Олар Тәуелсіздікті насихаттауға үлес қосты

28 желтоқсан 2011, 13:30

«Алаш айнасы» – егемендіктің екі онжылдық тарихын саралайтын қарсаңда жарыққа шыққан басылым. Осы тарихи жауапты мезгілде отандық бұқаралық ақпарат құралдарының қатарында газет өзінің креативті көзқарасымен ерекшеленді. Ал Тәуелсіздіктің 20 жылы тойланатын кезеңде басылым журналистерінің еңбегі мен кәсіби шеберлігі еленіп, үздіктер легінен көрінді.

                                                                       Серікбек ЖАНБОЛАТ

                                                                      Нұрғазы САСАЕВ

                                                                      Мәриям ӘБСАТТАР

                                                                     Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ

Жарық көрген жылы-ақ «Жыл жаңа­лы­ғы» атанған күнделікті қазақ газеті биыл да талай марапатқа ие болды. Газеттің бас редакторы Серікбек Жанболат сәуір айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы алғысха­ты­мен ма­ра­патталды. Дәл осындай алғыс­хат бас редакторға жур­налистердің маусым ай­ындағы кәсіби мерекесі қарсаңында да берілді. Бұдан соң «Алаш айнасының» жетекшісіне мемлекеттік тілді дамытуға шын жанашырлық танытып, осы бағыттағы нақ­ты істерімен көзге түскені үшін «Тіл жана­шыры» құрметті белгісі және ҚР Прези­денті Нұрсұлтан Назар­баевтың атынан «Қазақ­стан Республикасы Тәуелсіздігіне – 20 жыл» мерекелік медалі табыс етілді. Биыл біздің басылымның бас редакторымен бірге, жауапты хатшысы Айдын Қаба да қайы­рым­дылық мақ­саттағы шараларды ынталандыратын «Алтын жүрек – 2011» жыл сайынғы ұлт­тық қоғамдық сыйлығына қолдау көр­сеткені үшін арнайы марапат­талды. Газеттің журналистік ұжымы рес­пуб­лика көлеміндегі түрлі кәсіби бай­қау­лардың жүлделерін олжалады. 19-20 тамыз аралығында Астана­дағы Бейбітші­лік және келісім сарайында Қазақстан Рес­пуб­ликасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық ме­­рейтойына орай өткен І рес­пуб­ликалық спорт форумында ҚР Спорт және туризм министрлігінің шешімімен газеті­міздің спорт бөлімінің редакторы, белгілі спорт жур­налисі Нұрғазы Сасаевқа «Ең үздік спорт журналисі» атағы берілді. Сонымен бірге жуырда ғана Қазақстанның Фут­бол федерациясы жыл бойы отандық фут­бол жайына қалам тербеген екі әріп­тесі­мізді естелік сыйлықтармен марапат­тады. Олардың бірі Нұрғазы Сасаев бол­са, екіншісі – Әзиз Оразбаев. ENRC ком­па­ния­сы мен «Егемен Қазақстан» рес­пуб­ликалық газетінің бастамасымен ұй­ым­дастырылған ІІ республикалық «Алтын қа­лам» шығармашылық байқауында газе­ті­міз­дің нарық бөлімінің тілшісі Кәм­шат Сатиева «Үздік жас журналист» ата­лы­мын жеңіп алып, 150 мың теңге сый­ақы­ға ие болды. Басылымның нарық бөлі­мінің тағы бір тілшісі Қарлығаш Зарық­қанқызы Байланыс және ақпарат ми­нистр­лігі, «Қа­зақ­стан қажылық қоры» жә­не «Заң­ғар» шы­ғар­машылық бірлестігі ұйымдастырған «Ислам және бейбіт­шілік» тақырыбындағы журналистер бай­қауының екінші орнын иеленді. «Алаш ай­насының» фототілшісі Нұрғиса Елеубеков Тәуелсіздіктің 20 жыл­дық мерейтойына орай ұйымдасты­рылған «Тәуелсіздік тағылымы» атты рес­публикалық фотокөр­меге қатысқаны және еліміздің фотоше­жіресіне үлес қосқаны үшін диплом­мен марапатталды. Осы бай­қауға белсене қа­тысқаны үшін Нұрғисаға Алматы қала­сының әкімдігі де марапат та­ғайын­дады. Фототілші биыл басқа да түрлі рес­пуб­ликалық байқаулардың жүлдесін жеңіп алды. Күні кеше ғана газетіміздің өркениет бөлімінің тілшісі Мәриям Әбсат­тарова Тәу­елсіздіктің 20 жылдығына орай Астана қаласының жастар саясатын қол­дау мемлекеттік қоры, «Елорда жастары» қоғамдық қоры және «Нұр Астана» рес­пуб­ликалық жастар апталығы бірлесіп ұйым­дастырған жас журналистер мен жас карикатурашылар байқауында бірінші ор­ын­ды қанжығалады. «Бәйгеге барыңды сал, жас қалам!» атты байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 60-қа жуық мақала мен 20-ға жуық карикатура қатысты. Мәриям­ның ұлттық құндылықтардың жайы мен бол­мысымыздың жаһандануы туралы жур­налистік еңбегі үздік деп танылып, әріп­тесіміз 150 мың теңге жүлдеге ие бол­ды. Осы байқаудың ізін ала Алматы об­лы­сы­ның әкімі Аңсар Мұсаханов Мә­риям Әб­сат­тарованы Тәуелсіздіктің 20 жыл­ды­ғына арналған шараларды, ҚР Пре­зиденті Н.Ә.На­зар­баевтың Қазақ­стан халқына Жол­дауын іске асыру бағы­тындағы жұмыс­тарды бұқаралық ақ­парат құралдарында насихаттаудағы шығар­ма­шылық ізденісі мен қоғамдық өмірдегі белсенді қызметі үшін марапаттады. Мемлекеттік тілді наси­хаттауға арнап, Алматы қалалық тілдерді дамыту басқармасы өткізген байқауда да Мәриям – екінші орын мен бағалы сыйлық­қа, ал қоғам бөлімінің тілшісі Қуаныш Ермекова ынталандыру сыйлығына ие болған еді. Газеттің саясат бөлімінің тілшісі Сәкен Көкенов Мәдениет министрлігі Тіл коми­тетінің мемлекеттік тіл саясатын бұқа­ралық ақпа­рат құралдарында кеңінен насихаттау, мемлекеттік тілдің қазақ және орыс тілді басылымдарда насихатталу белсенділігін арттыру мақсатында ұйымдас­тырған «Мем­лекеттік тіл және бұқаралық ақпа­рат құ­ралдары» атты республикалық бай­қа­уының үшінші орнын иеленді. Ұлы мерейтой тойланған биыл газетіміздің өркениет бөлімінің редакторы Алмат Исәділ Алматы облысы Ақсу ауданының 90 жылдығына орай ұйымдастырылған Ілияс Жансүгіров мүшәйрасында Сайын Мұратбеков атын­дағы сыйлықтың иегері атанды. Меншікті тілшілер қосынының жетекшісі, журналист Дархан Бейсенбекұлы Жазушылар ода­ғының жас жазушылар бәйгесінде бас жүл­деге лайық деп танылды. Журналистердің кә­сі­би мерекесі қар­саңында Дархан Бей­сенбекұлы – Алматы облысы әкімінің алғыс­хатымен, газеттің жаңалықтар бөлі­мінің редакторы Болатбек Мұхтаров Алматы қаласы әкімінің алғысхатымен марапатталды. Саясат бөлі­мінің тілшісі Жарқын Тү­сіп­бекұлы биыл «Халықаралық сапарлар» бағдарламасы бойынша АҚШ-та іс-тә­жірибеден өтіп, осы сапардың қоры­тын­дысы бойынша АҚШ Елшілігінің арнайы сер­тификатына қол жеткізді. «Алаш айна­сының» футбол және волейбол командалары биыл өз әріптестері арасында өткен бәсекелердің алғашқы орындарынан көрінді.