АҚНАЗАР ХАН КӨШЕСІ УАҚЫТША ЖАБЫЛАДЫ

22 қазан 2021, 20:55

Шымкент қаласындағы орталық магистралды жолдың бірі  саналатын Ақназар хан көшесі орташа жөндеуден өтуде.

 

Жөндеу жұмысы осы жылдың сәуір айында басталған болатын. Құрылыс жұмыстарын «Базис-К» мердігер мекемесі атқарып жатыр.

 

 

Жолаушылар көлігі және автомабиль жолдары басқармасы 23-24 қазан күндері Ақназар хан көшесінің екі кезең бойынша жөндеу жұмысына  байланысты жабылатынын мәлімдеді.

 

Бірінші кезең – 23 қазан күні Елшібек батыр мен Жанқожа батыр көшелері аралығы және екінші кезеңде – 24 қазан күні Аймауытов және Елшібек батыр көшелері аралығында көлік қозғалысы шектеледі.

 

Көшесінің жалпы ұзындығы, екі жолақты 2,28 шақырымды құрайды. Жолдың төменгі түзету қалыңдығы 4 см, ал асфальт бетонның беткі қабаты 5 см болады.

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі