Шымкент шырайы

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ – ӘЛЕУМЕТКЕ ҚАМҚОР

  • Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік сала қызметкерлері белгілі бір көмекке мұқтаж адамдарға демеу болатын адам ғана емес, сонымен қатар, қоғамның әл-ауқатын жақсартуға өз үлесін де қоса біледі.

 

Бүгінде әлеуметтік саланың қызметкерлері тағдыр тауқыметін тартып, түрлі жағдайларға тап болған немесе мүмкіндігі шектеулі жандармен бірге біте қайнасып, олардың тыныс-тіршілігімен етене араласып, күнделікті тіршілігіне қолғабыс жасайды.

 

 

Мүмкіндігі шектеулі балаларға үйіне барып қызмет көрсететін Ғазиза Асабаеваның осы салада жұмыс жасап жүргеніне 21 жыл болған. Қазіргі таңда Ғ.Асабаева Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде №4 бөлімшенің күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкері болып  жұмыс атқарып келеді.

 

Осындай жүгі ауыр көшті бастап жүрген Ғазиза Мусырманкұлқызы секілді  «әлеуметтік қызметкер» атағын абыроймен алып жүрген, өз жұмысына шын ықыласпен кірісетін әлеуметтік қызметкерлер еңбегін ерекше атап өтуге болады. Олар үшін өзгенің проблемасы деген түсінік жоқ, қиналған адам көрсе қолұшын созып, қолынан келген көмегін көрсетеді. Әлеуметтік қызметкерлердің осы салада тұрақтап қалуы да осы қасиеттерінде.

 

Бұл жерде адамның діні, нәсілі, ұлты, жасы, білім деңгейі немесе қоғамдағы мәртебесі маңызды емес. Тек қана кең жүректі, адами бейнесі айқын, өзінен гөрі өзгелер болсын дейтін адамның ғана қолынан келері анық.

 

Әлеуметтік сала қызметкерлері қандай құрметке де лайық жандар.

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі




Көрілген: 408    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.10.2021, 16:37

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қараша, 20:42
    COVID-19: 14 ЖАҒДАЙ
    19 Қараша, 20:28
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    18 Қараша, 20:39
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    17 Қараша, 20:33
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    17 Қараша, 20:26
    ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ
    17 Қараша, 20:19
    "Бекзат болмыс!"
    16 Қараша, 20:32
    ӨНЕРЛІНІҢ ӨРІСІ КЕҢ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30