БҮГІН ДӘСТҮРЛІ САНАҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

01 қазан 2021, 20:45

Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев және Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Сырым Мәдиевпен бірге   «Оқушылар сарайында» құрылған №6 нұсқаушылық учаскенің жұмысымен танысып, бүгін басталған дәстүрлі санақта интервьюерлерге сәттілік тіледі. 

 

 

Ұлттық санаққа дайындық жұмыстары кезінде Әл-Фараби ауданындағы нысандарды толық қамту мақсатында 28 учаскеге бөлінген болатын. Бүгінде ұстаздар, орам басқарушылары және ерікті жастардан құралған топта 1 айға созылатын  ақысы төленетін 192 интервьюер санақ жұмыстарын бастады.

 

 

1 қыркүйекте басталған онлайн режимдегі санақ жұмыстары  15 қазанға дейінгі аралықта https://sanaq.gov.kz/ сайтында жалғасады. Ал дәстүрлі түрде интервьюерлердің көмегімен 1-30  қазан аралығында өткізіледі. Бұл кезеңнің жаңалығы – интервьюерлер үй аралау кезінде электронды планшет қолданады.

 

 

Шымкент қаласы тұрғындарына санақшыларға ашық мәлімет ұсынып, санақтың әділ өтуіне ықпал етуін сұраймыз.

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі