Шолпан

Балгерлер келер жылға қандай болжам айтады?

Болашаққа, табиғат құбылыстарына болжам жасау – қазақ халқында ежелден келе жатқан үрдіс. Адам өміріне, ауа райына, табиғаттың тосын мінезіне алдын ала болжам жасаушы балгерлердің тәсілдері де әртүрлі болған. Олар болжам жасауда пайдаланған заттарына қарай құмалақшы, жауырыншы, жұлдызшы, тамыршы, есепші, алақан-саусаққа қараушы т.б. болып бөлінген. Ата-бабадан келе жатқан үрдісті жалғастыру­шы­лар бүгінгі күні де бар. Ал олар босаға аттағалы тұрған жылқы жылы жайлы қандай болжам айтады?!


  Абай ОМАРОВ (коллаж)


Құмалақшы

Құмалақпен бал ашу – бірнеше ға­сыр­лардан бері халқымызбен жасасып келе жат­қан, жаратылыс пен табиғаттың ерек­ше құбылыстарын ұдайы бақылау нәти­же­сінде пайда болған сәуегейлік ілім. Құ­ма­лақпен бал ашу Орта Азия мен Кавказ, Үнді мен Иран, Тибет пен Корея, Жапония мен Америкада болғандығы жазба тарих­тан белгілі.

Құмалақшылар бал ашу үшін ұсақ тас­тарды, ірі дәндерді және қойдың қы­рық бір құмалағын пайдаланады. Құ­ма­­лақ­шылық – тұқым қуалайтын сәуегейлік қа­сиет. Ол қасиет кез келген адамға бе­рілмейді.

Құмалақтың бірнеше түрлері болады. Мысалы «ырым құмалақ», «бір тартар құмалақ» және «шашпа құмалақ». Ырым құмалақты екі түрлі мақсатта ашқан. Мы­салы, Қызыр атаның қамшысына арнап та­саттық беретін күні (ақпанның 15-і) құ­малақшы таңертең қар үстіне құмалақты ша­шу арқылы ауа райын болжаған. Егер қар үстінде құмалақ кідіріп қалса, онда көктем кеш келеді, ал бармақ бойлап ба­тып кетсе жаз ерте шығады екен.

Райгүл ТЛЕУОВА, халық емшісі, құмалақшы:

– Менің атам бәйгеге қосқан аттардың қайсысы нешінші болып келетінін дөп басып айтатын көріпкел болған екен. Атамның сол қасиеті маған дарыды. Тыл­сым күш ұстаздықты қойғызып, емшілікке әкелді. Ал енді құмалақ салайын. Құмалақ­қа қарасам, сүйіншісі бар. Демек, жыл қуа­ныш­қа мол болмақ. Ауа райы тосын мінез көр­сетпейді. Су мол болады. Соған қара­мас­тан, кей аймақта қуаңшылық қаупі бар. Жал­пы, астық бітік шығады. Тер төккен адам үшін келер жылдың табысты болары анық. Саяси алаңда айтарлықтай өзгеріс бола қоймайды. Алдағы жыл ақиқаттың үстемдік құратын жылы болады. Жемқор­лыққа қарсы күрес күшейіп, талай жеп-ішер құрықталады.   


Жауырыншы

Көне сенiм-нанымның жаңғырығы, көш­пелiлер мәдениетiнiң айшықты эле­мент­терiнiң бiрi – қой жауырынымен бал ашу. Мал сүйегiнiң сиқырлы күшiн пай­да­лана отырып, болжам айту ерте заманнан бас­тау алған.

Бізге жауырынмен бал ашудың екi түрi белгiлi, «жауырын қарау» және «жауырын жағу». Жауырынмен бал ашу қырғыз және моңғол тектес халықтарда да болған. Сонымен бiрге бұл халықтардың жауы­рын­мен бал ашу тәсiлдерi де ұқсас.

Балгерлер жауырынды жағу арқылы оттың жалынына қақтағанда пайда болған жолақтарға қарап болжам жасаған. Тіпті әскери шайқас, жорықтарда жау жағына қарсы (магиялық) әрекет жасау үшiн жа­уы­рын сүйегi көмегiне жүгінген деген де аңыз әңгімелер бар. Ғалымдар қоғам өрке­ние­тiнiң кейiнгi кезеңiнде жауы­рын­шы­лар қыз­меті жыраушылыққа айналып, жаңаша тұр­патқа ие болған деседі. Бұл түркi ха­лық­та­рының ауыз әдебиетiнде көп көрініс тап­қан.

Айсұлу ӘМЗЕЕВА, халық емшісі, жауырыншы:

– Әр хан ордасында жауырыншының бол­ғаны тарихтан белгілі. Көшпенді халық өмірінде олардың алар орны ерен болған. Олар мал шығынының алдын алу үшін ауа райын болжап, жайлауға, қыстауға қай уақытта көшу керектігін анықтап отырған. Жауырынмен бал ашу – әркімге беріле бер­мейтін қасиет. Емшілік қасиет менің арғы аталарымда болған. Осы орталықта ха­лық­тық еммен айналысқаныма 23 жыл бол­­ды. 2000 жылы Бекет Ата түсімде аян бе­ріп, жауырын ұсынды. Содан бері жа­уы­рынға қарап бал ашамын. Алдағы жылға бол­жам айтар болсам, жалпы, келер жыл жайлы болады. Жер сілкіну, су тасу сияқты қауіп жоқ.Қар көп түседі. Шөп мол болып, шаруаға жайлы жыл болмақ. Саяси сах­нада тамыз айларында жеті ауыс-түйіс бо­лады. Жоғарғы жақтағы беделді ла­уа­зым­дар­дың біріне халық қамын ойлайтын сая­саткер келеді. Әрине, мен әулие емес­пін, жауырында нені көрсем, соны айта­мын. Кейде жауырын ештеңе көр­сетпей қоя­тын кездер де болады.


Жұлдызшы

Жұлдызшы ол болашақты болжаушы ғана емес, ол табиғаттағы құбылыстарға дер кезінде баға беруші де. Бүгінгі таңда күнделікті тіршілігін жұлдыз-жора­малға қарап жоспарлайтын жұртшы­лық­тың көбейгені байқалады. Алайда мамандар олардың бәріне сене беруге бол­май­тынын айтады. Өйткені бүгінгі жұлдыз жора­малдардың көпшілігі табыс табу тетігі ретінде жасалады екен. Әрине, бұл жұл­дыз­шыларды жоққа шы­ға­ру емес. Жұл­дыз­ға қарап болжам айт­қан ұлы баба­ла­рымыз Өтейбойдақ пен Ұлық­бектің еңбек­тері осы күнге дейін әлем ғалым­да­рын таң­ғалдырып келеді. Жұл­дыз­нама ілімі Орта Азияда өзге ел­дер­­ден бұрын да­мы­ғаны ғылымнан белгілі.

Назарбек ҚОЖАМСЕЙІТОВ, жұлдызшы:

– Жылқы – үйірімен жүретін жануар, сон­дықтан жылқы жылын отбасымен қар­сы алған жөн. Бапталған тұлпар бәйгеден озады. Яғни іс бастарда тыңғы­лықты да­йын­далған абзал. Болжамға келсек, 2014 жылы біраз құпияның беті ашылады. Ауа райы құбыл­малы болады. Қаңтардың 1-8 аралығында үлкен ме­ре­келер, той өт­кі­зу­ден сақ бол­ған дұрыс. 7-8 ақпан күндері кө­лік апа­ты қауіпі басым. 1-8 наурызда ас­пан жұл­дыз­дарының әсерінен тех­но­ген­дік апаттар артады. Өрт қаупі де жоғары. 2-11 сәуір аралығында денсау­лық­қа мән бе­ру керек. Тұмау-сырқау кө­бейеді. Сә­уір­дің 16-23 аралығында табиғи апат­тар орын алады. 9-12 мамырда сол­түстік ай­мақ­тарда боран болады. 24-27 мамыр ара­лығында қар жауады. Оңтүстікте жаң­быр жауады. Маусым айының 1-12 ара­лы­ғында үлкен жиындар өткізуден бас тарт­қан дұрыс.


Ғасырдан ғасырға жалғасып келе жа­т­қан тылсым қасиет – көріпкелдік бүгінгі кү­ні де жалғасып келеді. Алайда ғалымдар әлі күнге мұндай құбылысқа нақты ғылыми түсінік бере алар емес. Нақты ғылыми не­гізі болмаған соң мұндай құбылысқа нан­бай­тындар да көп. Халықтың көріпкелдікке қы­рын қарауының тағы бір басты себебі – қазіргі күні нәпақа табу үшін өзін кө­ріпкелмін деп жарнамалаушылар көп. Олар­дың қайсысы нағыз көріпкел, қай­сы­сы алаяқ екенін ажырату қиын. Сондықтан көріпкелдердің көмегіне жүгінбес бұрын, жеті өлшеп, бір кескен абзал.




Көрілген: 3301    Пікірлер: 1

бейсенбі, 26.12.2013, 14:15

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30