Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

215 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ТАҢБАЛАРЫ СЫЗЫЛДЫ

20 қазан 2021, 21:35

Шымкент қаласында асфальт жолдың жалпы ұзындығы 2029,2 шақырымды құрайды. Жыл басынан бері шаһарда көліктердің жол қозғалысын реттеу, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 215 шақырым жол таңбалары сызылды.

 

 

Нақтырақ айтқанда, 150 шақырымды термопластикпен, қалған 65 шақырымды  акрильді краскамен сызу жұмыстары атқарылды.

 

 

Сонымен қатар, қыркүйек, қазан айларында жөндеу жұмыстары аяқталған Б.Момышұлы көшесі, Республика, Қонаев даңғылы, жаңа әуежай терминалына кіре беріс жолдардың және «Ордабасы» алаңы маңындағы жол таңбалары жасалынды.

 

 

Айта кетсек, алдағы уақытта Ж.Тәшенов, Ж.Шаяхметов көшелерінің жол таңбаларын сызу жұмыстары атқарылады.

 

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі