Қазақстан жасөспірімдерге арналған "Спутник М" вакцинасын мақұлдады

22 ақпан 2022, 14:11

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы жасөспірімдерге арналған "Спутник М" ресейлік вакцинасын мақұлдау туралы шешім қабылдады. Вакцина 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазақстан "Спутник М" вакцинасын мақұлдаған алғашқы шетелдік мемлекет болды", – деді Ресей тура инвестициялар қорының баспасөз қызметіндегілер. 

Ресей тура инвестициялар қорында өзге елдердегі жасөспірімдерге салынған вакциналардың дозасы ересектердің вакцинасымен бірдей екенін мәлімдеді. Олардың сөздерінше, "Спутник М" арнайы жасөспірімдерге арналып жасалған. 

Ресей денсаулық сақтау министрлігі жасөспірімдердің "Гам-Ковид-Вак-М" вакцинасын ("Спутник М") 2021 жылдың 24 қарашасында тіркеген. 

"Спутник М" вакцинасы "Спутник V" негізінде жасалған және 30 жыл көлемінде сыналған аденовирус векторының платформасында жасалған. Басты айырмашылығы құрамындағы аденовирус векторының 5 есеге азайтылуында. 

Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі жаңа вакцинаға клиникалық зерттеулер жүргізіп, екпенің қауіпсіз екенін анықтаған.