Шымкент шырайы

БИЫЛ АШЫЛҒАН МЕКТЕПТЕР ЦИКЛІ: «ADAN» МЕКТЕБІ

  • Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шымкентте жаңа оқу жылын 203 мектеп дәстүрлі оқу форматымен жұмысын бастады. Мектептер биыл 234 мыңға жуық оқушыны қамтып отыр. 25 мың бала мектепке алғаш рет барды. Мегаполис тұрғындарының төрттен бірі – мектеп жасындағы балалар. Бұл  өсім потенциалы жоғары қала дегенді білдірсе, мектептер санын көбейтуге қажеттілік бар дегенді ұғындырады.

 

 

Мемлекет басшысының апатты және үш ауысымды мектептерді азайту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қалада мектептер салудың жаңа жобасы қолға алынған. 

 

 

Бұл білім мекемелерінің қатарында «ADAN» мектебі де бар. Білім беру ұйымы 600 балаға лайықталған. Қазір мұнда 399 оқушыға  жоғары білікті 31 педагог білім беруде. Әзірге тек бастауыш сыныптары қазақ және орыс тілдерінде оқуда.

 

 

Балалар ұзартылған күн тәртібінде 3 мезгіл ыстық тамақпен қамтылса, қауіпсіздік үшін тасымал қызметіне арнайы көлік қарастырылған. Оқушылардың жан-жанты дамуы үшін ағылшын тілі, би, вокал, шахмат, кіші футбол үйірмелері де бар.

 

 

Білім ұясында 24 сыныптық кабинет және 7 қосымша сынып оқу жабдықтарымен қамтылған, акт және спорт залдары, сыртта жабық кіші футбол алаңы, медициналық бекет және асхана бөлмелері бар. Қосымша сабақтарға арналған 7 сынып тағы бар.

 

 

Биыл үш ауысымды мектептер саны 14-тен 9-ға төмендеді. Пән кабинеттерінің жабдықталуы 32,5 пайыздан 65 пайызға жетті.

 

"Аdan" мектебінің мекенжайы: Ғ.Иляев көшесі 27.

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі




Көрілген: 315    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.09.2021, 18:59

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қазан, 20:48
    «ECO SANA» БІЗГЕ ҚОСЫЛ
    14 Қазан, 20:34
    СТУДЕНТТЕР КӨРМЕСІ
    14 Қазан, 20:31
    ХАЛЫҚ МҮДДЕСІ ҮШІН

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31