Сынықшы... неге сиреп кетті?

Сынықшы... неге сиреп кетті?

Сан ғасырлар бойы науқасты емдеу жолдарын жан-жақты зерттеу нәтижесінде халық емшілерінің тәжірибесі толыға түскені аян. Бүгінгі дәстүрлі медицинаның көптеген жетістіктері осы халық медицинасының, ата-бабаларымыздың емшілік дәстүрінен алынған. Оған ешкім де дау айта алмас. Ерте замандарда қолының ебі бар халық емшілері дәрілік өсімдіктердің, минералды заттардың емдік қасиеттерін біліп, зерттеп, оны науқастарды емдеуге молынан пайдаланған.
Халық медицинасында сынық салу, бұлаулау, сүлік салу, қан алу, жараны күйдіріп емдеу сияқты тәсілдерімен емдеу кеңінен қамтылған. Соның бірі сынық салу атадан балаға ауысып отырған. Көпшілік тілінде сынықшы деп аталатын бұл кәсіпті меңгергендер бұрын баршылық-тын. Бүгінде сынықшылықтың сирек кәсіп түріне айналғаны рас. Бұрындары әр ауылдың өзінің сынықшысы болса, бүгінде бір ауданның өзінен бір сынықшыны табу қиын болып қалды. Ойда-жоқта аяқ, қолын сындырып алғандар алдымен дәрігерге емес, сынықшыға барғанды дұрыс көреді. Бұл дәрігерлердің еңбегін елемеу емес. Жасырары жоқ, кей жағдайда дәрігер дұрыс салмай, сүйектің қисық бітіп жататыны жасырын емес. Медицина мықты дамыған десек те, халықтық медицинаның бір тармағынан тараған сынықшыларға деген елдің ықыласы ерекше. Осы сирек кәсіп түріне еніп кеткен сынықшылар туралы қалам тарту көптен ойда жүрген-ді. Бүкіл қаладан бір сынықшыны әзер дегенде таптық. Жаңыл Әбілқасымова сол аз сынықшылардың бірі. Атадан балаға қонатын ерекше қасиет дегеніміз бекер емес. Жаңыл апайдың айтуынша әкесінің әкесі бүкіл теріскейге аты мәлім атақты сынықшы болған екен. Өзі ешқашан да сынықшы боламын-ау деп ойламаса керек. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын ата дәстүрдің бойына қонуы қиынға соққанын жасырмайды. Небір ауыр өткелектерден өткен. Тіпті беті бері қарамаған соң, оны о дүниелік деп ойлағандар да болыпты. Дәрігерге де қаралған, емшіге де барған. Бірақ бірінен де қайран болмай ұзақ ауырыпты. Бір қол, бір аяғы істемей сал болып жатып қалған кездері де болған. Мұның бәрі де сынықшылық қасиеттің қонуы екен ғой деп еске алады бүгінде. Содан атақты бір емшіге қаралып әзер дегенде беті бері қарайды. Содан сынық сала бастайды. Алдына адам көп келетінін де жасырмайды. Сынықшының өзіне сөз берсек. «Сынған сүйек рентгендегідей көзіме анық көрініп тұрады. Талай рет қисық біткен сүйекті қайта салған кездерім де болды. Сарыағаштан бір жігітті алып келген еді. Жамбас сүйегі сынып, белінен төмен гипстеп тастаған екен. Ауруханадан алып келді. Гипсін алып көргенімде дұрыс салынбай, еті шіри бастапты. Төрт сағат бойы әупірімдеп, қалпына келтірдім. Сол жігіт қазір аман-есен, қатарға қосылды. Одан кейін де сынған аяғы қисық бітіп балдақпен жүрген бір жігіттің сынығын сындырып, қайта салғаным бар. Алдыма келген адамдардың ешқайсысы да ренішін білдірген емес» дейді. Сирек кәсіп иесінің өзі де бүгінде сынықшылардың өте аз екенін айтады. Алыстан ат арытып келетіндердің тым көп екені де рас. Әрине, бойында ерекше қасиеті болмаса ешкім де сынықшы бола алмайтыны белгілі. Кейбіреулер мұндай қасиетін бағаламай ішкілікке салынып кететін көрінеді. Тіпті психикалық ауруға шалдығатындары да жоқ емес. Қасиеттің қашатыны да осыдан болса керек деп санайды сынықшы. Кім білген... Бір өзі хирург, травматолог, нейрохирургтың қызметін атқаратын сынықшылар шынында да сиреп кеткені рас. Тіпті бүгінде жүгіртпе жолдан да, интернет беттерінен де «сынықшы іздеймін» деген жарнама қаптап жүр.
Тағы да бір-екі сынықшымен тілдесіп көргенбіз айтатындары дәрігерлердің көбі оларды мойындамайтындығы. Бірігіп жұмыс істеуден ат-тондарын ала қашатын көрінеді. Біріксек көп шаруа бітірер едік дейді сынықшылар. Облыстық аурухананың травматология бөлімінің дәрігерлерімен тілдеспек болғанбыз. Сынықшыларды аурухана маңынан ит қосып қууға бар дәрігерлер бұл сұраққа да жарытымды жауап бергілері келмеді. Айтатындары «мұнда сынықшы, балгерлерді әкеліп жатады, бірақ біз ондайларды кіргізбейміз. Мемлекеттік емдеу мекемелерінде сырқаттарды емдеуде өзге адамдардың қатысуына жол берілмейді» дейді... Былтыр «Жетінші арнада» қызықты жаңалықты жұрт назарына ұсынды. Жаңалық жеткізушілердің айтуынша сауықтыру гимнастикасы оқу бағдарламасына енгізілмек көрінеді. Ресейде тұратын қандасымыз Абай Баймағамбетов сынықшы екен. Оның айтуынша көрші елде спорттың бұл түріне қызығушылық артып отыр екен. Жоба авторы: «Ресейліктер қазақтың сынықшылық өнеріне таң қалып отыр. Бірақ сынықшылық өнерге неліктен Қазақстанда аз көңіл бөлінетінін түсінбейді. Негізінен, бізде медицина қарқынды дамып келеді ғой, алайда өз ата-бабаларымыздың еміне ештеңе жетпейтін сияқты» деген болатын. Сондай-ақ, павлодарлық палуандардың республикалық спорт сайыстарына «Айкүне» деп аталатын қазақтың ежелгі әдісі бойынша дайындалады екен. «Айкүне» сынықшылар қолданатын мыңнан астам жаттығу түрінен тұратын құсайды. Бұл әдістерді ежелгі түркілер сүйегі сынып, шыбығы тайған адамдарды емдеуде қолданған деседі. Осы жаттығулардың арқасында адам ағзасындағы ең қимылсыз деген бұлшықеттердің өзі қимылдайды екен. Аталмыш жаттығулар соңғы уақытта Ресейде кеңінен қолданыла бастаған. Ресей Ғылым Академиясының өзі «Айкүнені» емдік денешынықтыру әдісі деп мойындапты. Ал павлодарлық оқу орындары болса, бұл гимнастиканы оқу бағдарламасына түпкілікті енгізуді жоспарлап отыр» делінген еді. Расында біз сынықшылықты сырып тастап жүргенде ресейліктер осы артықшылықты мойындап отыр...

Гүлжан Көшер

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста