ауруын бар-жоғы бір апта ішінде емдеп жаза алатынымен танылған. Оның өзіндік тәсілі бар. Бұл жайлы төменде баяндалады.

– Асқарбек Керімұлы, буын ауруларының түрі мен себебін айтып өтіңізші. Бұл ауру не себепті туындайды?

– Буынды ауруға ұшырататын 3 түрлі себеп бар. Біріншісі, жарақаттан кейінгі, яғни сынған, шыққаннан кейінгі буынға тұз жиналу. Екіншісі, инфекция аурулары түрткі болатын жағдай. Бруцеллез, трихомониаз, туберкулез салдарынан да буын ауырады – артрит, ревматоидты полиартрит туындауы мүмкін. Бірден айтайын, бұл жағдайда артроз емес, артрит болады. Соны түсіндіріп өтейін. Артрит – бұл буынның жұмсақ тін (мягкая ткань) аурулары. Оған тері, тері астындағы май, бұлшықет, сіңірлер жатады. Артроз деген – бұл екі сүйек арасындағы май кетіп, шеміршектің қажалуы. Үшіншісі, бүйректегі созылмалы пиелонефриттен пайда болатын тұз аурулары. Ол артрозға апарады.

Осы жерде мына жайды айта кетейін, бүйректің созылмалы ауруы қазір көбейіп кетті. Оның басты себебі – суықтау. Одан кейінгі себебі – «Ауру – астан» демекші, тұтынып отырған ас-суымыздан. Біз көбіне химиялық заттектер қосылған тағамдарды жейміз. Дүкендердегі ұзақ сақталатын тағамның бәріне химикат қосылады. Бұзылмас үшін. Тазаланбаған су да бүйректі бүлдіреді. Мұны айтып жатқан себебім, ағзаға түсетін кальций, магний, алтын, темір, жалпы металдардың керекті мөлшерін екі бүйрек реттеп отырады: көп болса сүзіп, аз болса алып қалып отырады. Егер созылмалы ауру болса, бүйрек ағзадағы металдарды, тұздарды реттеп, бақылай алмай қалады. Соның кесірінен ағзада тұз көбейіп, ол буын арасына жиналады, одан артроз пайда болады.

– Бұрын тізем сырқырады, белім сыздады деген сөзді тек ересектерден естуші едік. Қазір буын аурулары жасарып бара жатқан сияқты.

– Пайымдауымша, жастарда омыртқа жарығы – грыжа көп. Өткенде бел омыртқа грыжасымен 18 жастағы жігіт келді. Жап-жас қой! Ақтауда болғанымда грыжа бойынша 20 жастағы жігіттер көп емделді. Бұл – омыртқа ауруы жасарып бара жатыр деген сөз.

Ал буын дертін айтып келетіндер көбіне 50-ден асқан азаматтар. Талай жерге бардық, еш болмады, ем қонбады деп жатады. Иә, бұрын буын ауруы сирек кездесетін. Қазір көбейгені байқалады.

– Сізді жұрт «Қолы өте жеңіл, буын ауруын 1 аптада емдеп жазады» деп жатады. Сол рас па? Бір аптада буын ауруынан айығу мүмкін бе?

– Артрит, артрозды 1 аптада тәуір ететін тәсілім бар, ол рас. Бастапқы сатысы болса 1 уколмен-ақ тәуір болады. Егер 2-ші, 3-ші саты болса, 3 уколда толық жазылып кетеді. Ал асқынған, яғни 4-ші сатыдағы буын ауруын емдеуге 10 шақты күн керек.

Уколды күн аралатып, ары кеткенде 6 рет саламын. Оның 3-еуі тұзды ерітеді, суықтауды, буындағы ісінуді қайтарады. Осының өзінде аяқтың түнімен қақсап, мазаны алуы басылады. Кейінгі укол шеміршекті қалпына келтіреді. Ең соңында сүйек буындары түйіскен жердегі кеуіп кеткен сұйықтықтың қайта түзілуіне көмектесетін дәрі егіледі. Науқас укол салдырып болған соң үйіне қайта береді. Тек одан кейін біраз уақыт суық пен тұмаудан сақтануы, ауыр көтермеуі керек.

Бір апта ішінде нақты нәтиже көргендер көп, олар риза болып, бұл жайлы таныстарына, туыстарына айтып жатады. Осылай басқа облыстардан да іздеп келіп жүргендер бар.

– Осы өзіндік тәсіліңіздің құпиясын айта аласыз ба?

– Құпиясы – құрамы бойынша еш жерде жоқ укол. Ол медицинада қолданылып жүрген заманауи дәрілерден жасалады. Тек мен аурудың түрі мен сатысына қарай оны басқа қажетті дәрілермен араластырамын. Мұны студент кезімде, институтта оқып жүргенде жасы келген бір профессор үйреткен. Оның өзі де буын ауруымен ауырып, өзін осылай емдеген екен. Сенім артты ма, маған осыны үйретіп кетті. Одан бері өзім де буын ауруларының себебі мен емін табуда ізденіп жүргеніме 30 жыл болды. Бұл уақыт аралығында мол тәжірибе жинадым, керекті дәрілердің әсері мен бір-біріне үйлесімін зерттедім. Сөйтіп әлгі дәрі құрамын тағы өзгерттім. Осылай бірнеше дәріден жылдам әсер етіп, тез сауығуға көмектесетін жаңа құрам жасап шығардым.

Екінші құпиям – мен уколды ауру ошағына саламын. Ал ауру көзін дәл тауып, екпені тура сол жерге салғанда жылдам әрі толыққанды әсер етіп, адам ауруынан тез жазылады.

Мысалы, 3-4-ші сатыдағы тізе ауруына Мәскеуден арнайы алдыртатын табиғи май мен күміс қоспасынан тұратын дәрі егемін. Тізе майы азайған, шеміршегі желінген буын ауруы үшін ең жақсысы сол. Ізденіп жүргеніме 30 жылдан асты дедім ғой. Ал осы тәсілмен емдеп жүргеніме 15 жыл болды. Сол дәрінің арқасында қаншама адам пышаққа түспей, операциядан аман қалды. Грыжа болса, жоғарыда айтқанымдай, дәрі құрамын өзгертемін.

Бұл тәсілдің артықшылығы мынада – мысалы, омыртқаны емдеген кезде дәріні егер бұлшықетке, көктамырға салса, ол бауырға барып, бауыр оны залалсыздандырады. Содан ауру буынға дәрі өте аз мөлшерде барады. Одан жақсы нәтиже болмайды. Ал укол дәл ауру ошағына салынса, бауырға зияны жоқ, буынға, грыжаға нәтижесі өте жоғары. Укол алған адамдар кейін маған МРТ қағаздарын жіберіп жатады: үлкен болса екі есе кішірейеді. Кішкентайлары мүлде жоқ болып кетіп жатады.

– Жақсы екен. Осы укол құрамын фармацевтер, басқа дәрігерлер мақұлдай ма?

– Бұл сұраққа мысалмен жауап берейін. Бұрын Қытайда тұрған, кейін елге көшіп келген бір кісі тізе ауруы бойынша менен ем алған еді. Оның алдында ауруы жанына батқан соң Қытайға да барып, түрлі ем жасатқан екен, одан жазылмапты. Менен ем алғанда бір аптада нәтиже көріп, кәдімгідей қуанды.

Сол кісінің қызы Шымкентте фармацевтика мамандығын алған, қазір Мәскеуде тұрады. Елге қыдырып келгенде белі ауырып, грыжа мазалап жүргенін айтқан. Әкесі дереу маған ертіп келді. Мен оны 10 күн емдедім. Бір айдан кейін ол маған Мәскеуден қоңырау шалып тұр. Ол жақта баяғы барып жүрген клиникасында МРТ-ға түссе, белінде грыжа жоқ болып шыққан. «Мынау сенсация!» деп, өзінен бастап профессорларына дейін бұрынғы және кейінгі МРТ-ны көріп, таңқалады. «Қайда емдеттің, кім емдеді?» деген сұрақтар қарша борап, профессоры менің телефонымды сұрапты. Хабарласты. «Бізге Мәскеуге кел, мен саған көптеген науқастарды дайындап қоямын. Клиникамнан жеке кабинет беремін» деді. Бірақ мен ол жаққа барған жоқпын.

Менің невропатолог танысым бар, шетелге конференцияларға көп  барады. Ол дүние жүзінде халықтың 70% омыртқасында грыжа бар, ауырған кезде емдетіп жүреді, бірақ жазылмайды дейді. Ал мен оны емдеп, жазып жүрмін. Оған дәлел ретінде көптеген адамның МРТ қағаздарын көрсете аламын.

Тек грыжа, протрузия, буын ауруы емес, өкшеде тұз пайда болады ғой, өкшеге батып, жүруі қиындайтын? Оны мен үш күнде емдеймін. Тұзды ерітетін әдісім бар, өзім ойлап тапқан. Маған жақтары ашылмай, қарысып қала беретін үлкен кісілер де келеді. Жақтағы буынның ішінде тұз пайда болғаннан аузын ашса жабылмайды, жапса ашылмай қалады. Оларды да үш күнде емдеймін.

– Емдеу ақыңыз қанша? Емделуге ниет еткен адам үшін бұл да өте керек дерек.

– Әр укол 10 мың теңге тұрады. Мысалы, артрит енді басталып келе жатса, бір аяққа бір укол жетеді. Егер ІІ сатыдағы ауру болса әр аяққа 3 уколдан салынады. Асқынып кеткен жағдайда суықты алатын, тұзды ерітетін, шеміршек майын қалпына келтіретін, ісінуін басатын кешенді ем жасалады. Ол екі аяққа шамамен 350 мың теңге болады.

Остеохондроз болса омыртқа бұлшық етіне укол саламын, ине терапиясы бар, массаж жасаймын, керек жағдайда мануалды терапия жасалады. Ол күніне 10 мың теңге болады. Протрузия, грыжа болса күніне 20 мың теңге. Емдік курс грыжаның көлемі мен көптігіне байланысты 3 күн, 7 немесе 10 күн болуы мүмкін.

Бұдан бөлек кәсіби травмотолог ретінде сынған, шыққанды нәтижелі емдеймін.

Ерлі-зайыптылардағы бедеулікті емдеуде де өзіндік тәсілім бар, бұл емнің шарты – екеуі бірге ем алуы керек. Мақтанғаным емес, нәтиже 99%.

Сосын хиджама жасаймын, бас пен тілден қан аламын. Бұл жердегі тәсілім де өзгеше, банка қоймаймын, шашты да алмаймын. Бұл емделушілер үшін өте қолайлы. Бастан қан алған кезде сақина дейді ғой – мигрень, сол кетеді, қан қысымы реттеледі. Тілден қан алғанда бауыр жұмысы жақсарады.

– Жасыратыны жоқ, біздің оқырмандар арасында буын ауруының емін іздеген адамдар көп. Олар сізге емделуді дұрыс көрсе, қайда бару керек?

– Мен Шымкент қаласы, Нұртас мөлтекауданында тұрамын. (Ақсұңқар көшесі, 71-ші үй). Байланыс нөмірім 8-702-383-01-04. Ем жасау барысында бос болмай қалсам 8-702-445-35-43 нөміріндегі көмекшіме хабарласуға болады.

– Еңбегіңізге сәттілік тілейміз!

Сұхбаттасқан – Р. САҒАТҚЫЗЫ.

zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста