«АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС ОРНЫ» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ТАНЫС БОЛЫҢЫЗДАР

25 қазан 2021, 14:38

Шымкент қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Алғашқы жұмыс орны» бағытын насихаттау мақсатында арнайы ақпараттық бейнеролик әзірледі.

 

 

«Алғашқы жұмыс орны» жобасына 29 жасқа дейінгі мүлдем жұмыс өтілімі жоқ жұмыссыз жастар, оның ішінде NEET санатындағы жастар қатыса алады. Сонымен қатар, алғашқы жұмыс орнына орналасуға көп балалы немесе аз қамтылған отбасылар мүшелеріне, еңбекке қабілетті мүгедектер мен техникалық және кәсіптік мамандық иелеріне басымдық беріледі.

 

 

Жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілермен келісімшарт жасап, оқу орнын аяқтаған жастарды 24 ай жұмыспен қамтиды. Жобаға қатысушының еңбекақысы 20 АЕК көлемінде. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыстың алғашқы 12 айдың еңбекақысын субсидиялайды.

 

 

Үміткерлер тіркелген мекенжайы бойынша жұмыспен қамту орталығы  бөлімшелеріне  жеке куәлігі мен білімі туралы құжат көшірмесін тапсырып, өтінім бере алады.

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі