Шымкент шырайы

БИЫЛ АШЫЛҒАН МЕКТЕПТЕР ЦИКЛІ: «САЙРАМ КӨМЕКШІ-МЕКТЕП- ИНТЕРНАТ- КОЛЛЕДЖ» АРНАЙЫ КЕШЕНІ

  • Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шымкентте биыл Сайрам көмекші мектеп-интернаты «Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжі арнайы кешені» мәртебесіне ие болды.

 

Мектеп-интернаты ғимаратының негізі 1916 жылы қаланған. 1935 жылы балалар үйі, 1975 жылы «Сайрам көмекші мектеп-интернаты» болып өзгерді.

 

 

Мекеме арнайы оқытуды қажет ететін балалардың психофизикалық кемшілігін түзету,  функционалдық сауаттылығынын арттырып, еңбекке баулу және қоғамдық өмірге бейімдеп келуде.

 

 

Бүгінде бұрынғы мектеп-интернаттың орнына жаңа үлгідегі ғимарат салынып, 267 бала тәрбие мен білім алуда. Білім беру кешені жатақхана, оқу ғимараты, акт пен спорт залдары, медициналық бекет және асханамен қамтылған.

 

 

Кешеннің 36 сыныптық бөлмелері  заманауи оқу құрылғыларымен жабдықталған. Заманауи үлгіде бой көтерген ғимаратта  тігіншілік, ағаш өңдеу, аспаздық кәсіпті үйретуге арналған шеберхана бөлмелері, арнайы күтімді қажет ететін балаларға арналған коррекциялық оқу, сенсорлық білім алу, психолог, логопед мамандардың сынып бөлмелері арнайы жабдықталып, жазғы спорт алаңы салынған.

 

 

Мекемеде оқу сабақтары мемлекеттік тілде жүргізіледі. Оларға кәсіптік мамандықтар бойынша диплом беріледі. Қосымша білім беру үшін қолөнер және дене шынықтыру  үйірмелері де жұмыс жүргізеді.

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі




Көрілген: 401    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.10.2021, 14:50

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қараша, 20:42
    COVID-19: 14 ЖАҒДАЙ
    19 Қараша, 20:28
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    18 Қараша, 20:39
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    17 Қараша, 20:33
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    17 Қараша, 20:26
    ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ
    17 Қараша, 20:19
    "Бекзат болмыс!"
    16 Қараша, 20:32
    ӨНЕРЛІНІҢ ӨРІСІ КЕҢ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30