Асар шағын ауданы - Тәуелсіздіктің жетістіктерінің бірі

09 желтоқсан 2021, 05:53

«Қазақтың бір ғана Отаны бар. Ол – Қазақстан». Егемендік алғалы осы ұран еліміздің ажырамас бөлігіне айналған. Тұғырлы Тәуелсіздіктің ең үлкен жетістіктерінің бірі – қандастарымыздың елге оралуы. Жылдар бойы туған жерінен жырақта жүріп, елін аңсап келген халыққа құшағын кең жайып, жағдайын жасаған Қазақстанға олардың айтар алғысы шексіз. 15 жыл бұрын сондай Ұлы көштің бірі Шымқаладағы Асар шағынауданынан қоныс тепкен болатын. Ондағы бір қауым елмен арна тілшісі әңгімелесіп қайтты.

 

Тағдырдың тәлкегімен шет ел асып, өзге мемлекетті паналауға мәжбүр болған қандастарымызды атажұрт – Қазақстанға шақыру Тәуелсіздік алған жылдардағы ең ауқымды бастамалардың бірі болды. Бүгінге дейін қазақтың миллионнан астам баласы елге оралған. Бұл бағытта үшінші мегаполисте де көптеген шаралар жүзеге асты. 2006 жылы «Нұрлы көш» бағдарламасы аясында Өзбекстаннан оралған 2000 қазақ отбасы Шымкенттен қоныс тауып, жап-жаңа «Асар» атты шағынауданның іргесі қаланды. Кіндік қаны тамған жерін аңсап келген ағайынға арналып барлық қолдау көрсетілді. Баспана, әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту, балаларды мектеп пен балабақшамен қамтамасыз ету сынды шаралар атқарылды.

Анарбек Сарманов – Шымкент қаласының тұрғыны

Дүние жүзінде өз ұлтын еліне шақырған үш ақ ел бар Соның бірі Қазақстан Назарбаев үндеу шақырып елге шақырғаннан кейін Асар мөлтекауданы ашылды.

Қуатбек Әуесбаев – Шымкент қаласының тұрғыны

Біздер басқа елде сұлтан болғанша өз еліңде ұлтан бол дегенге амал қылып ағайындармен туғандармен кеңесіп тарихи отанға көшуді ұйғардық 2008-ші жылы енді көшіп келгенде бұл жер айдала еді.

Қандастарымыздың өз еліне оралуы үшін  қала аумағынан 2008 жылы 300 гектар жер бөлінді. «Нұрлы көш» бағдарламасы аясында Өзбекстаннан 15 мыңнан астам азамат тарихи отанына қоныс аударды. Көптің есінде болар, Елбасы 2008 жылы Асар мөлтекауданына арнайы ат басын бұрып, елге оралған  ұлы көшке сәттілік тілеген.

Нұрсұлтан Назарбаев – ЕЛБАСЫ

Елгекелдіңіздер. Жаңаүйгекөштіңіздер. Шаңырақтарыңызқұттыболсын. Өзбекстандағыағайынғарахметтеріңіздіайтыпкетіңіздер

Бүгінде Асардың халқы 25 мыңға жуықтайды. Шағынауданда 2 білім ордасы мен 3 бөбекжай жұмыс істейді. Сондай-ақ, бірнеше медициналық мекеме халық игілігі үшін қызмет етеді. Бір шаңырақ астында тату тәтті ғұмыр кешкен тұрғындар басты байлық - тәуелсіздік, басты ұранын - бірлік деп біледі. Әсіресе, асардағы жастардың Тәуелсіздік жайында айтары көп. Шағынаудандағы №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп гимназиясы талантты балалар мекеніне айналған. Қандастар Республикалық пән олимпиядаларында топ жарып жүр.

Сержан Абдуллаев - №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп гимназиясының оқушысы Қазақстан халық болып ел болып Тәуелсіздікке жету үшін қиын жолдардан өтті.

Назгүл Қарабаева - №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп гимназиясының оқушысы Менің жеттістіктерімнің барлығы Тәуелсіздіктің арқасы деп білемін.

Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 800 мыңдай  этникалық қазақ оралды. Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі, яғни 76,3% - Өзбекстаннан келсе, 10,4% – Қытайдан, 6,2% – Түрікменстаннан, 2,7% – Моңғолиядан, 1,2% – Қырғызстан, 0,5% – Иран, 0,3% – Ауғаныстан және қалған 2,5% басқа елдерден қоныс аударған. Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы Түркістан Маңғыстау облыстарына, сондай-ақ Шымкент қаласына  11% қоныстанды. Өткен жылдың өзінде  13 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды.2020 жылы Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі ҚХР-нан келген.

 

К. Дүйсенбі