Шымкент шырайы

БИЫЛ АШЫЛҒАН МЕКТЕПТЕР ЦИКЛІ: "МАРЖАН" МЕКТЕБІ

  • Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Биыл «Бозарық» шағын ауданындағы бастауыш сыныбының бүлдіршіндеріне есік ашқан «Маржан» мектебі білім беру ісінде сапаға көңіл бөліп отыр.

 

 

Мектепте Білім және ғылым министрлігі бекіткен білім стандарты негізінде ақысыз білім берілуде.

 

 

Ата-аналардың сұранымы бойынша ұзартылған күн тобы мен үйірмелер, үш мезгіл тамақ және тасымал қызметі ақылы жүргізіледі.

 

 

Бүгінде 150 орынға шақталған мектепте 7 сыныпқа бөлініп, 137 бала білім алуда. Бүлдіршіндерге 17 мұғалім негізгі пәндер мен ұзартылған күн тобында білім береді.

 

 

Мектеп соңғы үлгідегі оқу базасымен жабдықталып,  арнайы медициналық қызмет көрсететін кабинеті де жасақталған. Орнатылған бейнебақылау жүйелері балғындардың қауіпсіздігін көздейді.

 

 

Шығармашылық топтар мен үйірмелер жұмыс да жолға қойылған. Оқушылар сабақтан кейін  қолөнер мен вокал үйірмесіне қатысуға және еркін күрес пен шахматтан өзін шыңдауға мүмкіндік бар.

 

 

Қала басшылығы тарапынан білім саласын дамытудың кешенді жоспары әзірленді. Зияткер ұрпақ тәрбиелеу міндеті қаламызды әрі қарай өркендетудің басымдығы ретінде айқындалды.

 

 

 

«Маржан» сынды жаңа мазмұндағы білім ошақтары Шымкенттің ғылым мен білім орталығы ретінде танытуға қызмет етеді деген сенімдеміз.

 

 

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі




Көрілген: 517    Пікірлер: 0

жұма, 15.10.2021, 20:39

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Желтоқсан, 21:08
    6 АДАМНАН КВИ АНЫҚТАЛДЫ
    23 Қараша, 20:42
    COVID-19: 14 ЖАҒДАЙ
    19 Қараша, 20:28
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    18 Қараша, 20:39
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    17 Қараша, 20:33
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31