Шымкент шырайы

Бала туу және оның күтімі бойынша жәрдемақыны онлайн рәсімдеуге болады

  • https://azattyq-ruhy.kz/

    https://azattyq-ruhy.kz/

«Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қалалық филиалының өкілдері бала тууына және оның бір жасқа дейінгі күтімі бойынша жәрдемақыны Halyk Homebank немесе Kaspi.kz қосымшалары арқылы қалай өтініш беріп, рәсімдеу керектігін айтып берді.

 

Жәрдемақыны рәсімдеу үшін Halyk Homebank немесе Kaspi.kz мобильді қосымшасына кіру қажет. «Мемлекеттік қызмет көрсету» бөліміне өтіп, баланың тууы немесе оның күтімі бойынша жәрдемақыны тағайындау қызметін таңдайсыз. Ары қарай дербес деректердің дұрыс жазылғанын тексеріп, өтінішті растау қажет.

 

Өтінімді жібергеннен кейін сізге көрсетілетін қызметтің нәтижесі және тағайындалған төлем сомасы туралы PUSH-хабарлама және SMS жіберіледі.

 

«Бұрын жәрдемақыға өтінімді ХҚО, eGov.kz порталы немесе проактив тәсілімен жолданған смс-ке жауап беру арқылы ғана алуға болатын. Жақында жәрдемақыны банктердің қосымшасы арқылы алу мүмкіндігі туды. Сондай-ақ жақында бізде экстерриторриялды қағидат енгізілді. Баланың туылуына байланысты жәремақыны енді тұрғылықты жеріне қарамастан, кезкелген ХҚО арқылы да рәсімдеуге болады. Бұл жас аналар үшін жақсы мүмкіндік, олар жәрдемақыны артық уайымсыз рәсімдей алады», – деді Алтынай Татаева «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының өкілі. Қызмет тегін және оған бала туылғаннан кейін 1 жыл ішінде кез келген уақытта тапсырыс беруге болады.

 

 

 

kz.otyrar.kz




Көрілген: 423    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.11.2021, 20:34

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Желтоқсан 2021
    «МЕН ӨМІРГЕ ҚҰШТАРМЫН»...
    23 Желтоқсан 2021
    ЭПИД ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
    22 Желтоқсан 2021
    "ШАМ ЖАРЫҒЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ"
    22 Желтоқсан 2021
    Жемқорлықты жою міндет
    9 Желтоқсан 2021
    Біріккен рейдтік шара
    2 Желтоқсан 2021
    6 АДАМНАН КВИ АНЫҚТАЛДЫ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31