Шымкент шырайы

АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРҒА ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

  • Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев тұрғындарға жеке өтініштері бойынша кезекті қабылдауын өткізіп, олардың мәселелерін тыңдады. Қабылдауда аудан азаматтары балалар алаңшасын салып беру, атаулы әлеуметтік көмек, қоқыс жәшіктерін көбейту, заңсыз жүргізіліп жатқан құрылыс туралы сауалдарымен жүгінді.

 

 

Аудан тұрғыны Зоя Рудова жоғарғы Отырар шағын ауданында соғылып жатқан заңсыз құрылысты тоқтату жөнінде шағымын білдірді. Рашид Мамытұлы тиісті бөлім басшысына қалалық Орта сапасы және бақылау басқармасы мамандарымен бірлесе мән-жайды анықтап, заң талаптарына сәйкес әрекет етуді тапсырды.

 

 

Сондай-ақ, Разия Кулумбетова Түркістан көшесінде орналасқан балалар алаңшасын ретке келтіруді және спорт алаңшасын салып беруді сұрады. Аудан әкімі балалар ойын алаңшасын қалпына келтіру бойынша келісім-шартқа сәйкес мердігер мекемеге тапсырма берілетінін айтты. Ал спорт алаңшасын салу үшін аталған мекенжайда жер көлемінің кішкентай, талаптарға сай келмейтіндігін түсіндірді.

 

 

Аудан басшысы әкімдіктің құзыретіне кіретін  өтініштер бойынша толығымен жауап беріп, алдағы уақытта тиісті жұмыстар атқарылатынын жеткізді.

 

Әл-Фараби ауданының әкімі жеке қабылдауды тұрақты түрде әр бейсенбі күні онлайн және офлайн форматта өткізеді. Қабылдауға жазылу үшін тұрғындар әкімдікке келіп алдын ала өтініш қалдыруы тиіс.

 

Аудан әкімдігінің тұрғындармен байланыс нөмірі: 54-58-46

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі




Көрілген: 449    Пікірлер: 0

жұма, 17.09.2021, 20:34

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қазан, 20:48
    «ECO SANA» БІЗГЕ ҚОСЫЛ
    14 Қазан, 20:34
    СТУДЕНТТЕР КӨРМЕСІ
    14 Қазан, 20:31
    ХАЛЫҚ МҮДДЕСІ ҮШІН

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31