Шымкент шырайы

«OTBASY FEST» ЖАС ОТБАСЫЛАРҒА СЕРПІН БЕРДІ

  • «OTBASY FEST» ЖАС ОТБАСЫЛАРҒА СЕРПІН БЕРДІ

    «OTBASY FEST» ЖАС ОТБАСЫЛАРҒА СЕРПІН БЕРДІ

Шымкент қаласында Отбасы күні мерекесі қарсаңында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту тапсырмасы негізінде «OTBASY FEST» атты отбасылық сайыс жас отбасыларға серпін берді.

А. Асқаров атындағы дендросаябақта «Рухани қоғам әлемі» қорымен бірлесіп өткен іс-шараға 10 отбасы қатысып, бақтарын сынады. Жарыста бірінші орын алған Ниязалиевтер отбасына теледидар берілді. Іс-шараға белсене қатысқан он отбасы Алғыс хаттармен және демеушілер есебінен түрлі сыйлықтармен марапатталды.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының қолдауымен «SHANYRAQ» орталығында өткен арнайы іс-шараларда көпбалалы аналар қуанышқа кенеліп, еңбектері еленді.
«Ізгілікте жарысайық» қорымен бірлескен «Отбасындағы бала тәрбиесі» тақырыбында арнайы психологиялық тренинг және «Отбасы – Отан тірегі» атты іс-шара өткізілді.

Аталған жиынға Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Б.Нарбекова, қалалық мәслихат депутаты Н.Керімбаева қатысып, батыр аналарға еліміздің демографиясына қосқан үлестері үшін ризашылығын білдірді.

11 баланың анасы Қ.Дарибаева, 10 балалы ана Ж.Егембердиева және 12-ші перзентін дүниеге әкелуге дайындалып жүрген Ж.Әлжановалар сөз сөйлеп, өз қуаныштарымен бөлісті.

Сондай-ақ, перзенттерін жалғыз тәрбиелеп жүрген 2 әке де осындай қуанышты күн сыйлаған ұйымдастырушыларға ризашылықтарын жеткізді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі




Көрілген: 196    Пікірлер: 0

сейсенбі, 21.09.2021, 10:52

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қазан, 20:48
    «ECO SANA» БІЗГЕ ҚОСЫЛ
    14 Қазан, 20:34
    СТУДЕНТТЕР КӨРМЕСІ
    14 Қазан, 20:31
    ХАЛЫҚ МҮДДЕСІ ҮШІН

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31