Шолпан

Ұлттық арна отандық телеөнімдерді марапаттады

  • Ұлттық арна отандық телеөнімдерді марапаттады

    Ұлттық арна отандық телеөнімдерді марапаттады

«Қазақстан» ұлттық арнасы жыл бойы көрерменге ұсынған тартымды дүниелерге өз бағасын берді. Осыған орай фильм режиссерлері мен продюсерлері салтанатты шарада марапатталған болатын.

Биыл Қазақстан арнасынан ұсынылған дүниелердің ішінен «Әпке» телехикаясы үздік деп танылып отыр. Дулат Исабековтің шығармасы негізінде түсірілген телехикая көрермен үшін көңілден шыққан туынды бол­ғаны рас. Бұдан бөлек, жастар тақы­ры­бында бүгінгі заманғы көзқарасты көрсете ал­ғаны үшін «Достар» ситкомы үздік деп та­нылды. Ұлттық арнаның төл өнімі болып са­налатын мұндай дүниелер алдағы уа­қыт­та талай рет көрерменнің көзайымына ай­на­лып, эфир төрінен орын алмақ. Сонымен қа­тар «Сұңқар» фильмі үшін оның ре­жис­сері Жантай Қыдырәлиев есімі ерекше атал­ды. Режиссер шеберлігінің нәтижесінде та­рихи тұлғалар тағдырын сәтті шығарған «Ұлт мақтанышы» деректі фильмі де үздік­тер қатарынан көрінді. Сондай-ақ мұндай ерек­ше дүниелер арасында анимациялық «Әли мен Ая», балаларға арналған «Том­пақ» фильмі де бар. Қорғаныс министр­лі­гі­нің тікелей қолдауымен түсірілген «Көк тар­ландары», мұғалімдер өмірінің шынайы бейнесін көрсеткен «Ұстаз», ақ халаттылар жайлы «Жедел жәрдем», тәртіп сақшылары жай­лы таспаланған «Ауыл сақшысы», жас­тар­ды спортқа баулуда маңызы зор деп та­нылған «Олимп шыңы» фильмдерінің ре­жиссерлері сый-құрметтен кенде қа­л­ма­ды.

Жалпы, ұлттық арна қазақтілді болғалы отан­дық өнімдерді көгілдір экраннан көр­сетуге тырысып келеді. Осы жолға бет бұр­ған арнаның жанынан «Балапан», «Қаз­спорт», «Білім», Мәдениет» секілді арналар кө­рерменмен қауышқалы көп уақыт бол­ды. Хабар тарату кестесіне өзгеріс еніп, отан­дық телехикаялардың саны артып келе жат­қаны қуантады. «2009 жылы алғаш көр­сетілген «Ағайынды» атты алты серия­лы телехикаясынан кейін өз өнімдеріміздің қатары артып келеді», – дейді арна бас­шысы Нұржан Жалауқызы. Мысалы, 2010 жылы 84 бөлімді екі хикая көрсетілген. Ал араға бір жыл салып бұлардың қатары жетіге көбейген еді. Ал былтыр барлығы қазақстандық 14 хикая ұсынылған. Бес жыл ішінде көрсетілген сериалдар саны 30-дан асып-жығылады. Бүгінде қазақтілді көрермендер арасында алдыңғы лекте тұрған арна бұл көрсеткішті алдағы уақытта еселей түсуді көздейді.

Нұржан ЖАЛАУҚЫЗЫ, «Қазақстан» ұлттық арнасының басқарма төрайымы:

– Мемлекет басшысы «Қазақстан» арнасы тек қана қазақ тілінде хабар таратсын» деп тапсырма берген сәтте жұрт көкейінде «көздеген мақсатына жете алар ма екен?» деген күдік аралас сауал тұрды. Бүгінде 100 мыңнан астам тұрғыны бар жерлерде ұлттық арнаның көрсетілім бойынша үлес салмағы 88 пайызды құрап отыр. Бұл аз уақыттың ішінде арнамыздың көрермені қалыптасқанын көрсетеді.


Серікбай НҰРҒИСАЕВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Заманауи технологияларды пайдана оты­рып, көрерменге тартымды дүние ұсы­нып жатқан қазақтілді арна – ол «Қа­зақ­стан». Отандастарымызды қазақ тілінде ақ­паратпен қамтып келеді. Оның ішінде сая­сат, әдебиет пен мәдениет, тарих, спорт сын­ды барлық саланы қамти алуда. Сон­дықтан да «Қазақстан» ұлттық арнасының мүм­кіндігі мол, біз үшін де, мемлекетіміз үшін де орны қашанда бөлек.




Көрілген: 2671    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.12.2013, 14:12

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30