9 МЫҢҒА ЖУЫҚ КӘСІПКЕРЛІК НЫСАН ASHYQ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСЫЛҒАН

15 қазан 2021, 21:09

Қалада эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Шымкент қаласы бүгінгі таңда эпидемиологиялық жағдай бойынша «жасыл аймақта» орналасқан.

 

Қалада 45 бекетте вакциналау жұмыстары жүргізілуде. Азаматтарға вакцинаның Спутник, QazCOVID-In, Hayat-Vax, CoronaVAC, Vero CELL түрлері егілуде.

 

Қала әкімдігі жанынан ашылған call-center тәулік бойы жұмыс істейді. Бүгінде қалада ASHYQ жобасына қосылған бизнес субьектілерінің саны 8 742-ге жетті. 641 тұрғыннан «сары» статус,  1650  тұрғыннан «қызыл» статус анықталып отыр.

 

Сондай-ақ, бүгінге дейін барлық аудан бойынша 41 817  нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 2541 карантиндік талаптарды бұзу  фактілері тіркелді.

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі