Шымкент шырайы

50 ЖАҢА АВТОБУС ЖЕЛІГЕ ШЫҒАРЫЛДЫ

  • 50 ЖАҢА АВТОБУС ЖЕЛІГЕ ШЫҒАРЫЛДЫ

    50 ЖАҢА АВТОБУС ЖЕЛІГЕ ШЫҒАРЫЛДЫ

1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне орай Шымкентте 50 жаңа автобус желіге шығарылды. Қала әкімі Мұрат Әйтенов арнайы барып автобустарды көріп, дайындығын тексерді.
- Қалаға алынған 590 жаңа автобустың 300 бағыттарға қосылған болатын. Бүгін, өздеріңіз көргендей 50 автобус желіге шығарылуда. Қалған 240 жаңа көлікті Тәуелсіздік күні қарсаңында тұрғындар игілігіне беру жоспарлануда. Қазіргі таңда қоғамдық көліктердің 80 пайызы жаңартылды. Жыл соңында бұл көрсеткіш 90 пайызға жетеді. Нәтижесінде автобустарды жаңарту бойынша Шымкент республикамызда алғашқы үштікке енбек. Енді, қоғамдық көліктердің қызмет сапасы мен мәдениетін көтеру бағытында жұмыс жасауымыз керек. Бұл қызмет көрсетуші мекеменің тікелей жауапкершілігінде. Осыған аса мән беріңіздер, - деді шаһар басшысы.
Бүгінгі елу автобус №104, №60 автобус бағытында және №6, №51, №67 жаңа бағыттарда қызмет көрсететін болады.
1) № 104 автобус бағыты — Қайтпас ш/а — Оңтүстік ш/а;
2) № 60 автобус бағыты — Қазығұрт ш/а — ТЖВ;
3) № 6 автобус бағыты — Тұрлан ш/а — Төле би к-сі;
4) № 51 автобус бағыты — Самал ш/а — Түркістан к-сі;
5) № 67 автобус бағыты — Нұрсат ш/а — Қорғасын аялдамасы.
Барлық автобустар газбен жүретіндіктен екі арнайы газ құю бекеті салынды. Жақын арада үшінші газ құю бекеті де іске қосылады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі




Көрілген: 550    Пікірлер: 0

жұма, 03.12.2021, 13:23

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Желтоқсан 2021
    «МЕН ӨМІРГЕ ҚҰШТАРМЫН»...
    23 Желтоқсан 2021
    ЭПИД ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
    22 Желтоқсан 2021
    "ШАМ ЖАРЫҒЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ"
    22 Желтоқсан 2021
    Жемқорлықты жою міндет
    9 Желтоқсан 2021
    Біріккен рейдтік шара
    2 Желтоқсан 2021
    6 АДАМНАН КВИ АНЫҚТАЛДЫ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31