КӨРІПКЕЛДІК

КӨРІПКЕЛДІК

Адамзаттың тарихына үңілсек, ғасырлар бойы өздерінен тыс бір тыл­сым күштің табиғатка кайшы келмейтін құпия заңдылығы барына зор сеніммен қарады. Ғылым болса, осы құбылысты анықтауға ұмтылды. Адамның бойындағы ерекше бір қасиет көріпкелдіктің нақты нәтижелерінің қорытын-дысы, ғылымда жаңаша көзқарастық өзгеріс туғызды. Де-генмен, нақты теориялық заңдылығы жоқ бұл құбылыс, көзі көрмейтін зағип адамға мені көресің бе дегенмен бірдей екені де шындық.

Көріпкелдік қасиет қайдан пайда болады, ол мәңгілік пе, жоқ уақытша бір алданышты сиқыр ма, әйтеуір, әлі белгісіз дүние сияқты көрінеді де тұрады.

Бұған таңқалғаннан гөрі, зер салып ойланған жөн сияқты. Болгариялық көріпкел марқұм Ванга әжейді 12 жасында құйын аспанға көтеріп әкетіп, екі көзінен айырылды. Вангада көріпкелдік сол уақыттан бастап пайда болды. Сондықтан да, Анатолий Михайлович Кашпировский Ванганың өзіне барғанда, Ванга әжей "Анатолий, сенің бойыңда бұл қасиет қашан пайда болды?", – деп сауал қойды. Анатолий болса "Мен бұны айта алмаймын", – деді. Сонда Ванга: "Айтасың, ал маған көріпкелдік мен тура соқыр болып қалған күні қонды", – деді. Сонда қалай көреді? Көргенде де оған бүкіл хабарды, көріністі кім жеткізеді? Бұл жағы беймәлім.

Кашпировский Вангаға: маған келер жылы опат боласың деді, шын ба?- деп сұрағанда, Ванга селк етіп барып "Оған сенбе", – деп тоқтатты. Ал, Кашпировскиймен бірге келген журналист әйел ішінен Ванганың әңгімесі-не риза болмады. Оның ойын Ванга біліп қойып, "Жазғышбек, көріп тұрмын, сенің екі кішкене табытың болған, ол – сенің балаларың", – дегенде журналист әйел не дерін білмей қалады. Шынында да, журналистің екі баласы қаза болған екен. Бұндай мысалдарды мыңдап жазуға болады. Ең басты мәселе, Ванганың он екі жасында пайда болған көріпкелдік касиеті сексен бестен асып, о дүниелік сапарға кеткенге дейін бір қалыпты сақта-луы таңғалдырады. Жасы үлғайған сайын адамның көру кабілеті нашарлайтыны рас. Ванганың көру қабілеті көзімен емес, ішкі жүрек сезімімен жалғасуында не себеп бар?

Адамның денесінен әртүрлі түске оранған нұр сәулелер шығады. Мұны ғылымда аура дейді. Дені сау адамның аурасы оның денесінен бір қалыпты шығады. Ал ниеті дұрыс адамдардың нұр сәулесі лаулап шықса, аурушаң адамдікі әлсіреп сығырайып, кейде үзіліп, өңін тез ауыстырьш отырады. Өте қара ниет зәлімдердің жүрек нұр сәулесі жіңішке білте шамның сәулесіндей, жан жағына шашырамай шығады. Аураның түр-түсіне, толқынына қарап, сырқат түрін анықтауға болады.

Міне, осы денеден бөлініп шығатын нұр сәуленің (аураның түсіне ақ, сары, алтын, түсті, күміс түсті, көк, жасыл, қарақошқыл, күңгірт т.б.) қарай оның денсаулығын ғана емес, мінез-құлқында анықтауға болады. Көріп-келдікке ие жандардың аурасы бір қалыпты түсті болуы мүмкін (ақ, ақ-шыл-сары, т.б.). Аура – астральдық денедегі жанның ішкі жарық ағысы-ның радиациясы болғандықтан адамның басы да сол ағыстан шығатын жарық шұғыласына бөленіп тұрады. Ал өлген соң бұл нұр сәулелер жарығы сөнеді. Жан денені тастап шығып, өзінің өмір сүруінің екінші сатысына көшеді. Ол жан рухқа айналады. Көріпкелдер осы рухтардың өзіне қажет-тілерімен толық байланысқа шыға алады. Сонда физикалық дене ішінде сақтаулы тұрған "меніміз" (жан) тіршілікте ба­сқа дүниемен күндіз және ұйықтап жаткднда калай байланысады?

Ұйықтағанда физикалық дене ғана дем алады. Ал жан дем алмай, дене-ден бөлініп шығып, "рух патшалығына" өтеді. Адамның жаны мен оның денесі "күміс жіппен" жалғасқан. "Күміс жіп" резина сиякты өте созылмалы келеді. Жан миллиондаған ғаламдық қабатты планеталарға сапар шек-кенде, "күміс жіп" созыла береді де, жан мен денені жалғап тұрады. Өлім кезінде "күміс жіп" үзіледі. Ал өңінде де жан денеден бөлінеді. Бұл әдісті иогтар мен Тибеттік монахтар жақсы меңгерген. Көріпкелдік қасиетке ие адамдар көзін жұмып немесе жұмбай-ақ көре алатын қабілетке ие. Бірақ, аурудың түрін анықтау жай тәсіл арқылы жүзеге асырылғанымен, рух арқылы байланыс ол өте күрделі. Алдыңызға келген адамға, өзің білмейтін бұл және о дүниелік ата бабасы рухымен сейлесіп, накты хабар айтудың құдіреті де хабарға шығушы мен хабарға байланысқа келуші рухтың тазалығына байланысты десек, артық болмас.

Жаны таза көріпкелдер тек қана ғаламдағы таза рухтар көмегімен нәтижеге жетеді. Ал, көріпкелдік қасиет кейіннен қонғандарды оның ниетіне қарай, тән, жан және ұждан тазалығына қарай, кейде "кері күш" билеп алып, жалған көріпкелдік жасатады. Қазір нағыз көріпкелдер жоқтың касы. "Жас Алаш" газеті (N90. 30.07.1998 ж.): "Көріпкелі бар бір азамат 8-тамызда акырзаман болады деп жар салып жүр дейді жұрт...", – деп жазды. Қандай адам екен оған сенген? Тағы да халықта үрей туғызу үшін бе?

Мен де құралақан емес едім, ғарыштық байланысқа шығып, осы ха-барды тексергенімде, жоғарыдан жаксылық хабар келіп, "Өлетін қарғаның құзғынмен ойнайтынына" теңестірді. Құдай сақтап жаманшылық болған жоқ. Осындай шалалардың көріпкелдігін жазып хабарлаудың халыққа қаншалықты зиян екенін түсінетін мезгіл жетпеді ме? Белді бір газетіміз қолдан "құдай жасаса ("Түркістан". №3.1998), енді біреуіміз "ақырзаманды" қолдан жасаймыз? Жақсылық айтатын мезгіл жетті ғой!

Көріпкелдік қасиет кездейсоқтық емес, ол жер жүзіндегі адамдардың ұлтына, жасына, жынысына және басқадай ерекшелігіне қарамайды, олардың ішкі дүниесіндегі ой арманына байланысты.

Құдірет күші адамдарды тіліне, дініне қарамай, олардың талабын көріпкел арқылы калай қанағаттандырадьг?

Егер біз Ванга әжейдің Әулиеаталық әріптесі атанған Эльвираға оның көріпкелдігі жөнінде баға берсек, Эльвира "Мені адамдарды емдеу мақсатымен аспаннан әдейі жіберді", – депті, ол жөнінде мақала ғана емес, "Сыновья и дочери пандов или Тайны запредельного мира" (Алма-Ата. изд-во "Рауан". 1992 г. 66 стр. 5000 экз.) кітапшасын жазған орыс тілді журналист Амантай Айзахметов мырзаға. Әдірісін айтпа деген ғарыш қызы: "Жоғалған солдаттың да, телефон арқылы басқа алыстағы адамдардың талаптарын да орындап қана қоймай, осы заманғы медицина саласы емдей алмайтын ауруларды да емдеймін", – деген екен.

Біз болжаушылар мақаласында марқұм Ванга әжейдің ерекше қасиет иелерін білгенін ескерттік. Неге, Ванга әжей Әулиеаталық "Эльвираны" білмеген? Бұл журналист Амантай мырзаның қолдан жасаған "көріпкелі" сияқты ма, калай? Егер Эльвира шын көріпкел болса, Ванга әжей сиякты емдеу рецептерін неге ұсынбайды? Эльвираның кейінгі жылы Алматыда екеніне сенсек, "ғарыш көріпкелін" іздеп тауып, жақсылығын естуге, көруге үгіттеуші орындар көмектессе артық болмас. Ашылған бұлақтың көзін жабуға болмас?

Барлық ғылымның көне мұралары Тибетте сақталғанын ескерсек, монахтыққа, одан ламалыққа тәрбиелейтін ұзақ мерзімді ауыр сынақтан кейін оташы ламалар шәкірттің тақ маңдайы ортасын арнайы бұрғымен тесіп (алғаш теріні, одан кейін ет пен сүйек), тесікке ағаштан тығын тығындап, шәкіртті үш жеті жер астында қараңғы жерде ұстап, кейін біртіндеп жарыққа үйретеді екен. Осыдан кейін болашақ ламаның үшінші көзі ашылып, анасынан қайта туғандай болып көріпкелдік қаси­етке ие болады екен. Болашақ лама бірнеше күн жанын денеден бөліп шығарып, кеңістіктегі миллиондаған планеталарды шарлап, рухтармен байланы-сып, жерге хабар әкеліп, өз денесіне қайта еніп, тірілетін көрінеді. Бұл қолдан келер оңай нәрсе емес.

Осы күнгі "емшісымақтар" ішінен: "Мен сенің үшінші көзіңді ашып берем", – деушілер де табылады. Шын мәнінде ол "теріс ашу" жолына түскенін сезбейді. Егер олардың айтқан ұсыныс теориясы дұрыс болса, халықтың тең жартысы көріпкел болар еді.

Нағыз көріпкел ғаламдық планетааралық рухтармен біз сияқты аралас-құралас болады. Ол күнделікті бірге жүрген пенделердің қылығынан түк айнымайды. Ол рухтардың да мінез-құлқы кәдімгі біздікі сияқ­ты келеді. Байсалдысы да, ақылдысы да, жуасы да, жылпосы да және арамы да болады. Оларда өңдік айырмашылық болғанымен, ұлтқа ол жақта бөлін-бейді. Сөйтіп, көріпкел бұдан бірнеше жыл бұрынғы рух­тармен көріседі, тілдеседі, ой бөліседі және олардың сәлемін ұрпағына жеткізеді.

Сондыктан да, рухтарда да талас туады. Олар да өз ұрпағы жағдайын білгісі келгендіктен, көбінесе көріпкелге көрініп, оған маза бермей, байланысқа шығуын тездетеді. Ал, өзінің көтерілу биігі деңгейіне, тыныштық планетасына жете алмаған рухтар қиналып жылайды, күледі, кей­де көріпкелді ұру, түрту, тіпті қастандық жасауға дейін барады.

Бұндай рухтардың таза рухтардан ерекше айырмашылығы су тәрізді түссіз, мөлдір болғанымен, кейде лапылдап жанған от жалынының сәулесіне ұқсайды. Атакты көріпкел марқұм Ванга әжей өз жиеніне рухтарды 1978 жылы көре бастағанын айтқан. Рухтардың жермен байланысатын мезгілі осылай өзінің даму заңына сай жалғасатын болса керек.

Адамның санасы ғарыштық танымдық санаға жеткенде бөтен планета-дағылармен кездесу күні тумақ. Жер жүзіндегі мықтымын деген көріпкел-дердің марқұм Ванга әжейге келгенін ескерсек көріпкелдіктің де өлшемі барын білгендейміз.

Мен 1993 жылдың екінші қазанынан тоғызына дейін Украинада Қы-рымның Гурзуф каласында өткен "Бүкіл дүние жүзілік дәстүрлі емес медицинаның І-Конгрессіне" қатыстым. Конгресте "Қазақ халқының халықтық емінің ерекшелігі" деген тақырыпта ғылыми баяндама жасадым. Кеште емдік сауықтыру сеанстар байқауына да қатыстым. Сапар табысты болды. Әлемдік көп елден келген ғалымдар мен емші т.б.-лардың көзқарасы, бағасы мен құрметі де жоғары болды.

Елге кайтар алдында ұшаққа отыратын калаға дейін, троллейбусқа отырып, Қырым таулары жолымен келе жатырмыз. Орта жолда бір белгі денемді дір еткізді. Көзімді жұм дегендей аян берілді. Көз жұмулы, басымды шалкайтып, мойнымды бұрып троллейбус терезесі жаққа қарай жұмулы көзімді бағыттадым. Аспан әлемінде топ-топ болып жиналып, бізді қор-шап, күзетіп келе жатқан өзіміздің ұлт тұлғасындағы рухтарды көрдім. Өте көңілді, әр жерде топ-топ болып, троллейбус айналасын, неге екенін, қыз-ғыштап қоршап келеді.

Троллейбус Ставрополь қаласына жеткенде, әлгі қоршаушы бейнелі тұлғалар көрінбей кетті. Ставрополь аэропортынан ұшаққа отырып, Алматыға бағыт алған лайнер ішінде аспанға көтерілдік. ТУ-154 ұшағы өз жыл-дамдығымен аспанда қалқып, кейде төмендеп, бірде жоғарылап ұшып келеді. Ресейдің Краснодар өлкесі аймағының әуе кеңістігіне енгенде, ұшақ ішінде жасыл, қызыл, көк өңді толқынды «сигнал» пайда болып, маған әсер еткендей болды. Мен түсті толқынды бақылап отырмын. Бір уақытта ұшақ ішінен орнын өзгерткенін сездім. Басымды ұшақтың терезесіне жақындатып, аспандағы бұлттардың құбылыстык өзгерісін тамашалап бақылап келемін. Кенет денем дір ете түсті. Ұшақ биіктеп барып тұманды бұлт ішінен шығып, ашық әуе кеңістігіне ілінді. О, құдірет, сол кеңістікте әр жерде құдды қоныстанған ауыл сияқты, бөлек-бөлек ауыл. Бір жерде адамдар әңгіме құрса, екінші жерде қазан асылып, самаурын қойылып, кәдімгі бір үлкен тойға дайындалғандай елесті бейне болса, тағы бір жерде топ-топ жиналыс болып жатқандай. Одан ары мешіт, намаз оқу, үлкен әдемі құрылыстар, бір тыныштықта рахатпен өмір сүргендердің көрінісін көріп таң қалдым. Жанымдағылардың бұны сезбегенін біліп келем. Сынау үшін бір А. деген емшіге: "Қарашы, сен не көресің мына аспаннан", – деп сүрап едім, ол "Зеке, мен атамның қара бурасын көрдім. Бірге ілесіп келеді", – деді. Бүкіл әлемдік халық емі конгресіне барғанда бізді ата-баба әруағы қорғап, қолдап, қоршап, табысымызға олардың да рухы қуанып, рахаттанып жатқандай сезімге бөленгендей болған едік.

Ресейлік Нина К. жасы қырықтан асқанда, өте ерекше көріпкелдігі болмағанымен, нерв жүйесіне (жүрегіне) бір күш сезім беріп, біреудің өлетінін сезетін қасиетке ие болады. Ол өзінің көп жыл көрмеген ажы-расқан күйеуінің өлерін біліп, оны көруге келеді. Халқы ол бір нәрсені біліп келгенін сезіп сұрағанда, шынын айтып, күйеуімен қоштасуға келгенін айтады. Көп ұзамай оның күйеуі өледі. Ол бірде бірге жұмыс істейтін бір әйелдің көзіне қарап тұрып, басқаларға оның өлетінін айта­ды. Ол әйел де үш айдан соң о дүниеге аттанады. Бірде Нина. К жолаушылап келе жатып, бір аялдамада тоқтағанда бейтаныс бір әйелге жақында жесір қалатынын қалай айтқанын білмейді. Нина кейін әлгі әйелді көреді, әйел күйеуі қайтыс болғанын айтады. Әлгі әйел Нинадан өз тағдырын болжау-ды өтінеді. Нина адамгершілікпен оған тағдыр болжай алмайтынын айтады. Ал біздегілер болса, "қатырып" болжар еді.

Осындай қасиетке ие Нина өзін бақытсыз санайды екен (бізде "әулие анамын" дер еді). Ол өз әкесінің қай жылы, қай уақытта, қай сағатта өлерін де білген. Шешесінің өлімін күтіп отырғанын айтқан. Қысқасы, Нинаны бір күш қай адамға каратып жіберсе, ол оның өзінің бе, жақынының ба өлімін қалай айтқанын білмейді. Сонда Нинаның көріпкелдігі тек адамдардың өлімін айтумен шектеледі.

Сонда Нинаға қандай рухтар "көріпкелдік" қасиет сыйлап жүр? Арам ниетті қуылған шайтанның өкілдері ме, жоқ әлде "Зұлым" рухтар ма?

Осындай қасиет біздің ұлтымыздың да ішінде болған. Қазір де бар. Олар да өлімді сезеді. Мысалы, Алматылық көріпкел атанған Ғалия Қасымова (қазір аты аталмайды) тоқсаныншы жылдардың басында, дәл Нина сияқты, өлетіндерді білетін қасиетке ие болғанын, талай рет Республикалық теледидардан айтпады ма?

Ғаламат қасиет иесі марқұм Ванга әжей де өміріне қауіп төніп келе жатқандығы туралы жақын туысына мәдениетті түрде баяу ескертсе, он алтыншы ғасырда аты әлемге әйгілі болған Мишель де Ностродамус та (1503-1566) сол замандағы және одан кейінгі ұлы адамдардың қазасы жөніндегі көріпкелдігінде бүгінге дейін ешқандай қатенің шықпағанын ескерсек, ол көрегендік еткен 3797-жылға дейін де солай жалғасарына күмән жоқ.

Әйгілі генераллисумус Суворовтың өзінен жиырма жылдай бұрын ажырасқан Сонька атты әйелі де өлімді сезу қасиеті-көріпкелдігі болыпты. Сонька жиырма жылдан соң келгенде Суворов өлетінін сезіп, жаңа мунди-рін киіп, қарамағындағыларды жинап, коштаса бастаған. Өлім шынымен күтіп түр екен. Бұл жерде Суворовтай батыр әйелінің көріпкелдігінен сескенді ме, жоқ Суворовтың өзінде де көріпкелдік болды ма? Бұл үрей мен қорқыныштан туған жағдайға көбірек ұқсайды.

Аурудың қай мүшеге қалай әсерін, ісік, бүйрек, ет жолдарындағы тас және асқазандағы өзгеріс, т.б. көрінбейтін сырқат белгілерін дәл көзімен көргендей көретін, ал ем жасаған уақытта ол жердегі ісіктің көлемі өзгері-сін, тас, құмның еріп, сыртқа шығу бағытын көретін қаси­ет тек кана емдік қасиетке ие көріпкелдерде болады. Бұндай күшті қаси­етке алғаш ие болған ресейлік көріпкел Татьяна Самарская. Т.Самарскаяның Кеңес Одағы кезінде атағы әлемге таныла бастады. Ол жоғары рухтық хабаршы әмірімен әртүрлі сыркаттың ауруын емдерде, бас, мұрын, тамақ, құлақ ауруларына емін бастарда: "Кәнеки, өздеріңізді еркін сезініңіздер. Ойларыңызды ұмытып, денені еркін ұстаңыз-дар. Қуатты тығыз эфирмен бойға еніп бара жатырмын. Елестен арылайық. Қабаттың жазығы мен маңдай қабатына енеміз", – деп, одан ары қарай, – көз доғасына кіріп бара жатырмыз. Міне, әлдекімнің дәл осы жерде сол көзінің үстіне қан құйылған (Дауыс. "Мен-де". – Рухтың әсерлік емі). Төменнен бастап тазалаймын. Сары суды сорып алып жа­тырмын. Қабаққа қарай көтерілдік. Біреудің сол кабағы қатты жарақаттанған. (Ер адамның даусы: "Менде"). Кәне, жылылықты сезінесің бе? Қаттырақ, қаттырақ... Міне, ғарыш арам суды ал, жарық жанды жақсы", – дей отырып, Татьяна емін аяқтағанда, шынында да жан рахатына бөленген, сырқатынан арыла бастаған адамдар қуанышы ғарыштық құпиялы күштердің көмегі болатын.

Үлкен ғарыш қызы атанған Татьяна ем қонбайтындардың қатарына бәрінен бұрын, ұры-қарылар, қазына-мүлкін тонаушылар, азғындар, дүкендерден жымқырушылар, шенеуніктер және құдайға да, адамға да сенбейтіндер жататынын айта келіп, ғарыштық күштің қайырымдылығы адал, иман жүзді, құдайшылдарға алғашқы көмегін аямайтынын айта­ды. Бұл оның сөзі емес, оның көріпкелдігі арқылы алған ғарыштық ха­бары деп түсінген жөн.

Тоқсаныншы жылдың басында Татьянаның бір көріпкелдігі алдағы 1996 жыл өте қауіпті деген екен. Ресейдің тарихына көз жіберсек, Шешен соғысы, ішкі жанжал, табиғат апаты, экономикалық тоқырау мен рухани азғындық жағын айтқандай.

Ал, қазақ елінде де ғарышпен байланысы бар, шет елдерде танылған көріпкелдер баршылық. Бірақ, алғаш ат бәйгесіне жаратқан тұлпардай шыққанымен, кейін шабысын ғана емес, желісін де баяулатқанына қарамай, бірлі-жарым ғылыми еңбектерімен біліне бастаған алматылық т.ғ.д., профессор А.С.Прицкер мен коғамдық ғылымдары академигі, құпиялықты зерттеуші В.Запредельныйды атап өткен жөн сияқты. Дегенмен, Қазақстанның көптеген көріпкелдері өз отанында қысым көргендіктен шет елдерге кетіп калуы қынжыларлық? Бұл екі ғалым көріпкел де нақты ғылыми және практикалық дәлелдерімен, Жетісу жері әлемдік имандылық ортасы болса, Алматы рухани әлемдік орта дейді. Алматыдан шыққан 28 панфиловшылар Гитлердің армиясының жеңілуіне апарды, 1986 жыл Одақтағы Республикаларға бостандық жолын ашты, 1992 жылы Алматы әлемдік "рухани келісім конгресі" өтті. Әрбір дәуірдің басталар жері бар, бесігі болады. Балық дәуірінде ол Израиль (Иудея) еді, ал Суқұйғыш дәуірінде осындай орталық Қазақстан (XXI ғасыр "Алматы") болмақ деген көреген-діктері жақсы баға деуге болады.

Дәл осы екі адамның көріпкелдік тұжырымына сай, менің колымда 1992 жылдың бірінші қазанында Орал каласында болғанда ғарыштан берілген сызба түрдегі болашақ бағдарламасы бар. Мұны мен теледидардан көрсетудемін. Мен бұл сызбалы сөздікте "өзің шеш З..." дегендіктен, бес жылда көбін шештім. Ғарыштық космодром Алматының Алатауына орналасқан. Барлық ғарыштық хабарды қабылдап, өңдеп, әлемге таратудың ғарыштық күрделі жүйесі де біздің Алматыға жақын арада Алатау шыңында. Ғарыштан келіп кететін тәрелкелер, бейнелер т.б. бәрі-бәрі Алматыдан алыс емес жерге келіп қонады. Олардың қорабльдері осы жерден қуат алады (заряд алады). Мүмкін дәл жанымызда да тұрған шығар? Бұдан қорықпайық. Жақсылықтың нышаны келе жатыр. Көріпкелдіктің сызба арқылы түрі де барын ("Жарияланбайтын құпия") білген дұрыс.

Ал өлімді көріп-біліп қана қоймай, оның иісін де сезе алатын көріпкелдер де кездеседі. Көршісіне жаңа жыл кешінде келген америкалық Линда Уилсон бірден жағымсыз "өлімнің иісін сездім" депті. Ол көрші әйелдің күйеуіне көзі түскенін, оның көңілді отырып тамақ ішкенін, бірақ өзін бір үрей алып бара жатканын айтады.

Бір аптадан кейін өкпесіне суық тиген көршісі көп ұзамай кайтыс болады. Міне, сұмдық. Өлімнің кезіндегі денеден бөлінетін энергияның әсерін сезген Линда Уилсон осындай екен. Біздің ішімізде де Линда сияқтылар табылады. Бұл жақсы ма, жаман ба оны әркім өзі бағалар?

Бірде американдық бір экстрасенс өлімді зәулім үйлердегі лифтінің ішінен көргенін айтады. Лифт келіп, есік ашылғанда ол шошып кетеді. Іштегі жолаушылардың төртеуінде де адам денесін қоршап тұратын энерг-тикалық қап (аура) жоқ екен. Сол сәтте лифтіге енген бесінші адамның да энергетикалық қабы жоғалып кетеді, Ол бұл өлімнің белгісі екенін ұғады. Оларға бүл лифтан шығып, басқа лифтіге отыруға кеңес береді. Олар тыңдамайды. Артынан №22 қабаттан лифт құлап, әлгі бесеуі де қайтыс болады. Осындай да көріпкелдік болады екен. Қысқасы билеуші жақ бізді калай сынайым десе де өз еркі. "Адамның басы – Алланың добы" деген осы шығар.

Ертеде бір мың жас жасаған Қыпшақтың күнбиі жөніндегі сол қыпшақ елінің караүзген шипагері Жалдаштың көріпкелдігі туралы, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының "Шипагерлік баян" кітабында айтылады (130-6.).

Мың жас жасауды армандаған күнбиге Орғаш тауының басындағы ерке бұлақтан жүма күні түсте су ішкізіп, оның жағасында өсіп түрған бес саусақты жапырақты алақан тәріздес ырыс шөбін жегізеді. Күнби жасарып, мың жас жасап, тағы да жасара бергенде, астынан шөп шығып, денесін қаулап өсіп, күнби (хан) шөп болып кетеді. "Көкті жұлма, көктей соласың" деген осыдан қалса керек. Көріпкел шипагер Жалдаш, "Мен суды ішіп, шөбін жегенмен мың жасамаймын?" – деп, көрегендігімен Алланың оған берген өлшемді жасына риза болады. Алланың қолынан бөрі келетінін нақ дәлелдеп, оның қалай болатын жолдарын да білген қыпшақ Жалдаш шипагердің де ғаламмен байланысы күшті үлкен таза көріпкел екенін біз Өтейбойдақтай ғұламаның еңбегінен білу арқылы, арғы ата-бабалары-мыздың да ғарышпен байланысы атамзаманнан барын, көріпкелдіктің даму уағы ілгеріде екенін білудеміз.

Бүгінде өзінің XV ғасырда жазған "Шипагерлік баяны" арқылы халқымен кайта табысқан Өтейбойдақ Тілеуқабыл-ұлының бойында көріпкелдік ғана емес, болжамдық, телепатиялық қасиеттері бар екенінен оның шипагерлік пен ғылымдық салалары ілімінен де кем еместігін көре аламыз. Қысқасы, "Шипагерлік баянды" баба тікелей ғарышпен байланыс жасай отырып жазғанына сенсек, ол күнә да және баба еңбегіне қиянат жасаған-дық та болмайды.

Ендігі кезекте Ресейлік көріпкелдерінің 1995 жылғы "Совершенно секретно" газетіне берген жинақталған көріпкел-дердің болжамына үш жыл өткенде баға берсек, қазір ерекше көріпкелдік болып көрінбейді. Мысалы: "Ельцин 1996 жылы Президенттіктен кетеді", "1997 жылы патшаны қайта жасауға әрекет жасалады", "Анатолий Чубайыс 2008 жылға дейін каржы министрлігінде қызмет істейді" т.б. Мұнда қандай мақтарлық көріпкелдік тұр? Олардың бұдан былайғы болжамын бір Алла білері анық. Қазақтың "Жеті өлшеп, бір кес" деген даналық сөзін көріпкелдікке де колданса, ірі қателесулер болмас та еді.

Қазақстан жөнінде де ішкі және сырткы көріпкелдердің айтқаны аз емес. Қаламы жүйрік, баспасөз кызметкерлері бұлар жөнінде қалай мақтап дәріптегенімен, олардың айтқанындай емес, Алланың көрсеткен жолы бойынша еліміз аман-есен дамып, өркендеп әрі өсіп келеді.

Қазақтың маңдайына сыймай, жастай солған ғарышпен телепатиялық байланыс жасап, көріпкелдік касиетімен әлем елін таң қалдырған қыл қалам шебері, құпиялы сызба бейнелі суреттердің авторы Алматылық жас бала Тілеуханов Айбек Қалмақанұлы еді. Ол бар жоғы он тоғыз ғана жас өмір сүрді. Ол өзінің көріпкелдігі арқасында артына біз біле бермейтін, құпиясы мол өте жоғары энергиялы қолынан сызған суреттерін калдырды. Жұмбақ сурет әлі жұмбақ сырын ешкімге шешіліп шерткен жоқ. Бұрынғы Кеңес Одағының ыдырауын, завод, фабрика, шаруашылықтардың қирап тозуын, талан-таражға түсуін, елдегі руха­ни азғындық, діни өрлеу мен ауытқу, экономикалық күйзеліс пен қоғамдағы бұзақылық т.б. жөнінде де, әлемдік өзгерістер мен өзара қақтығыстар туралы т.с. мәселелерді де Айбектің суретін зерттеп, оқып отырып түсіне аласыз. Айбектің көріп-келдігі бойынша құпиялы жұмбақ сызбалы суреттерінің нактылығына баға бергенде, ешқандай да қателік таба алмайсыз. Айбек өзінің қайда, қай күні, қай сағатта, кай жылы қайтыс боларын тірлігінде-ақ қағаз бетіне сызып, уақытын, айы мен жылын жазды. Ия, марқүм қыршын Қиыр шығыста әскери міндетін атқарып жүріп бір аяғына операция жасатты. Ол аяқ оның бұдан бұрын қағазға сызған аяғы болатын. Осы операция сәтті аяқталғанына қарамастан Айбек сол өзі белгілеген уақытында, сексенінші жылдың ақырында о дүниеге аттанып кетті. Оның артындағы құпиялы суреттері 1991 жылы қыркүйектің 26-29 аралығында Алматыда өткен Халықаралық емшілер форумында арнайы орын жасалып, делегаттарға та-ныстырылды. Одан кейін марқұм Айбектің еңбегіне шет елден де қызығу болды. Өзіміздегі баспасөз және бұқаралық құралдар да біразға дейін насихатталды. Кейін Алматының Көктөбесі баурайынан, телемұнараға жақын жерден, Айбек марқұмның мұражай үйі құрылысы басталғанымен, оны ары қарай жалғастыру экономикалық қыспаққа ұрынып, марқұмның ата-анасы мен Айбек еңбегін бағалаушылардың каражат жағы аздық етуде.

Майқы би бабадан бастап марқұм Айбекке дейінгі қазақтың әлемдік көріпкелдік қасиетін түсінген азаматтар, марқұм Айбектің мұражай үйіне көмектескені және халқы да қуаттағаны әруақ алдындағы аманатымызды ақтағандык болмақ. Өз уағында құпиялы сызба суреттің сырын білуге көп болып атсалысайық.

Көріпкелдік құпияларын жасырын ұстайтын біреулер білсе біреулер білмейтін, жариясыз түрде өз қалауымен келген халқына сыпайы көмегін көрсететін таза Алла жолында жүрген көріпкелдер де жоқ емес.

Осындай көріпкелдерден талай сырқат жандар ғана емес, заттары жо-ғалғандар да, баскаларға алданған да, сапарларда сәтсіздікке ұшырағандар да, көмектерін алып, риза болып, көріпкелдіктеріне таң қалды өз атынан мақала да жазды. Журналист Думан Рамазанов "Халық Кеңесі" газетінде өзінің "Қасиетімен таңқалдырған талайдың мақаласында (22.02.1994), Түймекүл Құлмаханқызының көріпкелдігін былай бағалайды. Мен көріпкел-емшіні сынайын деген ниетпен жәй ғана: "Әкем қатты ауырып жүр еді, емдей аласыз ба?" – дедім. Шынын айту керек, өзім халық емшісіне, көріпкелдігіне онша сенбейтінмін. Т.Құлмаханқы-зы бірден: "Әкеңнің қатты ауырып жүргені рас, ауру алғашында екі аяқтан алған екен. Сол бірте-бірте көтеріліп, белге жетіпті. Белі, ас-қазаны, бауыры, бүйрегі ауырады екен. Соның бәрі қосылып, жаман ауруға шалдыққан көрінеді", – дегені.

"Ал сенбей гөр, бәрі рас. Әкем акырғы ауыр халда жатыр. Жаман ауру екені рас", – деп журналист көріпкелдің көріпкелдігіне анық сенеді.

"Асқынып кеткен ауруды жазамын дегендерге сенбе. Босқа алданба, шырағым, – деді. – Тек, енді әкеңді күту қалды. Мен таза суға дұға оқып беремін. Ішкізіңдер. Менің колымнан келер осы ғана",-деді көріпкел апа Т.Құлмаханқызы. Мен "Сіз әкемнің ауруын дәл таптыңыз, оны қайдан және қалай білесіз", – дедім. Көріпкел Т.Құлмаханқызы: "Бір нәрсені білгісі келіп алдыма адам келгенде, мен аспан әлемімен байланыс жасаймын. Келуші адам менен бірдеңе сұрай бастағанда әруақтарды ша-қырамын. Солардың арқасында құлағыма қандай сөз, сөйлемдер естіледі, соны қайталап келушіге айтамын. Менің барлық құпиям осы", – деді көріпкел апа.

Осындай қасиетке ие алматылық Қарлығаш Нұртазинаға да Қазақстан-нан ғана емес, шет елдерден де, атап айтқанда, Германия, АҚШ, Ресей т.б.-лардан да алғыспен қатар жыл сайын өз елдеріне шақыру қағаздары келуі Қарлығаштың ешкім біле, сезе білмейтін өзгеше көріпкел екенін танытса керек. Қарлығаш еш уақытта мақтану, ерекшелену, еңбегін бағалауды білген емес. Мейлі үйінде ме, көшеде ме, мешітте ме, қонақта ма, қайдан кездессе де үлкенге де, кішіге де шапағат нұрын шашып тұрған қазақтың қызы қырықтың қырқасынан бел асқан, қара торы, ақ пейілді, жайдары жүзді, салмақты, қарапайым, өзгермеген көріпкел Қарлығаш Нұртазинаны көресің. Қарлығаш осын­дай жұмбақ көріпкел.

Мақтағанды жаны сүймейтін, жеке құпиясын өзінен басқа ешкім білмейтін, түнде немесе күндіз әруақтар арқылы, кейде Құран ашу арқылы көріпкелдік жасайтын, ойыңдағыңның тамырын дәл басатын жәриясыз көріпкел Әзиза Сайдоллақызы Жамбыл облысының Шу қаласы маңындағы Төле би ауылында тұрады. Нағыз халық сенген көріпкел осы Әзиза болады.

Сонымен, бұл жолы ешкім біле бермейтін, құпиялы, жарнамасыз көріпкелдердің де әртүрлі қасиеттері барын көріп, таныстырдық.

Көріпкелдердің ішінде жарнамалы, жариялы көріпкелдер де баршылық. Бұл саладағылар қасиеттерін мақтан етеді. Міндет етеді. Бұқаралық ақпарат құралдардан біреулер арқылы, немесе өздері-ақ ебін тауып, өздерін жарнамалап, жәриялап халыққа маған "кел-кел" деп жатады. Бұл салаға көбінесе есепте ешқандай тіркелмегендер мен арнайы мемлекеттік бағалы қызмет орталықтарының көріпкелдері жатады. Бұлардың ақ дегені болғаны, қара десе гүлі солғаны. Кейде шамасына қарамай "Кәсібиміз" дейтіндері де табылады. Бір "кәсіби көріпкел" ар­найы орта білімді, өзі сол "кәсібилердің" қоғамдық ұйымы басшысы. Бұл "кәсіби" 1998 жылы шілдеде Арқалық қаласына барып, емшілер мен басқаларға "мен А.Е. профессормын" депті. Ұят-ай, маған Арқалықтан ел азаматтары телефон арқылы сұрау салғанда, ол "Е... деген "кәсіби көріпкел, басшы, профессор" ұялмағанымен "бөріктінің намысы бір" дегендей, өзім ұялып, ештеңе бола қоймас дей беріппін. Ғылыми атағы жоқ адам қалай "Профессор" болмақ?

Көзіңмен көріп, ұзақ жыл бақылаудан соң айтқан көріпкелдігінен зиян көрмесең, дегені нағыз шындықпен үйлесіп жатса мейлі жақының ба, әлде алысың ба, оны халыққа жеткізгеннің айыбы болмас. Мен көптен бері көріпкел Т.Құлмаханқызының көріпкелдігіне арнайы бақылау, тексеру, дәлдік бойынша есептік жүйе жүргізіп келем. Сондай бір бақылағандағы шындықты баяндайын. 1992 жылдың 26 шілдесі еді. Біз Алматыдан елге бардық. Алматы облысының, Нарынқол ауданы, Сарыжаз ауылындағы мәйіттер қорығында еліне киелі "Ақ Апа" атанған қасиетті апам Сыбанбекқызы Өзипа, ағам және карындасымның жұбайының мәйіті жерленген. Әруақтар басына барып дұға оқыдық. Қайтып Алматыға қайттық. Жол жөнекей Түймекүл Құлмаханқызы маған қарап, бағана апамның мәйіті басында дұға окығанда не сездің деді. Мен бірдемелерді айтып едім, Т.Құлмаханқызы жауабыма канағаттанбады. Ол салмақпен саспай ғана: "Сен Алматыға барған соң Жамбылға барасың ғой" деді. Иә, – дедім. Мұны неге сұрадың, – деп едім, жауабын кейін айтам", – деді. Ал ойланып барып Түймекүл: "Бағана сен апамның мәйті басында дұға оқығанда, мен ол кісіні көрдім. Жердің қақпағы ашылып, арғы жағы үлкен қала тәрізді, апам әппақ киіммен келіп, сенің жаныңда отырды. Бір уақытта "Түймекүл, менің жатқан жерімді көр", – деді. Сонда әйтеуір бір жер қакпағы ашылды. Арғы жағын айтып жеткізе алмаймын", – деді.

Мен де таңырқап қалып, "Ия, тағы айтарың бар ма?" – дедім. "Бар ғой, – деп сөзін жалғастырды Түймекүл. Содан апам былай деді. Мына Зиядан Жамбылға жалғыз барсын. Қорықпасын. Әруақтар мен халқы өзі қорғайды. Бұның жанындағылар сыртынан сатып кетеді. Барсын, халық өзі күтіп алады. Айтпақшы, қалаға барып жайғасатын жеріне жакын екі әулие бар. Соларға барып, әруағына алғаш дұға оқып, одан кейін жұмысын бастасын деп айтты. Ал маған апам "Сен Семейге бара бер. Жолдастарың күтуде. Жолда қос адамға арналған кесене бар. Тоқтап дұға оқы. Олардың денелері тауда жатқанымен, рухы сонда деді", – деп, Түймекүл сөзін аяқтады. Мен айтқандарын бұлжытпай қағазға түсіріп алдым.

Алматыға аман жеткен соң Қоғамдық ұйымның Жамбыл облыстық бөлімшесін құруға Жамбыл қаласына поезбен жүріп кеттім. Шынында да, хабар берген соң ба, танымайтындар күтіп алды. Қонақ үйге орналастым. Шыдамым кетіп танымайтындардан ыңғайсыз болса да әлгі "екі әулие" жөнінде сұрадым. Астафр-Алла, мына қонақ үйден жүз елу-екі жүз метрдей жерде "Қарақан әулие" мен "Дәуітбек әулие" кесенесі бар дегені.

Денем дір ете түсті. Байқап қалған емші Құдайберді Жолдасов неге ойланып қалдыңыз деді. Жәй, сонда барайық, дұға оқылық деп едім, емші Құдайберді қуанып кетті. Әулиелер кесенесіне барып, әруақтарына дүға оқып, садақамды беріп, көңілім орнына түсіп, қайтадан қонақ үйге келдік. Мен сонда қалдым. Денемнен бір ауыр жүк түскендей бол­ды. Жұмыс та бітіп, жарты айдан аса Алматыға, үйге келдім. Түймекүл де Семейге барып, шақырғандарда қонақ болып қайтыпты.

"Біз Семейге барған соң Еңлік-Кебектің кесенесіне" барып, әруақтарына дұға оқыдық. Сүйектері тауда дейді, толық ешкім білмейді екен. Ол екеуінің үлкен жол бойындағы кесенесі анадағы апам маған көрсеткен кесене-нің дәл өзі. Мен екі әруақтың рухының рахметін олардың кесенесі басында болғанда сездім.

Ал сен ше? – деді Түймекүл маған. Мен "Не болушы еді, жұмыс біткенімен әлгі сен айтқан екі әулиенің кесенесі мен жатқан конақ үй тұрмақ, қала маңында да жоқ екен", – дедім. Туймекүл: "Сен мені алдама, ол екі әулиенің кесенесі сен жатқан қонақ үйдің шығыс жағында. Қонақ үйден екі жүз метрдің арғы, бергі жағы. Сен екі әулиеге сол барған күні-ақ жаныңа мынандай белгісі бар, мынандай жастағы әруақты екі жігітті ертіп бардың" – дегенде не айтарымды білмей іркіліп қалдым. Содан бастап мен Түймекүлмен көріпкелдік жөнінде айтыспайтын болдым. Ол бәрі бір үйде бәрін біліп отьгратынын сезетін болдым.

Бұл тума қасиет пе, әлде кейін пайда болды ма? Құдайдың өзі сүйген, өзін сүйген құлдарынан ештеңесін аямайтынына сендіретін күштің барына көзім жеткендей болды.

Біраз уакыттан бері баспа беттерінде аттары жиі аталатын, қысқа және ұзақ мерзімге көріпкелдік жасайтын алматылық төрт-бес көріпкелдер алда не болады, не күтіп түр т.б. мәселелер жөнінде сұраққа жауап беріп келеді. Солардың алдыңғы қатарында қауымдастықтың мүшесі, хиро­мант-көріп-кел Гүлзат Сәрсенбина. Гүлзат Голландия, Германия, Үндістан, т.б. елдерде болды. Қазақ халқының хироман-тиялық-көріпкелдік (қолдың алақаны аркылы көріпкелдік жасау) қасиетін әлемге болмаса да, өзінің тәжірибе алмасуға барған елдеріне таныстырып үлгерді. Гүлзат кейде түс арқылы алған аянымен де көріпкелдік жасайды. Қазір Алматы қаласында тұрады. Ал екінші көріпкел Серік Құмар сонау тоқсаныншы жылдың басынан бастап "Азия", "Аруана" т.б. басылымдар арқылы таныс есім. Серік Құ-марды бірнеше ерекше қасиет иесі деп таныстыруда (болжаушы, әруақпен сөйлесуші, емші, т.с.с). Дегенмен, кейінгі жылдары аты аз айтылады.

Сонда да осы екі көріпкелдің 1997 жылдың 1 қаңтарында "Жас алаш" газетіне берген сұхбатындағы көріпкелдігінің бір-екеуіне баға берейік. Көріпкелдікті үш жылға (1997, 1998, 1999 ж.) жасаған.

Гүлзат айтады: – 1997 жылы 5 және 8 санды автомобильдері барларды қауіпті апатқа, жолда бүзылуға душарлық күтуде. Бұған МАИ не дер екен?

– Ең бастысы адам оөінің түсі арқылы өзінің жасын ұзартуына да, кысқартуына да болады.

Бұл қалай деуіңіз мүмкін. Бұның шешімі – көрген түстен шошымау, жақсылыққа жору, сабырлық сақтаудан жас ұзармайды, бірақ сіз Алланың Сізге берген жасын сақтап, жақсы етіп өткізуге ұмтыласыз. Ал қысқартуына келсек, көрген түстен шошу, ырымшылдық жасау, секем алу, қауіпті еске алып күту т.б. өз психологияңызға өзіңіз тор қоюдан, әрине өмір өксиді. Дене тез тозады. Содан жас қысқармақ. Сонда бізге өзіміздің жасымызды калыпты сақтауға, міндеттілікті білген жөн.

Серік айтады: – 1997 жылы жаздың аяғында немесе күз айларында Ресей үкіметінің басшылары ауысып, үкімет басында үлкен төңкеріс болуы ықтимал.

Біздің жауап: – Бұндай келеңсіздік болған жоқ.

Серік айтады: – Төрт жылдан кейін Қазақстанға ақша айналымының баска жүйесі келеді.

Біздің жауап: – Теңге өзгермейді.

Мақсат осы екі көріпкелдің немесе басқаның да қасиетін жоқка шығару емес, ақ батамызды бере отырып, Майқы бидей және басқа көріпкел аталарындай көріпкелдіктің биігінен көрінуіне тілек айту ғана.

Көне тарихи көріпкелдікке орын берсек, көбі болмаса да XVIII ғасырда өмір сүрген ұлы жүз Өтеген батыр мен кіші жүз Бекет әулие ата көріп-келдіктеріне тоқтағанымыз алаламай әруақ сыйлағандығымыз болмақ.

Абылай ханның көрген түсін билері шеше алмайды. Кенеттен келіп қалған Төле биден бата алған ұлы жүз батыры Өтеген ханның түсіне былай көріпкелдік-болжам жасапты:

 

Ханыңыз көрген ұйықтап бүгін түсті,

 Көріп келген түсінде талай істі.

Кезеңнен қарсақ, түлкі, аю асты,

Жолбарыс тағы асыпты ұзын тісті.

 Қатар-қатар ақ шатыр көрдім жаңа,

 Ішінен шығып жатыр қатын, бала.

Бұл түсімнің жоруы не болады?

Шуылдамай көп билер байқап қара, -

деп, Абылай түсінің шешімін сұрайды. Сонда Өтеген батыр:

 

Аю асса қазақтың өз заманы,

Аюдай аңқау болған барша жаны.

Артынан ұзын тісті асса арыстан,

Жаныңда мына отырған Абылай хан.

Халыққа арыстандай ақырады,

Көмекке сен-билерді шақырады.

Түлкі асса түлкі заман болады екен,

Халықты зәлім түлкі сорады екен.

Айырылып қазақ халқы қонысынан,

Қайран ел тау мен тасқа қонады екен.

Түлкідей бір қу патша елді сорар,

Нашар сорлы бұдан да қатты жылар.

 

Қазақтың еркі сонда кетеді екен,

Түлкі патша түбіне жетеді екен.

Түлкі патша көп жерді алады екен,

Көңіліне жаққан жерге барады екен.

Басқа билік, малыңа ерік болмай,

Қаңғырып қазақ елі қалады екен.

Төртіншіде кезеңнен қарсақ асқан,

Жори алмай билерді қара басқан.

Қарсақ аңның жуасы жанға тимес,

Халықты бастайды екен бір данышпан.

 ***

Қатар-қатар ақ шатыр көріпсің сен,

Бұл түсіңді анықтап жоримын мен,

Қазақ елі отырықшы, білімді боп,

Басқалармен сол кезде болады тең.

 

Тозған халық сол кезде жиылады,

Сұраған басшысына сыйынады.

Мал мен басқа ие боп қалың халық,

Өзіне өзі тапқаны бұйырады.

Дариға дәл осындай заман қайда?

Бірақ жұртым көреді арманым жоқ.

 

Өтегендей батыр бабамыздың бұл көрегендігінен халыктың өзінен кейінгі үш жүз жылдан артық мезгіл тағдырын көрегендікпен көріп айтқанын біле аламыз. Қазақ мемлекетінің Ресейге қосылып, орыс импе-риясының ел билігін қолына алып, мал мүлкіне дейін есептеп, қожалық құқыңнан айыруы, одан көптеген өлкелік жеріңді ықтиярсыз тартып алуы (Мысалы, Омбы, Төмен, Қорған, Орынбор, Челябі, Самар, Астрахан, т.с.с.), одан кейінгі ұлттық тәуелсіздік күресіндегі жастар жеңісі (XII. 1986 ж.), ақыры егеменді ел болып, өз елбасымыз елін билеу тізгінін қолына алуы, нақ казіргі емірге дейін болжағанын керіпкелдігі арқылы дәлелдеген Өтеген батырдың көріпкелдігін қалай мойындамаймыз.

Қасиетті қара жер өзінің құпиясын ешкім көрмейтін қойнының ішкі қабаттарына жинаған-ау. Қасиетті үстірт тауында өмірі етіп, ақыры өзінің имандылық, көрегендік қасиеттерін орындатуды армандаған, елі тірісінде пір, әулие санаған Бекет ата да ірі тұлғалы көріпкелдердің ішіндегі ірісі де.

Бекет атаның құдірет иесі екеніне халқы: "Меке-Мединада Мұхам­мед, Маңғыстауда Ак Бекет" деуі тегіннен тегін еместігіне сене бастадық. Бекет Ата туралы кішкене ғана кітапша естелік жазылды, шын мәнінде әулиенің құпиялық қасиетіне мен беріп, зерттесе, томнан да асары анық. Әулиенің бірлі жарым ғана көріпкелдігіне тоқталайық.

Бірде Бекет ата бәйбішесі екеуі үйінде шәй ішіп отырғанда, әулие күліп жібереді. Кемпірі әулиеге не болды дейді. "Жәй, бір түркімен қазақтың атын ұрлап қашып барады. Қазақ Бекет деп қуып барады", – дейді, әулие кемпіріне. "Көмектес қазаққа", – дейді кемпірі. Сонда Бекет ата тұрып, "Әттеген-ай, түркімен қу екен, атты ала қашарда бірінші болып сол түрікмен "Бекет" деп қашты. Енді қазаққа ат жоқ", – депті әулие. Бекет ұлтқа қарамай, кім оның атын бірінші атаса соған көмектескен. Бәрін көріп, біліп, бақылап отыратын керіпкел болыпты.

Бекет атаның бір құрдасы қалжыңбас болса керек.

Ол ылғи Бекет атаға, мен саған сенбеймін дейтін көрінеді. Сол құрдасы бірде түйеге мініп, тау бөктері жолымен келе жатады. Бір уақытта түйе аяғынан шалынып, құзға қарай толқығанда әлгі сасқалақтаған әулиенің құрдасы "Бекет!..." деп, шыбын жаны шырылдап шыңғырып жібергенде, түйе қас қағымда теңселіп орнына келеді. Жаны әрең қалған әулиенің құрдасы бірден " Аллалап", Бекет атаға келеді де, жағдайды айтып, әулиеден кешірім сұрайды. Сонда Бекет әулие аспай-саспай, анаған ешқандай сөйлеместен, жейдесінің түймелерін ағытып, жейдесін шешіп алып, құрда-сына бұрылып, жотасын көрсетеді. Сонда құрдасы әулиенің жотасынан түйенің табанының төрт аяғының қап қара болған ізін көреді.

Сонда әулие тұрып құрдасына, "Егер сен "Бекет" демегенде құзға ұшып өлер едің", – дегенде құрдасы: "Шын сендім сенің касиетіңе", – деп өтініп кешірім сұрапты. Мұндай құдірет иелеріне тек тарихи тұлға ретінде қарамай, олардың көп салалы кереметін жекелей зерттейтін уақыт жетті.

Шаманың келгенінше нақты мәліметтерге сүйеніп, тарихи маңызы бар ұлттық көріпкелдіккке де бірнеше салаға бөліп баға беру, көріпкелдік қасиеттің көп салалы болуын түсіндіру болмақ. Бүгінгі күнде өзіне ие болмай "заң бойынша" біреулердің жеке пайдасы үшін көріпкелдік жа-сағандар, бодандықта жүргендер, өзін-өзі "көріпкелмін" дегендер, жеке бас пайдасын ойлап көріпкелдік жасаушылар ішінен ешқандай беделді көріпкелдер шықпайды. Тәні, жаны таза, иман жүзді, еңбегін сатпағандардың ішінен, жақсы көріпкелдер көрініп қалуы мүмкін.

Біз білетін тарихи көріпкелдердің ішінен өзінің қайтыс боларын білген, өлер алдында қолхат жазып, кашан, қайда, кай уақытта кайтыс бола­рын ескерткен Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) мен көріпкел Мишель де Нострадамус (екеуі де 63 жаста қайтыс болған) болса, Пайғамбар жасында жер асты үйіне қоныс аударған ғұлама, ақын Қожа Ахмет Иассауи де көріпкелдіктің әсерінен осындай шешімге барды.

Майқы би бабамыздан (әзірше) басталатын көріпкелдік тарихымызға, ешкімнің таласы жоқ. Ол тарихи дәлелді шындық. Хандарымыз, билеріміз, шешен, батыр, көсемде-ріміз, шипагерлеріміз ата-баба тарихы қалыптасқалы бар екені рас. Көріпкелдік ауруды жазу, жоғалғанды табу, дұшпанды білу үшін десек кателесеміз. Көріпкелдік ұлттық өнердің ең қажеттісі. Ертеде ел басшылары көріпкелдердің айтуы бойынша елін жауынан қорғады. Жауының көзін жойды. Кейде көріпкел ел басқарушылардың бас кеңесші, ақылшысы да болды. Ал қазір көріпкелдік ұсақталып, пайдақор-лық көзіне айналды. Әр адам өз бойындағы ішкі құпиясын ашуға талпыныс, ізденіс жасау керек. Адамның кім екенін, ішкі дүниесін білмей, таныспай тұрып көріпкелмін дегендерге жем болғандар да жетерлік.

Әр адам мұндайда өзі кінәсін түсінбей, ұлттық өнерге теріс баға береді. Бұл әруақ аманатына балта шапқанмен бірдей болмақ.

Осы заманғы нағыз көріпкелдер жанұясын, халқын тығырықтан шығаратын, отанының бүтіндігін қорғайтын, жанұя басшысынан бастап, ең төменгі сатыдағы басшы-лардан еліміздің басшысына дейінгі барлық билік басындағылар болып табылады. Бұлардың көріпкелдігі сол Өтеген батырдың орындалған көріпкелдік арманын алға жылжыту, ел экономика-сын көтеріп, әлемдік өркениетті елдер қатарына қазақ елін косу.

«Болашақта не болады, не күтуде?» деп, жасанды «көріпкелдерден» сұрау азаматтық арымызға сын. Өзіміздің де, халықтың да және мемлекет-тің де тағдыры өз колымызда екенін түсіну әр азаматтың бойындағы көріпкелдіктің белгісі. Бабалар рухы көріпкелдерге жақсы ха­бар жеткізуге, Алла тағала нәсіп етсін.

ҒАЛАМНЫҢ ЖҰМБАҚ СЫРЛАРЫ

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста